ЕҚЫҰ, БҰҰ, АӨШК сияқты ұйымдар Ассамблеяны мойындап үлгерді. Ол алдымен елдегі 17 млн. халық...
Азақстан» ұлттық арнасы 24сәуір 2013жыл
Ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-нәсібі мол болмақ. Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Жиырмасыншы жиын «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атауымен өтуде. «Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болып, қолымызбен құрған Ассамблеяның өмірге келгеніне - 18 жыл. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы бола алды», деді Елбасы.
Президент аймақ әкімдеріне Ассамблеяны дамытудың тұжырамдамасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, жиында республикалық әдістемелік кеңес құру керектігі айтылды. Сессия жұмысы жалғасуда. Кеңірек келесі шығарылымда баяндайтын боламыз.
КТК» телеарнасы. 24сәуір 2013жыл
Ассамблея дегеніміз - бұл 17 млн. қазақстандық
Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
Сөз арасында бүгінгі әлем шапшаң өзгеріп отырғанына тоқталған Елбасы, осындай жаңа жағдайда жаңа стратегияны жүзеге асыра отырып, қоғамның көптүрлілігін елдің жетістікке жетуіне қарай пайдалану қажеттігін атап өтті. «Жаңа жағдайда Ассамблея шын мәнінде жалпы азаматтық, саясатүстілік, жалпыхалықтық институт болуы шарт. Мен Ассамблеяның ХХІ ғасырдағы миссиясы тарылмайды, кеңейе түседі деп айтқым келеді», дей келе Мемлекет басшысы бұны кейбіреулер соншалықты түсіне алмай жүргеніне де тоқталды. Бұл ретте Президент «Ассамблеяны этникалық азшылық өкілдерінен тұрады» деп санайтындар қателесетінін түсіндірді. «Ассамбляны БҰҰ, ЕҚЫҰ, Азиядағы өзара іс қимыл шаралары жөніндегі кеңес, Бүкілхалықтық өкілдер ассамблеясы мойындады. Сондықтан да, Мен Ассамблеяға төрағалық етіп келемін, сондықтан да, мен Ассамблея бұл еліміздің он жеті миллион тұрғыны деп атадым», - деді Н. Назарбаев. Дереккөз: ҚазАқпарат
Хабар» телеарнасы. 24 сәуір 2013жыл
Азақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті
Оғамдық келісім Қазақстан өмірінің өзегіне айналуға тиісті. Бүгін Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы барысында Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. Президент әлем күрделі жағдайды басынан өткеріп жатқан бүгінгі заманда ұлтаралық татулық пен толеранттылық қана елдегі тұрақтылық пен дамудың мызғымас кепілі екенін мықтап қаперге салды. Республиканың әр түкпірінен түгел делегаттың басын түйістірген алқалы жиын жаңа міндеттер мен тың тапсырмаларға жол ашып берді. Жігер Сәрсенов толықтырады. "Қазақстан - 2050" cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр". Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы осы тақырыпқа арналды. Себебі, елдің елуінші жылға дейінгі бағдарлы құжатын орындауға ассамблеяның айрықша үлесі бар. «Бірлік болмай тірлік болмайды». Кез-келген елдің дамуы алдымен татулықтың, онан соң тұрақтылықтың арқасында екені дәлелденген қағида. Ендеше оны сақтай білу бүгінгі Қазақстан қоғамының алдындағы құнды парыз. Екі жылдан соң Ассамблеяға 20 жыл толады. Осы уақыт ішінде жалпыадамзаттық институтқа айналған ұйым елдегі келісімнің тұғыры, бірліктің тұтқасы бола білді, деді Елбасы. Ұлт пен ұлысты ұйыстырған қасиетті шаңырақ қазір төрткүл дүниеге тамаша үлгі танытып келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, ҚХА Төрағасы:
ЕҚЫҰ, БҰҰ, АӨШК сияқты ұйымдар Ассамблеяны мойындап үлгерді. Ол алдымен елдегі 17 млн. халық...
Әйтсе де, әлем күрделеніп, мәдениет құнсызданып барады. Оның үстіне жаһанды дағдарыс жайлаған қысылтаяң күнкөріс ұлт пен нәсіліңе қарамай адамзаттық құндылықтардан алшақтата түсуде. Ассамблеяның қуаты осындайда қажет. Ал ұлтаралық татулық әуелі қазақтың өзіне керек, деді, президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, ҚХА Төрағасы:
-Ассамблея - ұлтаралық татулық. Ол әуелі қазаққа керек.
Тар жерде табысқан, кең жерде келіскен қазақтың дархан пейілін елдегі қай ұлттың өкілі болсын ағынан жарыла айтып береті анық. Алайда, олардың кезінде тағдыр тәлкегімен Қазақстаннан табылған тұсында, бір үзім нанымен бөлісіп, жылуын сыйлаған кешегі ата-бабаларымыздың өнегесін енді бүгінгі жас буынға тұщындыру абзал екенін айтты Елбасы. Тікелей Ассамблея атқарар шараларды ширату қажеттігін атады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, ҚХА Төрағасы:
Біріншіден әкімдер жергілікті жерлерде ассамблеямен мықтап жұмыс жасауы керек. Достық үйлері орталық ретінде белсенді жұмысын жалғастыруы қажет. Өйткені татулықсыз тіршіліктің мәні жоқ.
Президент біздің жұрт ешқашан дара этникалық немесе дара мәдениетті болып көрмегенін айтты. Сондықтан 130-дан астам ұлт пен ұлысты айрандай ұйытқан ұсқынымызға әлем қызыға да қызғана да қарайтынын, тіпті мұндайға мұқтаж екенін жеткізді. Ендеше бес саусақтай жұмылып, өзгеге үлгі танытуға талпыну ләзім. Керек десеңіз, әлемде жойылып кетуге жақын тұрған ұлттар да бар, тіпті 25-ке жуық жазба тілі жоғалып та үлгерген. Елбасы бұл ретте тағы да қазақ тілінің мәртебесін түсірмей, оны ұлттардың басын қосатын факторға айналдыра білу қажеттігін қаперге салды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, ҚХА Төрағасы: