Техникалық Жоспарлау

Кіріспе

Бүгінгі күні Қазақстанда аса қабілетті бәсекелестік жағдайында жеке бизнесті дамыту бойынша неғұрлым пайдалы бірнеше бағыттарды анықтауа болады. Осындай бағыттардың бірі автокөлікшілер үшін ашық аспан астында кинотеатрлар ашу болып табылады.

Кинотеатрлар – цивилизацияланған демалыс, барлығының қолы жетімді және барлығына түсінікті, жастар мен отбасылық сауық түрі. Киноиндустрия өнердің басқа да түрлерін шеттетіп отыр, жыл сайын көрермендер саны артуда. Жеке кинотеатр ашу аса қымбат және күрделі үрдіс, ал автокинотеатр басқа әңгіме.

Міне, бірнеше онжылдықтар бойы ашық аспан астындағы кинотеатрлар Америкада көптеген кинематограф қызығушыларының басын қосуда, сол арқылы елдің бетке ұстар үлгісі болып отыр. Қазақстанда бизнестің бұл бағыты мүлде дамымаған. Америкалық ашық аспан астында жасалған автокинотеатрлардың көшірмесін баяғыда-ақ жасап алуға болады деп ойлаған болармыз, бірақ біздің елдің климаты мұндай жобалардың жылдам арада өзін-өзі ақтауына мүмкіндік бере алмайды. Дегенмен, жобаның «оң» нәтиже беру мерзімдерін қысқартуға болады, нарықтағы бұл бағыт бос, ал Алматы, Астана, Қарағанды, сияқты ірі қалалар ойын-сауықтың жаңа түрін күтуде.

Жобаның Концепциясы

Жобаның концепциясы ашық аспан астында 150 автокөлік сыйатын автокинотеатр ашу болып табылады.

Автокинотеатр (ағылшын тілді елдерде drive-in ұғымы қолданылады) — ашық аспан астындағы кинотеатр, автокөлік ішінде отыратын көрермендерге арналған кинотеатр.

Әдетте, кірістері мен шығыстары арнайы қарастырылған тұрақ алаңы болып келеді, ол жерде үлкен пішінде экран орнатылады. Дыбыс қуаттылығы аз радиобекет арқылы стандартты ҒМ тәртібінде автомагнитоладан немесе акустическалық жүйеден есту үшін беріледі, ол тұрақ орындарың маңында орнатылады. Ашық аспан астында кино көрсетудің ерекшеліктеріне орай мұндай кинотеатрлардың жұмысы маусымдық сипатқа ие, барлық сеанстар күн ұясына кіргеннен кейін басталады.

Жобаның бастамашы компаниясы Қарағанды қаласында автокинотеатр ашу жоспарланады, ол сауда орталығына алаңына жақын жерде, жаппай демалыс орны маңайында орналастырылатын болады, ал бұл өз кезегінде көкремендер ағымыны тұрақтылығын қамтамасыз ете алады..

Автокинотеатр ашық территорияда, қаланың орталық бөлігінде, жалпы ауданы 750 шаршы метр болатын жерде орналастырылатын болады, соның ішінде қосалқы қызмет көрсету орындары да бар.

Бұл бизнес-жоба әрекет етуге нұсқаудың соңғы үлгісі болып табылмайды, тек қана осындай бизнес-идеяның даму мүмкіндіктерін көрсетеді. Сондықтан, жобаны жүзеге асыру барысында негізгі қызметтерге қатысты, сондай-ақ қосалқы қызметтерге қатысты көрсеткіштердің, көрсетілетін фильм түрлерінің өзгеруі мүмкін. Ұйымдастыру жоспарланып отырған қызметтердің бәсекелестік бойынша артықшылықтарын, сонымен қатар сатылып алынатын техникалық жабдықытардың ерекшеліктерін толық көрсету қажет.

Ызметтің Сипаты

Ересек буын өкілдерінің есінде бар, КСРО кезеңінде жаздық кинотеатрлардың жетістігі бас айналдыратын еді. Жаздық кинотеатр – бұл сауығудың бір түрі. Әр қалада, тіпті кіші қаланың өзінде жеке жаздық кинотеатр болған, ол әдетте демалыс алаңдары мен саябақтарда, тұрғын үйлерден алыс жерлер орналастырылған, сеанстар көбіне кешкі мезгілде болатын, жергілікті тұрғындардың тыныштығын сақтау керек болды. Бүгінгі таңда ашық аспан астындағы осындай кинотеатрлар сәні қайта оралуда. Ең бастысы, бұл бизнестің бұл түрінің аса көп қаражатты талап етпейтіндігінде.

Автокинотеатр орналастыру үшін алаң, әдетте, ірі сауда орталығына жақын маңайда, қала орталығында, ірі автокөлік магистраль мен басқа да автокөлікшілер жиналатын орында болуы керек. Ашық аспан астындағы кинотеатр территориясына тас жол төселген болуы керек немесе жақсы дренажы болуы шарт, келу және кету жолдары қолайлы, жол айырысы қарастырылуы керек. Көрермендерге фильмді кез-келген орыннан қарау қолайлы болу үшін алаңды рамппен жабдықтауға болажы, олар автокөліктің алдыңғы жағын көтеріп тұрады.

Бұл жобада кіре берістк касса орналасады деп қарастырылған. Территорияда сонымен бірге жылдам тамақтанатын дәмхана, поп-корн, шемішке және салқындатылған сусындар сататын орындар болады, себебі туындайтын қызметтердің фильм көрсетудің өзінен артық табыс әкелуі мүмкін.

Автокөліктік кинотеатрдың негізгі жабдығы – проектор, транслятор және экрандық жабдық.

Ндіріс бағдарламасы

Бұл жобада жобаның бастамашысы бейнетехниканы таңдауға басты назар бөледі.

Ғаламтор болса бұл қиын емес. Фильмдер тізімі әр түрлі болады, әр түрлі жанрдағы фильмдер таңдалатын болады, бұл аудиторияның таңдау ерекшеліктері мен әр түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Автокинотеатрдың репертуарында мыналар басым болмақ:

- заманауи америкалық хиттер (комедиялар, боевиктер, триллерлер);

- Голливуд 40- 50 жылдардағы;

- Отандық классикалық және тарихи фильмдер;

Одан кейін, алдағы уақытта автокинотеатр репертуарына мультфильмдер мен қысқа фильмдердің топтамасы енгізілуі мүмкін. Көрсетілімдер кестесімен осы жобаның сайтында танысуға болады және сол жерде алда болатын көрсетілімдер туралы жаңалықтарға жазылуға болады.

Жаздық кинотеатрдың бастапқы кезеңінде жобаның ұйымдастырушылары көрсетілімдерді тек демалыс күндері (жұма, сенбі, жексенбі) 21:00 және 23:00 ұйымдастыру жоспарланды.

Бұл жобада сонымен қатар жарнама жүргізу же қарастырылған (фильмге дейін, ортасында және соңында), бұл жобаның ұйымдастырушыларына аталмыш жобадан айтарлықтай табыс алуға мүмкіндік береді, көрермендердің жарнаманы жиі көруіне назар салу керек.

Әр компаниядан алынатын жарнама бір-бірден көрсетілетін болады, ұзақтығы үш минуттан артық болмайды. Бұл жобада демалыс күні 2 фильм көрсету қарастырылған (жұма, сенбі, жексенбі),сәйкесінше айына әр жарнама орташа есеппен 25 рет көрсетілетін болады. 1 сеанста 6 әр түрлі жарнама көрсетіледі.

1-кестеде 2013-2014 жылдарға арналған билет пен қосымша қызметтер сатудың жоспарлық бағдарламасы көрсетілген.

