Німді бағалау және қайта бағалаудың статистикалық әдістері
Тауар экспорты мен импортының бағалары туралы кедендік статистиканың ақпараттары макростатистикалық есеп беру үшін, мысалы , Қазақстан Республикасының төлем балансын және сыртқы экономикалық байланыстың ұлттық шотын өндеуге негіз болады . Мұндай статистикалық есеп берулер Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайын , әлемнің басқа елдерімен сыртқы эканомикалық байланыстардың дамуын және күйін көрсетеді .
Экспорт және импорт операцияларына қандай бағамен және қалай қайта есептелу жүргізіледі ?
Төлем балансында және сыртқы экономикалық байланыс есебінде ҰШЖ – дың ұсынысы бойынша тауарларды бағалаудың әр түрлі әдістері есебінен макростатистикалық баланс динамикасын өзгеріссіз қалдыру үшін тауар экспорты мен импортының біркелкі бағалануына «ФОБ» бағасы қолданылады . Осы мақсатта , статистикалық органдар түзетулер мен қайта есептеу арқылы тауардың экспорты мен импортын бір «ФОБ» бағасы мен көрсете отырып, келесі әдістерді ұсынады :
- сауда счет – фактураларының ішінара бақылау мәліметтерін «сиф» және «фоб» бағасының қатынысымен қолдану негізінде ;
- «сиф» және «фоб» бағаларының қатынасына экспорттік бағалау қолдану негізінде .
Халыққа тегін берілетін немесе төмен бағамен берілетін өнім қандай бағамен бағаланады?
Үй шаруашылықтарына (мемлекеттік басқару , денсаулық сақтау , білім , қорғау ) төмен бағамен немесе тегін берілетін өнімді өндіру олардың өндірісіне кеткен шығын бойынша бағаланады. Шығындар келесі компоненттердің қосындысы ретінде есептеледі : аралық тұтыну + жалдамалы жұмысшылардың жалақысы + негізгі капиталдық тұтыну + өндіріс процесінде төленген таза салықтар + өз ғимаратын иеленгеннен түскен таза табыс .
Жеке тұтынуға, бартерге арналған өнім негізгі баға бойынша бағаланады .
Өнімнің жалпы құны мен құрылымын анықтауға , ағымдағы нарықтық бағаның маңыздылығына қарамастан , кемшілік тән . Ағымдағы нарықтық баға мен көрсеткіштер бағасы өндірістік және өткізілген тауарлар мен қызметтердің физикалық көлемінің өзгерісін көрсетпейді .Өнімді өндіру және өткізудің физикалык көлемінің динамикасы елдің нақты экономикалық өсу қарқынын , халықтың материалдық жағдайын көрсетеді , өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері еңбек өнімділігін , капитал қайтарымдылығын , пайдалалықты есептеуге негіз болады . Осыған орай өнім көрсеткіштерінің физикалық көлемінің динамикасы , мысалы ЖІӨ тек тұрақты бағамен зерттелуі керек .Тұрақты баға ретінде салыстыру базасы болып алынған жылдың ағымдағы орташа бағалары алынады .ҰШЖ тұрақты бағаны әр бес жыл сайын өзгертіп отыруды ұсынады .
Өнімді ағымдағы бағадан тұрақты бағаға ауыстырудың негізгі әдістері:
1) тікелей қайта бағалау әдістері ;
2) дефляцилау әдісі .
Тікелей қайта бағалау әдісінің маңызы мынада : тұрақты бағадағы өнім көрсеткіштерін тұрақты бағаны есептеу кезеңіндегі өндірілген өнім санына көбейту арқылы есептеу .
Дефляциялау әдісі бойынша ағымдағы бағадағы өнім (ЖІӨ) көрсеткіштері индекс – дефлятор арқылы тұрақты бағада есептеледі. Дефлятор бағаның жиынтық денгейін, яғни бір жылдағы эканомикадағы бағаның орташа мәнінің шамасын сипаттайды. Дефлятор дегеніміз – бұл агрегатталған баға индексі , себебі дефляторды құру негізінен баға индексін есептеу құрайды :
|
|
∑ p0q1 = ∑ = ∑ p1q1:
Мұндағы : ∑ p0q1 есептегі кезеңдегі тұтынудың ағымдағы баға бойынша жалпы құны немесе тауарлар мен қызметтердің номиналды құны ;
∑ p1q1 / ∑ p0q1 = І - баға индексі ;
∑ p0q1 - есептегі кезеңдегі тұтұнудың тұрақты бағасы бойынша жалпы тұтыну құны немесе тауарлар қызметтердің нақты құны ;
q1 – есептегі кезеңдегі тауарлар мен қызметтер саны
p1 – есептегі кезеңдегі бағалар .
Нақты ЖІӨ құны туралы алынған мәліметтер негізінде ЖІӨ -нің физикалық көлемінің динамикасы сәйкес индексі Іq арқылы есептеледі :
Іq = ∑ p1q1 ,
∑ p0q0
мұндағы, Іq – ЖІӨ-нің физикалық көлемінің индексі, есептегі кезеңдегі ЖІӨ - нің нақты құнын (p0q1) базистік кезеңдегі ЖІӨ (p0q0 ) құнымен салыстырады.
3. Баға және тариф өзгерістерінің статистикалық бақылауын ұйымдастыру
Нарыққа өту жағдайында Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі арнайы баға методологиясы бойынша төмендегілерге ішінара бақылау жасайды:
а) тауардың бөлшек сауда бағасына ;
ә) бақылау жасайтын баға әдістемесін жасй отырып тауар және қызметтердің тұтын бағаларына және тарифтеріне.
Бағаларды бақылаудың мақсаты - халыққа уақыттың ағымдағы кезеңіне сәйкестендірілетін тауарлар мен қызметтерді сату бағалары мен тарифтерін тіркеу және бөлшек сауда бағасы мен тұтыну бағаларын есептеу .
Бағаларды ішінара бақылауды ұйымдастыру типтік іріктеу әдісіне, яғни халық ұдайы сатып алатын тауарлар мен қызметтердің шектелген тізіміне негізделген. Сату – сатып алу операцияларының көпшілігінің ішінен типтік жағдайлар іріктелініп алынады. Бақылау үшін іріктеліп алынған сауда және ақылы қызмет нысандары базалық болып саналады, оларда бағалар мен тарифтерді тіркеу ұдайы жүргізіліп отырады. Базалық кәсіпорындар бойынша тұтыну және бөлшек сауда бағаларының индексін, баға деңгейі туралы оперативті мәліметтерді есептеу мақсатында, халықаралық салыстыру бағдарламалары үшін ақпарат жиналады.
Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді іріктеп алу келесі белгілер бойынша іске асырылады :
- аумағы бойынша ( 2 астана және барлық облыс орталықтары );
- сауда және ақылы қызмет нысандары ( аймақтағы саудалық кәсіп орындар) ;
- тауар ( қызмет) өкілеттілігінің тізімі бойынша .
Тауарға деген бағалар егер олар бір асортиментке тіркелсе, біркелкі сапалық сипатқа ие болса және сауда тіркелген базалық кәсіпорындарда өткізілсе , екі кезеңде сәйкестендіріледі. Түрі бойынша іріктеліп алынған тауарлар мен қызметтер тұтыну қоржынын құрайды. Тұтыну қоржыны табыс деңгейі әр түрлі халық тобының тұтыну шығындарының нақты құрылымын көрсету негізінде қалыптасады.