Болашақ маманға қажетті құзіреттіліктердің сипаттамасы

«Құзірет», «құзіреттілік» ұғымдары бүгінгі педагогика ғылымында зерттеу деңгейінде ғана мәлім. Сондықтан осы күнге дейін бұл ұғымдардың нақты, соңғы анықтамасы қалыптаспаған. Ол біздің зерттеу жұмысымызда өзектілігінің негізгі дәлелі ретінде танылады.

Шетел сөздерінің өзі «құзіретті» ұғымы құзіреттіліктерге ие – белгілі бір ұғымның адамның өкілеттігі аясы немесе бір адамның жүргізуі тиіс сұрақтар мен істер аясы деп түсіндіріледі. Competent (франц) – құзіретті, өкілетті, competents (лат.) – сәйкесті қабілетті, competentсе (ағылш.) – қабілет (құзіреттілік) [33, 34].

«Құзіреттілік» ұғымы еңбек әлемінде және мекемелерінде пайда болды. «Түйінді құзіреттілік» термині алғаш рет 1992 жылы Еуропа Кеңесінің «Еуропадағы орта білім» жобасында пайда болды. Бұл жобаның міндеті – Еуропа одағының құрамындағы елдерде білім берудің мақсатының мазмұнын, оқушылардың оқу жетістіктеріне деңгейін бағалау механизмдерін талдау болды. [34, 35].

Халықаралық еңбек ұйымы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу және басқарма кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінен өтетін мамандардың біліктілік талаптарының қатарына «түйінді құзіреттіліктер» ұғымын енгізген. Кәсіптік мектепте мамандарды даярлауда түйінді құзіреттіліктер 1990 жылдардан бастап айтылуда.

«Құзірет», «құзіреттілік» ұғымының мәнін ашу үшін философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасалды.

Құзіретті философиялық тұрғыдан түсіндіру адамның танымы мен практикасына байланысты жаңалықтар мен жаңа енгізулерге жол ашады, сонымен қатар әрбір сыныпта педагогикалық ситуацияға қойылатын білімділік талаптарын анықтауға мүмкіндік береді [35].

Құзірет (латын сөзі competens – сәйкесті, қабілетті) – орындалатын жұмыстың мәні, қойылған мақсатқа жетудің тәсілдері мен құралдарын терең және түп-түбіріне дейін білк, сонымен қатар сол жұмысқа сәйкес келетін іскерліктер мен дағдылардың болуы [34, 35].

Жалпы мемлекеттік құзірет – өз бетімен білім алуға, оның барысында пайда болатын танымдық проблемаларды өз бетімен шешуге өзінің позициясын белгілеуге жеткілікті білімдік деңгейі [36].

Құзірет – нақты пәндік салада нақты әрекетті тиімді орындау үшін қажет болатын спецификалық қабілет және оның қатарына арнайы білімдер, ойлау тәсілдері, өз іс-әрекетіне деген жауапкершілікті түсіну де енеді [37].

Құзірет – өзінің бойындағы белгілі бір білімі мен дағдысы арқылы шешім қабылдауға қатысуға немесе өз бетімен мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін лауазым жеке мүмкіншіліктері оның біліктілігі (білімі мен тәжірбиесі) [38].

«Құзірет» - ұғымын автор тұлғаның еңбек міндеттерін орындауда өнімді әрекет жасауға және жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін күйге жетуімен байланыстырады [39].

Осылайша, «Құзірет» - бұл оқу барысында жинақталған білімге, тәжірибеге құндылықтарға, бейімділіктерге негізделген жалпы қабілет. Құзірет білімге де, дағдыға да жатпайды.

Құзірет – бұл іс-әрекеттің іскерлікті тудыратын нәрсе. Құзірет саналы іс-әрекет барысында қалыптасады. [40].

