Тақырып №13. Коммерциялық банктің өтімділігі және төлем қабілеттілігін басқару

Сабақтың мақсатыкоммерциялық банктің өтімділігін және төлем қабілеттілігін талдау.

СОӨЖ тапсырмалары (0,5 сағ)

Тапсырма 1.Өтімділік туралы түсінік және нормативтері Н1,Н2,Н3, Н4, Н5 әрбіріне жеке талдау жасау

Тапсырма 2.Коммерциялық банктер өтімділігінің негізгі көрсеткіштері тақырыбында мақала жазу (бір банк мысалы ретінде)

СӨЖ арналған тапсырмалары (2 сағ)

ü Тақырыпты оқып зерделегеннен кейін негізгі ұғымдардың анықтамасын беріңіз (глоссарий).

ü СОӨЖ сұрақтарына және тақырыпты бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз. Тестіні орындаңыз.

ü Берілген әдебиеттер бойынша қосымша оқу материалдарын зерттеңіз.

Пайдаланылатын әдебиет тізімдері: Н.Ә №2-51б-54б,№1-448б-469б,Қ.Ә(заң ж/е нор.әкт)№29,Қ.Ә(м/ж)№35

Тақырып №14. Банктің қаржылық нәтижелерін талдау. Банктің кірісі мен шығысын талдау

Сабақтың мақсаты банктің кірістері мен шығыстарын салыстыра отырып қаржылық нәтижелерін талдау.

СОӨЖ тапсырмалары (0,5 сағ)

ҚР-ның коммерциялық банктердің соңғы екі жылдың жылдық есебіне сүйене отырып кірістері мен шығыстарын салыстыра отырып қаржылық нәтижелігіне талдау жасау және банктің кірісі мен шығысына әсер ететін факторларды анықтау

СӨЖ арналған тапсырмалары (2 сағ)

ü Тақырыпты оқып зерделегеннен кейін негізгі ұғымдардың анықтамасын беріңіз (глоссарий).

ü СОӨЖ сұрақтарына және тақырыпты бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз. Тестіні орындаңыз.

ü Берілген әдебиеттер бойынша қосымша оқу материалдарын зерттеңіз.

Пайдаланылатын әдебиет тізімдері: Н.Ә №5 (3716-375б),Қ.Ә(заң ж/е нор.әкт)№2,9

Тақырып №15. Банктік қадағалау

Сабақтың мақсаты банктік қадағалаудың мәні және әдістерімен танысу.

СОӨЖ тапсырмалары (0,5 сағ)

Банктік қадағалаудың маңыздылығы, оның ұйымдастырылуы және қазіргі кездегі жағдайы.

СӨЖ арналған тапсырмалары (2 сағ)

Ресми қадағалау органдарының құқықтары, міндеттері, мақсаттары сонымен қатар кемшіліктері мен ерекшеліктерін слайд түрінде көрсету.

Пайдаланылатын әдебиет тізімдері: Н.Ә №1 (150б-165б),№5-110б-112б №1 ,Қ.Ә(заң ж/е нор.әкт)№2, 9 20,32,,Қ.Ә(м/ж)№4

Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

Банк ісі» пәні бойынша

тәжірибеден өту және есеп тапсырудың

Дістемелік нұсқамалары

Астана – 2016 ж.

«Қаржы» кафедрасының

отырысында қаралды

«___»_________________________2016 ж.

Хаттама №___

Қаржы кафедрасының меңгерушісі

______ ____________________

(қолы) (аты, жөні)

Құрастырған: Ілияс А. Ә. э.ғ.д., профессор ,

Хамитхан Н. аға оқытушы

Студенттерді тәжірибеден өткізу оқу процесіндегі маңызды құрамдас бөліктің бірі болып табылады. Сол себепті, оқу орындарында Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес барлық оқу түрлері бойынша әрбір студент тәжірибеден өту қажет.

Студенттің тәжірибеден өту мақсаты-яғни алған теориялық білімін тәжірибеде жүзеге асырып бекіту болып табылады.

Оқу және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру экономикалық мамандықтар бойынша ОӘБ бекіткен тәжірибені өтудің Типтік бағдарламаларында көрсетілуі тиіс. Жоғары оқу орнында тәжірибенің екі түрі бар:оқу және өндірістік тәжірибе.

Оқу тәжірибесі:

- тәжірибені өту орындары ретінде тауарларды өндіретін және әртүрлі қызмет түрлерін көрсететін ұйымдар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, сонымен қатар оқу орындары және ғылыми –зерттеу институттары бола алады;

- тәжірибе оқу-әдістемелік материалдармен (бағдарлама, күнделік және т.б.) қамтамасыз етілуі керек;

- тәжірибе өткізуге жетекшілік жасау және бақылау жоғары оқу орындары мен кафедра, сонымен қатар тәжірибе орындарымен жүзеге асырылады;

- жазбаша есеп беру және оны қорғау тәжірибені өту нәтижесі болып табылады.

Өндірістік тәжірибе:

- кәсіби тәжірибе түрін, мерзмін, мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік жабдықтау;

- тәжірибе базасы мамандық кәсібіне сай болу керек;

- білім ұйымдары мен студенттерді жабдықтаушы ұйымдардың шығындарды өтеуі;

- тәжірибе өтуге жетекшілік жасауды және бақылауды қамтамасыз ету;

- кәсіби тәжірибенің нәтижелерін бағалау

Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

Банк ісі» пән бойынша

Білім алушылардың оқу жетістіктерін

Бақылау және бағалау бойынша материалдары

Астана-2016 ж.

Наши рекомендации