Ірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918). 6 страница

1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды. Осы декреттен кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Хамит Чурин, Ж. Сәрсеков, Х. Иманов, В. Жәнекешев т. б. болды.1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу тобын, пулиметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер эскадронын құрды.1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.1920 жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында 5,5 мың адамдық полктер құрылды.1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.Ә. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ – дәрі жеткізуде маңызды роль атқарды.1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік Россияның Қазақ өлкесі және Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды.1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді. Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков, А. К. Вайцеховский, А. В. Азаданов, К. М. Михалкович, В. В. Мей т. б.Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығыЧеркасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.Черкасск қорғасының тарихи маңызы:- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;- Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді.Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы болды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4 армияларына жүктелді.Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы) түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Россиямен қайта қосылып, Ақтөбе майданы жойылды.Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы жіберілді Үлбішін түбіндегі шайқаста В. И. Чапаев және бригада басшысы Садық Уәлиев қаза тапты (1919 ж. қыркүйек). Ал 1919 жылы қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920 жылы қаңтарда Орал майданы жойылды.1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы М. Н Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты.1919 жылы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп,Жетісу майданы жойылды.1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды.1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы – Солтүстік Жетісу майданы жойылды.1920 жылы Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды.Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі ұлт аймақтарындағы жаңа үкіметтің оқшаулануын ескере отырып, Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатыгездік пен зорлық «Алаш» өкілдерін бастапқы бағыттарын өзгертуге итермеледі. А. Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын Кеңес үкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.1919 жылы 4 сәірде Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті Алашорда мүшелеріне кешірім (амнистия) жариялады.

Азамат соғысының салдарлары:

1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты

2) Мал саны күрт азайды

3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.

4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.

14) 1918-1920 ЖЖ. Әскери Коммунизм саясаты және оның зардаптары. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азаматтық соғыстың алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азаматтық соғыстың Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азаматтық соғыстың тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.

15) ҚазАКСР құрылуы
1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам

Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды

Статистикалық мәліметтер - Республика аумағы 2,7 млн шаршы шақырым, Халқы 5 млн 230 мың (1 млн 468 мыңға көбейді) Қазақтар - 61,3 пайыз (1926 ж санақ), Қазақ атауының қайтарылуы - 1925 жылғы 15-19 сәуірде Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық 5 сьезінде қырғыз-қазақ атауы берілді, 1936 жылғы 9 ақпанда ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Қаулысымен қазақтар атауы берілді.

16)Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.

«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет қарауына орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған директивалық басқару сияқты негізгі принииптері арқылы мәжбүрлеулін басты үлгісін ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халық шаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.

Дағдарысты жағдайда большевиктер революциялық рухтағы романтиканың утопиялық догмаларынан амалсыз бас тартты. Ленин, партия басшыларының едәуір бөлігінің қарсы тұруына қарамастан, тарихи келісімге барды. Оның астарында меншіктін әр түрлі нысандарына қатысты барынша шыдамды саясат және тауар-ақша, нарықтық қатынастар факторлары мен басқа да экономикалық стимулдарды одан әрі мойындамаудын мүмкін еместігін сезіну бар еді. Қазақстандағы орын алған жағдай бүкіл елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың сыңайын танытты. Барлық жердегі сияқты Қазақстанда да халық шаруашылығын жүргізу саясатының мүлдем жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын байқалды. Оның негізгі арқауы — «тауарсыздық» утопиясынан — нарықтық-экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу идеясы еді.

17) 1921-1922 жж. Қазақстандағы жер-су реформасы. Мақсаты мен негізге шаралары.Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған eді. Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқытып - үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.
Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден “ауылшаруашылығы пролетариатының” мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды.