Құзіретті меңгеру оқушының белсенділігіне тәуелді. Жұмыс жасауды үйрену үшін жұмыс жасау керек. Қарым-қатынасқа түсуді үйрену үшін қарым-қатынас жөніндегі ғылыми баяндамаларды тыңдаудың пайдасы жоқ. Ағылшын не орыс тілінде сөйлемегенше, оларды меңгеру мүмкін емес. Тек практика жүзінде ғана компьютермен жұмыс жасауды үйренуге болады.

Құзіреттің көрінуіне белгілі бір жағдайлардың әсері зор. Құзіретке ие болу дегеніміз сол ситуацияға өзінің бар білімі мен тәжірибесін бейімдеу. Білімді адамдардың нақты ситуацияларда қажет болған жағдайда сол білімнің қолдана алмайтындығын күнделікті өмірде кездестіруге болады. Осылайша, құзіретті қалыптастыру үшін олар көрінетіндей нақты жағдайлар тудыру қажет.

Құзіреттіліктер – адамның белгілі бір салада беделге, танымға, тәжірибеге деген сұрақтарға құбылыстар шеңбері [42].

Әлеуметтік құзіреттілік – қоғамдағы өмір сүрудің нормалары мен ережелерді дұрыс орындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік дағдылар (міндеттер). Әлеуметтік педагогиканың термині [43].

Құзіреттілік – мамандық талаптарына сәйкес келетін дәреженің жеке сипаттамасы [44].

Құзіреттілік – белгілі бір ұғымдық жүйенің болуының талап ететін практикалық іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті, пайда болған проблемалар мен міндеттерді шапшаң шешуге мүмкіндік беретін ойлаудың типі, түсіну қабілеті [45].

Құзіреттілік – тұлғаның оқу-танымдылық үрдісіне өз бетімен қатысуына және оны еңбек іс-әрекетіне дұрыс ендіруге даярлауға бағытталған оқыту барысында меңгерілетін білім мен тәжірибеге негізделген тұлғаның іс-әрекет жасау қабілеті және даярлығы [46].

Құзіреттілік – белгілі бір іс-әрекеттің сапалы және өнімді түрде орындауға қажет болатын белгілі бір заттар мен процестерге қатысты белгіленетін тұлғаның өзара байланысқан сапаларының (білім, іскерлігі, дағдылары, іс-әрекет тәсілдері) жиынтығы [47].

Осылайша, берілген анықтамаларды қорытындылай келе, «құзіреттілік» ұғымын субъектінің іс-әрекеттің мақсатымен оның жүзеге асырудың құралын саналы түрде ұғыммен байланыстырылады. Құзіреттілік – бұл ситуацияға сәйкес, құзіреттерді (іскерлік пен дағды) пайдалану үшін таңдау. Түйінді ашатын құралдар «кілттер» деп түсіндіруге болады. Түйінді құзіреттілік – бұл анықтаушы құзіреттілік, себебі жүзеге асыру жағдайына сәйкес келеді, олар шектелмеген, спецификалық емес, бірақ белгілі бір дәрежеде әмбебап болып келеді.

Құзіреттіліктер пәндік (пәнаралық және т.б.) және түйінді болып көрсетіледі. Еуропа Кеңесі түйінді құзіреттіліктердің 5 тобын айқындаған, соларға ерекше мән беріледі [48].

1) Саяси және әлеуметтік құзіреттіліктер өзінің жауапкершілікті ала білу қабілеті, бірлесіп шешім қабылдауға қатысу, дау-жанжалды зорлық-зомбылықсыз жолмен реттеу, демократиялық институттардың қызмет етуіне қатысу және оны жақсарту.

2) Көпмәдениетті қоғамда өмір сүру қабілетіне қатысты құзіреттіліктер ксемофобиялар тууына, бірін-бірі сыйлау, басқа мәдениет түрлері және діндегі адамдармен бірге өмір сүру қабілеті сияқты мәдениетаралық құзіреттеріне қаруландыруы керек.

3) Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын меңгеруге қатысты құзіреттіліктер, соңғысының жұмыста және қоғамдық өмірдегі маңыздылығы соншалық оны меңгермеген адамға қоғамға аластау қаупі төнеді. Осы топқа бүгінгі күні маңызы артып отырған бірнеше тілді білу де жатады.

