Басқарудың ұйымдастыру – жіктеу әдістері.
Басқару әдістер жүйесінде ұйымдастырушылық – жіктеу әдістері ерекше орын алады. Олар өзіне басқару субъектісіне объективті ықпал ету тәсілдерін күш және билік беделіне негізделіп қамтиды - заң, жарлық, қаулы, бұйрық, ұйғарым, нұсқау және т.б.
Бұл әдістер басшы мен қызметкердің әрқайсысының міндеттерін, құқықтарын, жауапкершілігін анықтайды, сонымен қатар басқарудың әр деңгейі мен звеносына қатысты.
Олар жоғарыда тұрған билеушілердің мүддесін орындалуына қызметкерлердің персоналды жауапкершілігімен қамтамасыз етуі керек.
Ұйымдастырушы - жіктеу әдістерінің негізі – кез келген қоғамда бар, кез келген әлеуметтік - экономикалық жүйеде бар ұйымдастырушылық қатынастар. Сол тарапта басқарудың неше түрлі қатынастары қалыптасады. Кез келген нақты ұйымдастырушылық қатынастар - бұл өзіне құқықтық қатынастарды және жауапкершілік, билікті қамтитын субъективті - объективті қатынастар.
Ұйымдастыру – ұйғару әдісінің негізі – кез-келген қоғамда объективті болатын, кез келген әлеуметтік – экономикалық жүйедегі ұйымдастыру қатынастары. Олардың негізінде басқарудың көпжақты катынастары құрылады. Кез келген ұйымдастыру қатынастары – бұл алдын ала өзінің құрамына енетін құқықтар мен жауапкершілік билікті білдіреді. Ұйымдастырудың қатынастары объективті тек қоғамдық дамудың тек қана заңымен емес, сондай-ақ әлеуметтік – экономикалық және саяси шарттармен, объективті және субъективті табиғатқа ие.
Кез келген жағдайда ұйымдастыру қатынастары биліктің иерархиясын құрудың негізі қызметін атқарады, яғни құқық пен жауапкершілік қатынас жүйесін білдіреді. Олардың тиімді жұмыс істеуі үшін, екі негізгі шарт қажет:
- Басқарудың субъектісі мен объектісінің ұқсастығын құратын (тудыратын) құқық пен жауапкершіліктің тұрақтылығын әр деңгейдегі жағдайы.
- Басқару деңгейлерінің құқық пен жауапкершілік тұрақтылығы, осының негізінде аралық деңгейі басқару жүйесінде берілетін құрал болады.
Ұйымдастыру ұйғарым әдістері басқаруда жан-жақты алайда оларды ықпал ету бағыты бойынша бөлуге болады. Ықпал ететін шарттар регламенттер, нормалар, ережелер, басқару талаптары, жауапкершілік және өкілеттілік, бұйрықтар мен ұйғарымдар болып табылады.
Ұйымдастыру – ұйғарымдық әдістер үш топқа бөлінеді.
- ұйғарымдық;
- ұйымдастырушылық – тұрақтандырушы;
- қатаңдылық (тәртіптілік).
Ұйғарымдық және тәртіптілік басқару әдістері әрқашан ұйымдастыру-тұрақтандырумен бірге, регламенттеуді, нормалауды және ережелеуді қамтамасыз етеді. (сур. 7). Бағыттардың әрекеті келесілер:
Әлеуметтік – экономикалық жүйенің ұйымдастырушылық құрылымының тұрақтылығын және олардың функционалдауының шарттарын қамтамасыз ету.
- әлеуметтік – экономикалық жүйеде, билікте болатын әрбір процесстің бағынуы.
- осының негізінде барлық ұйымдастырушылық – ұйғарымдық әдістер комплексте жүйенің тұрақтануында қолдану керек.
Регламенттеу сондай-ақ басқарудың әдісін қамтиды.
- жалпы ұйымдастырушы, кәсіпорын мен билік органдарының құрылысының принципін анықтайды;
- құрылымдық, билік органдарының құрылымын анықтайды, яғни басқарудың деңгейі мен бөлімшелерін теру;
- қызметтік, әрбәр тұлғаның қызметтік статусын анықтайды;
- функционалды, билік құрылымының және қоғамдық ұйымның қызмет ету реті;
Нормалау.Бұл басқару нормативтерді пайдалануға арналған. Норматив ұғымын норма түсінігімен айыру керек. Норма – бұл өлшем, табиғи және антропогендік процесстердің ағымының жағдайлары. Норматив – бұл шартты бөлу. Нормалау басқару әдісіне келесі нормативтер жатады:
- уақыт (тұтынушыға тауар бірлігіне жұмсаған уақыт);
- саны (1 мың адамға шаққандағы медицина қызметкерлер саны)
- өлшем (зақым келтіретін заттар концентрациясы 1 м3 өндіріс орын)
- өңдеу (уақыт бірлігіне өндірілетін, өнім көлемі);
- қатынастың (оқу орындағы магистранттер мен оқытушылардың қатынасы)
Нормалар мен нормативтердің пайдалануы өте маңызды оларды дұрыс пайдаланбаған жағдайда нашар нәтиже алып келуі мүмкін.
Ережелеу.Бұл ұйымдастыру – ұйғарымдық басқару әдісінің кең саласын алып жатыр. Ол өз құрамына әр түрлі ақпараттандыруды кіргізеді.
- алдын алу;
- талқылау;
- танысу;
- кеңес және т/б.
Ережелеу басқару әдісінің мақсаты қызметкерлерді ойланбаған, ақиқатталмаған немесе тәжірибесіз әрекеттерді, соңында ауыр қателік немесе соттық жауапкершілікке тартылатындай әрекеттерді таныстыру.