Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰК

Ұлттық экономика нәтижелерін жалпылайтын агрегаттар БҰҰ кеңесімен пайдаланылатын болды. Негізгісі ұлттық байлық, ол тарих бойы жинақталған құндылықтар жинағы.

Шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші қоғамдық өнім. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық кіріс (ҰК), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өлшемдерімен бейнелейді.

ЖҰӨ- бір жыл ішінде елде өндірілген товарлар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.

ҰК жыл көлемінде қайта қалыптасқан өндіріс нәтижесі. Оны есептеу үшін ЖҰӨ мен жыл көлемінде жұмсалған материалдық шығындар айырмасын есептеу керек (амортизация, шикізат, материалдар, т.б.).

ТҰӨ- ұлттық кіріске жанама салықтарды қосқанда шығады. Немесе ТҰӨ есептеу үшін ЖҰӨ нен амортизацияны (капиталды тұтыну шығындары) шегереміз.

ЖІӨ- тек ел территориясында өндірілген, тек өз өндіріс факторларын пайдаланған товарлар мен қызметтерді біріктіреді.

75.Табыстар мен шығынның макроэкономикалық айналым үлгісі. Экономикалық агенттер мінез-құлықтарының (жүріс-тұрыстарының) ең таралған сипаттарын табу (агенттерді агрегаттау), бірыңғай көрсеткішке біріктіру және экономикалық нарықтар қызметінің ең маңызды заңдылықтарын табу (нарықтарды агрегаттау, бірыңғай көрсеткішке біріктіру) макроэкономикалық өзара қатынастарды агрегаттауға (бірыңғай көрсеткішке біріктіруге) мүмкіндік береді, яғни макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттердің мінез-құлық заңдылықтарын зерттеуге. Бұл өнімнің, шығындар мен табыстар айналым сызбасын салудың көмегімен жасалады. Алдымен экономиканың 2 секторлы үлгісін қарайық. Ол 2 макроэкономикалық агенттерден – үй шаруашылықтары мен фирмалардан және 2 нарықтан – тауарлар мен қызмет көрсету нарығы мен экономикалық ресурстар (қорлар) нарығынан тұрады. Табыстар мен шығындар шеңбер бойынша айналады. Әр экономикалық агенттің табысы екінші экономикалық агенттің табысын құра отырып, шығындалады. Жаңағы табыс, өз кезегінде, оның шығындарының негізі болып келеді. Шығындардың көбеюі табыстың өсуіне әкеледі, ал табыстың өсуі шығындардың ары қарай көбеюінің алғышарты. Сондықтан сызбаны айналым үлгісі немесе шеңберлі ағындар үлгісі деп аталады. Материалдық ағындар сағат тіліне қарсы жылжиды, ал ақша ағындары – сағат тілі бойынша. Сұраныс сағат тілі бойынша, ал ұсыныс – сағат тіліне қарсы жылжиды.

76. Халықаралық еңбек бөлінесі. Халықаралық еңбек бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы. Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді. Қрі елдердің, әдетте толып жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-бірімен жиі бәсекеге түседі.

77. Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлері.

Халықаралық қатынастардың басты формаларына жататындар:

- халықаралық еңбек бөлінісі,

- тауарлар мен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда,

- халықаралық несие,

- өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы,

- халықаралық валюта-қаржы қатынастары,

- халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар,

- экономикалық интеграция.

78. Халықаралық сауда теориялары Халықаралық сауданың классикалық теориясы әйгілі ағылшын экономистары А.Смит пен Д.Рикардомен ұсынылған. А.Смит өзінің «Халықтың байлығының табиғаты мен себебін зерттеу» 1746 ж атты еңбегінде, халықаралық сауданың дамуын абсолютті шығындардың әртүрлігімен негіздейді және одан шығатыны, тауарды шығындары абсолютті аз елдерден импорттап, ал шығындары аз тауарларды экспорттау қажет. Смит елдердің халықаралық сауданы дамытуға мүдделі екенін көрсетті, өйткені олардың экспортер немесе импортер болатынынан тәуелсіз олар жеңіп отырды.

А. Смиттің бұл көзқарасы экономикалық мұрада "Абсолюттік артықшылық теориясы" деп аталып кетті.

Бұл теориядағы негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысты тиіс екендігі.

Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда шығады десек, мамандардың көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді? Осы кезде "экспортқа не шығару керек және импортқа не алу керек?" деген сұрақтар туындайды.

А. Смит Франция, Португалия, Шотландиа елдеріндегі шарап өндірісін мысалға келтіреді. Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады.

Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан, Шотландияда шарап өндіру тиімсіз болатындығы анық.

А.Смиттің теорясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Солардың ішіндегі артықшылықтарды атап көрсетейік:

• біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері, сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлармен анықталады;

• екіншден, егер табиағи артықшылықтарға жаңа технологиялардың жетістіктерін қоссақ, оңда теорияның маңызы одан да арта түсер еді.

• Сонымен қатар бұл теорияның кемшіліктері де бар:

• біріншіден, әдістемелік жолдардың шартты түрде болуы. Мысалы, А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады, бірак та шын мәнінде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес

• екіншіден, ағылшын саяси экономикасының классигі ақша айырбасының моделі емес, тауар айырбасының моделін қарастырады;

• үшіншіден, абсалюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды түрде әсер ете алмайды, өйткені тауар өндірісінін алтернатавтік (балама) құны халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.

79. ЖІӨ мен ЖҰӨ-ді есептеу тәсілдері.

Есептеу әдістері

ЖІӨ 3 түрлі тәсілмен есептеледі:

Табыс бойынша

* Бұл жағдайда ЖІӨ экономикалық ресурстардың меншік иелерінің табыстарының қосындысы ретінде, яғни факторлар табыстарының қосындысы түрінде анықталады.Халық, [[корпорация]]лар табыстары, жинақтаулар пайыздары, мемлекеттің іскерлік табыстары, импортқа және өндіріске салығы түріндегі табысытарының қосындысы;

Шығын бойынша

* шығыс бойынша - барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының қосындысын көрсетеді. Үй шаруашылығының пайдалану шығысы, фирмалардың [[инвестиция]]лық шығыстары, мемлекеттің тауарлар сатып алу шығыстары, қызметтер мен инвестициялар және таза экспорт (эспорттан импортты алып тастағандағы) қосындысы;

: <math>Y = C + I + G + Xn\,</math>, мұнда

: <math>Xn = Ex - Im\,</math>

Қосылған құн бойынша

* Тек қана әр [[фирма]]ның қосылған бағаларының қосындысы (берілген мекеме қойған қосылған баға).

ЖІӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді.

Наши рекомендации