Гравитациялық бөгеттердің кесе көлденең сұлбасы.
Бөгеттің бастапқы терориялық сұлбасы ретінде табанының ені b-ға, биік- тігі h-қа тең, гипотенузасының еңістігі nb және (1-n)b-ға тең үшбұрыш етіп қабылданады, мұнда n<1. Бөгетке әсер ететін негізгі күштер: бөгеттің өзінің салмағы G, сүзілген судың Wф және судың гидростатикалық қысымдары W1 және W2.
8.1.сурет. Бөгеттің үшбұрышты сұлбасының есептік схемасы.
Бөгеттің жылжуға қарсылығы, оның салмағына пропорционалды жанама күштердің пайда болуына байланысты, яғни:
;
Мұнда - жылжуға қарсылық коэффициенті.
Бөгеттің тиімді сұлбасын салудың мақсаты: бөгеттің қабылданған биіктігі h-та оның орнықтылығы мен беріктігін қамтамасыз ететін ең аз енін b-ны табу, яғни бөгет сұлбасында созылу және қысылу кернеулерінің шекті мәннен ас- пауын қамтамасыз ету.
Гравитациялық бөгеттердің сұлбасын есептегенде жазық беттегі есепті қарастырады, яғни тек қана бөгеттің тік өзегі арқылы түсетін күштер ескері- леді. Бетоннан соғылған бөгеттердің беріктілігіне қойылатын негізгі талап: бөгет бойында көлденең жарықтар туғызатын және құйылған бетон блокта- рының арасындағы жарықардың ашылуына әкеліп соғатын созылу кернеу- лердің болмауы, бұл жарықтар арқылы су сүзіліп ағып, суффозия процесі асқынып, құрылымды пайдалану мерзімінің қысқаруына әкеліп соғады.
8.2. сурет. Беломорск су торабының су ағарлы гравитациалық бөгеті.
Гравитациялық бөгеттердің көп пайдаланылатын сұлбасы.
Бөгеттердің теориялық сұлбасын сараптағанда, олардың негізгі сұлбалары, өлшемдері және әсер ететін күштері қарастырылды. Пайдалану барысында бөгетке басқа да күштер әсер етеді: толқынның, мұздың, тасындылардың қысымы және жер сілкінісінің әсері болады. Бұл әсер ететін күштерді ескеру, бөгеттің көлденең кескінінің енін үлкейтуге әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар бөгет төбесімен автокөліктер жүру үшін жол салынып, бөгет ені үлкей- тіледі, су ағары бар бөгеттердің табалдырығына қисық сұлба беріледі және аяқ жағына суды алысқа секіртіп тастау үшін трамплин орнатылады.
8.3. сурет. Су ағарлы бетоннан соғылған бөгеттер.
а) Усть- Илим ГЭС- інің бөгеті; б) Красноярск ГЭС- інің бөгеті;
1.құрылысты салу кезінде тасқын су тастайтын тесік; 2.диабазалар; 3.терең- де орналасқан су жібергіш; 4. граниттен құралған жартас табан.
Бөгеттің кесе көлденең кескінін үлкейту, бөгет табанына түсетін қысым- ды көбейтіп, су қоймасындағы суды ақтару кезінде бөгеттің төменгі құлама беткейінде созылу кернеулерінің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жағдай- ды болдырмау үшін бөгеттің алғы бетіне аздаған еңістік береді (i=1:0,5), бұл әдіс бөгетті салу кезінде кеңінен қолданылады.
Су қоймасындағы суды толығымен қотару күделікті өмірде өте аз кездесетін жағдай, сондықтан бетоннан соғылатын бөгеттердің алғы бетін тік қылып соға береді.
8.4.сурет. Новосибирск ГЭС- інің су ағар бөгетінің ұзына бойына қимасы;