Фармацевтический факультет 1 страница
Алматы, 2012
МАЗМҰНЫ
1. | Жұмыс бағдарламасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | . . . . . . . . . 3 |
2. | Силлабус . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | . . . . . . . . 17 |
3. | Практикалық сабақтарға арналған методикалық нұсқаулық . . . . . . . . . . . . . . . . | . . . . . . . . 32 |
4. | Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған методикалық нұсқаулық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | . . . . . . . . 72 |
5. | Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған методикалық нұсқаулық . . . . . | . . . . . . . 196 |
6. | Бақылау-өлшегіш құралдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | . . . . . . . . 201 |
Бекітілген
ОТЖ жөнінен проректор,
Профессор К.А.Тулебаев
_________________
«____»_________2012 ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Элективтік пән: Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау.
Мамандық: 5В051103 – «Фармация»
Курс: 5 Семестр: 10
Практикалық (семинарлық) сабақтар: 30 сағат
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ): 14 сағат
Барлық аудиторлық: 44 сағат
Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СРС): 46 сағат
Оқу сағатының көлемі : 90 сағат (2 кредит)
Бақылау формасы: емтихан (1 этап- тест, 2- этап-ауызша )
Алматы, 2012 ж.
Жұмыс бағдарламасы «Фармацевт- менеджер» модулінің мәжілісінде қарастырылды, «____»_______________2012 жыл, хаттама № ____.
«Фармацевт- менеджер» модулінің жетекшісі Шопабаева А.Р.
Жұмыс бағдарламасы фармацевтикалық пәндердің білім беру бағдарламалары комитетінің отырысында талқыланды, «____»_______________2012 жыл, хаттама № ____.
ББК төрайымы, доцент Саякова Г.М.
Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды
«____»_______________ 2012 жыл, хаттама № ____.
ӘК төрағасы , профессор Тулебаев К.А.
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
ЖОО атауы | – | С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті |
Модуль | – | «Фармацевт-менеджер» |
Пән | – | Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау. |
Мамандық | – | 5В051103 «Фармация» |
Оқу сағатының көлемі | – | 2 кредит (90 сағат) |
Курс және семестр | – | 5 курс: 10 семестр |
2. БАҒДАРЛАМА
Кіріспе
Кез келген дамыған елдердің экономикасының негізін бизнес құрайды. «Бизнес» сөзі дүние жүзіне тараған, онымен барлық елдер айналысады.
Бизнес – бұл кәсіпкерлік, ұйымдар, кәсіпорындар, ал бизнесмен дегеніміз - кәсіпкер. Кәсіпкер болу үшін кәсіпкерлік іс туралы жүйелі, толық, ретті түсінік болуы керек – кәсіпорынның қызметін алғашқы инвестициялаудан бастап шаруашылық жағдайына толық талдау жасауға дейін. Пәннің кәсіпкерлік пен шаруашылықты нарық жағдайында ұйымдастыруды біріктіретін ерекшелігі бар пән ретінде, кәсіпкерлік туралы түсініктер мен оның табиғатын, экономикалық ерекшеліктерін ескерген жөн.
12.01.2007 ж. № 224-III ҚР Кәсіпкерлік туралы заңымен жеке кәсіпкерлік субъектісінің жалпы қағидалары, олардың жұмыс жасау жағдайлары, мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкелікті қолдауы, жеке кәсіпкерлердің біріккен субъектілері мен олардың нормативтік құқықтық актілерге экспертиза жүргізуі туралы, жеке кәсіпкерлерді тіркеу мен олардың қызметін жабу, мемлкеттік бақылау мен қадағалау жүргізу кезіндегі мемлекеттік лауазымды тұлғаның жауапкершілігі, лицензиялау мен аккредитациялау, сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің де жауапкершіліктері бекітілген. Заң ҚР мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жалпы құқығын реттейді, бақылау мен қадағалаудың біріңғай принциптерін , сонымен қатар мемлкеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды іс-әрекеттерін қорғайды. 19.11.2009 ж. №742 ДСМ-нің бұйрығы дәрілік заттар, медицина мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы сферасына бақылау жүргізудің ережелерін айқындайды, фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке, заңды тұлғаларға тексеру жүргізудің реттерін белгілейді, бақылау мен қадағалау жүргізетін ведомстволық бөлімшелердің жүргізетін тексерулердің сапасын жақсарту ережелері бекітілген.
