Ірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918). 2 страница

60 – 70-жылдары қазақтың ұлттық интеллигенциясы толық қалыптасты. Бұл уақытқа дейін қазақ халқының құрылымында интеллигенция ірі әлеум. қауымдастыққа айналды (1959 ж. 16% болса, 1970 ж. 25,1%-ға жетті). 70-ж. республикадағы ой еңбегі қызметкерлерінің құрамында қазақтар 30%-ға дейін өсті. 1985 ж. сәуір пленумынан кейін КСРО-да қайта құру басталды. 1986 ж. Желтоқсан оқиғалары қоғамдық сананың оянуына үлкен әсер етті. 80-жылдардың аяқ кезінен бастап Қ. и. өзінің саяси қызметін жандандырды. Репрессияға ұшыраған интеллигенция өкілдері ақтала бастады. Тарихтағы “ақтаңдақтарды” зерттеп, насихаттау (“Әділет” тарихи-ағарту қоғамы) қолға алынды. Қазақ тілін қайта түлету көкейтесті мәселеге (“Қазақ тілі” халықар. қоғамы) айналды. Қ. и. экология мәселелерімен (“Семей-Невада”, “Арал мен Балқашты қорғау”, т.б. қоғамдар) белсенді түрде айналысты. 1991 ж. желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ақын-жазушылардың, ғалымдардың талабымен қазақ тілі конституциялық мәртебе алып, мемл. тіл деп жарияланды. Қазақтардың дүниежүз. конгресінің шақырылуы республиканың мәдени өміріндегі аса ірі оқиға болды. Шет елдердегі белгілі қазақ ақын-жазушылары, ғалымдар, суретшілер, саясаткерлер, іс адамдары, т.б. өз атажұртымен тығыз байланыс орната бастады. Әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы барысында Қ. и. қоғамда жетекші рөл атқарып отыр.

7) 1917 ж. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі Қазақстан.Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы.

1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.

1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.

Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.

Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).

Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.

Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.

Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.

Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.

Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды.

Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.

Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.

Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады.

Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:

1. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.
2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды.
3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы – орыс халқына).

Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері:
1. Шаруаларға жер беру
2. Жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні
3. Соғысты тоқтату
4. Халыққа бейбітшілік беру

Алайда, Уақытша-үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде – береуін орындамады.

Сөйтіп, Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді.

Саяси партиялар мен ағымдар.

Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті.

1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды.

Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.

Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада - «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы, Спасск заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды.

Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар.

Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.

«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.

1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер:


1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство


Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.

1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды.

Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.

1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды.

1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды.

«Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.

1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды.

Мақсаты:
1. Бөлінбес, біртұтас Россия, конституциялық монархия құру.
2. Қоныстандыру саясатын қолдау.

1917 жылы көктемде - өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды.

Мақсаты:
1. Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі ұранын көтерді.
2. Патша өкіметінің отырлау саясатын айыптау.

1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы:

1. Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.
2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.
3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті.
4.Буржуазиялық–демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындады.

Кемшіліктері:
1. Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.
2. Отаршылдық басқару органдарын жоймады
3. Шаруаларға жер бермеді.
4. Империалистік соғысты жалғастырды

8) Бірінші бүкілқазақ сьезі. Алаш партиясының құрылуы. Бағдарламасы мен лидерлері. Ақпан төңкерісі қазақ даласындағы ұлт-азаттық күрес бағытындағы саяси ой-сананы дүр сілкіндірді. Әр қиырда бірінен соң бірі қазақ съездері өте бастады. Бәрінің мақсаты – бұрынғы патшалық билеу жүйесі күйрегеннен кейінгі жерде қазақ халқының жағдайы қандай болмағын талқылау, бүкіл ұлттың басын қосатын ортақ бағдарлама қалыптастыру еді.

Кеңес дәуіріндегі тарихи әдебиеттерде бұл съездердің бәрі большевик саясатына қарсы, ұлтшылдар мен «халық жаулары-ның» жиындары деп бағаланып келді. Шынында, бұл съездерде большевик, социализм... деген сөздер жоқ, тек қана ұлт бірлігі, оның амандығы мен келешегі туралы адал ниеттен шыққан пі-кірлер айтылды. Өзге ұлттарға, басқа мемлекеттік, саяси құры-лымдарға қарсы бағытталған әңгіме болған жоқ. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін осы бір «облыстық съездер» деп аталған сая-си-ұйымдастыру шараларының бағасы толық берілмей келеді.

