БӨлім. Қаржы жӘне оны
АРЖЫ
Экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Ж. Ынтықбаеваның жалпы редакциясымен
Шінші, өңделген және толықтырылған басылым
Аржы» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық ретінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұсынған
АЛМАТЫ Экономика 2010
Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық. – Алматы 2010– 670 бет
ISBN 9965-803-47-1
Оқулықта «қаржы» категориясының, оның құрылымдық бөліктерінің жұмыс істеуінің мәні, ерекшеліктері және іс-әрекетінің қағидаттары баяндалған. Ішкі және сыртқы өзара байланыстарда қаржы жүйесінің, қаржылық механизмнің өзара іс-әрекетінің заңдылықтары ашылған. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы қаржының көкейтесті проблемалары бөліп көрсетілген.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, аспиранттарына, оқытушыларына арналған.
Рецензенттер:
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Челекбай А.Д.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Маенлаева Г.И.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұсынған.
Компьютерде беттегендер: Тойчибекова А.А., Бөлебай М.
0605010204
00(05)-07
ISBN 9965-803-47-1
КІРІСПЕ
«Қаржы» курсы экономикалық пәндер жүйесінде маңызды орын алады және экономикалық ғылымның маңызды құрамдас бөлігінің бірі – қаржы туралы ғылымның ерекшелегі зерделенетін базалық оқу пәні болып табылады. Ол қаржы туралы ғылымның теориялық қағидаларын да, шаруашылық үдерістерде категорияны пайдаланудың практикалық аспектілерін де кіріктіреді.
«Қаржы» ұғымы оған «кредит» категориясы және ілеспе механизмдер кіріктірілмей оқулықта отандық ғылым үшін дәстүрлі «тар» мағынада берілген; алайда аралық қосалқы категория ретінде «мемлекеттік кредит» қарастырылған.
Тұжырымдамалық негізде аталмыш курс экономикалық теорияның критерийлері мен қағидаттарына негізделген және қатынастардың айрықшалықты сферасында – қаржылық қатынастарда оның жалғасы, нақтылануы болып табылады. Тап осы қатынастар қаржы ғылымының предметі болып табылады.
Қаржылық қатынастар өндірістік қатынастардың ажырағысыз бөлігі ретінде мақсатты ақшалай қорларды қалыптастырумен қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісіне бағытталған олардың сипатында болатын өзіндік ерекшелігімен үздік шығып тұрады.
Қаржылық ресурстар – ақшалай табыстардың, қорланымдар мен қорлардың әлуетті көздері, сондай-ақ бұл қаржылық нысандарда іске асырылғандары ғылымның бұл бөлігінің объекті болып саналады.
Аталған қатынастардың қатысушылары қызметтің сан алуан түрлері, меншік нысандары, басқару деңгейлері болып көрінетін экономикалық агенттер: шаруашылық, коммерциялық, мемлекеттік, қоғамдық және өзге құрылымдар, органдар, мекемелер, үй шаруашылықтары қаржы субъектілері болып табылады.
Курста қаржының табиғаты мен функцияларының мәселелері, олардың басқа экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті, шаруашылық өмірдегі көрінісінің ерекшеліктері қисынға сәйкес дәйекті түрде зерделеніп, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, қаржыны рыноктық экономиканы реттеуде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді, ұғымдарды,олардың қаржы және басқа экономикалық-әлеуметтік жүйелердегі іс-әрекетінің қағидаттарымен өзара байланысын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Курста әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарындағы және сыртқы экономикалық байланыстар сферасындағы қаржының іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктеріне айтарлықтай орын берілген.
«Қаржы» – арнаулы курс және қаржылық қатынастардың теориясын зерделейтін бұл пәннің мақсаты – қаржылық категорияларды, ұғымдарды, терминдерді ұғып алуда, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық үдерістердегі маңызы мен орнын біліп алуда студенттердің теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу. Сөйтіп қаржының табиғатын, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда қаржылық категория механизмінің мүмкіндіктерін танып білу тек қаржы жүйесі үшін ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа салалары үшін де білікті мамандар даярлау кезінде аса маңызды қажеттік болып табылады.
