Едендік Одақ: саяси және экономикалық аспектілер.
Қазіргі таңда Кедендік одақ «посткеңестік экономикалық бірлестік» іспетті. Тек оның құрамына Ресей, Қазақстан және Беларус Республикасы кіреді. Осындай бірлестіктердің артықшылығы мен кемшіліктерін қанша айтқанмен, тек бір анық нәрсені мойындау керек. Барлық посткеңестік бірлестіктердің (олардың саны жиырмадан асады) ішіндегі Кедендік Одақ ең тиімді әрі ұзақ уақыт бойы жұмыс атқарып келе жатқан ұйым саналады.
КО құрылғаннан бастап оның құрамына Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияны қосу мәселесі талқыланып келеді. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты Кедендік Одақ мүше елдердің санын көбейтер емес.
Ресей Кедендік Одақ елдерінің қатарына Украинаны енгізуге тырысып жүр. Бұған Қазақстан мен Беларус Республикасының саяси тұрғыдан қызығушылығы жоқ. Ал Мәскеу үшін Украинаның қатысуынсыз ешқандай посткеңестік бірлестіктер маңызды емес. Ресей басшылығы Киевтің қатысуынсыз КО, Еуразия Одағының болашағын қарастырмайды.
Сонымен, посткеңестік елдерді біріктіруге тырысудың екі аспектісі бар, олар – саяси және экономикалық. Дегенмен айта кету керек, Кедендік Одақ пен Еуразиялық Одақ тек Ресей, Қазақстан және Беларус елдерінің бірінші басшыларының саяси еріктеріне негізделген.
Еске сала кетсек, Кедендік Одақ - екі немесе бірнеше мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларус Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз-гертіледі» деп атап көрсетті.
79. 2000 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ). Негізгі бағыттары.
ЕурАзЭҚ – өзара экономикалық іс-қимылды дамыту мақсатында құрылған халықаралық Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті құру үдерістерін тиімді ілгерілету, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің әлемдік экономика мен халықаралық сауда жүйесіне интеграциялану барысындағы іс- қимылын үйлестіру, экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдетуге бай-ланысты басқа да мәселелерді жүзеге асыру жатады. Бұл халықаралық экономикалық ұйымға қазіргі кезде бес мемлекет мүше. Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан. Ӛзбекстан ЕурАзЭҚ-қа 2006 жылы мүше болып енеді, алай-да, 2008 жылы қазан айында ЕурАзЭҚ құрамынан шыққан.
Негізгі бағыттары.
Еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары жүйесін қалыптастыру; мүше мемлекеттердің ДСҰ-мен және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау; Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес; экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу; бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму; көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру; ортақ энергетика рыногын қалыптастыру; білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту; Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына оның барлық аумағында білім және дәрігерлік көмек алуда тең құқық беру; ЕурАзЭҚ шеңберінде жасалған шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындау мерзімдерін үйлестіру; Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру мақсатында қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің өзара ықпалдасуын қамтамасыз ету.
80. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) тарихи маңызы.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген. ЕурАзЭҚ-тың құрылуы посткеңестік елдер арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастар тарихында елеулі оқиға болып, ол елдер арасындағы байланыстардың сапалық тұрғыда жаңа интеграциялық дамуға көшкендігін бейнеледі. Көпшіліктің мойындауы бойынша, Президент Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың наурызында М.В.Ломоносов атындағы университет қабырғасында сөйлеген тарихи сөзінде тұңғыш рет ұсынған еуразиялық бірігу туралы батыл идеясы ЕурАзЭҚ-тың бүгінгі табыстарынан нақты көрініс табуда. Сол жолы Елбасы ұсынған Мемлекеттердің еуразиялық одағын құру туралы жобада ол “посткеңестік кеңістікте тұрақтылық пен қауіпсіздікті, әлеуметтік-экономикалық модернизациялауды нығайту мақсатындағы егемен мемлекеттердің интеграциялану формасы” ретінде айқындалған болатын.
