Шетел құқығының қолдануының жалпы түсінігі
Коллизиялық нормаларды қолдану тәртібі мемлекеттік ішкі құқықтық нормаларды қолдану процесінен айтарлықтай өзгерістерге ие. Осы процестің қиыншылығы, осы нормаларды қолданар кезде қолдану кезеңімен айырмашылық шегі бар, әр түрлі құқықтық жүйелердің өзара іс-әрекеттестігі болады.
Бірінші кезеңде осы жағдайда коллизиялық норманың қолданылуы тиіс пе, соны анықтайды, егер де қолданылуы тиіс болса онда ол қай елге сілтеме жасап жатыр. Екінші кезеңде осы коллизиялық норма сілтеме жасаған сол елдің құқығы қолданылады . Егер бірінші кезеңде коллизиялық норманы қолдану болса, онда екіншісінде материалдық құқық (отандық), немесе шетелдік норма қолданылады. Екінші кезеңде жария тәртіп туралы құқықтық мәселелердің шешілуі, танылуы және де шетел құқығының мазмұны анықталуы тиіс.
Осы екі кезеңде халықаралық жеке құқық шеңберінде болатын құқық қолданушылық рәсімдері болып табылады.
Коллизиялық нормаларды қолданар кезде басшылыққа алынатын жағдай ол шетелдік өз елінің азаматынан гөрі құқықтық артықшылығы болуы болмайды. Бұл ереже әр елдердің халықаралық байланыс процесіндегі жеке және заңды тұлғалардың теңдігіне негізделіп құрылған. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық жеке құқықтағы субъектілердің өзара қатынастарында құқық қолданушылық тәжірбие процесінде өзара түсіністік болжамдалады. Әр елдің әр түрлі құқықтық жүйесінің өзгеруіне байланысты материалды өзара түсіністікті қамтамасыз ету әрқашан мүмкін болып отырған жоқ, сондықтан формалды өзара түсіністікті қамтамасыз етуге әрекет етеді.
Халықаралық жеке құқықтық аспектілерін реттейтін халықаралық келісім шарттардың ұқсас бірдей әрекеттері жоқ: келісім шарттың біреуін өзара түсіністік қағидатын жоққа шығарады, басқалары оның айналымын қолдайды, ал үшіншісі осы мәселеге байланысты ешқандай нұсқаулар жоқ. 1993 жылғы экономикалық ынтымақтастық туралы Қазақстан-Египет келісімдерін зер қойған дұрыс шығар деп ойлайсың, яғни ондағы әр баптың өзара түсіністік қағидаты жол тауып отыр.
Коллизиялық норманың оған сілтеме жасауына байланысты басқа мемлекеттің шекарасындағы шетел заңын қолданар кезде өзара түсіністік туралы мәселе туындайды.Бұл дегеніңіз алдымен сол мемлекеттің шекарасындағы қолданған заңды және жеке тұлғаларға коллизиялық сілтеме қолданған құқықты мемлекет қолдану мүмкіндігін беруін тану қажеттілігін білдіреді.
Егер соңғысы бірінші мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың құқықтарына шек қоюына мүмкіндік берсе, басқа мемлекеттің заңды тұлғаларын және азаматтық құқықтарын жауапты шектеулер мүмкіндігі бар.
Дау мамандығы әдетте коллизиялық жалғаудың көмегімен шешіледі, яғни оны сот заңы (lex fori) бойынша мамандандыру деп атайды. Бұл жерде сот немесе арбитраж әр түрлі коллизиялық нормалардың түсініктемелерімен қақтығысып отырады, осы елдің азаматтық заңнамаларының түсінігі бойынша түсініктемелерді мамандандырады.
Шетел заңы сол немесе басқа мемлекеттің шекарасында әрқашан қолданыла бермейді, өйткені онда жария тәртіп түсінігі қызмет етеді. Жария тәртіп туралы ескерту шетел мемлекеттерінің заңдарын қолдануды шектейтін, немесе осы мемлекетте белгіленген, жария тәртіпке қарсы келетін шетел мемлекетінің құқығын қолдану кездінде, шетел мемлекеттерінің заңдарын қолдануды шектейтін, өзінше “қорғаушы клапан” (жүйе) ретінде қызмет етеді.
Халықаралық жеке құқық шеңберіндегі тәжірибелерге көз салсақ, жария тәртіп туралы ескерту азаматтық процесс мәселелері бойынша да қолданыла бастады. Бұл дегеніміз құжаттарды тапсыру, куәгерлерден айғақ алу және тағы басқа процесуалды іс-әрекеттер осы елде мүмкін, егер тапсырылған құжатта немесе мәлімдемеде куәгер айтқан айғақта мемлекеттік немесе әскери құпия болса, бірақ жария тәртіп туралы ескерту қолданылуы мүмкін, өйткені бұл осы елдің қауіпсіздігі мен мүдделеріне нұқсан келтірді.
