Мақтаны қорғаудың биологиялық әдісі

Ауыл шаруашыльғы зиянкестеріне қарсы күресте химиялық әдіспен және қозалық алқапты алдын-ала өндеуде мақташылар мұнымен қатар неғұрлым арзан, қолы жетімді әрі экологиялық жағынан қауіпсіз биологияляқ күрес әдісін де қолданьп келеді. Зиянкестерге қарсы күрестің бұл әдісі ерте бастан, олар жаппай таралып кетпей тұрғанда қолданылады.

Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісі дегеніміз - ауыл шаруашылық зиянкестерінің санын көбейтпеу және олардың санын шаруашылықтың егістігіне елеулі зиян келтірмейтіндей мөлшерде азайту үшін тірі организмдерді пайдалану болып табылады.

Бұл әдістің мәнісі – ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен олардың паразиттерінің, жыртқыш жәндіктердің арасында қалыптасқан бітіспес қарама-қайшылығын мақсатты түрде пайдалану.

Биологиялық әдісі дегеніміз — пайдалы жәндіктерді қолдан өсіру арқылы көбейтіп, оларды табиғат аясына — мақта егістігіне жіберу.

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егістігіндегі ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте трихограмма және габрабраконды пайдалану неғұрлым кеңінен тарап отыр.

Трихограмма кеміруші және жер үстінде тіршілік ететін көбелек-құрттардың жұмыртқаларына қарсы қолданылады. Тұрқының ұзыңдығы 0,3-0,4 мм. 5-9 мұрт кылшасы жеке орналасқан, қанаттарының жіп-талшықтары жеңіл. Еркектері көбінесе қанатсыз немесе қанаты жетілмеген болып келеді.

Трихограмма зиянкестің 200-ден астам түрінің жұмыртқасын бүлдіреді. Мұндай паразиттікпен тек личинкалары айналысады. Ересектері гүл шырынымен қоректенеді. Ұрғашылары жұмыртқаларын басқа жәндіктің жаңа қалдырған жұмыртқасының ішіне салады. Трихограмманың жұмыртқадан шыққан личинкасы бірден мақта көбелегінің, тағы басқа зиянкес жәндіктердің жұмыртқасымен қоректеніп, соның ішінде өсіп-жетіледі. Мақта көбелегінің зақымданған жұмыртқасы қарайып кетеді, кейде қаракөк түске енеді. Трихограмма басқа жәндік (мақта көбелегі) жұмыртқасының ішінде қуыршаққа айналады. Осы қуыршақтан шыққан ересек трихограммалар жұмыртқаны кеміріп теседі де, жарыкқа шығады. Ұрғашы трихограммаларжыныстық жағынан жетіліп шығады да, бірден еркектерімен шағылысып, жұмыртқа салуға кіріседі.

Трихограмманың өсіп-жетілуінің ұзақтығы ауаның температурасы мен ылғалдылығына байланысты, 7 күннен 35 күнге дейін созылады. Ересектері 3-18 күн аралығында өмір сүреді. Осы уақыт ішінде бір ұрғашысы 25-тен 92-ге дейін жұмыртқа салады. Мұның көпшілігін өмірінің алғашқы күндерінде табады. Табиғи жағдайда трихограмма 14-15 ұрпақ береді. Личинка және қуыршақ кезінде басқа жәндіктің жұмыртқасы ішінде қыстап шығады.

Мақта егістігіндегі кеміруші көбелектердің тұқымдарымен күресу үшін ересектрихограмманы әр гектар алқапқа, алқаптағы зиянкестің санына байланысты, 200 мыңғадейін әрбір ұрпағының жұмыртқаларына қарсы үш рет көбейтіп шығару ұсынылады. Трихограмманы өсіріп шығаруды зиянкес көбелектің жұмыртқа салуының алғашқы кезеңіне тұстас келтірген, ал егістікке күн қызақоймағантаңертеңгі немесе кешкі мезгілде жіберген дұрыс. Олар егістікке біркелкі тарау үшін 1 гектарға кемінде 100 жерден, яғни әр 10 метрден кейін жіберіледі.

Трихограмманы биологиялық лабораторияларда, қамба зиянкесі — астық күйесінің жұмыртқасында көбейтеді.

Мақта көбелегінің санын азайтуда габрабракон едәуір роль атқарады. Бұған қоса ол карадрина, жүгері көбелегі, құлқайыр күйесі сияқты зиянкес жәндіктердің жұлдызқұрттарының денесіне өз жұмыртқаларын салады. Аз уақыттан кейін залалданған жұлдызқұрттың денесінен жас бракондар шығады (7-сурет).

 
  мақтаны қорғаудың биологиялық әдісі - student2.ru

Сурет 7. Габробраконнан залалданған мақта көбелегінің жұлдызқұрты

Габрабраконның тұрқының ұзындығы 2-5 мм. Аяқтары түзу, қарны сабақты болып келеді. Ұрықтанған ұрғашы габра бракондар оралып қалған жапырақтарда, ағаш қабығының астында, т.с.с. қуыстарда қыстайды. Жұлдыз құрттың денесіне жұмыртқасын саларда оны өлтіріп тастайды. Бір ұрпағының дамуы жазда 9-11 күнге, көктем мен күзде 12-16 күнге созылады.

Мақта егістігінде пайда келтіретін жәндіктерге бұларға қоса жарқырауық зердеқоңыздар, қанқызыл қоңыздар, кене қоректі трипс т.б. жатады.

Мақта көбелегінің көбеюін бақылау мақсатында феромон тұтқыштарды кеңінен пайдалануға болады. Мұнда, егер ұрпақ дамуының басында әр бір тұтқышқа бір тәулікте 3-4 көбелек түссе, трихограмма жіберу үшін белгі болып саналады. Тұтқыштарға бір тәулікте 15-тен көп көбелек түссе және бұл жағдай 3-4 күнге созылса, осы алқап бірінші кезекте бақылауға алынып, керек болған жағдайда басқа жою амалдары орындалады, өйткені көбелектердің мұндай көлемде ұшуы егістікте көптеп тұқым және кіші жастағы құрттар пайда болып жатқандығынан хабар береді.

Қозаның өнімдік элементтерін сақтап қалу - мақташылардың аса маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені, агротехникалық тұрғыдан күтіп-баптауы төмен, қозаның салған өнімдік элеменнтері, түрлі зиянкес жәндіктер мен аурулардың зардабынан ысырапқа ұшырайды.

Осы жерде сөз болған агротехникалық, биологиялық, химиялық әдістермен оларға қарсы жүргізілетін күрес шаралары мен олардың алдын ала сақтандыру әрекеттері шаруа қожалықтары үшін мақта шаруашылығы практикасындағы аса пайдалы көмек құралы бола алады.

Наши рекомендации