Табыс түрінің атауы  
Автокөліктің автокинотеатр территориясына енуі, теңге   7 020 000 8 680 000  
Автокөліктер саны, бірлік 14 040 17 160  
Автокөліктің 1 кіруіне орташа баға, теңге    
Кинодәмханадан табыс, теңге 24 000 000 35 250 000
Тапсырыс жасалған үстелдер саны, бірлік 9 600 14 100  
Орташа түбіртек, теңге 2 500 2 500  
Қосымша сервис түбіртектерінен табыс, тңг 9 828 000 15 444 000
Автокөліктер саны, бірлік 14 040 17 160  
Орташа түбіртек, теңге  
Жарнамадан табыс 4 050 000 5 400 000
Жоспарлық көрсетілетін жарнамалар саны, бірл.  
Жарнаманың 1 бірлігіне орташа баға, теңге 56 250 75 000  
БАРЛЫҒЫ, теңге 44 898 000 64 674 000

Сату бағдарламасын есептеу барысында инфляция назарға алынған жоқ, себебі инфляцияға қатысты бағаның артуы кәсіпорын өнімдерінің бағасына тікелей қатынаста болады.

Маркетингтік Жоспар

Бизнестің бұл түрінің алғашқы нышаны Ричард Холлингсхедтің патенті болды, ол 1933-жылы алынған.

Онда төлем былай есептелген: тамашалушылар көлік тұрағы үшін 25 цент және кіру үшін 25 цент төлеген. Дауыс шығаратын жабдықтардың экран қасында орналастырылғандығынан артқы қатардағылардың нашар естуі ғана жалғыз қолайсыздық болды.

Қырықыншы жылдардың басы доңгелекті кинотеатрлардың күрт етек алуымен есте қалған еді, бірақ Екінші Дүниежүзлік соғыс бұл кәсіпке кері әсерін тигізді.

Айтсақ та, соғыстан кейін Жаңа Кеңестің кәсіпкерлері бизнестің осы бағытын жалғастырды, 1948 жылға қарай Америкада 800 астам ашық кино алаңдар болды, соның ішінде балаларға арналған қосымша ойын орындары да болған, себебі көбісі тұтас отбасымен келетін.

Бұл бизнестің ең көктеген кезі елуінші жылдардың соңы болды, ол уақытта автокинотеатрлар саны бес мыңнан асты. Соған қоса өздерінің рекордтары болды.

Мысалы, америкалық drive-ins тарихында ең үлкен автокинотеатр 2 500 машина сыйдырды және отыратын орындарда 1 200 көрермен орналасты.

4.1. Ресейлік автокинотеатр нарығының сипаты

«Стрелкадағы» кино «Красный Октябрьде» фильмдер «Стрелка» медиа, сәулет және дизайн институтының артқы жағындағы алаңында көрсетілді. Сеанстар кешке басталады (21.30–22.00).

Көрермендер кино көрсетілімінің басталуына жұмыстан соң келіп үлгіреді, содан соң кешті «Красный Октябрьдегі» барлардың бірінде жалғастыруға болажы. Бұл жерде бағдарламаны фестивальдар қалыптастырады: көктемгі музыкалық Beat Film Festival; жазғы Summer Times – еуропалық кинофестивальдердің жаңалықтарымен; Summer Shorts (Summer Times төңірегінде жүреді) және Future Shorts — қысқа фильмдер.

Киноны ағаш амфитеатр сатысында отырып тамашалуға болады немесе көрсетілім алдында қойылатын орындықтарда отырып көруге болады. Тоңып және шаршап қалғандар үшін жастықтар мен жамылғылар беріледі, жауын болса — қолшатыр мен бүркемелер береді. Кейбір сеанстарға кіру тегін, ал басқаларына 300 рубль шамасында төлеу керек (бағасы мен кестелері strelkainstitute.com сайтынан қаралады). Тісбасарды Strelka дәмханасынан немесе органикалық балмұздағы, пышынайы мен дәмдік заттары бар дүңгіршектен алуға болады.

