Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің қазіргі жағдайы
Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік шаруашылықтың толық қанды мүшесі болып табылады. Республикамыздың экономикасының дамуы экономикалық ортада инвестициялық бағытты құруды талап етті. Инвестицияның құйылуы өндірістің масштабының кеңеюіне және сонымен қатар экономиканың әлеуметтік экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді. Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер инвестицияның көлемімен, құрылымымен және олардың жүзеге асырылу сапалары мен қарқынымен анықталынады. Сонымен қатар, инвестициялық жинақтаулар мен олардың материалдық ресурстарынсыз инвестицияда ешқандай оң нәтижелер болмайды.
Инвестициясыз ішкі және сыртқы рыноктардағы тауар өндірушілердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету, қазіргі кездегі капитал жұмсалымдарының болулары мүмкін емес. Рыноктік инфрақұрылымдардың және әлемдік тауар өндірушілердің құрылымдық және сапалық өзгертулерінің процесстері инвестициялаудың есебімен және жолымен жүзеге асырылады. Инвестициялау экономикалық өсуді, аймақтың әлеуметтік жағдайын, халықтың жұмыспен қамтылуын және сонымен қатар елдің экономикасының дамуын анықтайды.
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялаудың тартылуымен тығыз байланысты болып келеді. Шетел инвестициялары Қазақстан Республикасының территориясындағы кәсіпкерлік қызметтің объектісіне шетел инвесторына тиісті азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша, бағалы қағаздар, интеллектуалды қызметті және тағы басқа мүліктерді, сонымен қатар қызмет пен ақпарат нәтижелеріндегі ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар түрінде шетел капиталын салу болып табылады.
Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынады. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты анықтау шетел инвесторларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеті болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвесторларына әсер ететін факторларды анықтауға, екіншіден мемлекеттегі жағдайды тереңірек бағалауға, үшіншіден шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық климат мемлекетте, аймақта және қалада инвестицияның қызмет жағын анықтайтын заңдық, нормативтік, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени және тағы басқалары бір-бірімен байланысты факторлардың әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық климатты бірнеше көрсеткіштер (факторлар) арқылы бағалауға болады. Оларға: экономикалық реформаның жағдайы; банк жүйесінің тұрақтылығы; саяси реформаның тұрақтылығы; табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі; инвестициялық қызметтің құқықтық реттелу дәрежесі және халықаралық стандартқа сай жасалған заңдылықтар мен нормативтік актілердің болуы; инфляция қарқыны; сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі; білікті жұмыс күшінің болуы; мемлекеттік нарық потенцалының сипаты (ЖІӨ, халық саны); нарық инфрақұрылымының және валюта нарығының дамуы және тағы басқалар жатады.[2]
Шетел инвесторлары инвестициялық климаттың бұл көрсеткіштерін бағалап мемлекеттегі инвестициялық климатты жағымды немесе жағымсыз екендігін анықтайды. Егер инвестициялық климат жағымды болса, онда инвесторлар инвестиция туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан ұзақ мерзімге бағытталған “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына” сәйкес өзінің динамикалық дамуын жалғастыруда, сонымен қатар біздің алдымызда – Қазақстанды әлемнің бәсеке қабілетті елу елінің қатарына енгізуіміз қажет деген стратегиялық мәселеміз тұр.
Қазақстан еліміздің экономикасына шетел инвесторларын тарту саласы бойынша көптеген нәтижелерге жетті. Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Егер 2006 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд. долларды құраса (2005 жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскенін көрсетеді), ал 2007 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 17,5 млрд. долларды құрады (2006 жылмен салыстырғанда 65 пайызға өскенін көрсетеді).
2008 жылдың бірінші кварталында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 3,3 млрд. долларды, ал екінші кварталында 3,972 млрд. долларды құрады. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария, Рессей елдерінен белсенді түрде құйылуда.
Қазақстан экономикасының саясатының алғашқы даму кезеңдерінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мұнай өнеркәсібіне және оның инфрақұрылымына ірі жобаларды жасауға негізделінді. Жоғарыдағы көрсетілген тікелей шетелді инвестициялардың жалпы түсімдеріннің негізін мұнай газ саласы құрады. 2008 жылдың бірінші кварталында жалпы инвестициялық түсімдердің көлемінің 68 пайызы мұнай жобаларына бағытталынды. Мұнайдың бағасы тұрақтандырылған және оларды төмендетуді тоқтатқан жағдайда мұнай саласы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бұрынғыдай белсенді рөл атқарады. Жалпы елімізде тікелей инвестициялар негізінен мұнай өндіру және өңдеу өндірісіне, түсті және қара металлургия кәсіпорындарына, газ өнеркәсібіне және байланыстарға құюлуда. Инвестицияның көлемі бойынша ірі инвесторлардың бірі АҚШ елі болып келді. Соңғы кездері Қытай мен Рессей елдеріде біздің елімізге өз инвестицияларын салуда. Бірақ, соған қарамастан қазіргі кезде мұнай-газ саласына инвестицияларды тартуда қиыншылықтар туындауда деп айтуға болады.