Ақиқаттан аттамай пайымдайтын болсақ, қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылған алғашқы саналы, саяси қадамдары, көте-рілген баспалдақтары осы съездер еді. Бүгінгі ұрпақ мұны жан-жақты білуге тиіс.

1917 жылғы 2-8 сәуір күндері Орынборда Торғай облыстық қазақ съезі өтті. Онда Ресей конфедерация-лық мемлекет болуға тиіс. Қазақстан оның құрамындағы демо-кратиялық, парламенттік республика. Халық билігінің демокра-тиялық көрінісі ретінде ауылдық, болыстық, уездік және облыс-тық азаматтық комитеттер сайлау жолымен құрылуға тиіс екен-дігі жарияланды.

Съезді «Қазақ» газетінің редакторы Ахмет Байтұрсынов сөз сөйлеп ашты және съездің төрағалығына сайланды. Торғай облысының губернаторы Эверсман съезді құттықтап сөз сөйле-мек еді, бірақ құлаған өкіметтің өкілі ретінде оған сөз берілген жоқ.

Съезд қабылдаған қорытынды қарарда кешікпей жалпы-қазақ съезін өткізу қажеттігі жазылды. Жалпықазақ съезінің бағ-дарламасын әзірлеу, өтетін күні мен орнын тағайындау үшін се-гіз адамнан бюро сайланды. Оның құрамына: Әлихан Бөкейха-нов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейдәзім Қадыр-баев, Омар Есенғұлов, Имам Әлімбеков, Есен Тұрмұхамедов жә-не Керей Тұрымов сайланды. Бір атап өтетін жағдай, бұл съезге қазақтың тұңғыш дәрігер қызы, кейін Ташкент университетінің медицина факультетін бітірген Аққағаз Досжанова да қатысты.

Бұдан кейін, 1917 жылдың сәуірдің 19-22 күндері Орал қаласындағы цирк үйінде Орал облыстық қазақ съезі ашылды. Оған 800 адам қатысқан. Бұл съездің төрағалығына Том округтік соты прокурорының орынбасары болып істейтін Жаһанша Дос-мұхамедов бірауыздан сайланды. Съезд төрағасының ұсынысы-мен азаттық жолында құрбан болған қазақ азаматтарының рухына дұға бағышталды.

Съездің қарарында: «қазақ халқы демократиялық респуб-лика идеясын қолдайды, ерекше федеративтік-демократиялық құрылымды жақтайды... аз халықтардың өз келешегін өзі анық-тауына құқығы бар» екендігі атап көрсетілді.

Жер мәселесі жөнінде: «облысқа сырттан қоныс аудару тоқтатылсын, жерді бөтенге беру тоқтатылсын, қазақ жерлерін ешкім тартып алуына жол берілмейді, арендаға берілмейді, са-лық қаржылары қазақтардың пайдасына қалдырылсын, ал бұрын қоныс аударып келгендер сол жерлерге иелік ете берсін, қазақ-тар олармен тату көршілік жағдайда тұратын болсын», деген қағидалар жазылды.

1917 жылғы сәуірдің 25-нен мамырдың 7-не дейін Омбы қаласында Ақмола облыстық қазақ съезі өтті. Съезді дайын-даған – белгілі Алаш қайраткері Ережеп Итбаев бастаған ұйым-дық комитет. Оған Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Омбы және Пет-ропавл уездерінен 250 делегат қатысты. Съезд төрағалығына заңгер Айдархан Тұрлыбаев, орынбасарлары болып Ережеп Ит-баев пен Міржақып Дулатов, хатшылығына Мұхтар Саматов, Асылбек Сейітов және Тоқбаев сайланды. Бұл съезге Мағжан Жұмабаев қатысып, ол 7-8-мамырда Мәскеудегі бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегат болып сайлануына байланысты, Омбыдан жедел жүріп кетті.