«Винзаводтағы» КИНОклуб

ЗӨО территориясында «Винзавод» «КИНОклубы» 2010 жылдың жазында ашылды.

Бұрын сырасы бар бөшкелер сақталған жасыл үлкен орында бүгін артхаус көрсетіледі. Орынның шатыры бар, соған қоса ол таспалық проектормен және DolbyDigitalPlus дыбысымен жабдықталған, шалқайтылатын орындықтары бар. Сол жерде дәмхана істейді, кофе ішуге немесе сэндвич жеуге болады.

Сеанстар күн жарымында басталады және түнгі сағат бірде аяқталады. Сенбі сайын «КиноСновидения» көрсетіледі — үздік режиссерлердің тақырыптық түнгі туындыларының көрсетілімдері, DJ-сеттермен және үзілістегі концерттермен. Бағдарламада таза артхаус қана емес, 2011 жылдан бастап арт-мейнстрим де қоя бастады: кең аудитория мен сынақтық жобалар үшін ең үлкен касса жинаған киноларға жақын туындылар.

Көрсетілімдер кестесін www.kknw.ru қарауға болады. Таңғы сеанстарға билет құны – 100 р., кешкісіне – 300, кинотүндерге – 600 бастап 1000 р. дейін (бағдарламаға байланысты).

«Флакондағы»Silent Cinema Шусыз шаралар агеттігі Silent Media маңайдағы үй тұрғындары үшін еш зияны жоқ кинокөрсетілімдер мен музыкалық шаралар ұйымдастырумен айналысады: дыбыс сымсыз құлаққаптарға барады, ол әр қонаққа беріледі. Silent Media сонымен қатар

«Флакон» дизайн-зауыты территориясында кино көрсетеді. Бағдарлама таң қалдырарлықтай таңдалады. Ең қызықыты және түсінуге қиын фильмдер қойылады: трэш, деректі кино, анимация, бейнеклиптер және аудиовизуалдық перформанстар (кестесін flacon.su қарауға болады).

Кинокөрсетілімдер ашық аспан астында, «Флаконның» ішкі алаңында ұйымдастырылады, егер жаңбыр жауып кетсе шатыр астына ауысуға мүмкіндік бар.

Көрсетілімдер 21.00 бастап 1.00 дейін бейсенбі, жұма және сенбі күндері. Оларға кіру тегін, бірақ сымсыз құлаққаптарға кепілдік ретінде келушілер төлқұжат немесе 1000 р. қалдырады.Екі дәмханадан тамақтануға болады, Cafe Brocard және Flacon Wok Cafe, олар жақын маңайда істейді.

«Кинопаркинг» жылжымалы кинотеатры

Бұл жобаның басты идеясы — үрмелі жылжымалы экран, оның өлшемі төрт метрден бастап он метрге дейін. Сондықытан «Кинопаркингтің» стационарлық алаңы жоқ — көрсетілімдер әр кезде жаңа орында ұйымдастырылады, көбіне сауда орталықтарының тұрақтарында. Көрермендер фильмді машинада отырып қарайды, ол үшін радиоқабылдағышты қажетті жиілікке қалыптастырады. Бір ретте үші фильм қояды, төлем тек тұрақ орны үшін алынады (300–500 р.-бір түнге).

«Кинопаркинг» реперуарында америкалық хиттер басым: комедиялар, үрейлі кинолар, боевиктер, кейде мультфильмдер немесе қысқа фильмдер топтамасы көрсетіледі.

Көрсетілімдер кестесін www.kinoparking.ru сайтында жарияланады.

«Кинопаркинг» көрсететін қосымша қызмет үрілетін экранды жалға беру болып табылады, алдын ала иесімен хабарласып, уақыты, орны, бағасы және репертуары туралы келісіп алуға болады.