4) Қоғамдық ақпаратты пайдалану және мойындаумен байланысты құзіреттіліктер жаңа технологияны меңгеру, БАҚ тарататын ақпараттар мен жарнамаларға сыни көзқарас.

5) Өмір бойы оқуға қабілеттілік – үздіксіз даярлықты және кәсіби даярлықтың, сонымен қатар жеке және қоғамдық өмірдің негізі ретінде.

«Еуропадағы орта білім» жоба аясында түйінді құзіреттіліктер проблемасы бойынша төмендегідей тізім жасақталды:

Зерттеу: тәжірибеден пайдалыны алу іскерлігі; өз білімін байланыстыру және оларды реттеу; өзіндік оқу тәсілдерін ұйымдастыра білу; проблеманы шешу қабілеті; өз бетімен оқуға қабілеті.

Іздеу: түрлі мәдениеттерді іздестіру; айналадан; сарапшыдан; ақпарат алу; құжаттармен жұмыс жасау және оларды реттеу.

Ойлау: өткен және қазіргі оқиғалардың өзара байланасын ұйымдастыру; қоғамның белгілі бір жағынан дамуына сыни көзқарас; сенімсіздік пен қиындыққа қарсы тұруы; пікірталаста өзіндік позициясының болуы және өз пікірін дәлелдеуі; өзінің оқу мен жұмысы жүретін саяси және экономикалық ортаның маңыздылығын түсіну; денсаулық; қажеттілік және қоршаған ортамен байланысты әлеуметтік әдеттерді бағалау; өнер және әдебиет туындыларын бағалай білуі.

Ынтымақтастық әрекет: топта ынтымақтастық пен жұмыс жасау іскерлігі; шешім қабылдау; дау-жанжалдарды шеше білуі; келісімге келу іскерлігі; келісімшарт даярлау және жасау.

Іске кірісу: жобаға ену; жауапкершілік; топ немесе ұжымға ену және өз үлесін қосу; өз жұмысын ұйымдастыра білу қабілеті; есептеуіш және модельді проблемалармен жұмыс жасау.

Бейімделу: ақпараттық коммуникациялық жаңа технологияларды пайдалана білуі; қиындықтарға төтеп беруі; жаңа шешімді қабылдай білуі [51,52].

Бұл тізім түйінді құзіреттіліктерді анықтауда жұмыс құжаты ретінде бекітілген. Сондықтан жоғарыда берілген тиімді түйінді құзіреттіліктердің соңғы нәтижесі деп қарастырмаймыз.

Кембридж және Оксфорд университетінде жасалған түйінді құзіреттіліктер жүйесінің сипаттамасында құзіреттіліктер әр түрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыруда, мысалы оқу және кәсіби іс-әрекетті орындау барысында дамиды деп көрсетіледі.

ЮНЕСКО құжаттарында ХХІ ғасырдағы білім берудің іргелі мақсат-міндеттері анықталған; олар: білім алуға үйрету (оқуға оқыту) ; жұмыс жасауға және ақша табуға үйрету (еңбектену үшін оқу, іс-әрекет жасай білу); өмір сүруге үйрету (проблемаларды шешу іскерлігі); бірге өмір сүруге үйрету (біріккен өмір сүру үшін оқыту) [53].

Латын республикасында жалпы орта білім беруде оқушының қоғамдағы әлеуметтік тәжірибені меңгеру өмірлік сүру дағдылары мен практикалық тәжірибені алуға мүмкіндік беретін негізгі іс-әрекет түрлерін ескере отырып мынадай түйінді құзіреттіліктерді айқындаған: әлеуметтік құзіреттілік; таным құзіреттілігі; коммуникативтік құзіреттілік; креативтілік құзіреттілік; сыни тұрғыдан ойлау және проблеманы шешу құзіреттілігі; әлеуметтік құзіреттіліктің негізі ретінде коммуниктивтік қабілетті танимыз.

