Инвестициялық меншік есебінің баламалық әдістері.
1. Инвестиция деп – экономикалық әр саласына кәсіпкерлік кіріс, пайыз немесе капиталдың өсіру мақсатымен капитал түрінде салынған жиынтық шығысты айтамыз (шаруашылық субъектінің құнының және соған сәйкес оның меншіктеушісінің әл ауқатының өсуі). Инвестиция былай жіктеледі:
үлескерлік – жай және артықшылықты акциялар;
қарыздық – облигация, қазынашаң векселдері, депозиттік сертификаттар және т.б.
Салым уақытына байланысты:
қысқа мерзімді – иелік ету мерзімі 1 жылға дейінгі. Бұл уақытша ақша қаражаттарын орналастыру мақсатымен оңай өткізілетін нарықтық құнды қағаздар компанияларының инвестициялары.
ұзақ мерзімді – иелік ету мерзімі 1 жылдан жоғары.
мерзімсіз инвестиция.
Тағайындалуына байланысты:
қаржылық – құнды қағаздарға салым.
нақты (мүлікке салым) – материалдық өндірістік босалқы қордың өсуіне субъектінің негізгі капиталына салым.
Қалыптасуына байланысты – алғашқы, екінші ретік.
Өмір сүру формасына байланысты – құжат жүзінде жүретін, құжатсыз жүретін.
Ұлттық керек жарағына байланысты – отандық, шетелдік.
Қолдану типіне байланысты – инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.
Иелік ету тәртібіне қарай – жеке, қоғамдық.
Шығару формасына қарай – эмиссиялық, эмиссиялық емес.
Меншік формасына қарай – мемлекеттік, коорпаративтік.
Айналым сипатына қарай – нарықтық, нарықтық емес.
Тәуелдік деңгейіне қарай – аз тәуекелділікпен, тәуекелділігі жоғары.
Экономикалық мәніне байланысты (құқық түріне) – мүліктік, міндеттемелік.
Халықаралық және отандық стандарттарға сай бухгалтерлік есепте инвестициялар былай бөлінеді:
а) Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40)
б) Еншілес, тәуелді және бірге бақыланатын шаруашылық субъектінің инвестициялық БЕС 13 “Консалидирленген қаржылық есеп беру мен еншілес серіктестіктердің инвестицияларының есебі” және оған әдістемелік нұсқаулар; БЕС 15 “Біріккен қызметке қатысу үлесінің қаржылық есеп берулерде көрінеді” және оларға әдістемелік нұсқаулар.
Сонымен қатар инвестициялар былайша жіктеледі:
тікелей – басқа субъектілердің жарғылық капиталына инвестициялар;
портфельді – субектінің иелігіндегі құнды қағаздардың иелігі;
венчурлы – тәуекелділік және қайтарылатын қайта құрылған субъектілерінің инвестициялық салымдары (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар)
2.Инвестиция келесілерді классификалайды:
Салым уақыты бойынша:
- қысқа мерзімді (бір жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары);
Тағайындалуы бойынша:
1. қаржылық (жылжымайтын мүлікке бағалы қағаздар салу);
2. нақты (капиталға салым және материалдық- өндірістік қорлардың өсуіне);
Эмитентіне байланысты (ҚР заңдылықтарымен келісе отырып бағалы қағазды шығаратын заңды тұлға):
Мемлекеттік – мемлекеттің ішкі не сыртқы қарыздары шамасында заңға сәйкес шығарылатын құнды қағадар, сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкі эмитетейтін бағалы қағаздар;
Муниципалды – бұл ауданның әлеуметтік проблемаларын (құрылыс, жол құрылысы, мекетепке құралдар өңдеу және т.б.) шешуге жергілікті бюджеттен кепілдік берілген эмиссия, жергілікті атқарушы биліктің бағалы қағаздары;
Корпоративті – бұл шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатына бөлінген ақша қаражаттары немесе жарғылық капитал құнылымы мақсатында қызмет бабындағы заңмен сайкес келетін заңды тұлғалар шығаратын бағалы қағаздар.
Шығару формасы бойынша: эмиссиондық;эмиссиондық емес;
Жүзеге асыру формасы бойынша: құжатты;құжатсыз;
Ұлттық меншігі бойынша:отандық;шетелдік.
Меншіктену қатары бойынша:жекелік; жалпы;
Пайда болуы бойынша: бірінші ретті;екінші ретті;
Қаражат салу формасы бойынша:ұзақ мерзімді (бағалы қағаздарға немесе міндеттемелерге инвестиция салу);иелік ету үлесі капиталдың немесе субъект мүлігінің үлесі (еншілес және тәуелді ұйымдарға инвестиция салу);жеке жобалар;
3.Шаруашылықсубъектілер өзінің қатысу үлесі есебін жүргізу үшін және оны қаржы есебінде көрсету үшін бірлескен қызметті іске асырады. Олар – актив, міндеттеме, осы қызмет бойынша кіріс мен шығысқа қатыстырушылар құқықтық-ұйымдастыру формаларына тәуелсіз 14 БЕС жетелікке алады. Осы стандартқа сәйкес бірлескен қызмет бойнша қатысушы өзінің қаржы есебіне және қауымдасқан есепте мойындауы тиіс:
бірлесе бақыланатын өндіріс;
ол қауымдасатын активтер және ол өзіне алатын міндеттемелер;
Бірлескен қызметке байланысты қызмет пен тауар сатудан түсетін өзінің табыс үлесі мен шыққан шығыстары;
Бірлескен қызмет бойынша қабылданған міндеттемелер, бірлескен қызмет бойынша басқа қатысушылармен бірге қабылданған өз міндеттеме үлесі;
Сатудан түскен кіріс болмасы өнімдегі өз үлесін пайдаланудан түскен кіріс, бірлескен қызмет бойынша шыққан шығындағы өз үлесімен бірген;
Бірлескен қызмет бойынша шыққан шығындағы өз үлесімен бірге;
Бірлескен қызметтегі өзінің қатысу үлесіне сәйкес шыққан шығыстар.
Қатысушы зиянның толық сомасын қабылдауы тиіс; егерде салым я сатым ағымдағы активтің таза өткізу құнының төмендеуін куәлендірсе. Оған: ағымдағы активтердің таза өзіндік құнының төмендеуін, ұзақ мерзімді активтің баланстық құнының төмендеуі қосылады.
Егер бірлескен қызметке қатысушы активті сатып алса сол активті тәуелсіз тарапқа сатпайынша бірлескен операциялардан түскен өзінің кіріс сияқты мойындайды.
Бірақта ұзақ мерзімді баланстық құнның төмендеуін бірлесе зияндарды лезде мойындау керек.
Қаржы есебінде келісімге сәйкес шартты міндеттеме мен зиянның елеулі сомасы пайыз болуы мүмкіндігіне байлынысты ақпарат қана ашылуға жатады, сонымен бірге үшінші тарап үшін жауапты шартты міндеттемелер.