Ылмыстық заңның кері күші жағдайында заңды қолдану және оның адамгершілік, гуманизм қағидаларымен байланысы.
Ылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялаудың түсінігі және оның практикалық мағынасы.
Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар ол қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескертілуге тиіс қажеттіліктерді т.б. анықтаумен айналысады. Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғалғанда және оны іске асырғанда қылмысты квалификациялау туралы мәселе орын алады.
Квалификация кезінде болған уақиғаға құқықтық баға беріледі, ал қылмысты квалификациялау кезінде заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға, заңды мүдделерге, құқықтарға, қоғамдық құндылықтарға қауіп төндірген, саналы түрде жасалған іс-әрекетке құқықтық бағалау жасалады.Қылмыстық құқықтық бағалау кезінде болған қылмыстық уақиғаны басқа құқық бұзушылықтардан ажыратып, онда қылмыс құрамы бар немесе жоқтығын анықтап, бар болған жағдайда оны ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабына сәйкестігін табу керек. Қылмысты квалификациялауда жасалған қылмысты іс-әрекетке құқық шеңберінде бағалау жасалып, ол бағалау қылмыстық құқықтың бүкіл көлемін қамтиды деуге болады, себебі іс әрекетке бағалау берілгенде осы заң қорғайтын объектілірге зиян келтіргендігі, яғни қоғамға қауіптілігі, кінәлілігі тәрізді елеулі белгілері алдымен анықталып, мұнан кейін ғана қылмысты іс-әрекетті белгілі бір қылмыстық-құқықтық норма көлемінде талдау жүргізіледі.
Қылмысты квалификациялау кезінде жасалған қауіпті іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдарының арасындағы сәйкестік анықталады. Жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен заңда белгіленген қылмыс құрамының элементтері мен белгілері дәл келгенде, яғни қылмыс құрамының объектісін, объективтік жағын, субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілері дәл келгенде сәйкес деп танылады.
Қылмысты квалификациялау дегеніміз – жасалған қылмысты іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің бір біріне сәйкестігін анықтау болып табылады.
Қылмысты квалификациялай отырып, оған құқықтық бағаны көрсеткенде әлеуметтік-саяси және адамгершілік бағалар берілуі үшін қылмыстық заң дұрыс, сапалы, толық жасалып және іс-әрекетті квалификациялау жұмысы да заңдылықты сақтай отырып іске асырылуы керек. Сондықтан квалификациялау мәселелерін шешу құқықтық ғана емес ол әлеуметтік саяси мағынаға ие. Қылмыстық квалификациялау кезінде жасалған қылмысты іс-әрекеттің белгілерімен Қ.К. Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамдары элементтерінің сәйкестігі ғана анықталмайды, сонымен қатар ҚК Жалпы бөлімнің де баптары қолданылатын кездер болады.Бірақ Жалпы бөлімнің барлық нормаларына сілтеме жасалынбайды, оның ішінде тек аяқталмаған қылмыстар, қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін қарастыратын нормаларға ғана сілтеме жасауға болады. Сонымен бірге қылмысты квалификациялау кезінде қылмыстық заңға жатпайтын өзге де ведомстволық заңдар, жарғылар, ережелер ескеріледі.
Ылмыстық құқық бұзушылықты дұрыс квалификациялаудың маңызын практикалық қызметтегі ролімен байланыстыра қарастырыңыз.
Қылмысты дұрыс квалификациялауда немесе қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданғанда заңдылық қағидасы сақталады. Заңдылық қағидасы қылмыстық құқық саласында заңды дұрыс түсініп, дұрыс қолдануды міндет етеді. Мұнан басқа, бұл қағида заңда көрсетілмеген іс-әрекеттер қылмыс ретінде бағаланбайтындығын, яғни барлық қылмыс деп танылған іс-әрекеттер тек қылмыстық заң арқылы анықталатынын білдіреді.Жасалған қылмысты дұрыс квалификациялау, ол кінәлінің әрекеттеріне дұрыс баға беретін және қоғамның, жеке адамдардың мүддесі мен құқықтарын қорғайтын заң бабын қолдануды білдіреді. Мұндай талапты сақтаудың маңызы зор,себебі қылмысты іс-әрекетке дұрыс құқықтық бағалау бергенде әділ сот іске асырылып, қылмыскер басқа қылмыс үшін емес, өзі жасаған қылмыс түрі бойынша жауапты болады. Қылмысты дұрыс әрі толық квалификация беру – жазаны дұрыс белгілеуге жағдай жасайды және қылмыстық жауаптылықтың салдары да дұрыс шешіледі. Қылмысты дұрыс квалификациялаудың келесі бір маңызы, ол елдегі қылмыстылық туралы статистикалық ақпараттың дұрыс берілуіне әсер етеді.