81. Бірінғай экономикалық кеңістік (БЭК) және Қазақстан Республикасыың бұл кеңістіктегі алар орны.
2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. ОсылайшаТәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.
Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.
82. Еуразиялық идеяның посткеңестік мемлекеттерде дамуы.
Назарбаев Еуразиялық Одақ құру туралы ұсынысының мәні посткеңестік мемлекеттерінің әрқайсысының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялық процестерді біртіндеп жүзеге асыру.
Еуразиялық интеграция идеясы сөз жүзінде емес, іс жүзінде нақтылай іске асыру біздің халықтарымыздың саяси, экономикалық, қорғаныс міндеттерін шешуге, және посткеңестік мемлекеттердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
83. Қазақстан Республикасының еуразиялық ықпалдасудағы үлесі.
1994 жылғы 29 наурыз күні Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессор-оқытушыларымен кездесуінде тұңғыш рет Еуразиялық одақ құру туралы идеясын ұсынды. Еуразиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық интеграция – қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы, оның сұранысына жауап болып табылады.
Еуразияшылдық дегеніміз – іштей топтастыру, бірлік. Қазақ даналығына сүйенсек, бірлік бар жерде тірлік те болады. Өз мағынасы, өзінің табиғаты мен мәні жөнінде де ол солай болуы тиіс. Егер Батыстың ұраны: “Сыртқы дүниені танып, соның негізінде оны қайта өзгерт” десе, Шығыстың ұраны: “Өзіңді өзің танып, соның негізінде оны қайта өзгерт”. Ал Еуразияның ұраны: “Ізгілік жасау немесе жақсылыққа, жарастыққа, парасаттылыққа ұмтылу”. Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: “Адам бол!”, рухани-адамгершілік жағынан жетілген, Шығыстың руханияты мен Батыстың озық технологиясын, білімін, ақыл-ойын бойына сіңіріп, екеуін ұштастырған толық адам бол!
84. Н.Ә.Назарбаевтың еуразияшылдық идеясының маңызы.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру жөніндегі идеясы туралы айтар болсақ, ол саяси немесе жалаң сыртқары ойларға емес, Еуразия халықтарының мәдениеті мен болмысының іштей жақындығына, славяндар мен тұрандықтардың іс жүзіндегі ішкі менталдік бірлігіне негізделген. Еуразияшылдық аймақтағы геосаяси және әлеуметтік-мәдени кеңістік шеңберінде терең интеграциялық үдерістер басталған болашағы мол тарихтың жаңа философиясы рөліне ұмтылып отыр.
85. Еуразиялық Одақтың экономикалық, саяси және тарихи мәні.
Еуразиялық кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастар мен интеграциялық үдерістерді алсақ, олар еуразияшылдықтың табиғи терең мәнін көрсетеді. Егер Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру жөніндегі идеясы туралы айтар болсақ, ол саяси немесе жалаң сыртқары ойларға емес, Еуразия халықтарының мәдениеті мен болмысының іштей жақындығына, славяндар мен тұрандықтардың іс жүзіндегі ішкі менталдік бірлігіне негізделген. Еуразияшылдық аймақтағы геосаяси және әлеуметтік-мәдени кеңістік шеңберінде терең интеграциялық үдерістер басталған болашағы мол тарихтың жаңа философиясы рөліне ұмтылып отыр.
Саяси-экономикалық қажеттіліктерден туындаған бұл идея бүгінгі күні экономикада, саясатта, мәдениетте, ғылымда, білімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) деп аталатын бірлестікті дүниеге әкелді. ЕурАзЭҚ-ты құрудағы мақсат ортақ сыртқы кедендік шекараны, біртұтас сыртқы экономикалық саясатты, ортақ тарифтерді, бағаны қалыптастыру болды. Кеңестік жоспарлы экономика аясында тығыз шаруашылық байланыста болған бұл елдер одақ ыдырағаннан кейін саяси тәуелсіздік алып, нарықтық экономиканы қалыптастыруға көшті.
Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері:
Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар құнының төмендеуі алып келеді
Бәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырады
Үлкен халқы бар нарықтын кұрылуы.
86. ХХІ ғасырдағы еуразияшылдық: бүгіні және болашағы.
Еуразиялық Одақ – бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақтарымен өлшенетін мегажоба. Ол қалыптасуы тарихтағы ең күшті жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстар ықпалымен басталған жаңа әлемдік архитектураның органикалық бөлшегі болудың барлық үлкен мүмкіндіктеріне ие. Бұл үшін еуразиялық интеграцияға қатысушылардың барлығында іс-қимылдың анық та нақты стратегиясы болуы қажет.
ХХІ жүзжылдықта Еуразиялық одақты жаһандық дамудың нақты бақыланған трендтерінен тыс қалыптасқан жаһандық күштердің табысты орталығы ретінде көз алдыңа елестету мүмкін емес. Үстіміздегі жүзжылдықта аймақтану жалпыәлемдік үрдіске айналды. Еуропалық одақ таяудағы жылдарда құрамына Хорватияны, болашақта Сербия мен Черногорияны және басқа елдерді қосу есебінен одан әрі кеңеюді жоспарлап отыр.
73. Еуразиялық Одақ әлемдік даму үрдісі мен жаһандану жүйесі аясында Әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. Сол сәттен бері, өз дамуын алған бұл еуразияшылдық идея түрлі идеологтар, саясаткерлер, сарапшылар тарапынан қолдау тауып, қазір өмірге белсене еніп келеді.
Еуразияшылдық идеясының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Г.В.Вернадский дамытқан философиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық доктринасын теориядан шынайы болмысқа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға болады. Олай болса, ресейлік «ескі еуразияшылдық» пен қазақстандық «жаңа еуразияшылдықтың» айырмашылығын ажыратып алайық. Біріншіден, еуразияшылдық Ресей үшін тарихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екіншіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Батыстан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жылы қабылдаған «Еуропаға жол» бағдарламасы осының айғағы болып табылады. Үшіншіден, Назарбаевтың еуразиялық доктринасы орыстардікіндей тар ауқымдағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өркениетаралық байланыстар әдісі, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады.
87.Еуразиялық Одақ әлемдік даму үрдісі мен жаһандану жүйесі аясында.
Қазіргі кездегі әлемдік даму үрдісі жаһанданумен тікелей байланысты. Жаһандану кез келген мемлекеттің саясатына, экономикасына, мәдениетіне, әлеуметт рухани жағдайына да әсер етіп отыр. Әсіресе, бұл үрдіс ТМД елдерінің даму жағдайына ықпал етіп отырғаны айқын. Осы орайда бұрынғы одақтас республикалар арасында қалыптасқан ықпалдастық үрдісіне ерекше тоқталу қажет. КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік мемлекеттер арасындағы жан жақты қарым қатынас үрдісі еуразиялық ықпалдасу бағытында қалыптасып, дамыды. Дегенмен, Украина, Грузия, Молдова еуразиялық ықпалдасудан гӛрі еуропалық векторға кӛп кӛңіл бӛледі. Беларусь болса, посткеңестік республикалар арасында болып жатқан ықпалдасу үрдісінің ең белсенді қатысушы мемлекеті болып табылады. Ол ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ қатарындағы елдердің бірі. Ал, Ӛзбекстан мен Түрікменстан сияқты Орта Азия елдері еуразиялық кеңістіктегі ықпалдасу үрдісіне арласулары Беларусь Республикасындай емес. Бұған аталған мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ұстанатын бағыттарының ӛзгешелігі әсер етті. Еуразиялық жобаға Қырғызстан мен Тәжікстан тарапынан қолдау кӛрсетілді. Кейбір посткеңестік елдер әлі де еуразиялық ықпалдасуға онша назар қоймай келеді. Мәселен, Армения мен Әзірбайжан осындай «күту» жағдайындағы мемлекеттер.