Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері және әдістері.

Инвестициялық қызметті жүргізудің басты шарты – инвестициялық ресурстарды қалыптастыру үдерісі болып табылады. Инвестициялық ресурстар – бұл нақты және қаржылық инвестициялаудың объектілеріне жұмсалатын мемлекеттің, кәсіпорындардың қаржылық қаражаттары. Инвестициялық ресурстарды қалыптастыру бастапқы капиталды жинақтаумен байланысты:

1) ұлттық табысты бөлу кезіндегі мемлекет шеңберінде;

2) таза табысты бөлу кезіндегі кәсіпорын шеңберінде;

3) қарыздық қаражаттарды (олардың көлемі қарыздық капитал құнына байланысты) тарту кезіндегі кәсіпорын шеңберінде.

Макроэкономикалық деңгейде инвестициялық ресурстар келесідей көздерден құралады:

1) халықтың жинақтары;

2) жеке және заңды тұлғалардан салықтық төлемдер;

3) кәсіпорындар мен ұйымдардың, соның ішінде қаржылық институттардың жинақтары;

4) Ұлттық банктің несиелері және бюджеттік қаржыландыру;

5) шетелдік инвестициялар;

6) халықаралық қаржылық ұйымдардың қарыздары мен несиелері;

7) гранттар, бейрезиденттерден қайырымдылық жарналары.

Микродеңгейде кәсіпорындардың қаражаттары маңызды орынды алады. Олар кәсіпорынның меншік қаражатынан, сонымен қатар тартылған және қарыздық қаражаттардан қалыптасады.

Инвестициялық ресурстар келесідей белгілер бойынша жіктелінеді:

Инвестициялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі келесідей ерекшеліктерді ескеруіне байланысты:

1. Инвестициялық қызмет инвестициялық ресурстарды қалыптастырусыз жүргізілмейді.

2. Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру тұрақты сипатқа ие, себебі инвестициялау барлық қызмет кезеңдерінде жүргізіледі.

3. Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру кезінде реинвестициялау пайданы аудару, амортизациялық аударымдар, негізгі активтерді сату есебінен жүргізіледі.

Отандық капитал есебінен құрылған инвестициялық ресурстар көптеген формалары бар. Қазақстанда олар кіші, орта бизнес кәсіпорындары үшін ең қолайлы. Шетелдердің қатысуымен инвестициялық ресурстар негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы ірі жобаларды жүзеге асыруда сипат алады.

Кәсіпорындардың инвестицияларын қаржыландыру көздері

Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінде инвестицияны қаржыландыруды ұйымдастыру, қаржыландырудың қолайлы, тиімді көздерін іздеу мен таңдау маңызды орынды алады.

Кәсіпорындарды қаржыландырудың көздері – бұл негізгі және айналым капиталына қызмет етуге капиталды тиімді қолдану мақсатында капиталды шоғырландыруды білдіреді (машиналарды, құрал-жабдықтарды сатып алу; тауарлық-материалдық құндылықтар запасын толтыру; жаңа құрылыс; әрекет ететін өндірісті жаңарту және т.б.).

Инвестиция көздерінің келесідей түрлері бар.

1.Инвестициялау субъектілеріне қатыстылығына қарау:

- ішкі көздер;

- сыртқы көздер (тартылған, қарыздық).

2.Меншік сипатына қарай:

- меншіктік;

- қарыздық.

Жарғылық капитал кәсіпорындардың меншік иеленушілердің бастапқы инвестициялау есебінен құралады және компания қарыз берушілері алдында міндеттемені білдіреді. Жарғылық капиталдың көлемі бастапқыда анықталынады және келесідей жағдайларда өзгереді: қосымша акцияларды шығару, жаңа құрылтайшыны тарту, акцияның номиналдық құнынан нақтылы құнының жоғарлауы және т.б.