Келесі бір маңыздылығына тоқталсақ, ол мемлекеттің қылмыстылықпен күрес шараларын жүргізуіне байланысты болып табылады. Практика қызметкері қылмыстың түрін дұрыс анықтамаса, онда ол қылмыс өз тобына жатқызылмай, басқа қылмыстың көбеюін білдіруі мүмкін. Қылмысты дұрыс саралау - мемлекеттің жаза мəселесін қолдану саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғашқы шарты болып табылады. Қымысты дұрыс саралау қылмыстың жағдайын, денгейін, құрылысын, қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Ал, қылмысты дұрыс сараламау нəтижесінде қылмыстық іс-əрекеттті жасаған кінəлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін, қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқықтың алға қойған басты мақсаттарының бipi жасалған ic-əрекеттерге дұрыс, əділ жаза тағайындау қағидасына қайшы келеді. Жасалған қылмыстың статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын, сандық сапалық көрсеткіштерін жасаған қылмыстардың мəнін, қылмыскердің тұлғасын толық ашу керек. Бұл мəселелерді анықтамай тұрып, қылмыспен күрес жүргізу өзінің оңды нəтижелерін бермейді.
Қылмысқа дұрыс квалификация жасалғанда қылмысты іс-әрекет дәл анықталып қана қоймай, заңмен қорғалатын қатынас, зардап т.б. құрам элементтерінің белгілеріне , яғни әрекеттің сипаты мен бағыты, кінә нысаны дұрыс анықталады.
Заңды қолдануда қателіктер жіберу әділсоттың іске асырылуына кедергі жасап ғана қоймай, ол сонымен бірге халықтың арасында құқық қорғау органдары қызметі туралы теріс пікір қалыптасуына және сенімсіздік танытуына әкеле алады. Нәтижесінде сот-тергеу, прокуратура органдары қызметінің беделіне нұқсан келеді және олардың қызметтерінің негізгі мақсаты іске асырылмайды. Қылмысты дұрыс квалификациялау үшін заң талаптарын дұрыс түсінетін, біліктілігі жоғары, сауатты тергеушілер, соттар, прокурорлар жұмыс істеуі керек және олар заңды тек құқықтық мағынада түсініп қана қоймай, оның әлеуметтік мағынасын да түсіне алатындай деңгейде болуы керек.
Сондықтан қылмысты дұрыс квалификациялау бірнеше талаптарға жауап беріп, мынандай мағынада анықталады:
1)әділ сотты іске асыруда заңдылық қағидасының сақталуын білдіреді;
2)қылмысқа берілген әлеуметтік саяси және құқықтық бағаны бұзбай іс жүзінде көрсетеді;
3)кінәлінің жазасы мен жауапкершілігін дұрыс белгілеуге алып келеді;
4)қылмыстық іс-жүргізу заңында қарастырылған істі тергеу тәртібін белгілеуге жағдай жасайды;
5) қылмыстылықтың көрсеткіштері дұрыс келтіріледі.
Сонымен қылмысты іс-әрекеттерге дұрыс баға беру құқықтық құбылыс ретінде құқықтық маңызға ғана ие болмай, әлеуметтік-саяси маңызға да ие болып, құқық қорғау органдары қызметінде көрініс табады және олардың жұмысының сапасын анықтаудың басты құралы болып табылады. Сондықтан қылмысқа дұрыс квалификация жүргізу қылмыстық заңды сот-тергеу қызметінде дұрыс қолдану арқылы көрініс беріп, ол тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әлеуметтік-қоғамдық ортаның да ортақ тілегін іске асыратын қызмет түрі болып табылады.
Ылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау қылмыстық құқықтың басты мәселесінің бірі ретіндегі байланысын ашыңыз.