Съезде соның алдында ғана өткен Орынбор және Орал қазақ съездерінің қараған мәселелері мен қабылдаған құжаттары талқыланды. Атап айтқанда: Қазақстанның барлық аймақтарын-да билікті қолына алатын қазақ комитеттерін құру, жалпықазақ-тық және жалпымұсылмандық съездер өткізу, Ресей Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау мәселелері сөз болды.

Қорытынды мәжілісте он адамнан Омбы облыстық қазақ комитеті құрылды. Оның төрағалығына Айдархан Тұрлыбаев сайланды.

Осылайша, тұңғыш рет ұлан-байтақ қазақ даласының түпкір-түпкірінде халықтың мұңы мен мұқтажын қорғайтын ұлттық белгідегі мемлекеттік билік органдары дүниеге келді. Бұл – 1917 жылғы сәуірдің 25 күні еді.

Семей облысы қазақтарының 200-ге тарта делегат қатыс-қан съезі сәуірдің 27-сі мен мамырдың 7-сі аралығында Семейде өтті. Съездің төрағасы Жақып Ақбаев, орынбасарлары Халел Ғаббасов пен Райымжан Мәрсеков, төралқа мүшелері Әлімхан Ермеков пен Мұстақұм Малдыбаев болды. Съезді Шәкәрім қа-жы арнайы құттықтады. Павлодардан, Бөкей ордасынан, Омбы-дан, Томнан, Орынбордан, Ташкенттен жеделхаттар келді, Әли-хан Бөкейханов өз атынан құттықтады.

Мұнда да жалпыұлттық қазақ съезін өткізу туралы басқа облыстық съездердің шешімдері қолдау тапты. Съезд қарарына: «Ресейді мекендейтін халықтардың бостандығын, теңдігін және туысқандығын қамтамасыз ететін құқықтары баянды етілуге тиіс; әрбір халық өзінің ұлттық, тұрмыстық, мәдени, экономика-лық, тарихи-жағрапиялық ерекшеліктеріне сәйкес саяси өмірін құруға құқылы» екендігі жазылды. Қазақтың дербес саяси пар-тиясын құру және оның мақсаты демократиялық федеративтік-парламенттік республика болуы мақұлданды.

Алдағы Бүкілқазақтық съезге делегаттар болып: Григорий Потанин, Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, Мұқыш Боштаев, Турағұл (Абайұлы) Ибра-гимов сайланды.

Семейде өткен бұл съездің бір маңызды өзгешелігі – онда жалпықазақтық съезді Петропавл қаласында өткізу жөнінде шешім алынды. Бұл шешімнің алынуы да тегін емес. Петро-павл қаласының орналасуы, қатынасқа ұрымталдығы, Омбыға жақындығы, т.с.с. шарттар еске алынған болса керек. Егер бірін-ші жалпыұлттық қазақ съезі Петропавлда өткендей болса, Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш астанасы Орынбор емес, Петропавл қаласы болатыны әбден мүмкін.

Бұл шешімнің қалайша тез өзгеріп, жалпы қазақ өкілдері-нің басын қосуға неге Орынбор таңдалды деген сұраққа бірден жауап бере алмаймыз.

Сонымен, жалпы қазақ съезі 1917 жылғы 21-шілдеде Орынбор қаласында ашылды. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей қазақтарынан делегаттар қатысты. Бұл съездің тарихи маңызын түсіну үшін оған қазіргі Қазақстан аймағына кіретін барлық жерлерден өкіл-дер қатысқанын баса айтуға тиіспіз.

Съезд төрағасы - Халел Досмұхамедов, орынбасарлары - Ахмет Байтұрсынов пен Әлмұхамед Көтібаров, хатшылары - Міржақып Дулатов пен Асылбек Сейітов.

Қаралған мәселелердің ішінде ең негізгісі Ресей мемлекет-тілігі және оның құрамындағы Қазақстанның тағдыры болатын. Бұл орайда «... А.Байтұрсынов пен М.Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды, ал, Ә.Бөкей-ханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Рос-сия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық-террито-риялық автономиясын болуын қалады... съезд басым көпшілік-пен Ә.Бөкейхановтың ұсынысын қолдады».

