Сақтық рыногының мәні және оны ұйымдастыру

Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.

Сақтық рыногы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.

Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады:сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалар.

Сақтық қызметі сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынадай түрлерін: инвестициялық қызметі; тиісті жинақтаушы сақтық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтық ұйымы үшін); сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтық шарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтық ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтық (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.

Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім, Сақтық төлемақыларын кепілдендіру қоры құрылған.

Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкімет арқылы ғана сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады.

Жарғылық капиталының 50 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.

Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық органдар құра алады: директорлар кеңесі – басқару органы; басқарма – атқарушы орган; тексеру комиссиясы - бақылау органы.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге міндетті.

Құрылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуге тиіс.

Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтық жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтық рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру; сақтық рыногын реттеу және сақтық қызметін қадағалау; сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу; сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Сақтық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтық рыногындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыры шегінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтық брокерінің сақтандыру қызметіне араласуына тыйым салынады.

Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтық рыногын реттеу және сақтық қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі оның өз қаржылық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау қабілетімен анықталады. Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабілеттігінің көрсеткіштері, активтердің өтімділігі ескеріле отырып, қабылданған міндеттемелер арасындағы нормативтік арақатынастардың сақталуы болып табылады.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер етуі мүмкіндігін ескере отырып, сақтық және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өзінің төлем қабілеттігін сақтау қабілетімен айқындайды.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық трақтылығының көрсеткіштері мыналарды кіріктіреді: жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерін; активтердің құны және олардың әртараптандырылу дәрежесін; сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелерінің мөлшерін; төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін; сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақатынасын; көрсетілетін сақтық және қайта сақтандыру қызметінің пайдалылығын; жүзеге асырылатын инвестициялық саясаттың тиімділігін.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау олар үшін пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер белгілеу арқылы жүргізіледі.

Пруденциялық нормативтерді уәкілетті орган белгілейді және ол, атап айтқанда: төлем қабілетілігінің нормативтерін; қаржылық тұрақты нормативтерді кіріктіреді.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жекелеген шарттары бойынша міндеттемелерінің ең көп көлемі өз капиталы мен сақтық резервтері сомасының 10 пайызынан аспауы керек.

Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтық резервтерінің болуы міндетті.

Сақтық резервтерінің қаражаты тек қана сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға байланысты сақтық төлемдерін жүзеге асыруға арналған.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымына санкцияларды уәкілетті орган не сот қолданады: уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға: айыппұл салуға; лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға; лицензияна кері қайтарып алуға; сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауға және оларды жаңа инвесторларға сатуға; сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерін қызметтік міндеттіліктерін атқарудан шеттетуге құқылы.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметінің жыл сайынға міндетті аудитін жүргізіп отырады. Жыл қорытындысы бойынша жасалынған аудиторлық қорытынды сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржы есептемесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады.

Негізгі сақтық қызметінен алатын сақтандырушының табысы сақтық төлемдерімен және өзге сақтық қызметінен алынған табыстар мен шығыстардың (сақтық сомаларды төлеу және сақтық ісін ұйымдастыру және оның материалдық базасын жасау жөніндегі шығыстардың орнын толтыру, еңбекке ақы төлеу шығыстары, сақтық қорларына аударылатын аударымдар) айырмасы ретінде анықталады. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс қызметтің осы түрлеріне белгіленген ережелерге сәйкес салық салынатын табыс резервтік қорларға аударылған аударымдардың сомасына азайтылатынын ескере отырып есептеп шығарылады.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.

Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:

әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;

сақтандырудың қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;

сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, актуарий, уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор), өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңы және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадаға-лаудың жүйесін ұйымдастыру;

- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;

- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;

- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.

Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық сақтық жүйені дұрыс ұйымдастыруда және сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлерін жедел дамытуда мол резерв жасалған.

Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік бюджеттің табиғи-техногендік сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу бөлігіндегі салмақты азайтуға; нарықтық экономика қағидаттарында сақтандыру арқылы (зейнетақы жиналымдарын, еңбек қабілеттілігінен айырылуы немесе асыраушысы қайтыс болуына байланысты, жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақыларды, медициналық шығыстарды төлеу) әлеуметтік қамсыздандырудың (қамтамасыз етудің) жекелеген проблемаларын шешуге; халықтың, жеке ұйымдардың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.

Азаматтардың ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі сияқты сақтық ұйымдарының қызметі де белгілі бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген сенімінің деңгейіне байланысты.

Қазіргі заманғы сақтық рыногының толыққанды жұмыс істеуі, сонымен қатар актуарийлерлер (сақтық міндеттемелерінің экономикалық-математикалық есеп-қисабы саласындағы мамандар) институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.

Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай арта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ао Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.

Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, нарықтық экономикада тұрақты жайғасымдарды алып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.

Ендi салық салу объектiсi болып салық кезеңi бойы алуға жататын сақтандыру сыйақылары түрiнде табыс саналды.

Сонымен бiрге, жаңа Салық кодексi өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары үшiн белгiленген салық салу тәртiбiн таратуды қарастырады.

Сақтандыру нарығының дамуының қазiргi кезеңi шетел және отандық компанияларының жұмыс жасауына тең жағдай бердi.

ҚР сы мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының негізгі міндеттері мен мақсаттары:

1. ҚР сы мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы облыстардың, Алматы қаласының сақтандыру фирмаларын, облыс, ауылдардығы филиалдарын біріктіреді.

2. Компания нарықтық сақтандыру жағдайында мемлекеттік міндетті және ерікті сақтандыруды жүргізіп, мамандандырылған қызметтердің алуан түрлерін, өз қызметін кооперативтік және де басқа мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдарымен қатар, толық шару-қ пен өзін өзі қаржыландыру негізінде жүзеге асырады.

3. Компания өз қызметінде ҚР сы мемлекеттік сақтандыру туралы заң актілерін, ҚР сы Министрлер Кабинетінің қаулыларын, өкімдерін, сондай ақ Жарғыны басшылыққа алады,

4. Компания басқармасы: - компанияның құрамына қарайтын бөлімшелердің жұмысын ұйымдастырып оларға кеңес беріп, басқалай да арнайы көмектер көрсетеді.

- сақтандыру қызметінің мәселелері бойынша нұсқаулар мен ережелер басып шығарады.

- жобаларды ойластырады және сақтандыру компаниясының кірісі мен шығысының пайда балансын жасайды, әрі қосалқы қор құрады.

- сақтандыру фирмалары мен оның филиалдарымен кіналап – талап ету жұмысына жүйелі басшылық жасайды.

- министрлермен, ведомстволармен іскерлік байланыс орнатады.

5. Сақтандыру фирмасы: - сақтандыру төлемдерінің келіп түсу жоспарларын жасап, шығындардың сметасын қарап, бақылау жасайды

- сақтандыру операцияларының бухгалтерлік және статистикалық есебін ұйымдастырып, жүргізеді, қызметтерді бақылап, тексереді.

- сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша операцияларды жүзеге асырады.

- сақтандыру компаниясының бөлімшелері заңмен тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға құқылы.

6. Сақтандыру компаниясы мен фирмалар заңды мекемелер болып табылады, банк мекемелерінде, сондай ақ «Казсыртқыэкономбанкте» есеп айырысу есеп шоты әрі өзге де есеп шоттары, өзіне қарасты мүліктері болады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ

Наши рекомендации