«Бородино» автокөлік театры

Мытищадағы автокөліктер тұрағында экран орнатылып, «Бородино» кинотеатры жұмысын бастады. Басқа ашық алаңдарға қарғанда ол жыл бойы жұмыс істейді және кез-келген ауа райында көрсетілім тоқтамайды, фильмнің дыбысы автомагнитолаларға таратылады. Көрсетілім кешке басталады — 23.00 немесе сағат түнгі бірде. Репертуарда — өткен жылдардан алынатын боевиктер, комедиялар және блокбастерлер.Кестесі www.kino-borodino.ru сайтыныда жарияланады. Бір көлікке 400 р. төленеді, бағасы көлік ішіндегі жолаушылар санына байланысты емес.

4.2. Қазақстандық автокинотеатр нарығының сипаты

Алматы қаласындағы далалық кинотеатр

"Далалық кинотеатр" жобасы Қазахфильм мен алматы Әкімдігінің бірлесуімен жасалған.

Бұл жоба өзінің эксклюзивтілігімен ғана емес, мобильдік экранымен де ерекшеленеді.

Мобильдік экран –ірігаборитті конструкция, ол кішкене сөмкеге сыйып кетеді.

Мобильдік экран сипаттамалары:

· 38 ш/сағ болатын жел жылдамдығына төзімді;

· Экранның артқы жағының қара түсті болуы жарықтың шығылысуна жол бермейді;

· Экранның алдыңғы немесе жанама жақтары кәсіби тұрғыда жасалған;

· Жөндеу жинағы қосылған;

· 3 жылдық кепілдік;

· 4 Жинақы және қолданыста қолайлы.

Кинокөрсетілім төңірегінде алматылықтар мен қала қонақтарына отандық түсірілмдер көрсетіледі, олар заманау Қазақстанның тарихына кіретін болады немесе кірген, мысалы:

1. Келін

2. Көшпенділер

3. Сталинге сый

4. Ирония Любви

5. Обратная сторона және басқа да түсірілімдер, соның ішінде отандық классика да бар.

Кинокөрсетілімдерге арнайы қонақтар шақыртылады: сол фильмге түскен әртістер, режиссерлер, продюсерлер және т.б.

Кино көрсету демалыс күндері жүзеге асырылады (жұма, сенбі, жексенбі),сағат 21:00,ҚБТУ ғимаратының артында, ескі алаңда.

Бұл көлемді шараның ұйымдастырушысы - Beeline.

Ақтау қаласындағы «KinoMan» ашық аспан астындағы кинотеатр

Атырау қаласындағы «KinoMan» ашық аспан астындағы кинотеатрдың ашылу күніне ұйымдастырушылар мерекелі шара ұйымдастырды, сыйлықтар ұтысын жасады (соның ішінде киноға шақыру билеттері, жанармай талондары, көлік жууға талондар және т.б. бар). Бұл кинотеатрдағы дауыс FM жиілікте, автомагнитоладан қабылдау үшін таратылады.

Сыйымдылығы: 50 көлік

Бағасы: адам басына 500 теңге

Кестесі: бірінші сеанстың басы 22:00

екінші сеанстың басталуы 00:00

Билеттер сату сол орында сеанс күні сағат 18:00 басталады.

Аталған автокинотеатр территориясындағы даяшылар сырғытпалы конькимен жүреді, бұл сервисті жылдамдатады.

Атырау қаласындағы автокинотеатр

Атырауда «Мұнайшы» стадионы алдында ашық аспан астында автокинотеатр ашылды.

Кестесі: бірінші сеанстың басталуы 22:00, әдетте комедия қойылады;

Екінші сеанстың басталуы 00:00, романтикалық фильмдер, арнайы ғашықтар үшін.

Репертуар апта сайын жаңартылады.