Пәннің мақсаты:
«Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау» пәні өзге де фармацевтикалық пәндермен қатар фармацевт ассстенті мен фармацевттің қызметін қалыптастыруда, фармацевтикалық дайындықтан өткен маман дайындауда үлкен рөл атқарады,
Теориялық білімді қалыптастыру – студенттерді ҚР бақылау және қадағалау туралы ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы заңдарымен таныстыру, сонымен қатар ДСМ-нің № 741 бұйрығымен таныстыру. Денсаулы сақтау министрлігінің 30.03.2011 ж. №159 және ҚР Экономикалық даму мен сауда министрлігінің 05.04. 2011 ж. №89 біріккен бұйрықтарымен таныстыру.
Практикалық дағдыны қалыптастыру – студенттерге жеке кәсіпкердің, фармацевтикалық инспектордың міндеттерімен таныстыру;
Құқықытық дағдыны қалыптастыру- қолданыстағы фармацевтикалық қызметті реттейтін нормативтік құжаттардың талаптарын тақырып бойынша игеру;
Коммуникативтік дағдыны қалыптастыру- оқу материалын игеру мақсатында тақырыпта берілген жаңа терминдер мен түсініктерді студенттерге оқытып үйрету;
Өзін – өзі жетілдіру СӨЖ - глоссарийлер, реферат, презентациялар, тест тапсырмаларын тақырып бойынша дайындау.
2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:
Пәннің методологиялық негізгі түсінігін және теориялық түсінігін игеру.
Фармацевтикалық нарықты мемлекеттік реттеу бағытын және құрылымын оқыту.
Фармацевтикалық қызметті нормативті-құқықтық қамтамасық етуді оқыту.
Студенттерді ҚР Конституциясымен, ҚР заңдарымен, ҚР Президентінің және ҚР Үкіметінің, ҚР ДСМ нормативтің акталарымен жұмыс жасауды үйрету.
Студенттерді тексеруші және тексерілуші субьектілердің орындарында болуын көрсету.
Фармацевтикалық тексеру актілерін және әкімшілік заң бұзушылық хаттамаларын толтыруға үйрету.
Студенттерге кіші және орташа бизнестің даму принциптерінің негізі түсініктерін көрсету.
Практикалық дағдыларды игеру үшін – тақырып бойынша тапсырмалар орындату.
Құқықтық дағдыларды игерту мақсатында - тақырып бойынша қолданыстағы ауызша сұрау жүргізу.
2.4 Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері:
Студенттерде білім қалыптастыру:
· 12.01.2007 ж. № 224-III ҚР Кәсіпкерлік туралы заңын.
· ҚР бақылау және қадағалау туралы Заңын.
· ҚР ДСМ 19.11. 2009 жылғы №742 «Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар,
медициналық техника айналысы сферасына тексеру жүргізудің ережелерін бекіту» бұйрығын;
· Фармацевтикалық қызметті реттейтін өзге де құжаттарды.
Практикалық дағдыларды қалыптастыру:
ҚР Конституциясын, ҚР заңдарын, нормативтік-құқықтық актілерді, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын басшылыққа ала отырып жұмыс жасай білу;
- ҚР дәрілік заттар айналымын реттейтін құжаттар бойынша мемлекеттік фармацевтикалық бақылау мен қадағалауды жүргізе алу;
- өз құзіреті шегінде дәрілік заттар айналымы сферасында заң бұзушылық фактілері бойынша құзіретті органдарға ақпарат бере алу;
- әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыра білу;
- өз құзіреті шегінде әкімшілік заңбұзушылық туралы сотқа, құзіретті органдарға материалдарды жібере білуге, анықталған фактілер бойынша айыппұл салу;
- дәрілік заттар айналымы бойынша азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың сұрақтарын шеше білу, қажетті шешім қабылдауды;
Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру:
- дәріхана ұйымдарында жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша акт құрастыру (көтерме фирмалар, дәріханалар, дәріханалық пункттер және басқа ұйымдар).
