Опырақтың үлгісін анализге дайындау әдісі.
Топырақ үлгісін анализге дайындау үшін белгілі ретпен мынандай жұмыстар жүргізіледі. Алынған топырақ үлгілерін лабораторияға жеткізеді. Әрбір үлгіні жұқалап қағазға жаяды. Егерде топырақта ірі кесектеркездессе, оларды қолмен үгітеді. Тастарды және басқа қоспаларды теріп, алады. Өсімдіктердің тамырларын, шіріген органикалық қалдықтарды алу керек. Одан кейін топырақты үгітіп електермен елейді. Әртүрлі анализге әртүрлі мөлшердегі електерді қолданады. Жалпы топырақты електейтін арнайы електер жиынтығы болады. Қалыпты түрде електердің тесіктерінің мөлшері 10,7,5,3,2,1,0,5;0,25 мм
опырақтың механикалық құрамын талдау.
Механикалық топырақ құрамы –топырақты құрайтын әр үлкенді кішілі бөлшектердің сан мөлшері.
Әр бөлшектер өздерінің мөлшерлеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: тас, қиыршық тас, ірі құм, орта құм, ұсақ құм, ірі шаң, орта шаң, ұсақ шаң, ірі ылай, коллоидтар. Топырақтағы 0,01 мм бөлшектердің үлесіне қарай Н. Качинский бойынша жүйелеуді қолданып топыраққа анықтама беруге болады.
Топырақтың қаңқасын анықтау.
Ол үшін 500 г топырақ үлгісін алып електерден елеп, мөлшерлеріне қарап бөлек-бөлек қағазға төгіп өлшейді. Барлық топырақтың көлемінен әр бөлшектердің үлесін пайыз есебімен есептейді.
Топырақ ұлпасын анықтау.
Бұл анализ су ерітіндісінде топырақ ұнтағының өз салмағымен қосыоып түсуыне негізделген. Әр түрлі фракциялар әр түрлі жылдамдықпен түсуіне байланысты.
опырақтың қатты бөлігінің тығыздығын анықтау.
Топырақтың қатты фазасының тығыздығы деп белгілі бір көлемдегі топырақтың қатты фазасының салмағын айтады. Топырақтың қатты фазасының тығыздығы шамамен 2,5-2,7 г\см тең боладыанықтау үшін пикнометрлік әдісті қолданады.
Жұмысты орындау:
1. 10 г топырақ өлшеп алынады.
2. Пикнометрдің 100мл сызығына дейін су құйылады. Өлшенеді.
3. Пикнометрдің ішіндегі судың жартысын төгіп, ішіне жоғарыда өлшеп алынған топырақ салынады.
4. Пикнометрді ішіндегі заттармен 30 минут қайнатылады
5. Пикнометрді суытып, сызық белгісіне дейін сумен толтырылып, өлшенеді.
6. Топырақтың қатты фазасының салмағы формуламен есептеледі:
Х= A/(А+В)-С
опырақтың көлемдік салмағын анықтау.
Бұл да топырақтың жалпы тығыздығы, бірақ табиғи жағдайда анықталады, құрамындағы сумен, ауамен бірге. Топырақта шамамен 1-1,9 г/см3
1. Кішкене топырақ кесегі алынады, тігін жібімен байланады, өлшенеді.(А)
2. Жіптің шетінен ұстап, стаканда балқып тұрған парафинге салынып алынады. Ол өлшенеді (В)
3. Цилиндрге белгілі мөлшерге дейін су құйылады. Оның ішіне жіптен ұстап тұрып парафинделген топырақ салынады. Көтерілген судың көлемі анықталады. (О2)
4. Парафиннің көлемін (О1) есептейді, О1= B-A/0,89
5. Көлемді салмақ мына формуламен есептелінеді:
Х=А/О: О=(О2-О1)
опырақтың қылтүтіктерінің су сыйымдылығын анықтау.
Топырақтың қылтүтіктерінің су сыйымдылығы дегеніміз- топырақтың топырақ астынан су беріліп тұрған кезде қылтүтіктердің суға қанығуы.
Анықтау үшін
1. Түбінде сеткасы бар бос стаканды өлшейді.
2. Топырақты алып түбінде сеткасы бар сол стаканның 2/3 бөлігін толтырып, өлшейді.
3. Ылғалданған тақтаның үстіне қойып, суға қанықтырылады., өлшенеді
Х= (Д-С)/(С-В):
опырақ реакциясын анықтау.
Топырақ реакциясы оның қандай заттарды сіңіргендігіне байланысты. Егер топырақ сутегін, немесе аллюминийді сіңірсе, ол қышқыл болады; натрийді сіңірген топырақ сілтілі, ал кальцийге қаныққан реакциясы бейтарап болады. Анықтау үшін 5 г топырақ үлгісін алып, стаканға салып, 1:5 мөлшерде су құяды. Ерітіндіден потенциометр арқылы рН көрсеткішін анықтайды.
опырақтағы карбонаттарды анықтау.
Топырақтағы карбонаттар көмір қашқылының кальций, магний тұздары. Карбонаттардың топырақта барын немесе жоғын 10 пайызды тұз қышқылымен біледі. Анықтау тәсілі тұз қышқылының топыраққа әсер еткенінде көмір қышқыл газының бөлініп шыққанына негізделген Кальциметрді қолданып анықтайды.
опырақтағы гумус мөлшерін анықтау.
Топырақтағы гумус мөлшері И.В.Тюрин әдісімен анықталады.
0,25 мм електен өткізілген топырақ үлгісін 100 мл колбаға салып, үстіне 10мл 0,4 н калий бихроматын құяды. Колбаның аузын тоңазтқышпен жауып қойып 5 минут қайнатады. Содан кейін суытып индикатор фенилантранил қолданып 0,2 н Мор тұзымен титрлейді. Бірге бақылау колба алынады, топырақсыз мына формуламен көміртегі есептеледі:
С= (а-в)н0.03/ топырақ салмағы
Содан кейін гумусты былай есептейді.
Гумус, % = С*1,724