Көмекші заттардың жіктелуі

1. Пилюлалық массаны тығыздаушы (консистенция, салмақ, көлем) және оған пластикалық қасиет беруші заттар: жалаң мия тамырының, бақ-бақтың, ащы жусанның, итмұрынның, шүйгіншөп тамырының, жалбызтікен тамырының ұнтақтары; крахмал, бентонит, ақ балшық, алюминий гидрототығы, сахароза, лактоза, крахмал - қант қоспасы (2:1 немесе 1:2)

2. Байланыстырғыш және сұйықтықтарды эмульгирлеуші, гидрофобты қатты бөлшектерді жабыстырғыш заттар: мия тамырының экстрактары (құрғақ, қою), бақ-бақтың (қою), ащы жусанның (қою) экстракттары; итмұрын жемісінің ұнтағы, бал, глицерин жағар майы, аравия шайыры, декстрин, ұн, альгин қышқылы

3. Пилюлялардың құрғап кетуін болдырмайтын қосымша заттар: глицерин суы (глицерин + су, 1:1), су, спирт, глицерин, қант шырыны, қантты су (шырын + су, 1:1), шырын + глицерин + су (1:1:8), бал.

Дәрігер жазылымда көрсетпеген жағдайларда, көмекші заттарды таңдау, фармацевтке жүктеледі. Оларды дәрілік заттардың қасиетіне мөлшеріне байланысты таңдайды.

Дәрілік заттарды үш топқа бөлуге болады: Бірінші топқа - лиофильді немесе лиофобты құрғақ ұнтақтардың қоспасы жатады. Олар ылғанданған кезде пластикалық емес: күміс нитраты, калий перманганаты, алкалоид тұздары, темір тұздары, йод, калий йодиді, фенобарбитал және т.б.

Екінші топқа - ылғанданған кезде тұтқыр, немесе серпімді қасиетке ие болатын, лиофильді ұнтақтар қоспасы жатады. Оларға кальций глицерофосфаты, пилюлялық массаға дәрілік зат ретінде еңгізілетін өсімдік ұнтақтары мен экстракттары.

Үшінші топқа - лиофобты сұйықтықтар, эвтектикалық қоспалар жатады.

Пилюлялардың рецепте жазылу тәсілдері.Ұнтақтар мен суппозиториялардың сияқты бөлінетін және бөлінген тәсілдерімен жазылады.

1) Бөлінетін - дәрілік заттардың мөлшері жазылған пилюля санына беріледі.

2) Бөлінген - дәрілік заттардың мөлшері 1 пилюляға көрсетіліп, осындай қанша пилюля дайындау керектігі көрсетіледі. Ең жиі кездесетіні бірінші әдіс.

Егер рецепте көмекші зат көрсетілмесе, онда фармацевт дәрілік заттардың физико - химиялық қасиеттеріне қарап, көмекші затты өзі таңдайды. Көмекші заттардың мөлшері, әр пилюляның салмағы 0,2 г - ға дейін болатындай етіп есептейді. Егер негізгі дәрілік заттардың мөлшері едәуір болса және 0,2 г дейінгі мөлшерде пилюля алу мүмкін болмаса, онда дәрігер бұл массадан пилюляның екі мөлшерін белгілеп, 0,3 г - нан бірден 2 пилюля қабылдауды ұсынады.

Пилюляларды дайындау әдістері:қолмен илеу, дражирлеу, тамшылату, қалыпқа құю.

Пилюлялар дәріхана жағдайында негізінен қолмен илеу әдіспен дйындалады.

Дайындау сатылары:

- дәрілік заттарды араластыру;

- пилюлялық массаны алу, өлшеу;

- пилюлялық серіппені алу;

- пилюлялық серіппені кесу (дозалау);

- пилюляларды қалыптау;

- опалау;

- орамдау және безендіру.

І-ші саты. Дәрілік заттарды араластыру.

1. Егер рецепте суда еритін заттар жазылса, онда оларды судың, спирттің, глицериннің аз мөлшерінде ерітіп алады. Содан соң тығыздаушы заттарды қосады. Бұл жағдайда дәрілік заттар ерітінді түрінде енгізіледі.

2. Егер рецепте суда ерімейтін заттар жазылса, оларға тұтқыр сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қосып, содан соң тығыз пластикалық пилюлялық масса алынғанша, құрғақ қосымша заттармен тығыздалады. Бұл жағдайда дәрілік заттар пиллюлялық массаға суспензия түрінде енгізіледі.

3. Егер рецепте сұйық гидрофобты заттар жазылса, онда оларды алдын ала құрғақ экстракттармен немесе өсімдік ұнтақтарымен эмульгирлейді. Бұл жағдайда дәрілік заттар эмульсия түрінде енгізіледі.

