Шетелдіктердің азаматтық құқықтық жағдайлары

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 12-бабына сәйкес жеке тұлға түсінігі Қазақстан Республикасының азаматтарын, өзге мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды қамтиды. Аталған түсініктердің әрқайсысына тоқталып өтейік.

Сонымен, 20 желтоқсан 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңына сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқықтары мен міндеттері жиынтығынан көрінеді», яғни Қазакстан Республикасының азаматы - Қазақсан Республикасымен саяси-құқықтық байланыста тұрақты тұратын жеке тұлға. Азамат толығымен өз мемлекетінің юрисдикциясына бағынады, ал мемлекет өз жағынан азаматтың құқықтары мен міндеттернің жүзеге асырылуы мен өз аумағында және одан тыс жерде қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы өзінің мемелекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Азаматтық құкық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі — Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген. Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады.

19 маусым 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 2-бабына сәйкес шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзге мемелекеттің азаматы екендігіне дәлелдері бар тұлғалар. Шетел азаматтарын ерекше тобын бипатридтер құрайды. Бипатридтер- екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматтықтары бар тұлғалар, яғни қосазаматтығы бар тұлғалар.

Аталған заң шетел азаматтарын екі санатқа бөледі:

1. Қазақстан Республикасына уақытша тұруға келген шетел азаматтары;

2. Қазақстан Рсспубликасына тұрақты тұруға келген шетел азаматтары.

Тұлғаны осы санаттың біреуіне жатқызу негізі – оның Қазақстанда орналасу мерзімі емес, бірақ шетелдіктің мемлекетпен құқықтық байланысының, тұрақтылық деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасу мақсаты мен сипаты. «Халықтың көші-қоны туралы» заңының 23-бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға уәкілетті органнан рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына арналған ыхтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін береді». Қазақстан Республикасында өзге заңдық негізде орналасқан шетел азаматтары уақытша келгендерге жатады.

А.Сабитованың берген анықтамасына сәйкес: «уақытша орналасқан шетел азаматтары - олардың мемлекет аумағында орналасуы белгілі-бір мақсаттармен байланысты және сол мақсаттарды жүзеге асырғаннан кейін, азаматтығының мемлекетіне қайтуды қалайтын тұлғалар, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледі. Олар белгіленген тәртіппен тіркелуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті».

Әдебиетте шетел азаматтарын классификациялауға қатысты тағы бір пікір бар. Сонымен, шетел азаматтарының топтары:

- иммунитеттср мен артықшылықтарды иеленбейтін шетел азаматтары;

- белгілі бір иммунитеттер мен артықшылықтарды иеленетін шетел азаматтары;

- баспана алған шетел азаматтары.

Бірінші топқа белгілі бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша келген шетел азаматтары жатады, олар өздері орналасқан мемлекеттің юрисдикциясына отандық азаматтармсн теңдей бағынады. Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады. Бұларға әртүрлі мақсаттармен келген әртүрлі шетелдіктер жатуы мүмкін, барлығын атау мүмкін емес. Мысал ретінде шетелдік студенттерді, журналистерді, спортшыларды, бизнесмендерді, әртістерді және тағы басқаларды келтіруге болады.

Белгілі-бір иммунитеттер мен артықшылықтарға ие шетел азаматтарына дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметшілері, үкіметтік және парламенттік делегациялардың мүшелері, үкіметаралық ұйымдардың қызметкерлері және тағы да басқа тұлғалар жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзге мемлекет азаматтығына қатыстылығы туралы дәлелдері жоқ тұлға азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады.

Әдебиетте иммигранттар ұғымы жиі кездескендіктен, оның ұғымын да анықтап алайық. 13 желтоқсан 1997 жылғы «Халықтың көші-қоны туралы» заңда иммигранттардың анықтамасы берілген: «Иммигранттар-Қазақстан Республикасына тұрақты немесе уақытша тұруға келген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар». Сол заңның 11-бабында иммигранттар болып санала алмайтын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалардың тізімі келтірілген:

1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметке тұратындар;

2. Дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың мүшелері;

3. Қазақстан Республикасына оқуға немесе өндірістік практиканы өтуге келгендер;

4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырса;

5. Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген діни бірлестіктерде қызмет жасаса;

6. Қазақстанда аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат кұралдары, радио мен теледидардың өкілдері болса;

7. қайырымдылық және гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен, туристср ретінде және іскерлік кездесулер үшін Қазақстан Республикасына келгендер;

8. теңіз және өзен кемелерінің, әуе, теміржол және автомобиль транспортарының экипаж мүшелері.