OCR (Оксфорд Кембридждің емтихан комиссиясының (Ключевые компитенции 2000. Программа. Уровни 1, 2, 3, 4, 5, KEY SKILLS 870 005 ( OCR, RECOGNICING ACHIEUMENT. Oxford Cambridge and RSA Examinations)) жасаған қызметтіліктерді сертификаттау жүйесінде бірнеше деңгейде құзіреттіліктер ажыратылады. Олар: коммуникация, сандармен жүгізілетін операциялар; ақпараттық технологиялар; адамдармен жұмыс;оқуға қабілетін және нәтижелілігін арттыруды жетілдіру; проблемаларды шешу; тұлғалық құзіреттіліктерді қалыптастыру. Бұнда тұлғаның коммуникациялық құзіреттіліктері алдыңғы орынға ие. [53; б. 43-45].

Шищев С. Е., Кальпей В. А. есептеуінше, түйінді құзіреттіліктер пәнүсті және пәнаралық сипатқа ие, оларды тек мектепке, сонымен қатар жұмыста, жанұяда, саяси ортадағы түрлі ситуацияларда қолдануға болады. Түйінді құзіреттіліктер біршама интеллектуалдық дамуды талап етеді: абстрактілі ойлау, өзіндік рефлексия, өзіндік позициясын айқындау, өзіндік баға, сыни ойлау. Түйінді құзіреттілікті көпөлшемді, яғни олар түрлі ақыл-ой процестері мен интеллектуалдық іскерліктерді (талдау, сынау, коммуникативті және т.б.) енгізеді.

Т. Н. Лобанов, Ю. А. Тихомировтың құзіреттілік теориясының негізінде басты құзіреттіліктердің төмендегідей құрылымын ұсынады.

1) ойлау жүйесі мен процестерінің дамуы, мәселені шешудегі жүйелілік және құрылымдық тұрғы; тұрғыларды және тапсырмаларды стандарттау және жүйелеу тәсілі, құзіреттіліктерді түсіну, альтернативаны талдау және шешімнің тиімді нұсқасын таба білу; қабылданған шешімге жауапкершілікпен қарау; бизнестің даму бағыты көре білу және нарықтың даму бағытын дәл болжамдау.

2) талдау қабілеттері: мәселені шешудегі қисындылық, шешім қабылдау әдістемесін білуі, ұқыптылық, ұғымдылық, реттілік, бөлшектерді есепке алудағы алдын ала болжау; ойды дұрыс байланыстыру іскерлігі, бірізділікпен және және жүйелі түрде ойлау және әрекет ету; өз болашағына әсер ететін факторларды дәл және жүйелі талдау.

3) жаңашылдық (инновациялық): жаңаны қабылдай алу және ұсына білу іскерлігі, шығармашылықты басқару; ішкі қарсылықсыз алуан түрлі идеяларды, позицияларды, ұсыныстарды қабылдай алу іскерлігі.

4) икемділік; өзгерістерге дайындық; түрлі оқыс ситуацияларда тез және сәйкесті жауап қайтара алу қабілеті, мәселені көру және анықтай алу, оны шешудің жолдарын таба білу, нәтижесіне баға беру.

5) жүйелі дамуға бағдарлану: жаңа технология және әдістерді қабылдауда ашықтық, үйренушілік, практикада жаңаны қолдана білу, өз жетістіктерін және кемшіліктерін талдай алу мүмкіндіктері, өзгелердің тәжірибесін саналы түрде пайдалана білу.

6) ұйымдастырушылық қабілеттер: адамдарда басқара білу, тапсырманы орындауда ұжымды және өзін ұйымдыстыра алу іскерлігі, құзіреттіліктерді орын орнына қою, маңыздысына мән беру, жоспарлау, бақылау; жоспарды орындауға қажетті ресурстарды тиімді жинап, бағыттай алу; әңгімені мақсатты түрде жүргізе білу, телофенмен әңгімелесу, корреспонденцияны, құжаттаманы жүргізу.

