Кәсіпкер ұйымындағы қаржылық ресурстарды жоспарлау
Бюджеттік ресурстар жоспар орындалу шамасында құрылыстар мен мердігерлік мекемелерге беріледі. Бұл қаржыларды бөлушілер тапсырыс берушілер деп аталады. Құрылыс монтаж жұмыстарын орындалған жұмыстардың барлық түрлерін заказ берушімен келіскен соң, жабдық пен материалдарды сатып алу шығындарын номенклатурасы бойынша төленеді. Мемлекет қажеті үшін құрылыстар мен обьектілердің қаржылануы қайтарымсыз және қайтарымды болуы мүмкін.
Қайтарымсыз қаржыландыру-өндірістік қызметтің жаңа бағыттарын принципиальды дамуы мақсатымен жүзеге асырылады.Республикалық бюджеттің қайтарымсыз негізде бөлінген қаржылары конверсиялық, қорғаныс, экологиялық және басқа осы сияқты обьектілердің жүзегег асырылуына бағытталады. Қайтарымды қаржыландыру-көбіне инвестициялық жобаны жүзеге асырудан коммерциялық тиімділікке бағытталады. Практика көрсетіп тұрғандай, мемлекеттің кез-келген көмей жобаны жүзеге асырудың ерте кезеңде анағұрлым маңызды.
Инвестициялық портфель – бұл кәсіпорынның дайын инвестициялық жоспарына сәйкес инвестициялық қызметті жүзеге асыруға арналған нақты және қаржылық инвестициялау обьектілерінің бір бағытта қалыптасқан жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық портфеліне инвестициялау обьектілерінің түрлері және оларды басқару әдістерімен ерекшеленетін бірнеше дербес портфельдер жатады. Яғни: Нақты инвестициялық жобалар портфелі. Бағалы қағаздарға салынатын қаржылық инвестициялар портфелі (портфелдік инвестициялар) Басқа да қаржылық инвестициялар портфелі ( банктік депозиттер, депозиттік сертификаттар және тағы басқа).Кәсіпорынның инвестициялары және айналым қаражаттары.
Портфельдік инвестициялар. Әдетте инвестор қаржы көздерін бағалы қағаздың бір түріне ғана емес, бірнеше бағалы қағаздарға салады. Сол бағалы қағаздар жиынтығы – бағалы қағаздар портфелі деп аталады. Инвестор теңгерімді портфельді, яғни қауіпсіздік, табыстылық, капиталдың өсуі және өтімділігі ұштасатын портфель қалыптастыруға ұмтылады. Бағалы қағаздар портфелінің құрамы инвестордың көздеген мақсатына және онда көрсетілген бағалы қағаздардың сипатына байланысты болады. Агрессивті бағалы қағаздар портфелі белсенді түрде сатылатын және сатып алынатын бағалы қағаздар жиынтығы, яғни бұл бағалы қағаздардың қүны тез арада өсіп отырады деген болжам бар. Сәйкесінше бұл бағалы қағаздардың тәуекелділігі жоғары болады. Бағалы қағаздың консервативті портфелінде табыстылығы аз бірақ, сенімділігі жоғары тәуекелдігі аз бағалы қағаздар жатады. Инвестициялыұ портфельдің тұрпаты мен құрылымы көбінесе кәсіпорынның инвестициялық жоспарының мақсаттарының жүйесіне тәуелді. Инвестициялық портфельді қалыптастырудың негізгі мақсаты тиімді және қауіпсіз нақты инвестициялық жобаларды және қаржылық құралдарды таңдау арқылы кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. 1–ші кестеде кәсіпорынның инвестициялық портфелінің сыныптамасы көрсетілген.
Кесте 1 - Кәсіпорынның инвестициялық портфелінің сыныптамасы.
Сыныптама белгісі | Инвестициялық портфельдің сынаптамасы |
Инвестиция обьектілері бойынша | Нақты инвестициялар портфелі. Бағалы қағаздар портфелі . Банктік депозиттерге қаржылық салымдар портфелі. Айналым капиталына салынатын инвестициялар портфелі. |
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясына сәйкес | Өсу портфелі – капиталдың қарқынды өсуіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялау обьектілерінің есебінен қалыптасады. Табыс портфелі – салынған капиталға табыстың қарқынды өсуін қамтамасыз ететін инвестициялау обьектілерінің есебінен қалыптасады. Консервативті портфель – тәуекелділігі төмен болатын инвестициялар есебінен қалыптасады. Мұнда өсу және табыс портфельдеріне қарағанда табыс пен капиталдың өсу қарқыны төмен болады. |
Кәсіпоырынның инвестициялық стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу деңгейі бойынша | Теңгерімдік портфель - толығымен кәсіпорынның инвестициялық стратегиясына сәйкес келеді. Теңгерілмеген портфель - толығымен кәсіпорынның инвестициялық стратегиясына сәйкес келмейді. |
Кесте 2 - Кәсіпорынның инвестициялық портфелінің қалыптасуының жалпы принциптері