Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Зерттеліп отырған құбылыстардың мәні экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларда нақты көрініс табады.
Экономикалық заңдар – бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен құбылыстар. Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар төмендегідей жіктеледі:
1. Арнайы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.
2. Ерекше экономикалық заңдар – олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар.
3. Жалпы экономикалық заңдар – адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар.
Экономикалық заңдардың объективтік сипаты – олар жекелеген индивидтердің, фирмалардың немесе мемлекеттің еркінен, санасынан және қалауынан тыс орын алады және әрекет етеді. Мұндай заңдарды экономикалық ғылымның көмегімен танып білуге болады, бірақ оларды сол экономикалық ғылыммен жасауға болмайды. Экономика-лық заңдарды анықтау экономикалық теорияның аса маңызды қызметтеріне жатады және олардың тәжірибелік маңызы зор болып табылады, себебі осындай заңдарды талдаудың негізінде тиімді экономикалық саясатты қалыптастыруға болады.
Экономикалық категориялар – бұл экономикалық құбылыс-тардың аса маңызды жақтарын сипаттайтын жалпылама ұғымдар мен түсініктер (мысалы, тауар, баға, пайда, т.б.).
32. Өндірістің негізгі факторлары болып қазір еңбек, капитал, жерді атауға болады. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында оған кәсіпкерлік қызметті қосты.
Бірақ осы өндіргіш күштер адам дамуымен қатар, өзгеріп отыр. Кәзіргі ғылыми –техникалық революция жағдайында факторлардың күрделенуі байқалып отыр. Негізгі факторлар- еңбек пен өндіріс заттарына жаңа рөлі зор факторлар қосылып отыр.
Ең алғаш қажет фактор бұл еңбек. Еңбек бұл адамның мақсатқа сай қызметі . Еңбектің көмегімен адам өз қажеттерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді , өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің шарттарының бірі де еңбек.
Жұмыс күші дегеніміз адамның еңбекке деген физикалық және ой қабілетін айтамыз. Мысалы айталық кішкентай баланы , егде қартты немесе мүгедекті біз жұмыс күші деп айталмаймыз, өйткені олардың физикалық және ой қабілеті жұмыс істеуге жеткіліксіз.Еңбектің бірнеше көрсеткіші бар, олар:
1. еңбек өнімділігі
2. еңбек қарқындылығы
еңбек қарқындылығы дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшерімен еңбек пәрменділігі.
Ал еңбек өнімділігі дегеніміз бұл белгілі бір уақыт мөлшерінде шығарылған өнім санымен және әр өнімге қанша мөлшерде уақыт кететіндігімен өлшенетін көрсеткіш.
Еңбек өнімділігінің жоғарлауынан еңбек ресурстары үнемделеді, қоғам байлығы өседі. Еңбек өнімділігіне мынандай факторлар әсер етеді:
1. жұмысшының білімділігі, квалификациясы, мамандануы.
2. өндірушілердің өз еңбегінің нәтижесіне қызығу деңгейі
3. ғылым және техниканың даму деңгейі
4 ) Өндіріс ресурстарының тиімді қолдану деңгеиі.
5 ) Еңбек қарқындылығы, интенсивтілігі немесе еңбек жылдамдылығы.
6 ) Табиғи жағдай
Адамзат дамуымен қоғамдағы еңбек өнімділігі өсуде. А дамдар өнім бірлігіне кететін еңбек үлесін азайта отырып, шығарылатын өнім көлемін көбейтуде.
ҒТР жағдайында, өндірісті кешенді механизациялау және автаматтандырумен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы азаяды, есесіне ой – ми энергиясын ж ұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің ұзақтылығы қысқартылса, еңбек қарқындылығы артады,керісінше жұмыс күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін.
Жұмысшылар өз еңбектері үшін жалақы түріндегі табысты алады.Жалақыны төлеуді өлшеу бойынша ол екіге бөлінеді; 1) мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының ұзақтылығымен анықталады, сондықтан ол күндік, апталық және айлықақы болып бөлінеді.бұл жердегі өлшем бірлігі- сағаттық ставка қолданылады- яғни жұмыс сағатының бағасы.
2) кесімді жалақыда жұмысшының еңбекақысы шығарған өнім санына тәуелді. Кесімді жалақының ерекшелігі , еңбектің саны мен сапасы өндіргіш өнім арқылы бақыланып, өлшенеді. Оны өлшеу мынандай элементтердің қолдануын қажет етеді:
1) шығарым нормасыбелгілі период ішінде жұмысшының шығаруы қажет өнім көлемі ( мысалы сағатына 5 детал)
2) уақыт нормасышығарым нормасына керісінше көрсеткіш. Ол 1 бірлік өнім шығаруға кететін уақытты айқындайтын көрсеткіш ( мысалы 1 деталға 12 минут)
3) сандық бағалау1 бірлік өнімді шығаруы үшін төлемақыны көрсетеді
Көрсетілген жалқыны төлеу формалары әртүрлі нысандарға ие, оларды жалақы жүйелері деп атайды:
1) мерзімді жалақы
· Жәй мерзімді
· Мерзімді –сыйақылық
2) кесімді жалақы
· Тікелей кесімді
· Кесімді – сыйақылық
· Кесімді- прогрессивтік
· Аккордтық
Табиғат ресурстары (жерді) рента түріндегі табыс әкеледі. Рента дегеніміз бұл кәсіпкердің (арендатордың) жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады
Жер рентасы 2 негізгі формада болады:дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі де екіге бөлінеді.
- Дифферециалды рента 1 жер учаскілерінің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.
- Дифферециалды рента 2 капиталдық салымдарға байланысты бір жердегі әртүрлі өнімділікке байланысты.
Абсолюттік рента жер учаскілерінің өнімділігі мен орналасуына байланыссыз алынатын рента.
33. Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін атайды. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемнің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу оймен жасайтын жоспарды белгілейді. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және т.б.
Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелдеген гипотеза болып табылады.
Біз қандай бір тауар рыногында қалыптасушы жағдайларды қарастырсақ, тауар бағасы мен сатылған тауар саны арасында белгілі бір байланыс ба-екенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған % сатып алушылар сатып алғысы келетін оның көлемі де көп, (басқасы тең жағдайда) болып, оған деген сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда сатып алушылар Xигілігінің бір бірлігін ғана сатып алғысы келсе, бағасы 30 теңге болса – үш бірлікті, 20 теңге болғанда 4 бірлікті және т.б алғысы келеді. Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңыдеп аталады. Сатылған игіліктер санының баға деңгейіне тәуелділігін сызба түрінде беруге болады. Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық, Экономикалық теорияда тәуелсіз өзгерушіні (бағаны) тігінен, ал тәуелдіні (сұраныс) көлденең өсуіне (1-сызбаны қара) қою қабылданған
Ұсыныс деп– тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
Ұсыныс тарапынан рынокта қалыптасушы жағдайды қарастырсақ, ұсыныс шамасының бағаға тәуелділігі тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады (басқа жағдайлары тең кезде). Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер X игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30 теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты X игілігі бірлігін сатуға келіседі.