Байытудың көмекші процестері

Мазмұны:

1.Сусыздандыру процестері:

а/ дренирлеу

ә/ қоюландыру

б/ фильтрлеу

в/ кептіру

2. Шаңдыұстау процестері.

3. Байытқыш фабрикалардың ағынды суларын тазарту:

а/ байытқыш фабрикалардағы су айналымдары

ә/ ағын суларды конденцирлеу

б/фильтрлеу

в/ Кептіру.

4.Байыту фабрикаларындағы бақылау және сынамалау

а/ сынамалау

ә/

1.Сусыздандыру – байыту өнімдерінен суды алу процессі. Екі сатыдан тұрады - суды механикалық алу(дренирлеу, қоюландыру, центрифугалау, фильтрлеу) және термиялық құрғату.

Дымқыл тәсілдермен байыту кездерінде судың үлкен шығыны жұмсалады. Одан басқа, су байыту өнімдерін құбырлар, желобтар және пульпопроводтар арқылы тасмалдануында қолданылады. Байытылатын кеңнің бір тоннасына судың шығыны, м3:

§ флотациия кезінде-2,5-3,5

§ гравитациялық байыту кезінде – 3.5 -6,5;

§ магнитті байыту кезінде -3,0-3,5.

а/ Дренирлеу– кесек материалдардан суды алу, өздігінен ауырлық күшінің әсерімен судың өтіп кетуі жолымен. Дренирлеумен сусыздандыру кеңді классификатор немесе ұрғының түбімен транспорттауы арқылы жүзеге асады.

ә/Қоюландыру– қатты бөлшектерді тұңбаландыру және сұйық фазаны слив ретінде бөлу процессі. Процесс қоюландырғыштар мен отстойниктарда жүзеге асырылады. Қатты бөлшектерді тұңбаландыру ауырлық күшінің әсерімен іске қосылады.

Процессті жеделдетдіру үшін арнайы заттарды қосады – коагулянттар, олар бөлшектердің бір-біріне жабысуына және үлкендірек агрегаттар түзіліуіне себепкер болады, бұндай агрегаттар тезірек тұңбаға түседі. Коагулянттар ретінде ізбестас, сілтілер, судаерігіш силикаттар қолданылады.

Радиальді қоюландырғыштарконикалық түбі бар цилиндрлік ыдыс. Бастапқы пульпа жүктегіш воронкаға келіп түседі. Қатты бөлшектер түбіне тұңады, ал мөлдірленген су қабылдағыш табалдырығы арқылы сақиналы переферикалық желобқа құйылады.

Магниттік қасиеттерге ие бөлшектерді тұңбаландыру үшін, магнитті дешламаторларды қолданады. Жұмыс істеу принципі бойынша олар қоюландырғыштарға ұқсас, бірақ жүктегіш тесікке магнитті жүйе қойылады. Магниттік өрістің әсерінен бөлшектер магнитталып, бір-біріне жабысады, флоккулдар түзеді, олар тез тұңбаланады.

б/Фильтрлеу– кішкентай тесіктері бар тосқауылдан пульпаны өткізу арқылы сусыздандыру операциясы, бұл тосқауылдар ретінде мақтадан жасалған мата, капрондыбұл, нейлонды фильтрлі мата қолданады, сонымен қатар тесіктері бар металлитикалық торды қолданады 0,15-0,25мм. Фильтрлеу процессі вакуум-фильтрлерде жүзеге асыралады, фильтрлейтін беткі қабаттың екі жақтағы қысымның құлауының тудыру арқылы. Фильтрлейтін беткі қабатының формасына тәуелділіктен барабанды, дискілі және ленталы вакуум-фильтрлерін айырады.

в/ Кептіру. Термиялық кептіру тауарлы концентраттардағы ылғалдылықты азайту үшін қолданылады. Ылғалдылықта алу жылу беру арқасында буланудың жолымен жүзеге асады.Кептіру үшін барабанды газды кептіргіштерді қолданады. Онда материалдар барабан арқылысы транспортталады. Материалдың ағынына қарсы ыстық газ жібіріледі. Барабанның айналуы кезінде концентрат араластырылады және кептіріледі.