ІІ-ші саты.Содан соң келіге көмекші заттарды есептелген мөлшерде және қатынаста қосады. Көмекші заттарды дәрілік заттарға біртіндеп қосады, егер массаның тұтқырлығы төмен болса, онда байланыстырғыш заттар қосады.

Егер масса жұмсақ болса, онда тығыздаушы зат қосады. Пилюлялық массаны дайындау кезінде енгізілетін қоспа мөлшері өте аз, ал салмағы мен көлемі де аз болуын қадағалау керек. Дайын масса тығыз, эластикалық, біртекті болуы керек. Алынған массаны келсап басына жинап, пергамент қағазына ауыстырып, салмағын өлшейді және оның салмағын рецепте немесе сигнатурада көрсетеді. Себебі осы жазылым бойынша қайта пилюля дайындаған кезде, пилюля сондай көлемде болуы керек.

ІІІ-ші саты. Массаны пилюлялық машинаға ауыстырып серіппе дайындайды. Серіппе цилиндр формалы, белгілі ұзындықта және оның қуыстары болмауы керек.

ІV-ші саты. Серіппені пилюля машинасының кескішімен үдемелі-қайтымды қозғалыс жасап, үстінгі кескішпен кеседі. Кесілген пилюляларды шыны пластина бетіне тастайды.

V-ші саты. Содан соң ағаш ролик көмегімен пилюляларға тығыз шарик формасын береді, олардың беттері тегіс болуы керек. Дайын пилюляларды ауада кептіріп, санап, бір-біріне жабыспауы үшін индифферентті ұнтақпен опалайды. Үшбұрыш көмегімен пилюля санын формула бойынша есептейді:

Көмекші заттардың жіктелуі - student2.ru , мұндағы:

с - пилюля саны;

n - пилюлялардың толық қатар саны;

k - пилюлялардың толық емес қатардағы саны.

VІ-шы саты. Индифферентті опалаушы ұнтақ ретінде ликоподий, сүт қанты, ақ балшық, крахмал, пилюля құрамына байланысты таңдап алынады. Опалауды 30 пилюляға 0,75 - 1 г есеппен бірден босататын құтыда жүргізеді. Пилюля дайындау кезінде санитарлық режимді қатаң түрде сақтау қажет. Пилюлялық массаны ауыстыру, серіппені ұстау, тек қана пергамент қағазы көмегімен жүргізілуі тиіс.

Орамдау және безендіру.Пилюляларды қорапта немесе банкіде босатады. Қорапқа немесе банкіге “lшке” деген этикетка негізгі және ескерту этикеткалармен жабдықталады.

Пилюляларды құрғақ экстрактпен дайындау.Құрғақ экстракт пилюлялық массаның 1/4 бөлігін құрауы қажет. Байланыстырғыш зат ретінде глицерин суын қолдануға болады (10-30 % құрғақ экстракт салмағынан).

Қою экстракты қолдану.Қою экстракт мөлшері пилюлялық массаның 1/3 бөлігін құрауы керек.

Құрамында кальций глицерофосфаты бар пилюлялар, масса түзуші көмекші заттарды қосуды қажет етпейді. Себебі кальций глицерофосфаты (гидрофильдік қасиеті өте жоғары) жақсы пластикалық масса түзеді. Кальций глицерофосфаты тазартылған сумен жақсы пилюлялық масса түзеді немесе қант шырынымен басқа қосымша құрғақ заттар қоспай - ақ масса түзеді. Байланыстырғыш зат ретінде мына қоспаны қолдануға болады: қант шырыны 1,0+ глицерин 1,0 + су 8,0

Егер рецепте өсімдік экстрактары (тұтқырлық қасиет беретін) жазылса, онда өсімдік ұнтақтары (серпімділік қасиет беретін) қосылады.

Егер пилюлялық массаға сұйық экстракт кіретін болса, онда қажет болған жағдайда (көп мөлшерде) алдын-ала су моншасында 2 г дейін қоюлатып, содан соң басқа компоненттермен араластырады. Керісінше, құрғақ экстрактар спирттің әр түрлі концентрацияларымен тұтқыр массаға жеңіл айналады.

Пилюлялардың сапасын бағалау.Пилюлялар визуалды (жай көзбен) қарағанда дұрыс шар тәрізді формалы болуы керек. Сырты құрғақ, тегіс, кескен кезде біртекті болуы керек. МФ Х басылымы ыдырағыштығын анықтау арқылы сапасын бағалауды ұсынады. Ол үшін 1-2 пилюляны 100 мл сиымдылықты колбаға салып, 370 С - ғы 50 мл су құяды, колбаны секундына 1-2 рет шайқайды. Тәжірибе 3 рет жүргізіледі. Орташа көрсеткіш алынады. Пилюлялар 1 сағат ішінде ыдырауы керек. Ішекте еритін қабықшалармен қапталған пилюлялар пепсиннің қышқыл ерітіндісінде ерімейді және сумен шайғаннан кейін панкреатиннің сілтілі ерітіндісінде 1 сағат ішінде еруі керек.

