Аржылық есептіліктің элементтеріне сипаттама
Дәріс. Қаржылық есептілік. Қаржылық есептілік элементтері
1 Қаржылық есептілік және оның мақсаттары
2 Қаржылық есептіліктің элементтеріне сипаттама
3 Қаржылық есептіліктің элементтерін тану
4 Қаржылық есептілік нысандары
5 Қаржылық есептiлiктi ұсыну
Аржылық есептілік және оның мақсаттары
Қаржылық есеп берудің мақсаты ақпараттарды пайдаланушыларға компанияның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайдағы өзгерістер туралы ақпараттарды ұсыну болып табылады. Бірақ, қаржлық есеп беру белгілі бір экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыларға қажетті барлық ақпараттарды қамти алмайды, себебі қаржылық есепте өтіп кеткен кезең бойынша ақпараттар мәліметтер көрініс табады. Сонымен қатар қаржылық есеп беру мәліметтері мынандай пайдаланушылар үшін пайдалы болып табылады:
1) Банктер үшін несие беру бойынша шешімдер қабылдауда.
2) Күрделі қаржылар бөлуші инвесторлар үшін маңызды
3) Ұйымның меншік капиталы мен міндеттемелерінің құрамына талдаудар жүгізу арқылы компания қызметін бағалау кезінде маңызды.
4) Ұйымның басшы органдарының жұмысын бағалау кезінде пайдалы болып табылады.
Бүгінгі күні барлық заңды тұлғалардың белгілі бір кезең бойынша қаржылық есептілігі олар туралы бухгалтерлік ақпараттарды топтастырудың негізгі құрамы болып табылады. Сонымен, ұйымдардың қаржылық есептерінің мақсаты пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттық қажеттілігінің ерекшелігін көрсететін қаржылық есептерді талап етуге мүмкіндігі жоқ олар үшін пайдалы ұйымдардың ақша қаражатының қаржылық жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қаржылық есептер ұйымның басшылығына сеніп берілген ресурстарды басқарудың нәтижелерін де көрсетеді.
аржылық есептіліктің элементтеріне сипаттама
Элементтер – бұл қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы. Қаржылық есептіліктің мынандай элементтері екі белгісі бойынша бөлінеді:
1. Ұйымның қаржылық жағдайына байланысты:
- Активтер,
- Міндеттемелер,
- Меншікті капитал.
2. Ұйымның қаржылық нәтижесіне байланысты:
- Табыстар,
- Шығындар.
Ұйымның қаржылық есептіліктерінде көрсетілген мәліметтері оның қаржылық жағдайы мен нәтижелерін ауқымды түрде көрсетеді.
Ұйымның қаржылық жағдайы – бұл оның белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтері, міндеттемелері мен жеке капиталы. Қаржылық жағдайды өлшеуге тікелей байланысты қаржылық есептердің элементтері активтер, міндеттемелер мен жеке капитал болып табылады. Олар былайша айқындалады:
1) Актив – бұл ұйым болашақ экономикалық пайда алуды күтіп отырған өткен оқиғалардың нәтижесінде дара кәсіпкер немесе ұйым бақылайтын ресурстар. Көптеген активтер, мысалы, негізгі құралдар табиғи нысанда болады. Солай бола тұрса да, табиғи нысан активтің міндетті қасиеті болып табылмайды. Кейбір активтер материалдық емес болып табылады.
2) Міндеттеме – бұл реттеу экономикалық табыстарды құрайтын ресурстардың шығуына әкелетін бұрынғы оқиғалардан туындайтын дара кәсіпкердің немесе ұйымның қолданыстағы міндеті. Қолданыстағы міндеттемені реттеу, әдетте, ақша қаражатын төлеуді, өзге де активтерді беруді, қызметтер көрсетуді, қолданыстағы міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыруды немесе міндеттемені жеке капиталға ауыстыруды көздейді. Міндеттеме, сондай-ақ кредит берушінің өзінің құқықтарынан ерікті немесе мәжбүрлі бас тартуы сияқты басқа да құралдармен өтелуі мүмкін.
3) капитал – дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелерді шегергеннен кейін қалған үлес. Капитал – танылған міндеттемелерді танылған активтердің құнынан шегеру нәтижесінде пайда болатын қалдық. Бухгалтерлік есепте «Капитал» бөлімі кіші санаттарға бөлінуі мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғамда кіші санаттар мынадай түрде болуы мүмкін: акционерлер енгізген қаражат, таратылмаған пайда және капиталдың шоттарына тікелей жатқызылатын пайда немесе залал.
Ұйымның қызмет нәтижесіпайда және залал туралы есепте берілген ұйымның кірістері мен шығыстарының өзара байланысы болып табылады. Пайда көп жағдайда қызмет нәтижелерінің өлшеуі ретінде немесе инвестицияларға кіріс немесе акцияға пайда сияқты басқа өлшеулер үшін негіз ретінде пайдаланылады. Пайданы өлшеуге тікелей байланысты қаржылық есептердің элементтері кірістер мен шығыстар болып табылады. Олар мынадай түрде айқындалады:
1) Кіріс –активтердің ағыны немесе өсімі нысанындағы есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы немесе капиталға қатысатын адамдардың жарналарына байланысты ұлғаюдан ерекшеленетін капиталдың ұлғаюына әкелетін міндеттемелердің азаюы. Кірісті айқындау өзіне негізгі қызметтен түскен кірісті, сол сияқты өзге де кірістерді қамтиды.
Кірістер өзіне ұйымның қарапайым қызметінің түрлерінен алынған қаражаттың түсуін, оның ішінде өнім мен қызмет көрсетуді, сыйақыны, пайыздар, дивидентер мен роялтиді сатудан түскен кірістерді қамтуы мүмкін.
Өзге де кірістер ұйымның қарапайым қызметі үдерісінде туындауы немесе туындамауымүмкін кірісті айқындауды қанағаттандыратын түсімдерді білдіреді. Өзге де кірістерді кірістер мен залалдар туралы есепте таныған кезде олар әдетте жеке беріледі, себебі олар туралы ақпарат экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдалы.
2) Шығыстар – активтердің жылыстауы немесе азаюы нысанындағы есепті кезең ішінде экономикалық пайданың азаюы немесе капиталға қатысатын адамдарға бөлуге байланысты азаюдан ерекшеленетін капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы.