Тақырып 4. Қаржылық бақылаудың тәсілдері мен арнайы әдістері

Сабақтың мақсаты:Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың арнайы әдістері мен тәсілдерін зерттеу

Дәріс сұрақтары:

1. Қаржылық бақылаудың жалпы ғылыми әдістері

2.Құжаттық бақылау

3.Нақты (фактілік) бақылау

1. Бақылау үлгiлерi:

1) сәйкестiкке бақылау жасау - бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бағалау;

2) қаржылық есептiлiктi бақылау - бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;

3) тиiмдiлiктi бақылау - сәйкестiкке және қаржылық есептiлiктi бақылау негiзiнде жүргiзiлетiн бағалау, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкi нәтижелерге қол жеткiзiлуiн, мемлекеттiк және бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi, байланысты гранттарды, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiктерi мен активтерiн пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттiк орган және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi қызметiнiң экономиканың, әлеуметтiк саланың немесе жеке алғанда мемлекеттiк басқару саласының (аясының) дамуына тигiзетiн әсерiн кешендi және объективтi талдау.

Бақылау түрлерi:

1) кешендi бақылау - бақылау объектiлерiнiң нақты кезеңдегi қызметiн барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;

2) тақырыптық бақылау - бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегi қызметiн жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;

3) үстеме бақылау - тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша ғана жүргiзiлетiн үшiншi тұлғалардың бақылауы;

4) бiрлескен бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзетiн бақылау.

2. Бақылау кезiнде мынадай принциптер басшылыққа алынады:

1)тәуелсiздiк;

2) объективтiлiк;

3) анықтық

4) ашықтық

5) құзыреттiлiк;

6) жариялылық.

Бақылау органының стратегиялық, операциялық және тоқсандық жоспарлары негiзiнде бақылау жүргiзiледi. Стратегиялық, операциялық жоспарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал тоқсандық жұмыс жоспарлары бақылау органының iшкi регламентiне сәйкес әзiрленiп, бекiтiледi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмалары және Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сауалдары келiп түскен кезде Есеп комитетiнiң операциялық және тоқсандық жұмыс жоспарларына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу негiзiнде бақылау жүргiзiледi.
Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдардың операциялық және тоқсандық жұмыс жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу облыстық мәслихаттар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары депутаттарының сауалдары келiп түскен кезде жүргiзiледi.
Бақылау органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiгi шегiнде бақылау жүргизиледи. Бақылау iс-шарасын жалпы ұйымдастыруды оны жүргiзуге жауапты лауазымды тұлға жүзеге асырады. Бақылау органдары мемлекеттiк органдармен, басқа бақылау органдарымен, сондай-ақ шет елдердiң қаржылық бақылау органдарымен бiрлескен бақылау iс-шараларын жүргiзе алады. Бақылау жүргiзу кезiнде Есеп комитетi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдардың, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органының, сондай-ақ облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерiнiң (бұдан әрi - iшкi бақылау қызметтерi) Стандарттарды сақтауын камтамасыз етеди. Бақылау рәсiмi жоспарлаудан, жүргiзуден, оның қорытындысы бойынша қабылданған нәтижелерiн ресiмдеуден тұрады.

3. Жоспарлау бақылаудың бастапқы кезеңi болып табылады, осы кезеңде тексеруге жататын бақылау объектiсiнiң жұмыс iстеуiнiң және қызметiнiң аспектiлерiн, бағдарламалардың iске асырылуын және сыртқы мемлекеттiк бақылау органдарының құзыретiне кiретiн (бақылау үлгiсi мен түрiн, бақылау объектiсiн, бақылау қамтитын кезеңдi, бюджет қаражатының, түсiмдердiң, байланысты гранттардың, мемлекет активтерiнiң, бюджеттiк инвестициялардың көлемiн, бақылау жүргiзу мерзiмiн, бақылау объектiлерiнiң санын таңдау, тәуекелдердi басқаруды ескере отырып еңбектi қажетсiнуi және толыққанды бақылауды жүзеге асыруға қажеттi басқа да ресурстар) басқа да мәселелердi зерделеу жүргiзiледi.

Бақылауды жоспарлау кезiнде кешендiлiк, үздiксiздiк, оңтайлылық, атаулылық өлшемдерiн басшылыққа алу қажет:

1) жоспарлау кешендiлiгi - бақылау объектiсiн бастапқы зерделеуден бастап, бақылау бағдарламасын жасағанға дейiнгi жоспарлаудың барлық кезеңдерiнiң өзара байланыстылығы мен келiсе жүргiзiлуi;

2) жоспарлаудың үздiксiздiгi - бақылауды жүзеге асыратын бақылау органының қызметкерлерiне, мемлекеттiк органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарына және сарапшыларға берiлетiн тапсырмалардың кезеңдерi мен мерзiмдерi бойынша өзара байланысты болуын белгiлеу;

3) жоспарлау оңтайлылығы - бақылаудың түпкiлiктi мақсатына жету үшiн ең аз шығын жұмсай отырып, бақылаудың үлгiсiн, түрiн, бақылаудың ең ұтымды нұсқасын таңдау;

4) жоспарлаудың атаулылығы - өңiрлердегi орналасуын қоса алғанда, бақылаудың нақты объектiлерiн таңдау.

Нәтижеге қол жеткiзу мақсатында жоспарлау бақылау объектiсiн алдын-ала зерделеу, бақылау жоспарын жасау, бақылау бағдарламасы мен жұмыс жоспарын бекiту сияқты өзара байланысқан үш кезеңнен тұрады.

Бақылау объектiсiн алдын-ала зерделеу барысында жоспарланған бақылауды жүргiзуге қажеттi шынайы және толық ақпарат көздерi айқындалады. Аталған кезеңде жоспарланып отырған мәселелер бойынша зерделенiп отырған объектiге бақылаудың бұрын жүргiзiлгенi немесе қазiргi уақытта жүргiзiлiп отырғаны анықталады, сондай-ақ бақылау объектiсiнiң iшкi бақылау жүйесiмен, оның қызметiнiң нәтижелерiмен және олар тарапынан мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарының сақталуына танысу жүзеге асырылады.

Бақылау жүргiзудi әзiрлеу кезiнде:

1) осы бақылау iс-шарасының мақсаты үшiн маңызы бар нормативтiк құқықтық актiлер мен өзге де құқықтық құжаттар;

2) бақылау объектiсi қызметiнiң мақсаты мен мiндеттерi;

3) ұйымдық-құқықтық нысаны, ұйымдық құрылымы, ведомстволық бағыныстылығы;

4) қаржы-экономикалық көрсеткiштерi мен қызметiнiң нәтижелерi;

5) есеп саясаты, бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгi;

6) бақылау объектiсiнiң қызметiне ықпал ететiн iшкi және сыртқы факторлар;

7) осы саладағы және осы объектiдегi бұрынғы бақылау iс-шараларының нәтижелерi және анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау объектiлерiнiң қабылдаған шаралары туралы ақпаратты жинау және талдау арқылы бақылау объектiсiнiң қызметiмен танысу қажет.

Алдын ала танысу процесiнде бақылау объектiсiнiң қызметi туралы маңызды ақпарат бере алатын тәуелсiз ұйымдармен және мамандармен консультациялар жүргiзiледi. Бұдан басқа, мемлекеттiк құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтермен жұмыс iстеуге құқық беретiн қажеттi құжаттарды уақтылы дайындау мақсатында көрсетiлген мәлiметтердiң бақылау объектiсiнде бар-жоғы анықталады.

Бақылау объектiсiнiң қызметi туралы ақпарат көздерi мыналар болып табылады:

1) бақылау объектiсiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;

2) бақылау объектiсiнiң құрылтай құжаттары;

3) мемлекеттiк органдардың стратегиялық, операциялық жоспарлары;

4) бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар, кеңес хаттамалары;

5) бақылау объектiсiнiң өндiрiстiк және ұйымдық құрылымын регламенттейтiн құжаттар;

6) бақылау объектiсiнiң қаржы, бухгалтерлiк және статистикалық есептiлiгi;

7) бақылау объектiсiнiң қызметiн жоспарлау құжаттары;

8) бұрынғы, оның iшiнде салық тексерулерiнiң материалдары, сот талап арыздары, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi құжаттар;

9) бақылау жүргiзуге жауапты лауазымды тұлғаның салған сұраулары;

10) бақылау объектiсiнiң web-сайты;

11) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

12) үшiншi тұлғалардың салған сұрауларына жауаптар;

13) бақылау объектiсi туралы мәлiметтердi қамтитын өзге де көздер.
Бақылау объектiлерiн алдын ала зерделеу процесiнде осы объектiлерде тексерудi жүзеге асырудың орынсыз екенiн көрсететiн факторлар анықталуы мүмкiн. Мұндай жағдайда бақылауға жауапты лауазымды тұлға бақылау объектiлерiнiң тiзбесiн, оны жүргiзудiң мерзiмiн өзгерту немесе осы бақылау iс-шарасын бақылау органының жұмыс жоспарынан алып тастау туралы ұсыныс әзiрлеп, бақылау органы басшысының қарауына ұсынады. Алынған деректердiң негiзiнде жедел талдау жүргiзiлiп, бақылаудың ауқымы, үлгiсi, түрi және ықтималды маңызды бағыттары анықталады. Бақылау объектiсiн алдын ала зерделеуден кейiн жоспар жасалып, бақылау бағдарламасы әзiрленедi.

Бақылау бағдарламасы бақылау жоспарын дамыту үшiн жасалады және жоспарды iс жүзiнде iске асыруға қажеттi iс-шаралардың егжей-тегжейлi сипаттамасын бiлдiредi. Бақылау бағдарламасында бақылаудың жоспарына сiлтеме, бақылау тобының жеке құрамы, оның жетекшiсi, бақылау iс-шарасын жүргiзудiң дәйектiлiгi мен егжей-тегжейлiлiгi көрсетiледi. Бақылауды жүзеге асыратын адамдар бақылау объектiсiндегi жұмыс көлемiн айқын түсiнуi үшiн бақылаудың мақсаты анық белгiленуi тиiс.

Бақылаудың мақсаты қойылған мына мiндеттерге байланысты айқындалады: бюджеттiң атқарылуын бағалау, тиiмдiлiктi бақылау және мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк және бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң оларға бюджеттiк бағдарламаларда көзделген мақсаттарға бөлiнген республикалық бюджет қаражатын пайдалануын бағалау, бюджетке түсетiн түсiмдердiң толықтығы мен уақтылылығын, бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуын анықтау, салықтық және кедендiк әкiмшiлiк ету тиiмдiлiгiн бақылау, бюджет қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен кредиттердi, байланысты гранттарды, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттiң кепiлгерлiктерi мен активтерiн пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн бақылау.
Бақылау бағдарламасының негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:
1) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуi, мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк және бюджеттiк бағдарламалардың, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң iске асырылуы;

2) бақылау объектiсiнiң есеп пен есептiлiктi жүргiзуiнiң анықтығы мен дұрыстығы;

3) республикалық және жергiлiктi бюджет қаражатын, оның iшiнде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлiнген нысаналы трансферттер мен кредиттердi, байланысты гранттарды, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттiң кепiлгерлiктерi мен активтерiн пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi;

4) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң толықтығы мен уақтылылығы, сондай-ақ түсiмдер сомаларының қайтарылуы, салықтық және кедендiк әкiмшiлiк ету тиiмдiлiгi;

5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты мен мемлекет активтерiн пайдалану кезiнде мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бақылау объектiлерiнiң сақтауы;

6) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң оларға бюджеттiк, мемлекеттiк бағдарламаларда көзделген мақсаттар мен iс-шараларға бөлiнген республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын пайдалануы;

7) бақылаудың үлгiсiне, түрiне және тақырыбына қарай басқа да бағыттар.

Бақылау бағдарламасында тексерiлетiн бағыттар бойынша ақпарат көздерiнiң, сондай-ақ бақылау барысында пайдаланылатын нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi келтiрiледi. Бақылауға жауапты лауазымды тұлға бекiтетiн жұмыс жоспары тексеру бағдарламасына мiндеттi қосымша болып табылады. Сол жоспарда нақты бағдарламалық мәселелерге, тексеру мерзiмiне және нақты бақылау объектiлерiне жауапты адамдар белгиленеде.

Қолданылған әдебитеттер:

1. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі: оқу құралы/ Д.О. Абленов. –Алматы: Экономика, 2007.

2.Зейнельгабдин А.Б.Финансовая система Казахстана: становление и развитие. Монография- Астана: Изд.КазУЭФиМТ, 2008

3.Оксикбаев О.Н. Независимый финансовый контроль в Казахстане: становление, институциональное укрепление и перспективы развития. Астана, 2006

4. Бейсенова Л.З. Основы финансового контроля. Учебное пособие для студентов и магистрантов – Астана «Центр Элит»,2010

Наши рекомендации