7) уақытты игере білу іскерлігі: ситуациялық талдау жасай алу іскерлігі, мақсатты анықтау және құрылымдау, апталық, айлық, жылдық жоспарларды жүзеге асыру, күнді жоспарлау; уақытша менеджмент ұстанымдарын білу: жұмыс жоспарын орындау; қойылған мақсаттарға жету мақсатында бақылау жүргізу, күннің қорытындысын жүргізу.

8) топта жұмыс жасау: топты құра білу және онда жұмыс жасау; тиісті топтың ерекшеліктерін білу; ынтымақтастық ахуалын ұстай білу, топ мүшелерінің қарым-қатынас және мінез-құлық ережелерін оындауы, топ мүшелерінің мінез-құлықтарын; мәселені шешу мақсатында тиімді талдау және келіссөз жүргізу; «миға шабуыл» ережесін білу

9) коммуникативтік-іскерлік қабілет: өз пікірін, құқығын қарым-қатынасты бұзбай қорғай білу; жаңа идея және жоспар арқылы іс-әрекетке ынталандыра білу; дұрыс сұрақтар қоя білу және әңгімелесушінің эмоционалды және ақпараттық деңгейін анықтау; екіжақты коммуникация бағытын құра білу, әңгімелесушінің сөздеріне зейінді шоғырландыра алу; өзге адамдар да дұрыс сынай және қолдай білу.

10) келіссөз жүргізе білу іскерлігі: презентацияның міндеттерін және мақсаттарын, аудиторияның қызығушылығын анықтай білу; сөз сөйлеуді ұйымдастыру, презентацияның байланыстырушы сөйлемдерін, негізгі бөлімін, қорытындысын ұйымдастыру; сендіре білу және шешендік дағдыларға ие болу. Қиын сұрақтарды және келіспеушіліктердің жеңе білу; презентацияның техникалық аспектілерін игеру (аудио-бейне және компьютерлік аппараттар, презентациялық бағдарламалар); қатысушылардың қызығушылықтарын анықтай алу және тиімді альтернативаны таңдай алу; пікірталасты мәдени түрде жүргізе білу; позициялық саудаласуды талдай алу, ұсыну, жүргізе білу іскерлігі.

11) оқушыға бағдарлану; оқушымен жүмыс жасау саласында стандарт пен саясатты білу; оқытушы мен оқушының перспективті ағымдағы іс-әрекеттеріне бағдарлану; оқушымен жағымды қарым-қатынас орнату және кеңес бере білу [54].

Түйінді құзіреттілікті құруды А. Хуторский «Ключевые компетенции: технология конструирования» мақаласында өнімді іс-әрекет жасауға қажетті, оқушы меңгеретін өзара байланысқан, мәндік бағыттардың, білімнің, іскерліктің, дағдылардың және іс-әрекет тәжірибесінің жиынтығы деп белгілейді [55].

Автордың пікірінше, бұл ұғымды оқыту практикасына енгізу мектеп үшін қарапайым – оқушылар теориялық білімді игере отырып, нақты тапсырмаларды орындауда немесе проблемалы жағдайларды шешуге айтарлықтай қиындықтарға кездесетіндіктен – осы мәселені шешеді деп есептейді. Білім беру құзіреттілігі – бұл оқушылардың жекелеген білім мен іскерліктерді игеру емес, керісінше, әрбір көрсетілген бағытқа сәйкес анықталған, кешенді іс-шаралар мен білім берудің құрамдас бөліктерінің жиынтығын меңгеру болып табылады.

Құзіреттіліктерді қалыптастырудағы педагогикалық мақсаттардың ерекшелігі – олар оқушының әрекеті түрінде құрылмайды, керісінше, оқушының іс-әрекетінің нәтижесі, көзқарасы, яғни оның белгілі бір әлеуметтік тәжірибені меңгеру үрдісінде дамуы және жылжуы түрінде құрылады.