3. Ақша нарығының түсінігі және функциялары . Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады және олардың бүгінгі күні жағдайын толық аяқталған кезеңге жатқызуға болмайды. Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды: тауарлар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады ,осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді. Тауар-эквивалентке қойылатын талап:
• Бөлінушілік;
• Ықшамдылық;
• Біртектілік.
Жалпы эквивалент осы аталған ерекшеліктерге ие болғандықтан тауар-эквиваленттен жеке бөлінеді. Одан ары дамыту процесінде металдан тауарлардың жалпыға ортақ эквиваленті ретінде ақша бөлініп алынады, өйткені аз ғана сан үлкен құнды қамтиды.
Осылайша, тарихи ақша тауарлардың жалпы әлемінен бөлініп,ең алдымен оның өзі бір мезгілде жай және өзіндік ерекшелігі бар тауар – ақша болады. Одан арғы тарихында ақшаның тауарлық формасы жойылады да жаңа формаға көшеді.
Ақша бастапқыда әртүрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т.б. формаларда болды. Содан кейін оларды алтын, күміс және бақыр тиындар алмастырды. Ал тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырды.
Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі – вексель. Ол иесіне қарыз алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аты аталған ақшалай соманы төлеуін талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды. Вексель, сондай-ақ басқа тұлғаға да берілуі мүмкін. Ол осылайша белгілі бір ақша түрінде болады, бірақ мұнымен жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқармайды.
Ақшаның салыстырмалы жаңа формасы девиздер – халықаралық есеп айырысуда қолданылатын шетелдік валютадағы төлем құралы болып табылады. Алғашқыда ол экспорттаушы импорттаушының атына жазып беретін коммерциялық аудармалы вексельдер түрінде болады. Ол алтын девиз стандарты кезінде банкноттық эмиссия мен ұсақ қорларды қамтамасыз етумен қызмет етті. Банктердің корреспонденттік байланысының және әлемдік сауданың ұлғаюына байланысты девиз банк төлем құралының формасын қабылдады: вексель, чек, аккредитив, телеграфтық аудару және мемлекетаралық өзара қысқа мерзімді несиелер. Девиздер халықаралық төлем айналымында банкнот және шетелдік бағалы қағаздар түрінде болады. Олар көосетілген елдердің валюталарында халықаралық сауда мен төлем айналымында негізгі рөльді атқарады. Соңында орталық банктердің, қазынашылық және үкіметтік органдардың өтімді ресурстарының құрамына кіретін резервтік немесе салыстырмалы түрде тұрақты, қайтарылатын валюталар алға шығады.
Ақша мынандай функцияларды орындайды:
• Құн өлшемі;
• Айналым құралы;
• Төлем құралы;
• Жинақтау құралы;
• Әлемдік ақша.
Ол құн өлшемі ретінде мінсіз болып табылатындықтан, тауар құнын бағалауға мүмкіндік береді. Айналым құралы ретіндегі ақша функциясы сатып алушы мен сатушының арасындағы өзара қарым-қатынасты тікелей орнататын нақты ақшаның ролін орындайды. Бұл функциялардағы ақша осы заманғы нарықтық қатынастарды қалыптастырады,сонымен қатар тікелей айырбас құны ретінде алға шығады. Қор жинау құралы ретіндегі ақша функциясы тарихи тұрғыда алғашқы пайда болғандардың біріне жатса да,ол төлем құралы ретінде ақша пайда болғаннан кейін ғана даму жолына түсті. Уақытша бос ақша қаражаты жинақ ақшаға айналады, содан кейін қор жинақтауға түрленеді. Мұның соңғысы өз кезегінде ел экономикасының дамуына аса қажетті инвестициялардың негізгі көздері болып табылады. Әлемдік ақша ретіндегі ақша сыртқы экономикалық қатынасқа қызмет етеді. Алғашқы кезде,ол алтын түрінде қолданылды. Қазіргі заман жағдайында әлемдік ақша ретінде бірқатар мемлекеттердің тұрақты валюталары немесе әлемдік несие ақшалар алға шыға алады. Бұл сапада олар жоғарыда аталған барлық төрт функцияны атқара береді,яғни ақшаның осы функциялары біріктіруші болып табылады.
Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функциясын былайша анықтауға болады:
• Төлем функциясы – операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушылардың арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық;
• Коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту, шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;
• Есеп функциясы және т.б.
Билет