Коммерциялық банктің пайдасын қалыптастыру мен пайдалану

Банк активтерінің табыстарын басқару - тәуекел тұсында және банк балансының өтімділігін қамтамасыз ете отырып, банк пайдасын арттыруды білдіреді. Банк активтерінің табыстарын басқару банк пайдасын басқару арқылы жүзеге асырылады. Банк табыстарын басқару жүйесі бір бірімен байланысты мынадай элементтерден тұрады: - пайданы басқаруға қатысушы банк бөлімшесін анықтау; - банктің табысын, табыстары мен шығыстарын жоспарлау; - банк қызметінің пайдалылық деңгейін бағалау тәселдерін қолдану; - банк табысын ағымдағы реттеу әдістерін анықтау. Банк табыстарын басқаруға біріншіден әртүрлі бөлімшелер: жетекші ұйымдар, департаменттер, басқармалар, бөлімдер қатынасады; екіншіден қазынашылық қатысады, үшіншіден банк бухгалтериясы, төртіншіден банктің ішкі бақылау бөлімдері қатысады. Банк табысын басқарудың маңызды элементтерінің біріне банктің табысын бағалау жатады. Оның тәсілдеріне мыналар жатады: - банктің табыстарын, шығыстарын, табысының көздерін құрылымдық талдау; - банктің шығыстары мен табыстарының өсу қарқынының өзара қатынасын және динамикасын талдау; - қаржы коэффициенттері негізінде банктің қызметінің нәтижелерін бағалау; - банктің табыстылығы мен пайдалылығын факторлық талдау жатады.   көлемдік даму көрсеткіштерін бағалау, соның ішінде: банк активтерін, депозиттерін, меншікті капиталын, несиелерін және табысын бағалау. Бағалауды басқа банктердің осындай көрсеткіштерімен салыстыру арқылы банктің банк жүйесіндегі орнын немесе рейтингін анықтауға болады. Бұл талдаудың нәтижелері банктің даму стратегиясын жасауға мүмкіндік береді. Ресурстық базаны бағалау: банктің ресурстарының көлемін, құрылымын және негізгі даму ағымдарын, депозиттердің тұрақты және тұрақсыз бөліктерін анықтайды. Активтердің сапасын талдау.Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал табысының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды. Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тиімділігі банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық қарыздарды анықтауға және оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа қарыздарды байланысты болады. Пайыз тәуекелін басқару банктің активтері мен пассивтерін басқарудың негізгі саласының біріне жатады. Банктің қаражаттарын тарту және орналастыру пайыз мөлшерлемесімен тікелей байланысты екенін ескеретін болсақ, банктің таза табысына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалау қиынға соғады. Пайыз тәуекелі - бұл нарықтағы пайыз мөлшерлемелерінің болжамсыз өзгерісінен банктің пайыздық маржасының төмендеуін білдіреді. Банктік тәжірибеде банктің таза табысына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалауда мынадай тәсілдер қолданылады: - пайыздық маржа деңгейін және динамикасын бағалау; - Spread коэфиициентінің деңгейін және динамикасын бағалау; GAP талдауы

Банк қызметін талдау банктің балансын талдауға негізделеді. Талдаудың басты бағыттарына мыналар жатады: банк қызметінің

- дюрация; - имитациялық моделдеу. Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне мыналар жатады: - пайыздық тәуекелді айқындау (идентифакциялау), яғни пайыздық мөлшерлемені өзгерутуге және сол арқылы банктің таза пайдасы мен экономикалық құнына теріс ықпал ететін факторларды анықтау; - пайыздық тәуекелді бағалау, пайыз мөлшерлемесіндегі алшақтықты анықтауға арналған пайыздық тәуекелді бағалау әдістерін пайдалану; - пайыздық тәуекелдің алдын алу, яғни аквивтер мен пассиверді басқаруға бағытталған заладың алдын алуға арналған ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың жиынтығы; - бақылау, яғни пайыздық тәуекелді басқару процессіне жиі бақылау жасау

Наши рекомендации