Экранның өлшемі – 12х6 метр. Тұраққа кіру алдында көрермендерге дауыс таратылып қалған FM толқыны хабарланады.

4.3. Бағаның қалыптасуы

Ұсынылатын қызметтің бағасы өзіндік құн мен маржа негізінде қалыптастырылады,ол кәсіпорынның табысы болып саналады. Қызметтің өзіндік құнына қызмет көрсету үшін қажет тікелей шығындар жатады. Кәсіпорынның табысы ұсынылатын қызметтердің нарықтық өзіндік құны нарықтық құнының айырмашылығы арқылы анықталады.

Осылайша, көрсетілетін қызметке нарықтық құнды Шымкент қаласында қалыптасқан нарықтық бағамен анықтайтын боламыз.

4.4. Маркетинг стратегиясы

Жарнама –үрдісті қозғаушы күш. Жобаның бастамашысы осы жағдаятқа басты назар аударатын болады. Жобаның ұйымдастырушылары жарнамалық өнімдерін өздерінң автокөліктерінң қанаттарына жабыстыратын болады, онда болатын сеаныстың уақыты көрсетіледі, соған қоса автокинотеатр маңындағы рупор көмегімен қалалықтарға хабарландыру жасалады. Сонымен қатар біздің кезіміздегі дәстүрлі ақпарат тарату амалдары қолданылады, мәселен Ғаламтор, афишалар жабыстыру, газет-журналдардағы хабарландырулар, басқа да бұқаралық ақпарат қралдарына жарнама беру.

Болатын сеанстың уақыты мен күні бірнеше күн бұрын хабарланатын болады, себебі хабарландыруды естіген қалалықтар өздерінің таныстарын шақырып үлгіруі керек, осы шараны өздерінің жоспарына енгізулері керек. Сонымен қатар күнді көрсеткенде және уақытты көрсеткенде сеанстың ауа-райының шұғыл өзгеруіне байланысты қолайсыз жағдайда болмай қалуының мүмкін екендігін де айту керек.

Ерекше назар видеотеканы таңдауға бөлінеді. Фильмдер тізімі әр түрлі болады, әр түрлі аудиторияның қалауы мен қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін түрлі жандардағы фильмдер таңдалатын болады.

Билеттің құны аса қымбат болмауы керек. Аудитория тарту мақсатында бағдарлама төңірегінде алармандар жинау үшін қосымша акциялар ұйымдастырылатын болады: әр оныншы билеттің бонусы болады. Бонус ретінде шағын, бірақ ұнамды сыйлар берілетін болады, мысалы, бір қалта попкорн немесе газдалған су. Попкорна, тәтті мақта, салқындатылған су саудасы жобаның бастамашыларына бұл бизнестің жылдам арада өзін-өзі ақтап алу мүмкіндігін береді және алармандар тартуға ықпал етеді.

2-кесте. Жобаның SWOT талдауы

Мүмкіндіктері   Кинотеатрларға билет құнының арту мүмкіндігі. Автокинотеатр алаңын күндізгі уақытта сабақ өткізу үшін автомектептерге сағаттық жалға беру. Инфрақұрылымды дамыту.  
Қауіптері   Жаңа бәсекеге қабілетті автокинотеатрлардың Қарағандыда пайда болуы.  
Артықшылықтары   Көрермен залын салу немесе жалдау үшін үлкен шығын жоқ. Минималды коммуналдық төлемдер. Жиһаз бен жабдық сатып алуға, оларды жөндеуге жұмсалатын шығын аз.  
Кемшіліктері Кәсіпорынның танымал еместігі (жаңа жоба). Ауа-райы шарттарына тәуелділік, әсіресе қыста. Фильмді тек қараңғыда көрсету, жазда күн жарығы ұзақ, бұл кинотеатр мүмкіндігін шектейді. Территорияны күндіз-түні мұқият күзету керек.    

