Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ кепілі
Орқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Freakonomics» командасы
ЭССЕ
Тақырыбы: Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ кепілі
Ызылорда, 2016 жыл
Ел Тәуелсіздігіне – 25 жыл
Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ кепілі
немесе
(тың бастамалар мен толайым тірліктер тиянақты жүзеге асса...)
Тағдырдың талай тезінен өтіп, шыңарудан, шыңға шыққан қазақ елінің өткені сан тараулық шығармаға арқау болары анық. Талай мәрте бастан қанқұйлы кезең мен зар замандарды өткерген ел ешқашан еңсесін түсірмеді. Олардың өмірге деген құштарлығы, азаматтық намысы, ұлтқа деген ыстық сүйсіпеншілігі мен туған жерге деген патриоттық сезімі өзгелердің өздерін билеп-төстеуіне көндіктірмеді. Қаймана қазақ қамы үшін қарсы келген жауына атойлап аттанған батыр ата-бабаларымыз бен сексен алтыншы жылы желтоқсанның қара суығында алаңға шығып, «Қазақты қазақ ғана билесін» деп ұрандата шулаған жалынды жастардың арқасында келген егемендігімізге жиырма бес жыл.
Иә, Жиырма бес жыл. Біреуге аз, біреуге көп уақыт. Тәуелсіздік тұғырына қонғанына екі мүшел толған Қазақстан Респуликасында атқарылған толымды істер жетерлік. Бодандықтың құрсауынан босанып, еркін ел атанып, еншімізді алған соң халқының тірегі, көшбасшысымызды сайладық. Тура бір жылдан кейін яғни, 1992 жылғы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
Ертеңгі күнге деген сенімі күшейіп, жарқын болашағын болжай білген жас мемлекет әр жылдарда нық сеніммен алға басып, жауапты шешімдер қабылдады.
1992 жылы мамыр айында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Стратегиялық шабуыл қару-жарағы туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон хаттамасына қол қойды. Біздің қазақ елі өз аумағын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады. Бұнан соң елдігімізді танытатын мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Ту, Гимн дүниеге келді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдап, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жастарды шетелде білім алуына мүмкіндік жасайтын «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Мемлекет тарихындағы атаулы даталардың бірі – 1994 жылдың алтыншы шілдесі еді. Бұл күні Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын өркениеті дамып, мәдениеті өскен мемлекетімізде 1995 жылдың 1 наурызында Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
Міне, осылайша өрбіген даталы күндер дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның ширек ғасырлық тарихында том-том болып қатталды. Толағай жеңістер мен толымды табыстарды еңсерген ел дамуы осымен бітіп қалмайды. Күннен-күнге қарыштап дамып келе жатқан мемлекет әлемдегі экономикасы озық отыз елдің қатарына кіруді алға айқын мақсат етіп қойды. Бүгінде әлемдегі өзге елдер үшін бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналған ашық аспанымыздың астына 131 ден аса түрлі ұлт өкілдері ынтымақтаса өмір сүруде. Қонақжайлығымен көпке танылған халқы, намысын таптатпаған ұятты ұлы, арым жанымның садақасы деген қылықты қызы бар бұл – Қазақ елі.
Еліміздің осындай асуларды бағындырып, бұдан да биік белестерге бой ұруына мемлекетімізде жүргізіліп отырған саясаттың да септігі зор.
«Болашағы – біртұтас елміз» деп ұрандатқан қазақ елінің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдау арнауды үрдіске айналдырған. Әр Жолдауында халықтың әлеуметтік хал-ахуалын, тұрмыс-тіршілігін, елдің экономикалық даму деңгейін жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдайды.
Мемлекет басшысының биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдау да одан кейінгі «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы да «Бес интитуттық реформа – 100 нақты қадамды» жүзеге асыруға бағытталады.Мәселен, 2015 жылдың 30 қарашасындағыҚазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму атты Жолдауында Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағытын ұсынды. Оның ең біріншісі – Қаржы секторын тұрақтандыру.