Құрамында алкалоидтары бар пилюляларды дайындау.Алкалоид тұздары өсімдік ұнтақтарымен адсорбцияланып, ішекте олардың десорбциялануы өте баяу жүреді, сондықтан алколоидтармен пилюля дайындаған кезде көмекші зат ретінде ішек қарын трактісінде жеңіл сіңірілетін крахмал-қант қоспасы қолданылады. Байланыстырғыш зат ретінде глицерин суы немесе судағы 5 % декстриннің 5% ерітіндісі қолданылады (0,1 - 0,3 г = 30 пилюляға).

Пилюляны тотықтырғыш заттармен дайындау.Пилюля түрінде жазылатын күшті тотырғыш заттарға күміс нитраты және калий перманганаты жатады. Бұл дәрілік заттар органикалық заттар қатысында ыдырайды, сондықтан осы препараттары бар пилюляларды өсімдік ұнтақтарымен, экстрактарымен дайындауға болмайды. Көмекші зат ретінде ақ балшық, бентонит немесе ақ балшық, бентонит қоспасы (2:1), байланыстырғыш зат ретінде тазартылған су қолданылады. Пилюлялық серіппені пластмасса кескішімен кеседі.

Байланыстырғыш зат ретінде, сусыз ланолин қолданылады. Сусыз ланолинді 1 г 30 пилюляға деп есептеп алады. Дайын пилюляларды каолинмен опалайды.

Гидрофобты сұйықтықтармен (қара май, скипидар, бальзамдар, еркек усасыр экстрактысы, эвтектикалық қоспалар және басқалар жатады) пилюля дайындаған кезде оларды алдын-ала эмульгирлейді. Эмульгатор ретінде: ұн, мия экстракты, итмұрын жемісінің ұнтақтары, шайырлар қолданылады.

Бірінші тәсіл. Мия тамырының құрғақ экстрактысымен және глицеринмен эмульгирлеу. Бұл жағдайда заттардың келесі қатынастарын сақтау керек:

- мия тамырының құрғақ экстрактысын гидрофобты сұйықтықпен бірдей мөлшерде алады;

- глицеринді гидрофобты сұйықтықтың мөлшерінің жартысындай мөлшерде алады;

- суды майлы сұйықтықтың 1/4 бөлігіндей мөлшерде алады.

Екінші тәсіл. Егер эмульгатор ретінде бидай ұны қолданылса, оны гидрофобты сұйықтық мөлшерімен бірдей етіп алады және бірдей мөлшерде глицерин алып, мия тамыры ұнтағымен тығыздайды. Дайын пилюляларды ликоподиймен опалайды. ќұтыға салып безендіреді.

Үшінші тәсіл. Мия тамырының ұнтағымен және глицеринмен эмульгирлеу. Мысалы, қара май мен скипидар пилюля құрамына кірсе, онда глицерин қара майдың жартысындай мөлшерде, скипидармен теңдей мөлшерде алынады. Мия тамырының ұнтағы барлық гидрофобты сұйықтықтар үшін екі есе мөлшерде алынады. Гидрофобты сұйықтықты глицеринмен араластырып, бетіне мия тамырының ұнтағын сеуіп, глицирризин экстракциялануы үшін 20 минутқа қалдырады, содан соң илейді.

Төртінші тәсіл. Итмұрын жемісінің ұнтағымен эмульгирлеу.

Итмұрын жемісінің ұнтағын және қантты глицерин суымен араластырады, содан соң гидрофобты сұйықтықты эмульгирлейді, итмұрын жемісінің ұнтағымен және қантпен тығыздайды. Егер пилюлялық масса құрамына 2 г дәрілік зат кірсе, онда эмульгирлеу үшін итмұрын жемісінің ұнтағын және қантты 1,0 г-нан, глицерин суын 0,5 мл алады. Егер дәрілік заттар мөлшері көп болса, онда итмұрын ұнтағын және қантты 1,5 г-нан, глицерин суын 1 мл алады. Кей жағдайда пилюляларды қабықшалармен қаптау керек болады, мысалы пилюля ішекте еруі қажет болса, пилюляны фенилсалицилатпен қаптайды. Ол үшін фенилсалицилаттың эфирдегі 20% ерітіндісі 5% таннин қосу арқылы дайындалады, пилюляларды осы ерітіндіге салып, эфир толық ұшып кеткенше драждеуші қазанда айналдырады.

Наши рекомендации