Қаржыны зерделегенде теория мен практиканың, тарихи және қисындық тәсілдемелердің бірлігін сақтау қағидалы түрде қажет болуы тиіс.
Курсты зерделеу эконономика мен қаржыда рыноктық бастауды қолдану жөніндегі қолданыстағы шаруашылық практиканы белсенді пайдалануды қажетсініп шамалайды. Сондықтан қаржылық қатынастар дамуының жинақталған тәжірибиесін және олардың қаржыларға ықпалын талдап және қорытындылай отырып, рыноктық экономика дамуының болып жатқан үдерісіне үнемі көңіл бөліп отыру қажет.
Экономиканың, қаржылардың жаһандануы ұлттық шаруашылық жүйелердің интеграциясы жағдайларында қаржыларды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибиесін зерделеу маңызды қажеттік бола бастайды. Рыноктық дамыған елдерде пайдаланылған критерийлер, нысандар, әдістер, үдерістер қазақстандық практикаға бейімделуі тиіс. Бұл үшін оларды теориялық түрде қайта ойластырып, рыноктық экономиканың ұлттық моделіне кіріктіру қажет.
«Қаржы» курсы экономикалық, әсіресе қаржы - кредиттік бағыттағы жоғары оқу орындарында кіріспелік, бейіндік пәндерді зерделеудің алдын алатын пән болып табылады және «Мемлекеттің қаржысы», «Салықтар және салық салу», «Корпоративтік қаржылар», «Қаржылық менеджмент», «Қаржылық құқық», «Сақтандыру», «Қаржылық бақылау және аудит» сияқты арнаулы оқу пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл пәнді ойдағыдай меңгеру алған білімді қаржылық жұмыстың практикасында қолдануға мүмкіндік береді және жоғарыда аталған арнаулы пәндерді тез игеріп кетуді жеңілдетеді.
Қаржы туралы ғылымды танып білудің негізгі әдісі – диалектикалық-тарихи әдіс пайдаланылады. Құбылыстар, үдерістер, фактілер өзара байланыста, өзара іс-әрекетте, үнемі қозғалыста және дамуда қаралып талқыланады; тарихи тәсілдеме өткен тәжірибені, қордаланған білімдерді, қаржылық қатынастардың тексерілген, тұрақтанған нысандары мен әдістерін есепке алуды ұйғарады. Ақиқаттың критерийі – қоғамдық практика екені белгілі. Тап практикада теориялық сызбалардың, тұжырымдамалардың негізділігі тексеріледі. Сондықтан нақтылыққа сүйену, объективті критерийлерді пайдалану экономикалық ғылымдардың, соның ішінде қаржы туралы ғылымның да түйіндерінің маңызды шарты болып табылады. Оқулықтың ғылыми аппаратында ғылыми танып білудің мынадай ортақ әдістері пайдаланылды: теориялық зерттелім әдістері (абстракттіліктен нақтылыққа шығу және кері қозғалыс), эмпирикалық әдіс (қадағалау, салыстыру, өлшеу), эмпирикалық, сондай-ақ теориялық тәсілдемелер пайдаланылатын әдістер (абстракакциялау, талдау және синтез,индукция мен дедукция және басқалары). Қаржылық операциялар мен үдерістер ауқымының өлшеуіштері болып табылатын статистикалық және басқа цифрлық мәліметтер пайдаланылды.
«Қаржы» курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұрақтарын қарау дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұнымен және оның міндеттерімен айқындалатыны белгілі. Осыған байланысты оқулықтың мазмұнын оның алты бөлімнен, жиырма үш тараудан тұратын материалдары құрайды.