Құқықытық компетенцияларды қалыптастыру:
- дәріхана ұйымдарын аша білуді
- дәріхана ұйымдарындағы есеп және есеп беруді
- субъектілердің дәрілік заттар айналымындағы ҚР заңнамаларының талаптарын орындау бойынша мемлекеттік фармацевтикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыра білуді;
- өз құзіреті шегінде ҚР заңдарын бұзу фактілері бойынша құзіретті органдарға ақпарат беруді;
- әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама құрастыра білуді;
- өз құзіреті шегінде әкімшілік заң бұзушылық туралы сотқа, құзіретті органдарға материалдарды жібере білуге, анықталған фактілер бойынша айыппұл салуды игере білуге;
- дәрілік заттардың айналымы бойынша азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың шағымын қарастыру және тиісті шешім қабылдау;
- дәріхана ұйымдарын тексеру нәтижелерінің актісін толтыру
Өзін-өзі жетілдіру бойынша:
- СӨЖ, глоссарий, реферат, презентациялар дайындау, тест тапсырмаларын құрастыру.
Пәннің пререквизиттері: Фармация тарихы, Медициналық және фармацевтикалық тауартану, Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, Фармацияны ұйымдастыру және басқарылуы.
Пәннің постреквизиттері: ҚР дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу, Медициналық және фармацевтикалық өкілдің қызметін ұйымдастыру.
Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
№№ | Практикалық сабақтардың тақырыптары | Өткізу формасы | Ұзақ-тығы, сағат | |
Пәннің негізгі методологиясы. Кәсіпкерлік табиғаты. Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру формалары. | Семинар | |||
Шаруашылықты нарықтық ұйымдастыру. Нарықтың түрлері. Фармацевтикалық нарық. | Семинар | |||
Шаруашылықты нарықтық ұйымдастыру. Нарықтың түрлері. Фармацевтикалық нарық. | Семинар | |||
Фармацевтикалық қызметті нормативті –құқықтық қамтамасыз ету. Фармацевтикалық қызметті реттеу. | Семинар | |||
Ұйымның қаржысы. Ұйымның қаржылық есебі. | Семинар | |||
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңы. Тарау 1. | Семинар, сабақ тақырыбы бойынша ауызша сұрау, презентация | |||
7-8 | Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника айналым сферасындағы тексеру жүргізу ережелері» (ДСМ 19.11. 2009 жылғы №742 бұйрығы) | Семинар, сабақ тақырыбы бойынша ауызша сұрау, презентация | ||
Медициналық қызмет көрсету бойынша, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техника айналымы сферасындағы жеке кәсіпкерлердің тәуекелдерін бағалау критерилері (ҚР ДСМ-нің 30.03.2011 жылғы №158 және Экономикалық даму және сауда министрлігінің 05.04. 2011 жылғы № 88 ортақ бұйрықтары) | Семинар, сабақ тақырыбы бойынша ауызша сұрау, презентация | |||
Медициналық қызмет көрсету бойынша, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техника айналымы сферасындағы жеке кәсіпкерлерді тексеру (ҚР ДСМ-нің 30.03.2011 жылғы №159 және Экономикалық даму және сауда министрлігінің 05.04. 2011 жылғы № 89 ортақ бұйрықтары) | Семинар, сабақ тақырыбы бойынша ауызша сұрау, презентация | |||
Фармацевтикалық ұйымдарды тексеру: Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру бойынша жеке кәсіпкердің тексеру нәтижесінің актісінің үлгісі мен мазмұны | Семинар, сабақ тақырыбы бойынша ауызша сұрау, презентация, варианттар бойынша жазбаша бақылау | |||