2.Шаңдыұстау. Бөлшектеу және құрғақ ұсақтау кезінде, құрғақ ұрғылау кезінде, құрғақ магнитті айыру кезінде, электрлік айыру кезінде, құрғақ материалдарды тасымалдау кезінде өндірістік шаң пайда болады.

Өндірістік шаң – қатты (минералды) бөлшектердің үлкендігі 0,5мм-ден аспайтын ауадағы өте тұрақты өлшенділері.

Фабрикалардағы шаңдануды төмендету үшін келесі іс-шаралар қолданылады:

а/арнаулы қаптарда қондыру арқасында құрылғыны герметизациялау;

ә/бөлшектеу, қайта себу кезінде құрғақ кеңді тыңайту;

б/қаптардан шаңдалған ауаны сору (сорғышты қондыру);

в/құрғақ әдістермен байытуға түсетін кеңді алдын ала шаңсыздандыру.

Байыту фабрикаларында шаңданған ауаны тазарту үшін шаңұстапқалудың механикалық және электрлік әдістерін қолданады.

Шаңды ұстаудың механикалық аппараттарда ауырлық күші қолданылады (жай ылғал шаңұстағыш), центрлік күш (шаңтұңбалағыш циклон, оның жұмыс істеу принципі гидроциклонға ұқсас, тесік тосқауыл арқылы фильтрлеу және шаңдалған газды сумен тыңайтады).

Жай ылғалды шаңұстағыш цилиндрлік ыдыс ретінде жасалған, сумен толтырылған, сол су арқылы шаңдалған ауаны барботирлейді. Ауа ауажүктегіш вентиляция жүйесімен беріледі. Су қабатынан өткен кезде ауа шаңнан тазартылады және аппараттан шығарылады.

Шаңды ауа

Байытудың көмекші процестері - student2.ru

Тазарған ауа

Сурет. Жай ылғалды шаңұстағыш арнаулы қондырғы

Байытудың көмекші процестері - student2.ru

Қатты бөлшек

Байытудың көмекші процестері - student2.ru

3.Байытқыш фабрикалардың ағынды суларын тазарту.

а/ Байытқыш фабрикалардағы су айналымдары.

Байыту процесстерінде қалдықтар қалыптасады, олар ағын сулармен бірге қалдық қоймаларына түседі.Қалдық қоймасы – арнайы қоршалған аймақ, байыту қалдықтарын қабылдауға және сақтауға арналған. Қалдық қоймалары әдетте рельефтердің төмеңгі жағында – құздарда, котловандарда, байытқыш фабрикалардан бірнеше километр алшақта орналасақан. Байыту қалдықтары қалдық қоймаларына пульпоқұбырлары арқылы түседі. Қалдыққоймасы дамба арқылы қоршалады, ол қалдықтардан суланады және қосымша нығайтылады. Себебі қалдық тасталымдар құрамында көбінесе жұқа бөлшектер бар, олар эрозиоқауіпті және шаңданғыш болып келеді, сондықтан да оларды нығайту үшін стабилизацияның физко-химиялық және биологиялық әдістері қолданылады.

Физико-химиялық стабилизация нәтижесінде дамбаның шаңдатқыш бетін арнайы заттармен өңдейді, ол заттар тоқығыш жамылғы түзеді. Биологиялық стабилизация дамбаның беткі қабатында өсетін шөптен төсегіш жасауды қарастырады.

ә/ ағын суларды конденцирлеу

Құрамы бойынша байыту фабрикаларындағы тасталымдар келесі өнімдермен көрсетілген:

- минералдардың ұсақталған бөлшектерімен,

- эмульсия және коллоидтар ретіндегі реагенттар;

- реагенттердің өз-өздерімен және минералдармен әрекеттер өнімдері,

- минералдар мен реагенттердің еруі нәтижесінде түзілетін, органикалық және неорганикалық иондар.

Жазғы-көктемдік мезгілде, қар еритін және жаңбыр жауатын кездерде ағындық сулардың өздігінен тазаруы болады. Бұл процесс 10-15 күн аралығында жүзеге асады.

Ағынды суларды кондиционирлеу үшін тазартудың химиялық, механикалық, биологиялық әдістері қолданылады. Кондиционирлеу әдісі химиялық құрамына байланысты таңдалады.