«Біздің маңызды міндетіміз – қаржы жүйесін жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру. Біріншіден, қаржы секторының теңгенің еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Мұндағы қағидатты сәт сол, Ұлттық валютаның бағамына Ұлттық қор қаржылары есебінен шексіз қолдау көрсету тәжірибесіне қайта оралу болмайды. Ұлттық банк банк секторының барлық субъектілеріне жұмыс істемейтін несиелер бойынша стресс-тестілеу жүргізуі қажет. Оның нәтижелері бойынша оларды мойындау және есептен шығару жөнінде шаралар қабылдау керек. Капиталдандыру проблемаларын шеше алмаған банктер қаржы жүйесінен «кетуі» тиіс», деген Елбасы сөзі елдің ертеңгі күнге деген сенімін арттырды.
Иә, расында даПрезидент айтпақшы,Қазақстандық банктер барлық халықаралық стандарттарға, соның ішінде, Базель комитеті мен Халықаралық валюта қорының стандарттарына сәйкес келуі маңызды жайт. «Долларсыздандыру» құралдарын кеңейту арқылы ұлттық валютаға деген сенімді нығайтуға қол жеткізу арқылы зор жетістіктерге жетеміз.
Сондай-ақ ұлттық банктің қоғам мен қаржы мекемелеріне өз қызметінің мәселелері бойынша үнемі тиянақты ақпарат беріп тұруы тиіс екендігі де айтылған. Бірінші бағытты қорыта келе, бәріміздің де ұлттық валютамыз – теңгеге сенуіміз қажеттігін алға тартты. Төл теңгеміз төрімізде тұрса, қаржылық крезис деген қарабұлттың қақары сиілері сөзсіз.
Ал, екінші бағыт етіп, Бюджет саясатын оңтайландыруды ұстанды.«Көрпеге қарап көсілу» жаһандық дағдарыстан қиналмай шығудың тың тәсілі. Қай-қайсымызда аста төк ысырапшылқтан айыққанымыз жөн. Бюджет шығындарын ұлттық қор есебінен жабу опа бермейді. Сондықтан,«Ұлттық қор қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалану тоқтатылуы тиіс. Ұлттық қордан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген, шектеулі трансферт бірден-бір тетік болуы керек» деген Назарбаев қағидатын қарқынды күшінде ұстауымыз керек.
Салық – халық қазынасы. Салықты уақыты төлеу – өзіңіздің келешегіңізді кепілдендіру. Бұны әрбір қазақстандықтың түсінгені абзал. Салық төлеуде «Бармақ басты, көз қыстылыққа» жол берілмесе, «көлеңкелі экономиканының» көлеңкесінде көрмеген болар едік.
Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру деп аталатынбағытта қатысты Елбасы:«Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз. Жекешелендіру әділетті нарықтық баға бойынша, ашық және бәсекелі жүзеге асырылуы керек. Мұнда акцияларды қор нарықтарына орналастыру мен ашық аукциондар шешуші тетіктерге айналуы тиіс. Оған қазақстандық және шетелдік инвесторларды барынша мол қатыстыру үшін жағдай жасау керек. Үкіметке барлық акционерлердің мүлкінен айырылғандардың активтерін сатып алуға деген басым құқықтарын алып тастауды тапсырамын.Әрі қарай, Үкімет еркін және саламатты бәсеке үшін жағдайлар жасауы тиіс», -деді. .
Бұл орайда назарды кәсіпкерлерге аударды. «Мемлекетсіздердіңбизнестеріңіздідамытып, аяққа нық тұруларыңызғабарлықжағдайдыжасады. Бүгінгідей сын сағаттардасіздергеүлкенжауапкершілікартылады. Жекешелендірудіңжаңалегінебелсендіқатысыңыздар, қаржыны заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер. Қуатты ел болу – бәсекегеқабілетті болу дегенсөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төртқасиет – сапалы, ыңғайлы, әдеміжәнеарзанболуыкерек. Сонда ғанаісімізөнімді, затымызөтімдіболады. Өзіміздіөзімізқамшылауымызкерек, біздісырттанкеліпешкімжарылқамайды» деген Президент сөзі кәсіпкерлерге қанат бітірді.