Көптеген елдерде мысалы,ГФР сот өз инициативасымен шетел заңын қолданып, оның мазмұнын анықтай алады, егер де шетел заңы дұрыс қолданылмаса, бұл сот шешімін қайта қарауға негіз бола амайды. Бірақ Қазақстан мен Ресейде шетел заңын дұрыс қолданбаған жағдайда оны қайта қарауға негіз бар. Қазақстан заңнамаларында жария тәртіп туралы ескерту қатынастары әлі толық қалыптасып біткен жоқ.
Шетел заңын Қазақстан шекарасында қолданылу мүмкін емес, егер осы қолдану республикада белгіленген жария тәртіпке қарсы келетін болса, қажет болған жағдайда республика азаматтық құқықтағы құқықтық тәртіппен жеткен нормаларды басшылыққа алады.
Жалпы ойға келетін болсақ, сот әдетте, өзінің ұлттық құқығын қолданады. Сот шетел заңының күшімен пайда болған, құқықты мойындай отырып, ол шетел құқығын мойындамайды, ол белгілі бір шетел заңының әрекеттерінен пайда болатын субъективтік құқықты мойындайды.
Сол немесе басқа шетел құқықтық нормасын дұрыс қолдану үшін, алдымен осы нормалардың мазмұнын анықтау қажет. Бүгінгі күні осы шетел құқығының қолданылуына қызығушылық білдіріп отырған және сотта өзінің әділдігін дәлелдеуші тараптар және соттың өзі шетел заңының мазмұнын анықтайды. Сот шетел құқығының мазмұнын анықтауға міндетті, сонымен бірге ол процеске қатысушылардың дәлелдемелерімен шектеле алмайды және де дауда тараптар сілтеме жасаған сол немесе басқа да шетел заңының болуына өзі көз жеткізуі керек,сонымен қатар басқа да шетел мемлекеттерінен немесе қажетті заңдардың мәтіндердін әділет министірлігі арқылы сұрату қажет.
Шетел құқығы өз елінде қалай қолданылса, ҚР солай қолданылуы қажет және өзі шыққан елінде қалай түсінік берілсе оған солай түсінік берілуі тиіс.
Қазақстан соты шетел заңын қолдануы тиіс, егер бұл қажеттілік істі қарастырудың мазмұнынан шығып жатса; сонымен қатар тараптар шетел заңына сілтеме жасады ма жоқ па, немесе олар шетел заңының қолданылуына өтініш жасады ма жоқ па, оның маңызы жоқ.
Қазақстан соттары шетел заңын қолданарда, осы заңның қабылданған елде қолданып жатса, сол қалпында оған түсінік беріп, қолдануы тиіс. Осындай тәртіп Қазақстан Республикасының Сауда Өнеркәсіптік Палатасының Арбитражды сотына да таралады.
Сот отырысындағы дауды реттеу мүмкіндігімен шетел заңының жоқ болуына байланысты сотта қандай шаралар қолдану мәселесі туындайды. Бұл жағдайда Lex fori(сот заңы) қолдану мүмкіндігі пайда болады.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерге байланысты бірнеше қорытынды жасауға болады. Негізі халықаралық жеке құқықтың, барлық мемлекеттерге ортақ халықаралық жария құқықтан айырмашылығы ол әр мемлекеттердің ұлттық құқық шеңберінде қызмет етеді. «Қазақстанның халықаралық жеке құқығы», «Ресейдің халықаралық жеке құқығы» және тағы басқалары. Әр мемлекеттердің азаматтық құқығында бірдей немесе ұқсас тәртіптер мен ережелер кездесіп жатады. Сонымен қатар жеке құқық азаматтық құқықтың бөлімі болып табылмайды, ол ішкі мемлекеттік құқықтық жүйеде өз орнын тауып отыр және өзінің пәнімен әдісін реттейтін өзін – өзі басқару саласы болып табылады.
Халықаралық жеке құқық өзінде нормалардың екі түрі кездеседі. Ол: коллизиялық «ішкі және келісімді» және үндестірілген материалды азаматтық құқық. Тек осылар ғана халықаралық жеке құқықтың пәні мен әдісіне жауап береді.
Коллизиялық нормалар өзінің жүйесімен ажыратылады. Коллизиялық норма жүйесіне себепші болған: 1) осы нормаларға әсер ететін, біркелкі қатынастар ерекшелігі (шетел элементімен күрделенген азаматтық құқықтық сипаттағы қатынастар); 2) олардың жалпы міндеті (коллизиялық проблемаларды жеңу); 3) жалпы әдіспен қатынастарға әсер ету (реттеу әдісі); 4) басқа құқықтық нормалар құрылымынан ажыратылатын коллизиялық норманың біртұтас құрылымы.