Сыртқы сауданы реттеу.
Кіріспе
Сыртқы экономикалық қызмет сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуына оңтайландыру бойынша мемлекетпен оның орындалуын нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті:
-Сыртқы экономикалық негізін құраушылар;
-Сыртқы сауда саясаты;
-Шетел инвесторларын тарту және шетелдік ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;
-Валюталық сасат.
Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қызметті зерттейді,оның айрықша белгілері:
-Тауарлар мен қызметтің халықаралық сауда саттығы;
-Материалдық,ақша еңбек және интелектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процессінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны жалпы шекарасы басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы,сондай-ақ басты табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперациялауға,біріккен ұйымдарға агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алға шарттар жасайды.
Қазақстан ТМД елдері мен сауда экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздерінен сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принціптеріне сүйенеді.
Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либеризациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы,Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедендік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып кеден ісінің элементтерін унификациялауды жетілдіру қажет етеді.
Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір-бірімен өзара байланыс қалыптасқан:
-Халықаралық;
-Көп жақты жеке ұлттық реттеу.
Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы. Одан сабақ алуы оны болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.
1.Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі
Сыртқы экономикалық сфера- халық шаруашылық кешенінің ажырамас бөлігі.
Сыртқы экономикалық қызметті реформалау: мақсаттары және міндеттері.
Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті реформалау
кезендері. Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті
реформалаудың негізгі құжаттары. Сыртқы экономикалық қызметті басқарудың экономикалық әдістерін енгізу. Сыртқы экономикалық қызметті реформалау кезендерінің сипаттамасы, ерекшеліктері,міндеттері. Экспорттық құрылымды жетілдіру,рационалды экспортты қамтамасыз ету.Өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Кәсіпорын – сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі звеносы. Шет елдерімен кең ғылыми-техникалық және өндірістік кооперацияға көшу.Өнеркәсіптің приоритетті салаларын дамыту. ҚР-да сыртқы экономикалық қызметті дамыту стратегиясы.
Сыртқы экономикалық қызмет ұғымы 80-жылдарда кеңінен пайда бола
бастаған. Бұл басқару жүйесін өзгерту қажеттілігіне және сыртқы экономикалық реформаны жүзеге асырудың басталуына байланысты еді.
Сыртқы экономикалық байланыс – бұл ғылыми-техникалық, өндірістік, сауда
және валюта-қаржы ынтымақтастығы саласындағы үкіметаралық келісімдерді жүзеге асыру нысаны болып табылады. Мағынасы бойынша: мемлекеттік қажеттілікке арналған экспорттық жеткізілімдерді, мемлекетаралық экономикалық міндеттерді және халықаралық мамандандыру мен кооперация шеңберінде жасалған үкіметаралық сауда жӛніндегі келісімдерді жүзеге асыруды өзіне қамтиды.
Сыртқы экономикалық байланыс шараларын жоспарлауды, тауарлар мен
қызмет кӛрсетудің түрлерін, олардың тізімін анықтауды үкіметтік деңгейде жүзеге асырады. Оларды стратегиялық маңызды позициялар бойынша мемлекеттік тапсырыс және лимиттер арқылы анықтайды.
Мемлекеттік тапсырыс дегеніміз – мемлекеттік қаржы есебінен өндірілетін экспорттық өнімнің алдын ала белгіленген мөлшерін көрсететін директивтік жоспар. Оның ерекшелігі келесідей:
- мемлекеттік министрліктер мен мекемелер мемлекеттік тапсырыстар бере отырып, белгіленген мерзім ішінде оның құнын толық тӛлеу міндетін ӛздеріне жүктейді;
- мемлекеттік тапсырыстарды экспорттық өнім шығаратын өндіруші-
кәсіпорындармен келісім жасау арқылы жүзеге асырады, онда жақтардың
материалдық және қаржылық жауапкершілігін өзара келіседі;
- мемлекеттік тапсырыстың тартымдылығы – кәсіпорын өз міндетін орындағаны үшін төлем толығымен кепілдемеде болуында. Өнім өткізудегі мұндай кепілдеме, біріншіден, мемлекеттік тапсырысты бәсекелік негізде орындауға; екіншіден, өнім сапасына, оның техникалық көрсеткіштеріне орындау мерзіміне қатал талап қоюға мүмкіндік береді;
- мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын жергілікті өкімет
органдарының тапсырыстары өз мағынасы жағынан мемлекеттік тапсырыстарға жақын келеді.