Жалпылама нұсқамалар, критерийлер, қағидаттар қаржы жүйесінің құрамдас бөліктеріне, олардың тиісті бөлімдерінде, тарауларында бейнеленіп көрсетілген айрықшалықты нысандарына таратылған, жалғастырылған және нақтыланып қолданылған; бұл – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы – кірістер мен шығыстар, салықтар, мемлекеттік бюджет, кредит. Оқулықтың бір бөлігі каржылардың көкейтесті проблемаларына – экономиканы қаржылық реттеудің, қаржы рыногының, сыртқы экономикалық қызметтің қаржылық механизмі аспектілерінің, қаржы және инфляцияның өзара байланыстарының ерекшеліктеріне арналған. Оқулықтың бір бөлімі сақтандыруға – нысандарының бір бөлігі қаржылық болып табылатын категориаға берілген, басқа бөлігі өзіндік белгілерді иемденеді. Категория және оның механизмдерін неғұрлым толық сипаттау үшін «Үйшаруашылықтарының қаржысы» жаңа бөлімі енгізілді.
Динамизм, шаруашылық, соның ішінде қаржылық механизмнің де реттеу тұтқаларының жетілдірілген нысандары мен әдістерін пайдалану рыноктық қатынастарға тән болып келеді. Мемлекет бұл тұтқаларды жасайды және оларды бизнесті дамыту, әлеуметтік-экономикалық дамудын басым бағыттарын көтермелеу үшін қолданады. Сондықтан қаржы табиғатын, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірістің тиімді дамуындағы категория механизмінің мүмкіндіктерін білу тек қаржы жүйесіне ғана емес, экономиканың басқа салалары үшін де білікті мамандар даярлау кезінде аса маңызды қажеттік болып табылады. Бұл оқулықтын міндеттері де осында.
Бұл оқулық мұның алдындағы «Қаржы» (2000, 2003, 2005, 2007 жж.), «Қаржы теориясы» (2001ж.) оқулықтарының экономика мен қаржылардағы негізінен ұйымдық-құқықтық сипаттағы өзгерістер ескерілген жалғасы мен мазмұнының дамуы, «Қаржы» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені бойынша кафедрада қазақ-орыс тілдерінде дайындалған және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде оқылып жүрген «Каржы негіздері» оқулығының өнделіп, толықтырылған нұсқасы болып табылады. Оқулықтың құрылымы мен мазмұны «Қаржы» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарттары мен оқытудың кредиттік технологиясының талаптарына жауап береді. Пәнді зерделеу кезінде қаржылық және экономикалық категориялардың, жүйелердің өзара байланысын көрнекі ету үшін, сыныптамаларды, құрылымдарды, жай-күйлерді, үдерістерді және басқа элементтерді қабылдауды жеңілдету үшін құрылымдық- қисындық сызбаларға басымдық берілді.
Кішірейтілген шрифтпен оқулықтың қосымша материалы, курсивпен негізгі тұжырымдаулар, терминдер, сыныптамалар және зерделеуге қажетті басқа параметрлер бөлектелінген. Оқулық мәтінінің мұндай дәйектелімі кезінде оны бакалавриат пен магистратурада оқитындар үшін пайдалану ыңғайлы болады.
Оқулық тақырыптарының материалдарын ойдағыдай игеру және өзін-өзі тексеру мақсатымен әрбір тараудың соңынан бақылау сұрақтарының тізбесі беріліп отыр.
Терминологиялық-түсіндірме сөздікте қаржы және қаржы жүйесі бойынша заңдар мен заңнамалық актілерде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер келтірілген және қосарлануды болдырмау мақсаттарында олар оқулықтың мәтіні мен сілтемелерде қайталанбайды.
Оқулықта қаржы-кредит мәселелеріне қатысты 2010 жылғы қантардың 1-не дейінгі негізгі заңдар мен заңнамалық актілер қамтылған.
БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ОНЫ