Төртінші Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері атты бағыттатаяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында тұрған міндеттерді атады. Онда экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету; өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу; экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде – кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу;660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру туралы айтылды
Жаңа жаһандық нақты ахуалдың мәні тек әртараптандырылған экономиканың ғана жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы тұра алатынында болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттыру мәселесі де көтерілді. Болашақтың экономикасын құру үшін негіз қалау маңызды. Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциялары, болашақтың энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларында біліктілікті дамыту қажет. Мұны тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана жасауға болады. Назарбаев Университеттің «Астана бизнес кампусы» хайтек-паркінің базасы мен Алматыдағы «Алатау» технопаркінде қалыптастырылатын қуатты зерттеу университеттері мен инновациялық кластерлері оның негізіне айналады. Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бізге «жасыл технологияларға» негізделген жаңа энергетиканы белсенді дамытуға жақсы мүмкіндік беретін болады.
Жаңа әлеуметтік саясат.Бүгінгі күнге дейін әлемде болғанжаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, сарабдал саясаткер Н.Әбішұлы әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға күш салып келеді. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өскен. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оған 1,5 миллионнан астам азамат қол жеткізген.
Қандай жағдай болмасын халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту біздің еліміздің, Елбасымыздың басты мақсаттарының бірі. Оған дәлел ретінде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін өсті.
Ал, мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. Зейнетақы көлеміде жыл санап, артып келеді.
Мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға әрдайым қолын ұшын созып келеді. Жұмыссыздар санын азайту үшін шағын кәсіпкерлікпен айналысушылар үшін несие беретін түрлі мемлекеттік бағдарламалр бастау алды.
Білім беру мен денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер орын алды. Аллақаласа2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын болды. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік.
Біз ұлтарақтай жерін ашкөздердің аранынан аман алып қалу жолында жанын шүберекке түйіп, жауын жайратқан батырлардың ұрпағымыз. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, ел ішінде туындаған дау-жанжалдың әділ сөзімен ақ-қарасын ажыратып берген даналар мен би-шешендердің ұрпағымыз. Кешегі Қазыбек бише айтар болсақ,
«Біз – қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Жылқы қылын найзасына таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, Дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Көреген көшбасшымыздың салып берген сарапдал жолы біздің болашағымыздың жарқын кепілі деп түсінемін.
Тыныштық пен бірліктің символына айналып, жан-жағына ынтымақтастықтың үлгісін айшықтап көрсетіп тұрған қазақ елі даму үстінде. Біздің елде тыныштық бар, білім алуға, жұмыс істеуге, кәсіп ашуға мол мүмкіндік қарастырлған.
«Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген дана халқымыз. Төрт құбыламыз тең, аспанымыз ашық болғай. Елбасымыз біреу, барша қазақстандық оған сүйеу болса біз алмайтын қамал қалмасы анық. Жолдауда айтылған тың бастамалар мен толайым тірліктер тиянақты жүзеге асуы үшін әрбір қазақ «Өзім үшін» деп еңбек еткені жөн.
Қоғамдағы сан-саланы түгел қамтып, барлық саланың бірдей өркендеуіне өрелі істерімен парасатты пайым жасау арқылы күш салып жүрген Мемлекет басшысы, әсіресе жастарға жағдайды барынша жасайды. «Елдің ертеңі – жастар». «Келешектің тұтқасы жастардың қолында» деген ұранға бергісіз сөздерді жиі айтатын Елбасы біздерге көп сенім артады. Қазақстанға кемел келешекті де алып келетін кейіпкерлер ретінде жастарға зор үміт артады.
«Армансыз адам, қанатсыз құспен тең». Адам болған соң армандаған әбден орынды. Біз жастар бойымызда қайнаған күш-жігер мен өмірге деген зор құштарлық барда, талай асқар тауларды бағындырамыз. Асқақ армандарымыз бен биік мақсаттарымыз баянды болашақ алып береді. Өркениеті өсіп, келешегі кемелденген Қазақстанды көркейте түсу үшін мамандығымыздың нағыз маманы болу біздің басты мақсатымыз.