«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 31-шілдедегі санында жа-рияланған съезд қаулысы «қазақ облыстары ұлт жігіне қарай об-ластной автономия алуға тиіс», деген редакцияда берілген»[1].

Жер мәселесі жөнінде съезд делегаттары: «Қазақ жерлері ешкімге, ешқандай жолмен берілмейді. Қазынаның жері деген-нің бәрі қазақтың жері болғандықтан, иесіне қайтарылсын», деген мәмілеге келді.

Бүкілқазақ съезі облыстар бойынша Ресей Құрылтай жина-лысына депутаттыққа кандидаттар тізімін бекітті. Шын мәнінде ең жоғарғы билік құрылымын белгілейтін бұл ұлы жиынға қазақ халқының ең беделді әрі білімді ұлттық көсемдері сайлануға тиіс деген шешім алынды. Олардың арасында: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхам-метов, Ж.Досмұхамметов, М.Тынышбаев, Ы.Жайнақов, М.Шо-қай, С.Қожанов, Б.Құлманов, Г.Потанин... сияқты аса көрнекті қайраткерлер болды.

Ақмола облысынан сайланғандар: Тұрлыбаев Айдархан, Сейітов Асылбек, Итбаев Ережеп, Жанайдаров Сейілбек, Тілеу-лин Жұмағали, Дүйсенбаев Рақымжан, Жұмабаев Мағжан, Абы-лаев Сұлтанмұхамед, Меченбаев Сыдық (фамилиясы қате жа-зылған болуы керек. – З.Т.), Күсемісов Салмақбай, Болғанбаев Хайретдин.

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында саяси ахуал нағыз ұлттық, тәуелсіздік сипатына ие болып, бүкіл халықтың мүддесі көтерілген бұл съездер жөнінде осынша баянды әңгіме етуіміздің мәнісі неде? Солардың қорытындысы ретінде Орынборда өткен Бүкілқазақ съезі қазақ халқының тарихында өте-мөте маңызды, бұрын болмаған және енді қайталанбайтын оқиға.

Егер біз бүгінгі тәуелсіздігіміздің Қазақстан халықтарына, оның ішінде мемлекет атын әйгілеген қазақ халқына қандай жақын әрі қымбат екендігін жан-жүрегімізбен түсінетін болсақ, соның бастау қайнары осы съезд болатын.

Рас, съезд материалдарында тәуелсіздік, «Алаш» партиясы деген сөздер кездеспейді. Бірақ, зерделеп түсінген адамға бұл съездің саяси бағыт-бағдары, құрылған немесе құрылғалы тұр-ған саяси партияның, бүкіл ұлтты тапқа, топқа, жікке, жүзге, руға бөлмейтін жалпы ұлттық демократиялық саяси партияның ісі екендігі көрініп тұр. Және де бұл менің жорамалым ғана емес, тарихи факт.

Оған дәлел ретінде «Қазақ» газетінің 1917 жылдың 5-қазандағы 244-санында редакция атынан жарияланған хабарды келтіреміз. Бұл хабарда: «...саяси партия құрылатын күн жақын. Ол үшін жеке съезд өткізу керек. Әзір қазақ партиясының бағ-дарламасы жасалған жоқ. Оның негізіне бірінші Жалпықазақ съезінің қаулысы алынар (астын сызған мен. – З.Т.). Болашақ партиямыздың атын ата-бабаларымыздың ұраны болған «Алаш» деп атағымыз келеді. Жалпықазақ съезінің шешімдерін қолдай-тын әрбір қазақ Құрылтай жиналысына ұсынылатын канди-даттардың тізімін бір ғана «Алаш» партиясының тізімі деп ата-ғаны жөн» делінген.

Одан әрі «... Осылайша, қазақ мүддесі орыстармен қабыс-пайтын барлық облыстарда кандидаттар «Алаш» партиясының тізімімен өтетін болсын. Газеттің осы номері... кешігіп шыққан-дықтан, барлық облыстарға: «біздің партиямыз - қазақтың «Алаш» партиясы деп аталатыны туралы» жедел хат жібердік», деген сөздерді оқимыз.

Наши рекомендации