Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу

Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін шығу көздері мен әсер ету бағытына қарай былайша жіктеуге болады:

- ұйымдастырушы-тұрақтандырғыш;

- басқару ықпалының;

- тәртіпке келтіру;

- басқарушылық ықпал ету әдістері.

Ұйымдастырушы-тұрақтандырғыш ықпал ету әдістерінің негізгі мәні мынада: жалпы жүйенің де, оның жекелеген буындары ішіндегі белгілі бір міндеттемелерді бекіту арқылы жүйе элементтері құрамы мен берік ұйымдастырушылық байланыстар орнатуда. Бұл әдістер басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің арасында бірінші және басты орын алады.

Басқару ықпалының әдістері белгіленген ұйымдастыру қатынастарын күнделікті қолдану мен жұмыс жағдайын өзгерткенде, бірең-сараң түзетуді бейнелейді. Басқару ықпалының негізінде өкілеттіктер мен міндеттемелер жатады.

Тәртіпке салып ықпал ету әдістері тәртіпке салу талаптары мен жауапкершілік жүйесі арқылы ұйымдастыру қатынастарының тұрақтылығын ұстауға арналған.

Басқарушылық ықпал ету сипаты бойынша басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері екі топқа бөлінеді: қысқа және ұзақ ықпал жасау құралдары мен әдістері, тәсілдері.

Басқару органдары немесе жекелеген қызмет орындарындағы адамдарға қысқа мерзімді басқарушылық әдістері жедел ұйымдастыру бұйрығының заңды нысаны болып табылатын бірлі-жарым әкімшілік өкімдер арқылы жүзеге асады.

Ұзақ басқарушылық әдістердің әсер етуі ұйымдастыру жүйелерін құруға немесе жетілдіруге байланысты. Олар құқықтық күші бар ұзақ іс-әрекеттік әкімшілік актілерінің, директивалар мен ережелердің, жарғылар мен қағидалардың, нұсқаулықтардың және т.с.с. көмегімен іске асады.

Тәжірибе басқару жүйесінің әрбір деңгейінің өзіндік ұйымдастырушылық әсер ету ерекшеліктері бар екенін және олардан осы деңгей үшін ең тиімдісі бөлініп шығатынын көрсетеді. Басқару жүйесінің деңгейлері бойынша басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін дұрыс саралау басқарудың теориясы мен тәжірибесінде маңызды рөл атқарады. Ол басқарудың орталықтану деңгейін көрсетеді, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі ұйымдастыру қатынастарын ең толық есепке алуға мүмкіндік туғызады.

Ұйым аясында басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері үш нысанда көрінуі мүмкін:

1) міндетті ұйғарымдар (бұйрық, тыйым салу);

2) келісімдік (кеңес, ымыра);

3) ұсыныстар (түсінік беру).

Әдетте, бұл өндiрiстiк процестердi оңтайландыру мақсатында заңдар мен қаулыларды, басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн сақтауға бағытталған жоғары тұрған басқару органдарының тiкелей тапсырмалары мен өкiмдерi. Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін өзгелерден бұйрықтардың дәл бағытталуы, оларды орындамау атқарушылық тәртiптiң тiкелей бұзылуы ретiнде қарастырылып, белгiлiктi жазаға душар қылатын өкiмдер мен нұсқаулардың мiндеттiлiгi ерекшелейдi. Директивтi бұйрықтар, тiптi ол орындаушыға тиiмсiз болса да, белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде орындалуы тиiс. Негiзiнен, басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері - бұл еңбек ең бiрiншi өмiрлiк қажеттiлiкке айналмайынша өз күшiн сақтап қалатын мәжбүрлеу әдiстерi.

Жалпы түрде басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері жүйесi теңдес екi элементтiң жиынтығын бiлдiредi:

1) басқару құрылымына ықпал ету – басқару жүйесiндегi нормалау және қызметтi реттеу;

2) басқару процесiне ықпал ету – басқарушылық шешiмдердi дайындау, қабылдау, орындалуын ұйымдастыру және бақылау.

Басқару құрылымына ұйымдастырушылық ықпал көп жағдайда ұйымдық реттеу, нормалау, ұйымдастырушылық-әдiстемелiк нұсқаулық беру және жобалау арқылы жүзеге асырылады.

Басқару процесiне ықпал ету негiзiнен басшының тұтастай ұжымға және жекелей адамға өкiмдiк ықпал ету әдiстерi болып табылады. Мұндай өкiмдiк етуде қажеттiлiк әрi субъективтi, әрi объективтi факторлардың ықпалымен мiндеттi түрде туындайтын жұмыстың алдын ала белгiленген немесе ықыласты режимiнен басқару жүйесiндегi ауытқумен байланысты пайда болады.

Ұжымда әрекет ететiн басқару әдiстерiне байланысты оларға сәйкес бағыну жүйесi қалыптасады. Басқарушылық қызмет процесiнде бiр ерiк өзгесiне бағынатындығы түсiнiктi. Алайда мұндай бағынудың нысаны ең мейiрбан сипатта болып, ұжымдағы прогреске жәрдемдесуi, ыңғайсыздық, қорлық сияқты ықылассыз эмоцияларды тудырмауы керек.

Басқарушылық қызмет тәжiрибесiнде бағынудың үш тұрпаты ажыратылады:

1) мәжбүрлi және жоғарыдан зорлап мiндеттелген – тәуелдiлiктiң жағымсыз сезiмiмен iлеседi және бағыныштымен жоғарының «езгiсi» ретiнде қабылданады;

2) енжар – ол үшiн дербес шешiм қабылдаудан босаумен байланысты қанағат тән;

3) саналы – iштей негiзделген.

Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері келесi құраушылардан тұрады: ықпалдың түрi мен тұрпаттары, бағытталған тұлға, тапсырма беру және оның орындалу критерийiн анықтау, жауапкершiлiк белгiлеу және т.б.

Ұйымда бұл әдiстер өндiрiс процесi мен қызметкерлер еңбегiне тiкелей ықпал ету құралы болып табылады және олардың жекелеген қызметтердi орындауын немесе жалпы мiндеттi шешуiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi. Бұл басқарылатын жүйенiң әрекет етуi мен дамуы үшiн қолайлы жағдай жасайды, басқару объектiсiне мақсатты ықпал етедi. Басшы мен бағыныштының тiкелей байланысы тура ықпалдың ерекшелiгiне жатады. Алайда негiзiнен тура ықпал бағыныштылар енжарлығының күшеюiне, ал кейде жасырын бағынбаушылыққа әкеледi. Сондықтан да мiндеттер қою және ынталандырушы жағдай жасау көмегiмен жүзеге асырылатын ықпал етудiң жанама әдiстерi барынша тиiмдi болып табылады.

Наши рекомендации