18) Қазақстандағы 1920-1940 жж индустрияландыру саясаты. Ерешеліктері және оның зардаптары. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, елде әлі де шешімін толық таппаған болатын, Соғысқа дейінгі деңгейінің салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 61 пайызға ғана жетті, 1925 жылғы желтоқсанда социалистік индустрияландыру бағытын БК(б)П-ның 14 сьезі жарияланды, Техникамен жабдықтау арқылы халық шаруашылығың барлық салаларын дамытуды индустрияландыру деп атайды, 1928-1932 жылдары 1-ші бес жылдық жоспар енгізіліп, халық шаруашылығын дамытумен бірге елді индустрияландыру қиыншылықтармен қоса жүргізілді, - Қазақстан байлыққа толы кең байтақ өлкесі туралы жинақталған ғылыми білім әлі де шешілмеген болатын, Темір жол тасымалы нашар дамуы, Аймақта 1/1000 шаршы шақырымына темір жолдан келді, Халық шаруаларының 90 пайызы қамтығандықтан, жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы, Елде жергілікті мамандардың жетіспеушілігі, ЖЭС тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы, Халық билігінің диктатурамен ауысатырылуы, Әміршіл-әкімшілік басқару жүйесі әдісінің енгізілуімен байланысты, Елдің 84,4 пайызының ауыл шаруашылығымен айналысуы, Осыған қарамастан индустрияландыруды дамытуға мүмкіндік жасау үшін еңбекші халықтардың жақын арада шешуге тиісті міндеттері - Өлкенің техникалық экономикалық жағынан артта қалуын жою, Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру
Қазақстанды индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті өлкенің табиғат байлаықтарын зерттеуден басталды, КСРО Ғылым Академиясы 1920 жылдардың соңы - 1930 жылдардың басында көрнекті ғалымдардың қатысуымен зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде жүргізді, Академик Курнаков - Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді, ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы деген тұжырым жасады, Академик Губкин - Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеді, Бұл кен орны - мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады, Инженер-геолог Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс ен орындарын зерттеді, Өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді
Индустрияның жетекші обьектілері
1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол магистралының құрылысы салына бастады, Түркісіб құрылысына бірнеше ұл өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті, 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді, Құрылысқа 200 млн сом қаржы жұмсалды, Соғысқа дейінгі бес жылдықтар кезінде салынған құрылыстар - Түркісіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, Жылу және су электр станциялары, құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары.

Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің карқынды түрде өсуі жұмыс күшінің тапшылығына алып келді. Құрылыс нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмысшы қазақтарды үйретуге бөлінетін қаражатты үнемдеу мақсатында биліктегілер елдің жұмыссыздық шарпыған батыс аудандарынан жұмысшылар тартты. 1931 - 1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар: орталык аймақтар мен Сібірдің кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі тәркіленген шаруалары болды. Республика комсомолы жетекшілерінің бірі, ұлттық бағыт ұстанған қазақ зиялысы - Смағүл Сәдуақасов республикаға елдің басқа аудандарынан «бос» жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шықты. Ол өзінің 1928 жылы «Большевик» журналына (№1 саны) жариялаған «Ұлттар және ұлт адамдары» деген мақаласында индустрияландыру туралы ұстанымдарын ашып жазды. Жұмысшылардың, әсіресе жеткіліксіз маманданған жұмысшылардың елеулі бөлігін ұжымдастырудың нәтижесінде күйзелген деревнялар мен ауылдардың шаруалары құрады. Еңбек өнімділігі күрт төмендеп, зауыттарда тәртіп сақталмай, маманданған еуропалық нәсілді жұмысшылар және маманданбаған қазақ жұмысшылары арасында қақтығыстар болып тұрды. Мамандық шеберлігі еуропалық нәсілді жұмысшылармен тең дәрежеде болған жағдайда да жергілікті жұмысшыларға төмен жалақы берілді, медициналық көмек көрсетілмеді т. с. с. Республикаға мамандар сырттан өкелінді, кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші сырттан - Ресей және Украинаныңорталық аймақтарынан әкелінді. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ «социалистік Қазақстан» жүйесіне үйлесе алмады.

19) Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру. ХХ ғасырдың 30-шы жж қазақтардың аштыққа ұшырауы және ауа көшуі. 1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.

Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.

Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.

1.1930жылы–313мыңадам;
2.1931жылы–755мыңадам;
3.1932жылы–769мыңадамқайтысболды.
4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды.

Наши рекомендации