Фармацевтикалық ұйымдарды тексеру: Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың көтерме айналымы сферасындағы жеке кәсіпкерді тексеру нәтижесінің актісінің үлгісі мен мазмұны | Семинар, сабақ тақырыбы бойынша ауызша сұрау, презентация, варианттар бойынша жазбаша бақылау | |||
Фармацевтикалық ұйымдарды тексеру: Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың бөлшек айналымы сферасындағы жеке кәсіпкерді тексеру нәтижесінің актісінің үлгісі мен мазмұны | Семинар, сабақ тақырыбы бойынша ауызша сұрау, презентация, варианттар бойынша жазбаша бақылау | |||
Фармацевтикалық ұйымдарды тексеру: Жеке меншік медициналық ұйымды құру кәсіпкерлігімен айналысатын жеке кәсіпкерді тексеру нәтижесінің актісінің үлгісі мен мазмұны | Семинар, сабақ тақырыбы бойынша ауызша сұрау, презентация, варианттар бойынша жазбаша бақылау | |||
Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша хаттама толтыру тәртібі | Семинар, сабақ тақырыбы бойынша ауызша сұрау, презентация, варианттар бойынша жазбаша бақылау | |||
Барлығы | 30 сағат | |||
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары – ОЖСӨЖ
№№ | ОЖСӨЖ тақырыптары | Өткізу формасы | Сағат ұзақ-тығы |
Шаруашылықты нарықтық ұйымдастыру. Кәсіпкерлік табиғаты. Бәсекелес түсінігі, оның ерекшеліктері | Презентациялар, рефераттар, пікірталас. | ||
Фармацевтикалық қызметті лицензиялау | Презентациялар, рефераттар, пікірталас. | ||
Өткен тақырыптар бойынша аралық бақылау. | Презентациялар, рефераттар, пікірталас. | ||
Фармацевтикалық ұйымдарды тексеру, тексеру нәтижесінің актісі. | Презентациялар, рефераттар, пікірталас. | ||
Аралық бақылау. | Билеттер бойынша бақылау | ||
Барлығы: 14 сағат |
Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (СӨЖ)
№№ | СӨЖ тақырыбы | Өткізу формасы | Сағат ұзақтығы |
Шаруашылықты нарықтық ұйымдастыру. Фармацевтикалық нарықты мемлекеттік реттеу бағыты және құрылымы. Нарықтың түрлері. Фармацевтикалық нарық. | реферат, презентация | ||
Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі | реферат, презентация | ||
Фармацевтикалық қызметті нормативті –құқықтық қамтамасыз ету. Фармацевтикалық қызметті реттеу. | реферат, презентация | ||
Ұйымды ұйымдастыру құрылымы. Ұйымның құрылымдық формалары. Кәсіпкерліктің өндірістік құрылымы. | реферат, презентация | ||
Барлығы: 46 сағат |
ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
· Практикалық сабақтар: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша семинар, «Миға шабуыл»; кіші топтарда жұмыс істеу; рөлдік ойындар; презентация дайындау, пікірталас; жұптасып жұмыс істеу; ситуациялық есептерді шешу; қорытынды жасау.
· Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) –оқулық әдебиеттерменжұмыс жасау, тапсырмаларды орындау (сұрақтарға жазбаша жауап, тексеру актісін толтыру, тест тапсырмаларын құрастыру, глоссарий, презентациялар дайындау);
· Студенттердің өзіндік жұмысы – әдебиеттермен, интернет-ресурстармен жұмыс жасау, электрондық тасымалдаушылармен, оқу және ғылыми материалдармен жұмыс жасау, презентация және жасау тақырыптық рефераттар жасау.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ КРИТЕРИЛЕРІ
· Ағымдық бақылау: практикалық сабақ және ОЖСӨЖ ауызша немесе жазбаша сұрау, сабақ нәтижелерін ресімдеуді тексеру, ситуациялық есептерді шешу және т.б. бойынша бағаланады. СӨЖ рефераттарды, баяндамаларды қорғау арқылы бағаланады.
· Аралық бақылау: билет немесе тест бойынша жазбаша немесе ауызша сұрау.
· Қорытынды бақылау: ағымдағы бақылау нәтижелерін ескере отырып тестілік емтихан.