«Халықтың көші-қоны туралы» заңының 4-бабында басқа мемлекеттен Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшіп келушілерге оралмандар мәртебесі беріледі немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген өзге де мәртебе беріледі деп жазылған. Оралмандар- Қазақстан Республикасы егемендігін алған сәтте одан тыс жерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген қазақ ұлтты шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар. Оралман мәртебесін беру және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмілетке толған мүшесінің бірі жеке өзі уәкілетті органның аумақтық органына береді. Жеке өзі жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті өкілге жүгінуге нотариалды расталған сенімхатты оралман мәртебесін беру және(немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішке қоса береді. Оралман мәртебесі ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады.

Заңсыз иммигранттар- кіру, кету, орналасу, Қазақстан Республикасының аумағынан транзиттік өту тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына кірген және орналасқан шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар.

Енді «жеке тұлғаныңың жеке заңы» түсінігін қарастырайық. Жеке заңды қолдану аясы - жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық мәртебесінің, оның құқық және әрекетқабілеттілік, жеке құқықтар, отбасы және мұрагерлік қатынастарындағы құқықтар мәселесі. Жеке заң екі тұрғыда қолданылады:

- азаматтық заңы (отандық заң)~ Іех раtrіае (Іех паtionalis)

- тұрғылықты орын заңы- Іех domicilii

Азаматтық заңына жүгіну бұл қатынастарды тұлғаның азаматтығының заңына бағындыруды білдіреді. Тұрғылықты орын заңын қолданған жағдайда бұл катынастар үшін шешуші болып, тұлғаның тұрақты және басым тұрған мемлекетінің заңы болып табылады.

Азаматтықтың заңы нысанындағы жеке заң көптеген мемлекеттерде басым қолданылды. Бұл коллизиялық бастаудың қалыптасу тарихы 1804 жылы Француз азаматтық кодексінің қабылдауымен тығыз байланысты. Сол кодекстің 3-бабында шетелдегі француздар азаматтық жағдайы мен әрекетқабілеттігіне қатысты мәселер бойынша отандық заңдарға бағынады делінген. Кейінірек, отандық заңның бастама мағынасы 1865 жылғы Италияның азаматтық кодексінде, 1896 жылғы Германияның азаматтық жинағында бекітілді.

Ағылшын-американдық құқығындағы қалыптасқан домицилий концепциясы рим құқығына негізделген құқықтық жүйелерде қалыптасқан домицилий концепциясынан ерекшелінеді. Ортақ құқықтың англо-саксондық жүйссі тегі бойынша домицилий (domicil of origin) және таңдау бойынша домицилийді (domicil of choice) ажыратады. Сол концепсияны сипаттайтын ережелердің біреуі - әркімнің домицилийі бар (заңды туған бала әкесінің домицилиіне, заңсыз туған бала апасының домицилиіне ие).

Таңдау бойынша домицилийді иелену үшін сол аумақта ұзақ мерзім өмір сүру жеткілікті емес, оған қоса, тұлғаның сол жерде тұрақты қалуға ниеті болуы тиіс. Себебі таңдау бойынша домицилияны алу негізі тұру критериі мен қалуға ниеті болып табылады, тұру ұзақтылығының домицилияны өзгертуде шешуші мәні жоқ. Чешир мен Норт осы тезисті дәлелдеу түтігі 2 сот істерін мысалға келтіреді. Бірінші шешім бойынша Үндістанда 25 жыл бойы тұрған тұлғаға үнді домицилиясын алу үшін тұру мерзімі жеткіліксіз болды.

Тағы бір шешімде Жаңа ІІІотландияда тегі бойынша домицилийі бар канадтық ағылшын әуе қарулы күштерінде қызметте болғаны мен онда 40 жыл тұрғанына қарамастан, өз Отаны- ІІІотландияға қайту ниеті себебінен, оған ағылшын домицилиясы берілген жоқ.

Азаматтардың құқық қабілетгілігі.Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі — азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады.Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол — азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі.

Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей мойындалады. Азаматтық кұқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азаматтық зандарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге занда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық Кодекстің 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қальш, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі.

Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меншік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға, республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысуға, өнертабыстарға,— ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге және басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

Наши рекомендации