Резервтік қор шетелдердің қатысуымен құрылған компания үшін міндетті, әдетте акционерлік қоғамдар түрінде қалыптасады. Ол компания шығындарын, облигация бойынша міндеттемелерді жабуға арналған. Мақсаттық бағытқа ие болғандықтан басқа мақсаттарға қаражаттар қолданылмайды.

Амортизациялық қор істен шығу мерзімі 1 жылдан жоғары болатын негізгі қорлардың және басқа да материалдық активтердің құнын қайта бағалау нәтижесінде қалыптасады.

Мұндай капиталды құру компанияның инвестициялық қызметіне жағымды шарттар береді. Себебі, активтердің құнын қазіргі бағасына сай өзгертуге мүмкіндік береді.

Таза пайда – барлық міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған, инвестиция көзі ретінде сипат алатын компания табысының басты бөлігі.

Амортизациялық аударымдар негізгі активтердің құнын жаңадан жасалған өнімге аудару үдерісі. Амортизация нәтижесіндегі алынған қаражаттарда мақсаттық бағыты бар. Сондықтан да олар реинвестицияланады және компанияның ішкі басқаруында қалады. Ал, пайдадан аударымдар ерікті сипатқа ие.

Меншік капиталдың оң жағы ретінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Алайда, жаңа құрылыспен байланысты кәсіпорынның инвестициялық мүмкіншілігін ұлғайту үшін сыртқы көздерден ақшаны тартуды қажет етеді.

Ішкі және сыртқы көздерде бірқатар артықшылықтар мен кемшіліктер бар ( кесте 5).

Қарыздық қаражаттарға шектеулі мерзімде алынған және пайызды төлеумен бірге қайтарылатын ақша қаражаттар жатады. Дегенмен, көп көлемде қарыздық капиталды тарту компанияның қаржылық жағдайының тұрақсыздығына және төлем қабілетсіздігіне әкеледі.

Тартылған қаражаттарға жатқызылады: тұрақты негізде тартылатын қаржыландырудың сыртқы көздері (бірақ дивидендтерді немесе проценттерді төлегеннен кейін).

3. Ақша нарығының төлем құралдары, олардың ерекшеліктері және қаржы нарығындағы рөлі.Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар жəне толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сəйкес келетін ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен жəне алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар əр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы - реверс жəне жаны – гурт деп аталады.Монета сөзінің шығуын Римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуіден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “moneo” – “кеңес беремін, көңіліңнен шығамын” дегенді білдіреді. Алғашқы монеталар VІІ ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда жəне Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы ІХ – Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.

Алтын айналысына бірқатар елдер де ХІХ ғ. екінші жартысында өтті.

Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

• алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нəтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

• жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.

• алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті жəне тауар айналымын ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды жəне соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нəтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

• құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

• құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар жəне несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар –бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын жəне күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:

• металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

• металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған əрекетінің нəтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

• бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

• эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны

мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

• бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІ ғ. Қытайда, 1690ж.. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762ж. Австрияда жəне 1769ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақашалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия жəне т.б.) ғана сақталған.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын жəне металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері. Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы жəне төлем құралы қызметін атақарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне

байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз жəне құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін жəне төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

Несиелік ақшалар -тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу жəне сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына

мүмкіндік жасау. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, жəне чек.

“Вексель” сөзі ағылшынша bіll note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде жəне белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай жəне аудармалы.

Вексельдің түрлеріне “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында4 мынадай түсініктемелер берілген:

- Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нəрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

- Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нəрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Билет

Пруденциалдық нормативтер: банктің жарғылық капиталының минималды мөлшері, меншік капиталының жеткіліктілігінің коэффициенттері, ашық валюталық позицияның шектеулері.

- ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.12. № 294 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

- Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:

- жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерде;

- тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерде.

