Алматы-1 темір жол саласында еңбекті қорғау
Алматы-1 темір жол саласында еңбекті қорғаудың негізгі ұғымдары болып төменде көрсетілген әрекеттер белгіленеді. Қозғалыс қауіпсіздігі және темір жол көлігінің экспулатациясы – қозғалмалы темір жол көлігінің қозғалыс процессының қауіпсіздігі және темір жол көлігінің өзінің қауіпсіздігі, ешқандай қауіп қатердің және олардың салдары өзінің артынан ертетін жұмысшы өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмауға негізделеді.
Темір жол көлігінің қозғалысының және экспулатациясының қауіпсіздігін қамтаммасыз ету – экономикалық, өндірістік құқықтық, техникалық және басқада алдын алу әрекеттері, басқару органдарымен мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару, темір жол транспортының ұйымдары, басқа да заң тұлғалары, сонымен қатар басқада физикалық тұлғалардың және транспорттық жағдайларды болдырмауға бағытталған және де төнетін қауіп-қатердің, азаматтардың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, физикалық және заң тұлғаларының мүліктеріне зиянын келтіруді төмендетуге немесе болдырмауды қадағалайтын негізгі сала.
Транспорттық төтенше жағдай – қозғалмалы темір жол көлігі және оның қозғалысы кезінде туындайтын жағдай. Және мұндай жағдай орын алған кезде ол өзінің артынан азаматтардың өміріне және денсаулығынағ физикалық және заң тұлғаларына , қоршаған ортаға зиянын туғызады.
Темір жол саласында еңбекті қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі,Қазіргі таңда Темір жол саласында еңбекті қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі – техникалық прогресспен тығыз байланысты. Әмбебап механизация және өндіріс орнының автоматтандырылуы жұмыс жағдайын жеңілдету, ауыр физикалық жұмыстарды жою мақсатында қолданылады. Еңбекті қорғау саласының мазмұнына, техникалық қауіпсіздік шараларын ескермеуден алып келетін әлеуметтік зиян зардаптарды болдырмау шаралары еңгізілген, сонымен қатар мұндай жағдайларды болдырмау үшін арнайы құқықтық кепілдемелермен бекітілген (заңда және басқада нормаларда техникалық және санитарлық ережерлер, күнделікті шарттардың орындалуына қатаң бақылау орнатылған және тәртіб бұзушылық кезінде қатаң жауап алыну).
Еңбекті қорғау саласының негізгі бағыты болып: темір жол бойында, бекетте немесе аралықтардағы жұмысшыларды жүрдек пойыздардың соғып кетуінен сақтандыру ( жол бойында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік, жүрдек пойыздың соғып кетуінен , соғып кетуден қоршау, қауіпті аймақ). Электрлік травматика кезінде экспулатициялық ескерту және электр жабдықтарына қызмет көрсету, байланыстық желі және электрқозғалмалы құрамы (электрлік қорғаныс, электрмагниттік әсерден қорғаныс); санитарлық-гигиеналық талаптарды орындайтын әдіс-тәсілдерді зерттеу және енгізу (жұмыс орындарындағы шу мен діріл, шаңдану, жұмыс орнындарын жарықтандыру және т.б) санитарлық нормалар деңгейіне дейін, техникалық және гигиеналық талаптарды зерттеп талдау жасау, теміржолшылардың қызметіне байланысты арналған қорғаныс құралдарын және арнайы киімдердің жаңа түріне тапсырыс беріп, талап ету ( теміржолшылардың жұмыс орнындағы қоршаған жағдайлар, еңбек гигиенасы, зиянды заттардан қорғау, шудан қорғау, темір жол объектілерін жарықтандыру).
Еңбекті қорғау саласында сонымен қатар, жетілдірілген технологиялар, жаңа техникалық құралдарды құрастыру және еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативті-техникалық құжаттарды құру; еңбектің қорғауды жақсарту мақсатында әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын жақсарту; жаңа техниканың қауіпсіздігін бағалау, жаңа техниканы бағалау әдістерін құру және жұмысшылардың еңбегінің қауіпсіздігін жоғары дәрежеде қорғау технологиялыр құру бірден-бір маңызды шара болып табылады. Электрлік және жылулық таратуды еңгізу, жылжымалы құрамды пойыздың конструкциясын жақсарту, кейінгі талаптарға сай жақсартылған қауіпсіз өшіру құралдарын ескерту және электрқұралының бақылау сұлбасын жақсарту, жарықтандару және желдету, шуизоляцияларын жақсарту, механиканың әр түрлі тәсілдерін еңгізу және автоматтандыру теміржолшылар еңбегін біршама жақсартуға үлес қосты. Осылай, темір жол рельсін жолға бұру орталығы және олардың пневматикалық тазалануы, автоматты және механикалық түрде вагондардың сұрыптау төбешіктерінде тежеуі, автооқшаулағыш, автоматтық пойыздың дабылқаққышы, жүк құжаттарын жеткізу бойынша электрлік және пневматикалық почта, пойыздық радиобайланыс және тағы сол сияқты, пойыздардың қозғалысымен тығыз байланысты көптеген теміржолшылардың жұмысын жеңілдетті және жақсартты. Жоғарысапалы өндірушілердің жол және құрылыстың, машилардың, механизмдердің, түрлі құрылғылардың артуы жол монтерлерімен құрылысшылардың жұмысын жақсартты. Вагондарды жуу және цистерналарды тазалап жуу, тазарту және детальдарды тасу механиздері жұмысшылардың жұмысын адам танымастай етіп өзгертті. Әр түрлі Темір жол желілерінде бекетерде, ауыспалы токтың көптеп қолданылуы әр түрлі қолданыстағы конструктивті элементтерді қолдануға алып келді.
Белгіленген нормаларға сай жұмыс істейтін органдарда, арнайы киім, арнайы аяқ киім, индивидуалды қорғанысты қамтаммасыз ететін заттар, емдік-проффилактикалық тамақтану атап өтілгендердің барлығы еңбек шартында көрсетіліп, міндетті түрде іске асырылуы қажет.
Өндіріс орындары бойынша нормалар, еңбектегі санитария және гигиена арнайы құралмен өлшенеді, ол тұрмыстық және өндірістік гигиена талаптарына жауап береді, бұл құрылғыны орнату өндірістегі шаңнан, газдан, будан, температурадан және ауаның ылғалдылықтан, интенсивті және қатты дауыстан қауіпсіздікті біршама ұлғайтады. Қауіпсіздік техникасымен өндіріс санитариясы бірнеше жалпы ережелері жүйесінен тұрады. Шектеу негізіне алдымен олардың орындалу аймағы жатады. Жоғары сапалы өндірушілердің жол және құрылыстың, машилардың, механизмдердің, түрлі құрылғылардың артуы жол монтерлерімен құрылысшылардың жұмысын жақсартты