А. Хуторский негізгі білім беру құзіреттілігінің жеті түрін көрсетеді:

- құндылықты-мәнді;

- жалпы мәдени;

- оқу-танымдық;

- ақпараттық;

- коммуникативтік;

- әлеумеетік-еңбектік;

- тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттіліктері[55].

Автордың айтуынша, олардың мазмұны Еуропа Кеңесінің бөліп көрсеткен түйінді құзіреттілігінің қарама-қарсы келмейді.

Білім беру құзіреттілігінің қалыптасуына бағдарлану білім беру мекемесі түлектерінің дайындық сапасын айтарлықтай көтереді, еңбек нарығында олардың жан-жақтылығын және талаптылығын арттырады. Осы мәселені шешу білім беру мекемесінде қоғамда еркін өмір сүре алатын тұлғаны дайындауда қоғамдық талаптарға сай жұмысты орындап қана қоймай, сонымен қатар өзіндік дамуының субъектісі ретінде болуына мақсатты бағытталуын асырады.

Зерттеушілер жүргізген эксперттік сауалнама келесідей сапалар құрамын анықтауға мүмкіндік береді:

- өзіндік менеджмент (адамның әртүрлі іс-әрекет түрінде және қарым-қатынаста өзін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін сапалар мен қабілеттіліктерді талдау);

- қабылдау (белсенділік, энтузназм мен қабілеті, қажетті нәтиже алудағы өз бетімен жұмыстану деңгейі);

- әлеуметтік жан-жақтылық (оқу, жұмыс орнының тез ауысуына қабілеттілік және дайындық);

- коммуникативтік (іскерлік қарым-қатынасқа қабілеті, басқа адамдармен жұмыс жасауға дайындығы, өзгенің пікіріне және қарым-қатынас орнату дағдыларына шыдамдылық таныту);

- әлеуметтік адамгершілік (құқықтық норма және моральдық ұстанымдарды саналы түрде орындаумен сипатталатын субъект іс-әрекетінің реттелуінің ішкі формасы);

- практикалық интеллект (кәсіби интуиция және айқын білім негізінде практикалық тапсырмалар мен мәселелерді өнімді шешудегі интегралды қабілет);

- шығармашылық (жаңашалығымен, сонылығымен, әмбебаптығымен ерекшеленетін өнімді шығаруға қабілет).

Тұлғалық сапалардың қалыптасуы адамды болашаққа дайындауға бағдарланған оқуды жаңа стратегиясын енгізу негізінде мүмкін болады. Осы қажеттілік тұлғалық-бағдарлы білім беру үрдісінің әлеуметімен қанағаттандырылады. Себебі тұлғалық-бағдарлы білім беру шешімдерді таңдау кезінде адамгершілік-этикалық критерийлермен сәйкес келетін стандартты емес ойлаудың дамуына, оқушының таңдауы өмір жолы бойынша іс-әрекетінің жаңашылдық мазмұнын қамтамасыз етеді. Қайталанатын ситуацияларды, іс-әрекет ережесін меңгеруге бағытталған дәстүрлі оқытуға қарағанда, жаңашылдық технологиялар оқушылардың қабілеттерін бірлескен іс-әрекетке, жаңа өзгеше ситуацияларға бағдарлайды. Осыған байланысты оқу-тәрбие үрдісін тұтас жүзеге асырылады. Бұл құрылымда келесідей компоненттерді бөліп көрсетеді: а) оқу-танымдық; б) оқу-ұйымдастырушылық; в) әлеуметтік-коммуникативтілік; г) тұлғалық-құндылық; д) кеңестік-уақыттылық. Берілген компоненттердің өзара байланысы оның мазмұнын жобалаудың алға тартылуы негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру жүйесінің деңгейлігімен сипатталатын ерекше білім беретін кеңестіктің құрылуын қамтамасыз етеді. Білім беру мазмұнының негізгі құрылымдарын жаңартуды талдау оны келесідей түрде құрылымдауға мүмкіндік береді: жалпымәдени, әлеуметтік, оқу-танымдық, ұйымдастырушылық, арнайы (1-кесте).

Наши рекомендации