- Бір филиалдан көп емес филиалы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:

- жаңадан құрылатын банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерде;

- банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерде, оның ішінде онда 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптастырылған резервтік капитал және 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптастырылған динамикалық резерв сомасында жинақталған ашып көрсетілген резерв болғанда;

- 2009 жылғы 1 қазанда меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден аз болған банктер үшін - 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерде, мынадай талаптармен:

- тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерде.

Меншікті капитал бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) және банк инвестицияларын шегергендегі үшінші деңгейдегі капиталдың (үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капитал бөлігінің екі жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.

- Банктің заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталында қатысу үлестеріне) салымдары, сондай-ақ жиынтық мөлшері банктің бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын заңды тұлғаның реттелген борышы банктің инвестицияларын білдіреді.

- Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел шамасын жабуға арналған.

- Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі мынадай тәртіппен есептеледі:

- активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері айқындалады;

- осы тармақтың төртінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген алынған тәуекелдер шамасын осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің нормативтік мәніне көбейту жолымен меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды қосу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтерін орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың ең төменгі мөлшері айқындалады;

- нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың нақты мөлшері мен бірінші деңгейдегі капиталдың осы тармақтың төртінші бөлігінің үшінші абзацына сәйкес есептелген ең төменгі мөлшерінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

- Нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі нарықтық тәуекел шамасының осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін, нарықтық тәуекелді жабу үшін қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспайды.

2.Инвестициялық қызмет түсінігі.Инвестиция термині латынның «invest» сөзінен аударғанда «салым салу» мағынасын білдіреді. Қазақстанданарықтық қатынастарға өтумен байланысты және экономикадағы реформаларды жүргізу нәтижесінде инвестиция ұғымы пайда болды. Жоспарлы экономика кезінде негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне және оның жөнделуіне кеткен шығындар деген термин бойынша «капитал салымы» немесе «капитал жұмсалымы», яғни ұзақ мерзімде негізгі капиталға салым термині қолданылған. Қазіргі уақытта «инвестиция» термині әртүрлі мағынада қолданылады, солардың бірнешеуіне тоқталайық.

Инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынған мүлік. Кең мағынада, инвестиция – пайда табу үшін кәсіпорын қызметінің объектілеріне салынған заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интелектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді. Қорыта айтқанда, инвестиция – бұл пайда табу мақсатында тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар түрлерін сипаттайды.

Инвестицияны бағытталуына байланысты және объектіні басқару мүмкіндігіне байланысты екіге жіктелінеді.

1. бағытталуына байланысты – Нақты инвестициялар;Материалдық емес активтерге салынатын инвестиция;; Интеллектуалдық инвестиция;Қаржылық инвестиция

2. Объектіні басқару мүмкіндігіне байланысты – Тікелей инвестициялар;Портфельді инвестициялар; Басқа да инвестициялар

Сонымен қатар, инвестиция типтеріне байланысты –Салым салу саласына және ақша-қаражаттарды жұмсау бағытына қарай ;Жүзеге асырылу мерзіміне байланысты:;Қайта өндіру процесіне қатысу деңгейіне байланысты:Тәуекелдік деңгейіне байланысты

Инвестицияны жұмсау ерекшелігі «инвестициялық қызмет», инвестициялау «субъектілері» мен «объектілері» атты түсініктер арқылы ашылады.

Инвестициялық қызмет – бұл жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің инвестицияны жұмсаумен байланысты тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы. Сонымен қатар, инвестициялық қызмет – инвестиция объектісін таңдаумен, оны инвестициялаумен және пайдаланумен, қосымша қажетті жұмсау жүргізумен және сыртқы қаржыландыруды тартумен байланысты шаралар кешені.

Қазақстанда инвестициялық қызмет нормативтік-құқықтық актілермен реттелінеді. ҚР инвестициялық қызметтің негізгі заңы – «Инвестициялар туралы» Заң (8.01.2003 ж.№373-II, 10.12.2008ж. №101-IV, 13.01.2009ж. №135-IV өзгертулерімен) болып табылады.