5 курс студенттеріне арналған «Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау»элективті пәнінен компетенциялар бойынша бағалау
· 15 практикалық сабақ (1- 15) – білім;
· 4 практикалық сабақ (5,9,10,13) – практикалық дағды
· 4 практикалық сабақ (9, 12,13, 15) – коммуникативтік дағды
· 4 практикалық сабақ (4,6, 7,15) – құқықтық компетенция
· СӨЖ- өзін-өзі дамыту және ізденіс
5 курс студенттеріне арналған «Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау»элективті пәнінен білімді бағалау парағы (максималды 100 балл)
а)-ауызша сұрау– максимальді 80 бал
- ауызша тақырыпты талдағанда толық және дұрыс жауап бергенде– 74-80 бал
- ауызша тақырыпты талдағанда толық емес жауап бергенде – 60-73 бал
- толық жауап бермегенде,кейбір қателіктерімен – 52-59 бал
- толық жауап бермегенде, тақырыптың негізгі көріністері бар – 50-51 бал
- жауап жоқ – 0 бал
б) тапсырманы тест түрінде орындағанда – максималды 20 бал
- 86 - 100 % - 20 балл
- 75 - 85 % - 15 балл
- 60 - 74 % - 7 балл
- 50 - 59 % - 3 балл
- аз 50 % - 0 балл
5 курс студенттеріне арналған «Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау»элективті пәнінен практикалық дағдыны бағалау парағы
(максималды 100 балл)
- ауызша тақырыпты талдағанда толық және дұрыс жауап бергенде -– 90-100 балл
- ауызша тақырыпты талдағанда толық емес дұрыс жауап бергенде -– 75-89 балл
- толық жауап бермегенде,кенйбір қателіктерімен – 50-74 бал
- толық жауап бермегенде,тақырыптың негізгі көріністері бар – 0-49 балл
- жауап жоқ – 0 бал
5 курс студенттеріне арналған «Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау»элективті пәнінен коммуникативтік дағдыны бағалау парағы
Максимальді 100 балл
№ | Дағдылар | балл |
1. | Әсерлі презентация | |
2. | Ашық сөйлесу, сенімді қарым –қатынас орната білу | |
3. | Әңгімелесу темпін сақтау,қабылдау | |
4. | Сенімділік | |
5. | Түсініп қабылдай білу | |
6. | Әңгімелесушінің көз-қарасымен,мәселерді көре білу | |
7. | Өзіне сенімділігін артыру | |
8. | Топтық дискусиялар мен дебаттар жүргізу | |
9. | Дәріхана ұйымдарындағы көрсеткіштердің алдын алу,және түсіну | |
10. | Кері байланыс | |
Барлығы: |
5 курс студенттеріне арналған «Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау»элективті пәнінен құқықтық дағдыны бағалау парағы
(максималды 100 балл)
- ауызша тақырыпты талдағанда толық және дұрыс жауап бергенде -– 90-100 балл
- ауызша тақырыпты талдағанда толық емес дұрыс жауап бергенде -– 75-89 балл
- толық жауап бермегенде,кенйбір қателіктерімен – 50-74 бал
- толық жауап бермегенде,тақырыптың негізгі көріністері бар – 0-49 балл
- жауап жоқ – 0 бал
5 курс студенттеріне арналған «Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау»элективті пәнінен өзін- өзі жетілдіру, ізденіс дағдысын бағалау
(СӨЖ) парағы (максималды 100 балл)
№ | Критерилер | балл |
1. | СӨЖ толық барлық талаптарға сай орындау | 90-100 |
2. | Тапсырма толық орындалмағанда, кейбір қателіктер жібергенде | 75-89 |
3. | Тапсырма толық орындалмағанда, көп қателіктер жібергенде | 50-74 |
4. | Тапсырма толық орындалмағанда, көп қателіктер жібергенде және СӨЖ критерилеріне сай болмаған жағдайда | 0-49 |
5 курс студенттеріне арналған «Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау»элективті пәнінен СӨЖ - дің пайыздық қатынасы