Сыртқы экономикалық қызмет бұл – экспортқа бағытталған кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық, ұйымдастыру-экономикалық, ағымды-коммерциялық міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Мұнда олардың таңдаған сыртқы экономикалық стратегиясы, шетел әріптестері нарығындағы жұмыс нысандары мен әдіс амалдары есепке алынады. Сыртқы экономикалық қызметтің сыртқы экономикалық байланыстардан айырмашылығы оны негізінен кәсіпорын, фирма, ұйым, бірлестік, корпорация сияқты өндірістік құрылымдар деңгейінде жүзеге асырылады.
Өндірістік құрылымдағы сыртқы экономикалық қызмет:
- сыртқы нарықты, шетелдік әріптестерді, экспорттық-импорттық мәмілелер жасайтын тауарлар номенклатурасы, ассортименттерін, контрактілердегі бағалары мен құнын, тауарлардың мөлшерін, оларды жеткізу, мерзімін анықтайды. Осы қызметтегі таңдауда ол өзінің толық дербестігімен сипатталады.
- нарықтық салаға жатады, кәсіпкерлік қызмет критерийлеріне, өндіріс пен құрылымдық байланыстарға негізделеді;
- құқықтық дербестігімен, экономикалық жағынан салалық мекеменің
қамқорлығымен заңды түрде тәуелсіздігімен ерекшелінеді;
- кәсіпорындық СЭҚ-тің бастама принципі шаруашылық, қаржылық дербестігіне байланысты, яғни өзін-өзі өтеуге негізделген.
- валюталық жағынан шығынын өздігінен өтеу принциптеріне ерекше мән беріледі. Ол сыртқы нарықтағы экспорттық саудадан түсетін валюта есебінен қамтамасыз етіледі, осыдан СЭҚ-ке қатысушылардың валюталық қоры құрылады.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеуде мемлекетпен жүргізілетін сыртқы экономикалық саясат сипаты көп жағдайда салалық министрліктердің, мекемелердің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, корпорациялардың СЭҚ стратегиясын анықтайды. СЭҚ арқылы қазіргі жағдайда ел экономикасын құрылымдық тұрғыдан өзгертуге, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, басқа да салаларды жедел кӛтеруге, ұлттық валюта курсын тұрақты ұстауға қажетті қаржы келтіруге мүмкіндік береді.
СЭҚ-тің мынадай түрлерінмен ерекшелінеді:
- сыртқы сауда қызметі;
- өндірістік кооперация;
- халықаралық инвестициялық ынтымақтастық;
- валюталық және қаржы-несиелік операциялар.
1.Сыртқы сауда қызметін тауарлармен, қызметпен, қызмет көрсетулермен, ақпаратпен, интеллектуалдық қызметпен халықаралық айырбас жасау саласындағы кәсіпкерлік деп түсінуге болады.
2. Кәсіпорын, фирмалардың СЭҚ шеңберіндегі өндірістік кооперация –
халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықтың бір түрі. Өндірістік
кооперация шеңберінде іс-қимыл бірлігін мынадай жолдармен шешуге болады:
- экспорттық және импортты алмастыратын өнімдерді бірлесіп жоспарлау;
- ғылыми жасалымдарды болжамдау, бірлесіп жүргізу, қажетті ақппараттар, аспаптар, материалдар, ғылыми-техникалық ақпараттарды бірлесіп қамтамасыз ету;
- кадралар дайындау жұмысын ұйымдастыру.
3. Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық - әріптестер халықаралық деңгейде өзара іс-қимыл жасау нысандарының бірі қаржылық, материалдық- техникалық жағынан күш біріктіру негізінде жүзеге асырылады.
4. Валюталық және қаржы-несиелік операцияларды кәсіпорындар мен
фирмалардың СЭҚ түрі ретінде мына бағыттарды алып қарауға болады:
- бұл нақты есеп айырысу арқылы жеткізілген өнімнің төлемін қайтаруға
байланысты және валюталық курс айырмашылығынан зиян болдырмау
мақсатымен;
- мұндай операцияларды қаржы-банктік саладағы СЭҚ-тің дербес түрі ретінде алып қарастырылады, яғни мұндай операциялар халықаралық есеп айырысу жүйесінде ішкі валюталық нарыққа және сыртқы саудалық төлемге қызмет етеді.
Сыртқы экономикалық қызмет дегеніміз елдер арасында материалдық, қаржылық және интеллектуалдық ресурстарды қолданудағы әртүрлі бағыттарын айтамыз. Сондықтан СЭҚ мемлекеттің араласуы дәстүрге айналған және мемлекеттің реттеу қажеттілігі қажет. СЭҚ реттеуді мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатпен анықтайды. СЭҚ-тің объектісіне мыналар жатады:
- халықаралық саудадағы тауарлар мен қызмет көрсетулер;
- әр түрлі фирмалардағы капиталдардың халықаралық қозғалысы;
- өндірістік, кәсіпкерлік, ғылыми-техникалық тағы басқа байланыстар;
- интеллектуалдық меншікті айырбастау;
- қаржы-несиелік ресурстарды халықаралық деңгейде пайдалану.
СЭҚ басқарудың келесідей мақсаттарын атауға болады:
1. СЭҚ басқару, ұйымдастырудың теориялық негіздерін, принциптерін,
ерекшеліктерін көрсету;
2. СЭҚ басқару, ұйымдастырудың маңызды механизмдерін және әдіс амалдарын меңгеру;
3. СЭҚ нақты түрлерін ұғыну, мемлекеттік реттеудің халықаралық тәжірибесімен, халықаралық саудадағы реттеу принциптері және құралдарымен танысу;
4. дамыған елдердің экспорттық қызметінің тәжірибесімен танысу;
5. халықаралық коммерциялық мәмілелерді дайындау принциптерін ұғыну, әдістерін меңгеру;
6. сыртқы саудалық сатып алу сату контрактыларын дайындау принциптерін ұғыну
Сыртқы сауданы реттеу.
Сыртқы экономикалық қызметтің ұйымдық-құқықтық мазмұны. Мемлекеттік сыртқы-экономикалық саясат.Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу әдістері.
Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік әдістері, тарифтік емес шектеулер.
Экспортталатын және импортталатын тауарларды кедендік реттеу. Валюталық реттеу. Сыртқы экономикалық қызметтің ұйымдық-құқықтық мазмұны.
Мемлекеттік сыртқы-экономикалық саясат.Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу әдістері. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік әдістері, тарифтік емес шектеулер.
Қазіргі таңда сыртқы нарыққа шығуда сыртқы саудада мәмілелерге қол
жеткізу, оларды дайындау амалдары әртүрлі. Сыртқы нарыққа шығу біріншіден, экспорттық-импорттық тауар ағымдарын тәртіпке келтірудің халықаралық және ұлттық шартты жағдайлары туралы ақпараттарды игеруге; екіншіден, нақты өнім түрлерін өткізудің және оған сәйкес сыртқы саудалық мәмілелерді дайындаудың әртүрлі нысандары мен амалдарын зерттеп білуге байланысты.
Әр түрлі елдердің өнім өндірушілері арасындағы байланыс жасаук нысаны сыртқы сауда болып табылады. Сыртқы сауда тауар айналымы саласына қызмет жасайды. Оған сыртқы сауда операциялары арқылы орындалатын қызмет көрсетулер қамтиды, бұл қызметтер коммерциялық сипатта болады. Халықаралық сауда дегеніміз - әлемдік қоғамдастықтың басым көпшілік елдері сыртқы сауда көлемінің жиынтығын көрсетеді. Оның шеңберінде тауарлар мен қызмет көрсетудің жалпы өткізу сомасы әлемдік тауар айналымын құрайды.