Аталған Заңға сәйкес, «инвестициялық қызмет – бұл коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу немесе кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын бекітілген активтерді құру не кеңейту бойынша жеке, заңды тұлғалардың қызметі».

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен инвестициялық қызметі шектелетін немесе рұқсат етілмейтін қызмет түрлері және (немесе) территориясы анықталынады.

Отандық заңнамаға сәйкес инвестициялық аяда, әсіресе инвесторға қатысты шаруашылық қызметтің негізгі қағидалары бекітілген.

1. Инвесторлардың, сонымен қатар жұмсалынатын капиталдың (капиталдың пайда болуына қарамастан) толығымен тең құқығы;

2. Инвестор жұмсалатын қаражатты қайда және қандай мөлшерде қолданатынын өзі анықтайды.

3. Инвестициялық қызметтің барлық қатысушыларының өзара қатынастардың негізі келісім шарт немесе контракт болуы тиіс.

4. Мемлекеттік басқарудың органдары барлығымен бірге өздеріне алған міндеттемелерге жауап береді.

Елдегі инвестициялық қызмет жағдайын макроэкономикалық көрсеткіштердің қарқынын талдау негізінде сипаттауға болады. Мысалға, ұлттық табыстың және жалпы ішкі өнімнің қарқыны, жалпы ішкі өнімдегі инвестиция үлесі, негізгі капиталға бағытталатын өнеркәсіптік өнімнің көлемі, ауыл шаруашылық өнімнің көлемі, нақты инвестициялардың үлесі және т.б.

Бұл көрсеткіштер инвестицияны тиімді қолдануды сипаттайды. Көрсеткіштердің өсуі инвестицияны жұмсаусыз мүмкін емес. Экономикалық санат ретінде инвестициялар экономиканың дамуына әсер ететін қызметтерді атқарады. Сондықтан да, егер аталған көрсеткіштердің өсуі инвестицияның өсу қарқынынан асса, онда бұл инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін куәландырады.

3.Бюджет табыстарын жоспарлау ерекшеліктері: әдістері, кезеңдері.Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесінбасқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.

Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады.

Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың және оның маңызды құрамалы буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.

Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлағымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.

Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

· Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;

· Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;

· Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;

· Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;

· Бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.

Бюджетті жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландырудың қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарларды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылық қарастырылады.

Билет

1. Депозит операцияларының мәні және олардың түрлері.Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншіктік қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктердің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Банктік тәжірибиеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдерінде байланысты үлкен 2 топқа бөледі:

– депозиттік қаражаттар;

– депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозитті операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын орталық банкте және өзге корреспондент–банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтерінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.

Пассивті депозитті операциялар – бұл клиенттердің бос ақша қаражаттарын белгілі бір уақытқа және пайыз төлеу шарты бойынша тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарды қалыптастырудың негізгі көзі.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:талап етілетін депозиттер;мерзімді депозиттер;жинақ салымдары;бағалы қағаздар түріндегі (депозиттік және жинақ сертификаттары) депозиттер.

Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибедеталап етілетін депозиттерге мыналар жатады:

– мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

– әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

– есеп айырысудағы қаражаттар;

– жергілікті бюджет қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар.

Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналыстырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары. Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін.Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

– меншікті-мерзімді депозиттер;

– алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсету қажет.

Мерзімді депозиттержәне жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақыт бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша мерзімді депозиттерге қарғанда төмендегі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады. Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

– ақшалай қаражаттарды сақтауда тұрақты мерзімді болмайды;

– шоттағы қаражатты алдын-ала алу барысында ешқандай ескерту тлап етілмейді;

– ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшысының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары операциялардың мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

– мерзімді жинақ салымдары;

– қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

– ұтыс салымдары;

– ақшалай-заттай ұтыс салымдары;

– мақсатты және ағымдық салымдар;

– алдын-ала алуын хабарлайтын алымдар;

– валюталық салымдар.

Наши рекомендации