Жинақтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шот
Жалпы бухгалтерлік есеп шоттары одан алынатын ақпараттардың түріне және мәліметтермен қамьамасыз етілуіне қарай жинақтамалық (синтетикалық, топтамалық) және талдамалық (аналитикалық) деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жинақтамалық шот негізінен бухгалтерлік баланстың баптары негізінде ашылады. Бұл шот арқылы белгілі бір мүлік немесе қорлану көздері туралы жалпылай ақпарат алуға ғана болады. Сондай-ақ шоттың бұл түрінде объектілер тек қана ақшалай өлшеммен көрсетіледі. Жинақтамалық шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет.
Мысалы, дайын өнім деп аталатын шотқа қарап отырып кәсіпорынның барлық өндірген, жасап шығарған бұйымдарының ақшалай өлшем түріндегі өзіндік құнын көре аламыз. Сондай-ақ отындар деп аталатын шотқа қарап отырып ұйымдағы қолда бар отын қалдығының сомасын ғана көруімізге болады.
Бірақ бұл жинақтамалық шоттардағы мәліметтер кейде кәсіпорынды тиімді басқару барысында жеткіліксіз болады. Өйткені ұйымдағы басқарушы немесе осы шоттағы мәліметтерді пайдалану арқылы шешім қабылдаушы адамға мысалдағы қарастырылған дайын өнімнің санын және оның бір данасының бағасын білу қажет болуы мүмкін. Сондықтан бухгалтерлік есепте жинақтамалық шоттармен қатар талдамалық деп аталатын шоттар да қолданылады. Негізінен талдамалық шот жинақтамалық шоттардағы мәліметтерді толық және жан-жақты ашып көрсетуге арналған. Талдамалық шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштермен ғана емес, сондай-ақ натуралды өлшеуіштермен де жүргізіледі.
Мысалы, «Өтеген» фирмасының есепті кезең басындағы дайын бұйымдары А-түрлі – 10 000 теңгені, Ә-түрлі өнімі 5 000 теңгені құрайды. Есепті кезең барысында 25 000 теңгенің А-түрлі және 15 000 теңгенің Ә-түрлі бұйымдары өндіріліп шығарылды. Сонымен қатар осы кезеңде 20 000 теңгенің А-түрлі және 10 000 теңгенің Ә-түрлі өнімдері сатылды.
«Өтеген» фирмасының дайын бұйымдары деп аталатын жинақтамалық шщотында бұл операция мына түрде жазылады.
Жинақтамалық синтетикалық шот
Дт Дайын бұйымдар Кт
Сбастапқы – 15 000 | |
1) 40 000 | 2) 30 000 |
Айналым – 40 000 | Айналым – 30 000 |
Стүпкілікті – 25 000 |
Талдамалық аналитикалық шот
Дт А-түрлі ДӨ Кт Дт Ә-түрлі ДӨ Кт
Сбас –10 000 | Сбас –5 000 | |||
1) 25 000 | 2) 20 000 | 1) 15 000 | 2) 10 000 | |
Айн – 25000 | Айн - 20000 | Айн - 10000 | Айн – 10000 | |
Сқал – 15000 | Сқал – 10000 |
Талдамалық аналитикалық шот
Дт А-түрлі ДӨ Кт
Сбастапқы – 100 100тг | |
1) 250дана 100тг. 25 000тг | 2) 200дана 100тг. 20 000 |
Айналым – 25 000 | Айналым – 20 000 |
Стүпкілікті – 150дана 100тг. |
Бухгалтерлік есепте шоттардың жинақтамалық және талдамалық деп аталатын екі түрінен басқа аралық шот (субшот) деп аталатын түрі де жиі қолданылады. Бұл шот өзінің аталуына сай жинақтамалық шотқа қарағанда жіктелінген түрде, ал талдамалық шотқа қарағанда топтастырылған түрде қолданылады. Сондықтанда бұны осы екі шоттың ортасындағы, яғни аралық шот деп атайды. Бұл шотта объектілер тек қана ақшалай өлшеммен есептеліп жүргізіледі.
Мысалы, кәсіпорынның қолда бар отыны 100 000 теңгені құрайды делік. Бұл жағдайда жинақтамалық отын шотының бастапқы қалдығы 100 000 теңге түрінде жазылады. Ал осы отын шоты ішінен аралық шот ашатын болсақ олардың бастапқы қалдығы мына түрде болады:
· көмір 30 000
· газ 20 000
· мазут 500 000
Қазақстан Республикасының қазіргі кезде қолданылып жүрген шоттар жоспарында аралық шот қарастырылмаған. Еліміздің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес барлық кәсіпорындар керек болған жағдайда әрбір жинақтамалық шоттың ішінен аралық шоттарды өз қалауы бойынша аша беруіне болады. Сондай-ақ әрбір жинақтамалық шотқа ашылатын аралық шоттың санына да ешқандай шек қойылмайды.