Сыртқы сауда операциялары дегеніміз – коммерциялық қызметтің негізгі және көмекші түрлерінің кешені, сатып алу –сату шарттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін техникалық амал әдістердің жиынтығы болып табылады, яғни әр түрлі елдер арасында контрагенттерінің сауда айырбасын жасауға бағытталған іс-қимылдардың кешені.
Сыртқы сауда операцияларын негізгі 3 түрлі белгілері бойынша жіктеуге
болады:
1. Сауда бағыттары бойынша мынаған жіктеледі:
а/ операциялардың негізгі түрлері бойынша:
- экспорттық
- импорттық
б/ операциялардың кӛмекші түрлері бойынша:
- несиелік
- есеп-айырысу, төлемдік
- жарнамалық
- сақтандыру
- кедендік
- валюталық
- транспорттық
- тиеу-түсіру жұмысы, фрахт жасау, агенттік.
2. Мәміленің зерзаты бойынша:
- тауарлар және өнімдер
- шикізаттар
- жұмыс және қызмет көрсетулер
- интеллектуалдық қызметтің нәтижелері.
3. дербестік дәрежесі бойынша:
- тікелей айырбастық: сатып және сату.
- делдалдық: комиссиондық, агенттік, консигнациялық.
- брокерлік.
Сыртқы сауда операцияларының негізгі түрлері экспрот және импорттық операциялар болып табылады. Экспорттық операциялар – бұл тауарды сатушының елінен сыртқа шығару арқылы шетел сатып алушысына сатуға бағытталған қызмет. Импорттық операция – бұл шетел сатушысынан тауарлар, технологиялар, қызмет көрсетулер сатып алуға, ары қарай оларды ішкі нарықта өткізу үшін сатып алушының еліне енгізуге байланысты қызмет. Реэкспорт – бұрын сырттан әкелген тауарды қандай өңдеу жасамай қайтарып сыртқа шығару. Реимпорт – бұрын сыртқа шығарған, онда ешқандай өңдеуден өтпеген тауарды қайтарып ішке енгізу.
Сыртқы сауда операциялар әріптестер арасындағы экономикалық, қаржылық және құқықтық сипаттағы әр алуан салаларды қамтиды. Оларды әріптестер арасында жасайтын сыртқы саудалық мәмілелер негізінде жүзеге асырады.
Әлемдік саудада сыртқы сауда мәмілелердің түрлері көп, олардың ішінде мыналарды ерекше атауға болады:
- мәмілелердің зерзетымен (тауар, қызмет көрсету, интеллектуалды қызмет нәтижелері);
- олардың ерекшеліктерімен (шикізаттық тауарлар, машина- техникалық дайын өнімдер);
- әлемдік нарықтағы сауданы ұйымдастыру нысандарымен;
- сыртқы сауда мәмілелерді тауар өткізу арналарына және халықаралық әріптестер арасындағы өзара қатынастардың сипатына тәуелді болады.
Сыртқы сауда мәмілелердің келесідей типтері бар:
1. мәмілелердің мердігерлік типтері (инжирингтік)
2. арендалық типтері (лизингтік)
3. лицензиялық типтері (ноу-хау, технологиялар)
4. өтемдік типтері (бартерлік, өңдеуге берілген шикізаттар, ескірген өнімдерді өтемге алу).
Халықаралық мәміле дегеніміз - әр түрлі мемлекеттерде орналасқан
фирмалар, компаниялар, кәсіпкерлік қызметтің басқа да нысандары арасында тауарды жеткізу немес қызмет көрсету туралы келісім шартты айтамыз.
3. Әлем және ТМД елдерімен Қазақстанның сауда-экономикалық