Қылмысты квалификациялау мәселесі қылмыстық құқықтың негізгі арналуын, яғни оның іс жүзінде қолданылу практикасын білдіреді. Қылмысты квалификациялау мен қылмыстық құқық мазмұнының көлемі, олардың зерттейтін нысаналары бірдей емес. Қылмыстық құқық қылмыс пен жазаны құқықтық тұрғыдан талдайтын ғылым саласы. Қылмыстық құқық заңды қолдану үшін білу қажет деп танылатын барлық негізгі ұғымдарды анықтап, олардың мазмұнын, құрылымын ашатын ілім түрі болып табылады. Ал қылмысты квалификациялау қылмыстық құқықтық ережелерді ескере отырып қылмысты іс-әрекетке баға беруді немесе заң нормасын өмірге енгізуді білдіретін қылмыстық құқықтың жеке мәселесі ретінде бағаланады. Яғни қылмысты квалификациялау пәнінде қылмыстық құқық анықтаған, зерттеген дайын ұғымдар қолданылады.
Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықтан тағы бір айырмашылығы, ол зерттеу объектілерінің көлемінде. Қылмыстық құқық зерттеу объектісі ретінде екі мәселені, қылмыс пен жаза мәселесін қарастырады. Ал қылмысты квалификациялау курсы жаза мәселесін қарастырмайды. Себебі, егер қылмысты әрекетке қылмыстың заң тұрғысынан дұрыс бағалау берсек, онда тиісті жазаны қолданудың алғы шарты да дайын болады.
Қылмысты квалификациялау курсы жеке ғылым саласын білдірмейді, ол қылмыстық құқық ғылымының құрамында қарастырылады. Қылмыстық құқық ғылымы қылмыс пен жаза категорияларын қарастыра отырып, жекелеген қылмыстардың өзіне ұқсас қылмыстардан айырмашылығын, ол қылмыстардың кейбір жағдайларда бағалану тәртібі тәрізді мәселелерді қамтиды. Бірақ бұл келтірілген мәселелердің ішінен ұқсас қылмыстарды ажырату, әр түрлі ситуациялар бойынша қылмысты іс-әрекетке квалификация жасау қылмысты квалификациялауда да қарастырылады. Себебі бұл мәселелер қылмыстық құқықтық мәселелерді талдау кезінде ашылады,ал қылмыстық құрамдарда әр түрлі жағдайларды қолданып талдау, бұл қылмыстық құқықтық құрамына жататын квалификациялау мәселесін білдіреді.
Қылмысты квалификациялау курсының негізгі мағынасы және міндеті қылмысты іс-әрекеттерге құқықтық баға беріп, заң баптарын қолданғанда ескеру және білу керек болып табылатын негізгі қағидалармен, ережелермен, талаптармен таныстыруға бағытталған.
Қылмыстық құқықтың жалпы мәселелерін шешудің маңызы зор, себебі соның нәтижесінде ғана қылмысты квалификациялауға бағытталған ережелер дұрыс беріледі. Қылмысты квалификациялаудың кез-келген қылмысқа байланысты қылмыстық заңның тиісті бабын таңдау кезінде қолданылуы қажет жалпы ережелер мен қағидалар бар.
Қылмысты квалификациялау – құқық нормаларын қолдануды іс жүзінде көрсетіп, қылмыстық құқықтың сапасын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін ашуға жағдай жасайды. Сондықтан сапалы дайындалған және зерттелген қылмыстық құқық –қылмысты квалификациялауға да соншалықты дәрежеде әсер етеді.
Құқық және оның нормалары қоғамның өзгеруіне немесе дамуына қарай өзгеріп отырады. Ал қылмысты квалификациялау мәселесі мұндай өзгерістерге тәуелді болып саналмайды. Қандай қылмыстық құқық өмір сүрсе де қылмысты квалификациялау туралы жалпы ережелер сақтала береді. Қылмысты квалификациялаудың жалпы теориясының өзгеруі немесе дамуы, ол қылмыстық құқық ғылымына байланысты және оған тәуелді болып табылады.
Ылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау сатыларын процессуалдық және ой қызметі ретінде салыстырмалы анықтаңыз.
Жасалған қылмысты әрекеттерге қылмыстық-құқықтық баға беру, бірнеше сатылардан құралатын және ұзақ уақытты қамтитын құқықтық құбылыс болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу немесе қылмыс бойынша қызмет атқаратын құқық қорғау органдарының жұмыстарына қарай қылмысты квалификациялау субъектілеріне алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары жатады.
