Мемлекеттік идеологияның ұғымы.

Иделогия дегеніміз не? Идеология – ілім, қоғамдық сана (грекше – идея – ой, пікір логос – ілім). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қоғаушы деген түсінік.

Алғаш рет «идеология» деген терминді француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданды.

Иделогия бүгін ғана қалыптасқан ұғым емес. Қоғамдық-экономикалық формациялармен, мемлекеттік құрылыспен қатар туып, байланысты дамып келе жатқан табиғи да толассыз қоғамдық құбылыс. Идеология дегеніміз белгілі бір мақсатқа бағытталған идеялар жүйесі. Осы идеяларды жүзеге асыру арқылы ұлттық немесе әлеуметтік топтың түпкілікті мақсатқа жетуі көзделеді. Мұндай жүйелерді арнай идеологиялық қызметкерлер жасайды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының өзіне тән мемлекеттік идеологиясын қалыптастыру, оны бұқара арасында жаю, сол арқылы қазақ қауымын, елімізді мекендеуші ұлт пен ұлыстарды ортақ іске мемлекетті нығайту ісіне жұмылдыру үлкен жұмысқа айналып отыр.

Ұлтаралық келісім, олардың белгілі бір дүниетанымдық идеялар төңірегінде топтасуы – біздің мемлекетіміздің негізгі кепілі. Тәуелсіздік жолына жаңа түсіп, өзінің көп ұлтты еліне, бай да кең байтақ жеріне, басқа да ерекшеліктеріне орай және демокартиялық жолымен тез дамуды көздеп отырған Қазақстан Республикасы болса, дәл қазір өз мақсатына қызмет ететін идеологияны керек етіп отырғаны күмәнсіз.

Қазақстандағы жаңа идеологияның бағдарлары.Қазақстан елінің қазір өткен мен болашақ ортасындағы өтпелі кезеңде тұрғандығы белгілі. Ондай қоғамның ішінара да, түбегейлі өзгерістерге де көп ұшырап жатуы ықтимал. Демек, теориялық пайымдауда да қалыптаса бастаған қағидаларды оқтын-оқтын қайта қарауға тура келетін тұстар да болуы мүмкін. Оның ешқандай айыбы жоқ. Қайта қасандыққа ұрынбауға, бұрыстыққа жол бермеуге оң ықпал тигізері сөзсіз. Мәселен қоғамның бір сападан екінші сапаға өтуін революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен қамтасыз етуге баса мән беруде жатыр. Ол тек әлеуметтік жарастық жағдайында ғана мүмкін болды. Ендеше қоғамдағы ынтымақ – жас тәуелсіз мемлекет үшін ең басты саяси құндылық болып табылады.Мемлекет тоталитаризм жолына түсіп, бір идеологияны ұстанса, көп өмір сүре алмайды. Ұлтшылдықтыту етіп көтерген Германия, марксизмді теория емес, идеология деп таныған КСРО соның айқын айғағы.

Біздегі мемлекеттік идеология – ұлттық мұраттардан туындай отыра жалпы қазақстандық мақсаттарға ұласатын идеялар мен көзқарастар жүйесі. Негізінен ұлттық идеология құрайтын Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы жалпы азаматтық құндылықтар мен рухани мұра жетістіктерімен үнемі толығу, баю үстінде болмақ. Демек мемлекеттік идеология – қазақтың ұлттық идеологиясының өркениетті адамзаттық, планета аралық идеологиямен синтезделіп қауышуы, жаңа сапалық дәрежеге өтуі. Осындай жаңа мазмұндық және сапалық деңгейде Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы қалыптаса бастайды. Өркениетті мемлекеттердегі және Қазақстанның төл ерекшеліктерін қамти отырып, қызмет ететін идеологияның қалыптасуы өте-мөте күрделі әрі ұзақ мерзімдік процесс. Сондықтан, елдің барлық әлеуметтік және ұлттық топтарының мақсат-мүдделерін ескеретін мемлекеттік идеологияның қалыптасып, дамуы үшін ең алдымен қазақ халқының ұлттық идеологиясының дұрыс қалыптасуы айрықша маңызды. Екіншіден, қазақтың идеологиясының ең озық, ең өркениетті, адамгершілік, ізгілік пен адалдық мазмұнындағы үлгілері күллі қазақстандықтардың дүниетанымының обьектісіне айналуы керек. Ұлттық идеология осындай үрдістерден дамып, жалпы қазақстандық мемлекеттік идеологияға барып ұласа алады. Кез келген мемлекет өз азаматтарын болашақ туралы идеямен қамтамасыз етуі керек. Онсыз адамның күнделікті іс-әрекеттерінің мәні болмайды.

Идеология өте күрделі құрылым, ғылыми таным, көзқарас мәселесі. Жаңа буынның өзіндік идеологиясы–Қазақстанның тәуелсіздігі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болғандығы, Қазақстанның тарихының жаңаша әрі жан-жақты жазыла бастауы. Идеологияның түп қазығы осыған негізделетін болады.

Қоғамдық дамудың басты мақсаты – жеке адамның рухани тұрғыдан өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ету. Америка Құрама Штаттары, Жапония өз елдерінде балаларды бүлдіршін кезінен бастап, өсіп ержеткенге дейін қайта-қайта тексеріп, сынап, дарындыларын іріктеп алатын тәрбие, оқу жүйесін жасады. Бұл елдерде баланың болашағы ата-ананың қызмет дәрежесі, қалтасының қалыңдығына емес, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Осы тұрғыдан келер болсақ, тәуелсіздікке, құқықтық мемлекетке, демократияға және нарықтық экономикаға жету прогрессивтік дамудың жолындағы қажетті, бірақ, өтпелі сатылары болып табылады. Ал мұның өзі тәуелсіздіктің, құқықтық мемлекеттің, демократияның жақсы жақтары мен жаман жақтарын саралап, мезгілімен байқап, реттеп отыруды қажет етеді. Тарихи дамудың түбегейлі мақсаты – адам, оның өсіп-өнуі, гүлденіп, дамуы, жан-жақты жетілуіне жол ашу, жағдай жасау. Экономикалық, саяси өзгерістер осы мақсатқа жетудің құралдары ғана.

Қазақстанда мемлекеттік идеологияның қызметі үш түрлі бағыттарда қызмет жасаауы қажет:

- адамдардың қоғамдастығын топтастыру;

- әлеуметтік мінез – құлықты қалыптастыру;

- адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету;

Қазақстанның экономика саласындағы идеологиясының негізігі бағыттары мыналар:

- өзіміздің кәсіпкерлікті қолдау;

- өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру;

- халықты әлеуметтік қорғау;

- мемлекеттік байланыстар үшін экономикалық саяси серіктестіктер таңдауда байыптылық таныту;

Аса маңызды идеологиялық міндеттердің бірі – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі билеуін қалыптастыру. Идеялық бірігу арнасында қоғамда жоғары тіл мәдениеті орнығуы тиіс. Қоғамның бірігуін нығайтуға тұрақтылық, азамттық келісім ахуалын құру елеулі әсер етеді.

Дебиеттер

1.Назарбаев Н. Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.

2.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – Алматы, 1996.

3.Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы – Алматы, 1957.

4.Сыздықов С.,Қанаев С., Жеңіс Ж. «Мәңгілік ел идеясы: қалыптасуы,үш негізі,тарихи сабақтастығы». Астана, 2013.-320 б.

5.Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзі 23.04.2015. // http://www.akorda.kz

6.«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаетың Жолдауы // Казахстанская правда от 15.12.2012.

7.«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаетың Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz

8. «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол»ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаетың Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz

Наши рекомендации