КҮнтізбелік таҚырыптыҚ жоспар

АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕН УНИВЕРСИТЕТІ

ЫҚ” КАФЕДРАСЫ

Ық мектебі

Бекітемін

Оқу жұмыстары жөніндегі проректор

Дүйсенғұлова Н.С.

Ж.

Бакалавриат білім бағдарламасы

В050301 – «Құқықтану» мамандығы

Оқыту формасы – күндізгі

Халықаралық жеке құқық» пәнінен

СИЛЛАБУС

Курс: 3

Семестр: 5

Кредиттер саны: 3

Оқытушы: з.ғ.к., доцент Тлеужанова А.И.

Телефон: 87771620838, кабинет 326

Алматы, 2014

Құрастырушы: з.ғ.ғ.к., доцент __________________Тлеужанова А.И.

Силлабус «Халықаралық жеке құқық» курсының жұмыс бағдарламасының негізінде 5В050301 – «Құқықтану» мамандығы бойынша студенттерге арналған.

Силлабус «Құқық» кафедрасының отырысында қаралды

№ 1 хаттама , «27» тамыз 2014 ж.

«Құқық» кафедрасының меңгерушісі, .

доцент, LL.M ___________________________ Г.Амангалиева

Силлабус Алматы Менеджмент Унизверситетінің Оқу Әдістемелік Кеңесінің отырысында бекітілді №_____хаттама, «____»_______________2014ж.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының халақаралық құқықтық субъектілікке ие болуы ауқымды халықаралық қарым-қатынастардың, соның ішінде әр түрлі мемлекеттер азаматтардың өзара әрекеттесуінің негізін қалады. Мұндай жағдайда шетелдік шиеленістірілген азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық жеке құқықтың ролі мен маңызы арта түседі.

Осы пәнді оқыту әдістемесі:дәрістерді; тәжірибелік сабақтарды, СОӨЖ, СӨЖ өткізуді қарастырады.

Бұл пәнді оқытудың мақсаты – халықаралық жеке құқықтың негізгі түсініктерімен, салаларымен және институттарымен, халықаралық конвенциялар ережелерімен және сот тәжірибесімен таныстыру. Пән халықаралық құқық мамандығы бойынша негізгі болып табылады.

Осы курсты оқып білудің міндеттері халықаралық жеке құқық нормаларын тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының соттары мен басқада құзырлы органдарда шетелдік және Қазақстандағы жеке тұлғалардың мүддесін қорғау.

Сондай-ақ шетел заңын қолдану процедуралары мен тәртібін зерттеу, шетел құқығының мазмұнын анықтау, біржағы шетел тұлғасы болып табылатын мәмілелерді жасауға дайындау және жасау мүмкіндіктерін анықтау, сонымен қатар халықаралық шарт ережелерін нақты жағдайларда қолдану.

Осы пәнді оқып білу үшін білімгерлер мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқық теориясының тарихы, Қазақстан Республикасы және шетелдердің конституциялық құқығы, қаржылық құқық және халықаралық валюталық құқық, сондай-ақ аграрлық құқық және сыртқы экономикалық қызметті құқықты реттеудің негізгі түсініктері мен категорияларын білуі тиіс.

Аралас пәндер ретінде халықаралық жұртшылық құқық, азаматтық құқық, отбасылық құқық, еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу оқылуы тиіс.

Халықаралық жеке құқық шетелдік элементтер шиеленістірілген азаматтық-құқық қатынастарды реттейтін болғандықтан негізінен Қазақстан Республикасының және шетелдердің азаматтық құқығы оқылады.

Азаматтық заңдардың негізгі қағидалары, түсініктері, категориялары және институттары азаматтық құқық және халықаралық жеке құқық үшін ортақ болып табылады.

Халақаралық жеке құқық негізгі қайнар көздерінің бірі–халықаралық шарт. Осы тұрғыдан алғанда халықаралық жұртшылық құқық тарихымен және негізгі институттарымен танысу қажет. Азаматтық іс-жүргізу оқып білуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс, себебі халықаралық жеке құқықтың маңызды бір тарауы–халықаралық азаматтық іс жүргізу.

Бағдарлама отандық және шетел әдебиеттері негізінде жазылды.

Осы пәнді оқыту үшін қажетті материалдарды меңгеруі керек тақырыптардың аты көрсетілген

Пән пререквизиттері.Мемлекет және құқық теориясы,ҚР-сы және шел ел мемлекетерінің конституциялық құқығы, ҚР-сы және шет ел мемлекеттерінің сауда-саттық құқығы, ҚР-сы және шет ел мемлекеттерінің азаматтық құқығы, ҚР-сы және шет ел мемлекеттерінің азаматтық іс-жүргізу құқығы.

Пән постреквизиттері.Халықаралық арбитраждық процесс, Халықаралық экономикалық құқық, Халықаралық валюталық құқық.

Студенттер курсты оқу барысынды бакалаврдың компетенттімоделіне сәйкес дағдылануы тиіс.

Жалпы біліктілік

· білу керек: Халықаралық жеке құқықтың өзекті проблемаларын білу;

· меңгеру керек: қоғамдық өмірдің құқықтық құбылысын дұрыс бағалау; халықаралық -құқықтық құбылыстарға әдістемелік тұрғыдан талдау жасай білу және оның қалыптасуы, дамуы мен өзгеруінің объективтік себебін анықтау;

· дағдылану: нақты халықаралық -құқықтық институттарды жақсы меңгеруге қажетті жалпықұқықтық түсініктер пен санаттарды меңгеру, осы арқылы күрделі қоғамдық қатынастарда заңды фактілерді талдауды үйрену.

Мамандану бойынша біліктілік:

· білуі тиіс: халықаралық жеке құқық пәні, халықаралық жеке құқықпен реттелетін қатынастар, шет ел элементінің түсінігі, ХЖҚ-тың мәселелері. «Халықаралық», «жеке» терминдердің анализі, халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері, қайнар көздерінің түрлері, халықаралық шарттар, шарттар түрлері, халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы, халықаралық жеке құқықтың жекелеген институттары сияқты ұғымдарды білуі керек

· меңгеруі тиіс: халықаралық жеке құқық ғылымынан алған білімдері мен әдістемелерін кәсіби қызметінде қолдану;зерттеу жұмысы; кәсіби қызметіне қатысты заңды нормаларымен құқықтық қатынастарға талдау; туындаған мәселелерді логикалық тұрғыда талдау, атқаратын жұмысына қатысты жайттар мен детальдарды толығымен меңгеру

· дағдылану: халықаралық жеке құқықтың кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, соңғысын жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру; студенттердің ғылыми конференцияларына баяндамалар әзірлеу, курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды оқытушылар мен комиссия алдында жария қорғай білу.

КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Наши рекомендации