Қылмысты квалификациялау жұмысының бастапқы кезеңінде жасалған әрбір қылмыс «уақиға» ретінде бағаланады. Себебі , жасалған іс-әрекеттің, туындаған зардаптың қылмыстылығының әлі анықталмағанына байланысты. Зардап туындағанмен ол зардапты келтірген есі дұрыс, жауаптылық жасына толған дам болғанмен, ол барлық жағдайда қылмыс болып анықтала бермеуі мүмкін. Егер орын алған уақиғада зардаптар, зиянды әрекеттер бар болса, онда құқық бұзушылық, оның белгілерінің бар-жоқтығын анықтау керек. Бұл қылмысты квалификациялаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Болған уақиғада қылмыстық құқық бұзушылықтың бар-жоқтығын анықтау үшін біріншіден, заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келгенін, екіншіден ол бойынша адам немесе заңды ұйым бар-жоқтығын және үшіншіден зиян келтірілген адамда кінәнің бар-жоқтығын анықтау керек. Осы үш белгі болған жағдайда құқық бұзушылық бар деп саналады. Құқық бұзушылық бар деп танылса, келесі сатыда құқық бұзушылықтың қай түрі орын алғанын анықтау керек. Құқық бұзушылықтар азаматтық, әкімшілік, қылмыстық т.б. салаларға бөлінеді. Олар бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесімен және қоғамға қауіптілік сипатына қарай ажыратылады. Яғни бұл сатыда қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын дұрыс анықтау арқылы қандай салаға жататын құқық бұзушылық орны алғанын анықтауға болады.
Келесі сатыда жасалған іс-әрекетті қылмыс деп тану үшін қылмыстың жалпы белгілерінің бар-жоқтығына көңіл аудару қажет. Дәлірек айтқанда іс-әрекетте қоғамға қауіптілік, яғни заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға бағытталу және абайсыздық немесе қасақаналық түріндегі кінәнің бар екендігін анықтау. Келесі сатыда қылмыстың қандай тобына немесе Қылмыстық Кодекстің қай тарауындағы қылмысқа жататындығын анықтау қажет.Ол үшін кінәлінің саналы ойынан туындаған іс-әрекеттің бағыты ескеріледі және осы тәсіл арқылы қылмыстың топтық объектісі анықталады. Топтық объектіні анықтау үшін кінәлінің қылмыстық ойының бағыты, осының нәтижесінде жүзеге асырылатын іс-әрекеттің мақсаты ескеріледі.
Қылмыстың қай тарауға жататындығын анықтағаннан кейін, қылмысты квалификациялаудың соңғы сатысы қалады. Бұл сатыда қылмыстың осы тараудың қай бабына жататындығы анықталады. Бұл міндетті шешу үшін жасалған қылмыстың белгілеріне барлық құрам элементтері сәйкес келетін заң нормасын табу керек.Ол үшін ең алдымен жасалған қылмыс пен заңдағы қылмыс түрінің тікелей объектілерінің сәйкестігін анықтау қажет. Себебі бір тарауда 2 немесе одан да көп топтық объект болуы мүмкін. Одан кейін құрамның объективтік,субъективтік жақтарының және субъектісі белгілерінің дәлдігі анықталып, құрам элементтері түгел дәл келгенде ғана қылмысты квалификациялау сатысы аяқталады. Бірақ бұл түпкілікті квалификациялау деп түсінбеу қажет. Себебі, қылмыстың уақиғасына қатысты жаңа мән-жайлардың ашылуына байланысты берілген квалификация ауыр немесе жеңіл қылмыс түріне өзгеруі мүмкін.
Ылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау түрлеріне бөлу негізі ретіндегі белгілерін қолдана отырып сипаттама беріңіз.
Қылмыс құрамдарының белгілері генесологиялық мағынасында 1)объективтік және 2) субъективтік деп екі топқа бөлінеді. Объективтік белгілер қылмыс құрамының объектісін және объективтік жағын сипаттайтын белгілерді білдіреді. Субъективтік белгілер қылмыс құрамының субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілер болып табылады.
Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілерді үш топқа бөлуге болады. 1)Негізгі немесе констутивтік; 2) ауырлататын немесе сараланған; 3) жеңілдететін.
1. Негізгі белгілер деп қылмыстық құрамдардың негізгі немесе ауырлататын құрамдарына, сондай-ақ жеңілдететін құрамдарына да тән белгілерді айтамыз.
2. Ауырлататын белгілер қылмыстың құрамында тікелей келтірілген ауырлататын жағдайларды білдіреді. Ол ауырлататын жағдайлар қылмыстық құрамды сипаттайтын белгілердің түрлерінде кездесееді, яғни зқардаптың көлеміне, қылмысты жасау орны мен уақыты, құралына қарай және ниеті мен мақсаттың түріне қарай ауырлатады.