Ауыр металлдардың иондарын тұңдыруы ізбестас көмегімен іске асырылады, ауыр металлдардың иондарын ерімейтін гидроқышқылдарға байланыстырады, олар тұңбаға түседі.

4. Байыту фабрикаларындағы бақылау және сынамалау

а/ Сынамалау– сынама алу және сынамалардың технологиялық өңдеуі (кеңнің және байыту өнімдерінің порциялары), олардың құрамы мен қасиеттерін анықтау үшін.

Сынамалау берілген фабрика немесе цехке арнайы құрастырылғын сызбанұсқаларға сәйкес жүргізіледі. Сынамалау схемасы - сынамаларды алу нүктелері көрсетіліп басылған және алынып жатқан сынамалардың қандай мақсатқа жұмсалатыны (минералогиялық, химиялық, гранулометриялық, магниттік анализдер үшін) көрсетілген технологиялық схемасы.

Сынама алу кезіндегі міндетті шарттың бірі – ол оның алынылып жатқан кеңнің және байыту өнімінің бір ағымының барлық мінездемесіне толықтай сәйкестілігі. Бұл сәйкестілік оның массасына, бөлшектелініп алынған сынамалардың санына, сонымен қатар оның алыну әдісіне тәуелді.

Бөлшектелінген сынама деп, берілінген нүктеде алынған және берілген уақыт аралығында бір қабылдау кезінде алынған сынаманы айтамыз. Сәйкестілікті қамтамассыз ету үшін бірнеше бөлшектелінген сынамалар алынады, олар бір ортақ сынамаға қосылады. Анализ үшін ортақ сынама қолданылады.

Ортақ сынаманың минималды массасы келесі формуламен анықталады

М=kd2, кг,

мұңдағы k=0,6:3,0 - коэффициент, кеңнің вкрапленностің ескеретін.

Құрғақ өнімдердің сынамаларын ағымнан алу үшін, мысалға конвейрдің лентасынан, қиғашынан кесу әдісі қолданылады. Әдістің негізі периодикалық түрде бірдей уақыт аралығында қолмен немесе механикалық сынамаалғышпен бөлшектенген сынама алыпнып отырады. Сонымен де материалдың ағымы бөлшектелінген сынама болып табылатын параллельді жолақтарға созылады.

Қозғалмайтын себілмелі материалдардан сынаманы алу үшін сүщіп алу әдісі қолданылады. Бөлшектелінген сынамалар терең емес ойықтардан сүзіліп алынады, сыналып жатқан материалдың барлық ауданы бойынша.

Пульпалардан сынамаларды қиғашынан қию әдісі арқылы алады.

технологиялық процестерді бақылау

Байытқыш фабрикалардағы негізгі бақыланатын көрсеткіштері болып келесілер жатады:

технологиялық процесстің жүруін мінездейтін, көрсеткіштер: кеңнің және байытылу өнімдерінің гранулометриялық құрамы; кеңнің және байытылу өнімдерінің заттық (химиялық, минералдық) құрамы; пульпаның тығыздығы; аэрация деңгей, пульпаның флотация кезіндегі рН; реагенттер шығындары; пульпаның температурасы.

Көрсеткіштер, байыту нәтижесін мінездейтін: алынатын өнімдердің ірілігі және гранулометриялық құрамы; концентраттардағы және байыту өнімдеріндегі пайдалы компонентер мен қоспалар үлесі.

Заманауи фабрикаларда негізгі көрсеткіштер бойынша бақылау үздіксіз жүргізіледі. Бұл үшін оперативті-диспетчерлік қоңдырғылар қолданылады: датчиктер, регуляторлар, механизмдер орындағыш, регистрация және индикация құралдары, минералды материалдың құрамын анализдеу құралдары. Средства контроля устанавливают непосредственно в потоках пульпы. Бақылау құралдарын пульпаның ағымында қояды.

Үзіліссіз оперативті баұқылау осындай мүмкіндіктер береді:

аппараттарды және процессті толығымен оперативті түрде регуляциясын;

байытудың алынатын технологиялық көрсеткіштерін ұздіксіз бақылау және процесс параметрлерін өзгерту жайында шешім қабылдау.

Наши рекомендации