3. Қылмыстық құрамдар кінәні жеңілдететін қылмыс түрі ретінде бағалануы үшін, ол жеңілдететін белгі құрамның мазмұнында келтіріледі. Мұндай жағдайда да кінәні жеңілдететін белгі қылмыстық құрамның міндетті белгісі ретінде норма диспозициясында тікелей көрсетіледі. Жеңілдететін белгі баптың атауында немесе диспозициясында тікелей көрсетілгенде ғана құрамның міндетті белгісі ретінде бағаланып, қылмыс осы белгісіне қарай квалификацияланады.
Қылмыстық құрамның белгілері анықталу дәрежесіне қарай екіге бөлінеді: 1)анықталған; 2) бағаланатын.
Қылмыс құрамдарының белгілері қылмыстық-құқықтық маңыздылығына қарай: позитивтік және негативтік деп екі топқа бөледі. Позитивтік белгілер бұл қылмыс құрамының бар екендігін ия деген мағынада білдіреді. Ал негативтік белгілер қылмыс құрамының белгілеріне екінші белгілерді қарсы қойып түсіндіреді.Қылмыстық заңда негізінен позитивтік белгілер қолданылады, бірақ негативтік белгілердің де қылмыстық құрамды сипаттаудағы рөлі позитивтік белгілермен бірдей және қылмысты квалификациялауда міндетті белгі ретінде қолданылады. Негативтік белгілердің заңда өмір сүру себебі, ол позитивтік белгілер сияқты қылмысты құрамды сипаттау, мағынасын ашу кезінде қажет болуына байланысты.
Қылмыстық құрамдардың белгілерін тұрақтылығына қарай: 1) тұрақты; 2)айнымалы деп бөлуге болады. Тұрақты белгілер ретінде қылмыстық заңның қолданыстағы уақытта өзгермейтін құрам белгілері алынады және мұндай белгілер жасалған қылмыстың нақты жағдайларына қарай мағынасы, түсінігі өзгермейді. Тұрақты белгілер Ерекше бөлім баптарының диспозициясына ғана емес, олар Жалпы бөлім нормаларына да тән болып келеді. Мұндай белгілерге нақты қылмыс құрамдарын талдауда қолданылатын белгілермен қатар, көпшілік қылмыс түрлерін немесе кейбір жағдайда барлығын сипаттауда қолданылатын белгілер де жатады. Мысалы, кінәлілік, есі дұрыстық. Тұрақты белгілер әдетте қылмыстық-құқықтық норманың өзінде келтіріледі, ал басқа нормативтік актілерде көрсетілгенде айнымалы сипатқа көше бастайды. Қылмыстық құрам белгілерін айнымалылыққа соқтыратын бір себеп , ол белгілі бір қылмыс түрлері бойынша Жоғары Соттың нормативтік қаулыларының қылмыс белгісін түсінуде жаңа ұсынысты көрсетуі болып табылады.
6)Қылмыстық квалификациялау дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекетті қылмыстық заңның нормаларымен сәйкестендіру. Яғни оның элементтерін салыстыру.
Қылмыстық квалификациялауда қылмыстық заңның рөлі маңызды. Қылмыстық квалификациялауды қалай жүргізу туралы нақты заңдар жоқ және ол қылмыстық кодексте көрсетілмейді. Сол себепті де қылмыстық заң қылмыстық квалификациялаудың заңды моделі болып табылады. Яғни Белгілі бір қоғамға қауіпті і-әрекет орындалғаннан кейін, сол қылмыс құрамын талдап, элементтерінің сәйкестігін тапқаннан кейін, сол норманы кодекстен табады. Сол себепті де қылмыстық заң квалификациияның кодекстен көрініс тапқан заңды моделі.
Под квалификацией понимается установление и закрепление в процессуальных документах соответствия между юридическими признаками реального общественно опасного деяния и признаками, законодатель в норме Особенной части УК сконструировал состав данного преступления, создавая его законодательную модель.
7. Қылмыстық заңның міндеттері мен жүйесін қылмысты квалификациялау қызметімен байланыстыра қарастырыңыз.
Қылмыстық заңның басты міндеттері ҚР ҚК 2 бабында көрсетілген ол бойынша:
-Қауіптілігі жоғары болып танылған іс-әрекетерді заңда қылмысты деп жариялау арқылы азаматтардың мұндай әркеттерді алдағы уақытта жасауына немесе заң нормаларында міндеттер белгіленгенде әрекетсіздік тнытуына шектеу қою, тиым салу
-Қылмыстық заңның тиым салуына қарамай, қылмысты орындаған жағдайда оларға жауаптылықты белгілеу үшін оларғазаң нормаларын қолдану болып табылады. Демек, қылмыстық заң осы екі міндеттііске асыру үшін өмір сүреді. Бұл жерде қылмыстық квалификациямен басты байланысы, екінші міндетінің дұрыс әрі сапалы орындалуы болып табылады. Яғни қылмыстық заңның ішінен сол қылмысты әс-әркетті қарастыратын бірнеше баптарды салыстыра отырып, әрекеттің өзін бағаай отырып дұрыс ноаны табу болып табылады.
8. Қылмыстық заңның кеңістіктегі және уақытындағы күші бойынша квалификациялау ережелері.
10. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.
Қылмыстық құқықтың нормалары көемі және мағынасы болып екіге бөлінеді.Оның ішінде мағынасы бойынша жалпы және арнайы, көлемі бойынша бүтін және бөлік нормалар. Жалпы нормалар қылмысты квалификациялауда, заңның ішіде арнайы, нақты сол қылмысты қарастыраын бап болмаған кезде қолданылады. Арнай норма мен жалпы норма екеуіде болған кезде, арнайы нормаға приоритет беріледі. Ал енді бүтін және бөлік нормаларды қарастырайық, бүтін және бөлік нома бәсекелестігі кезінде бүтін норма қолданылады. Оның себебі, бүтін нормалар бөлік нормаларға қарағада толығырақ болады, және белгілі бір қылмыстың барлық элементтерін қамтиды. Мысалы,егер бір адам қарақшылық жасаймын деп, адмады да өлтіріп қойған болса. Қылмыстың бұл жерде екі түрі бар, Қарақшылық және Адам өлтіру, екеуі де жасалған қылмысқа деген бөлік нормалар болып түр, ал мысалы қарақшылық деген баптың ауырлататын бқлімінде адам өліміммен ұштасұан немесе адам өліміндегі ауырлататын бқлімнің қарақшылықпен ұштасқан бөллімдер бұл қылмысқа бүтін норма болып тұр, себебі толық сипаттап тұр.
Бұл сұрақты кең мағынада да қарастыруға болады. Мысалы, қылмыстық құқықтық нормалар ерекше және жалпы бөлім нормалары болып та бөлінеді. Жалпы бөлім нормалары да қолданылады. Бірақ олар көбінесе арнайы нормаларға сілтемелік түрде болады. Мысалы, егер қылмыс аяқталмаған болса, онда қылмыстық кодекстің 26 бабы қолданылып, яғни аяқталмаған қылмыс, ол бойынша арнауы нормаға сілтеме жасалып отыр, демек ол бойынша, егер қылмысты орындаушы субъект қылмыстың аяғына өзінен басқа сыртқы күштердің әсерінен жете алмаса, онда оның қылмысына аяқталаған қылмыс нормасы тағайындалады. Мысалы адам ұрлық жасайын деді, бірақ ұсталып қалды, зиян келмесе де, әрекеті ұрлық болып бағаланып, Ұрлық бойынша ерекше бөлімнің арнайы нормасы қолданылады.
ылмыстық заңның кері күші жағдайында заңды қолдану және оның адамгершілік, гуманизм қағидаларымен байланысы.
Әдетте, заңның кері күші болмайды, яғни ол күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға қатысты қолданылмайды. Белгілі бір оқиғаға қатысты осы оқиға орын алған сәтте күшінде болған заңды қолдану қажет. Бұл ереже құқық субъектілері арасындағы қарым-қатынастар тұрақтылығына, ел азаматтарының құқықтық жағдайының тұрақтылығына, елдегі құқықтық тәртіптің беріктігіне деген сенімді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, жауаптылықты белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері күші жоқ. Жасалған сәтте құқық бұзушылық деп танылмаған әрекет үшін ешкім де жауапқа тартылмайды. Егер құқық бұзушылық әрекет жасалғаннан кейін ол әрекет үшін жауаптылық жаңа заң нормасы бойынша жойылса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң нормасы қолданылады, яғни заңға кері күш беріледі. Бірақ заң нормаларын осылай қолдануға болатындығы сол заңның өзінде не оны қолданысқа енгізу туралы актіде ескертілуге тиіс.
Қылмыстық заңның кері күші - Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын жауаптылықты немесе жазаны женілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттін жазаланатындығын жеңілдетсе, тағанындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс.
Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері күші болмайды.
Ылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.