Техникалық Жоспарлау

Автокинотеатр рамптардың проекциялық көлбеуге қатысты желпуіштік орналасымымен жобаланған400(1-сур.).

Егер жобада автокинотеатр ұзын және тар болып көрінсе экрана соңғы рамптардың қашықтығына байланысты ұлғайтылуы керек, есесіне рамптың бірінші қатары экраннан одан да алшақ болады.

Қаңқасы мен экран материалдарының әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, перфорирленген алюминий беттен жасалған экран немесе бетоннан – латекстік жарық шағылыстыратын бояумен көмкеріледі. Тұтас түрі де, жекелеген жолақтардан жасалатын түрі де қолданылады (желдің әсерін азайту үшін).

Автокөліктер санына байланысты экранның жобалық өлшемдері кестеде берілген. Стандарттарға негізделген, олардың анықтама үшін пайдаланылуы мүмкін.

Автокөліктің желдік шынысының екі жағының бір-біріне қатынасы 1:2 жақын, сондықтан, кескіннің «кең» форматы неғұрлым қолайлы (1 : 1,85). Соңғысы экранның ұзындығының еніне қатынасының ұтымды болуын қамтамасыз етеді, себебі қатынас аз болғанда кадр экран бетін толықтырмайды.

Экранның қаңқасын көрермендерге қарай еңкейту керек, ал иілу бұрышы проектор сәулесінің түсі және шығылысу бұрыштарының тиімді қатынасымен анықталады.

Проектор іс жүзінде экранның ортасы деңгейінде орналастырылмайтын болса, сүйенішін кескіннің қиғаштануы орын алмайтындай бқрышпен еңкейтіледі (параллакс).

Әдетте проектор көлденең көлбеуге қатысты қарағанда 70 болып иіледі, экранның иілу бұрышы 5 – 70 құрайды, ал қалыпты шамаларға ең жақын түсу және шағылысу бұрышы қарау аумағының неғұрлым қолайлы жерінде болады (орталық бөлігі және автокинотеатр рамптарының 2/3).

Экранның қиғаштығына қатысты мамандардың бір ауыздан шыққан тұжырымы жоқ.

Әдетте экран көсегінің қиғаштығы көп емес, керісінше жағдайда бүйір жақтардан кескінді, бейнелерді қабылдап көрсу нашарлайды. Сонымен қатар қисық сызықты экран дайындау, мысалы, бетоннан, өлшемі 11 х 26 м, үрдісті біршама қымбаттатады. Тегіс экран, магистральдан әрі бұрылған, мінсіз жарнамалық қалқан болып табылады және коммерциялық мақсатта пайдалануға болады.

Кинотеатрлар үшін экран жеткізушілер де, мобильдік экран өндірушілер де Қазақстанда жоқ. Солайша, жобаның бастамашылары АҚШ, Германия, Қытай сияқты бірнеше елдерің аталған өнімді өндірушілерінің нарығын зерттеу барысында мобильді экранды қытайлық өндірушіден, “Shenzhen Telon Audio And Visual Equipment Co.” Ltd компаниясынан алуды шешті. Бұл жағдайда жабдықты жеткізу бойынша компанияны таңдау басқа компанияларға қарағанда бағасының арзандығына, сапасының жоғарылығына, жабдықтың сипаттамаларына, кепілдік міндеттемелеріне, жеткізу шарттарына байланысты жасалды.

Экранның бағасы: US $20 немесе 3000 теңге – шаршы метріне. Бұл бизнес жоба бойынша 144ш.м. экран(16х9 метр) сатып алу жоспарланып отыр, бұл жалпы алғанда 432 000 теңгені құрайтын болады.Жабдықтың құны жеткізуге жұмсалатын шығынды және жөнелтуге жұмсалатын қаражатты қоспағанрда, жинақтау және орнату қызметтерін қоса есептегенде 487 000 (төрт жүз сексен жеті мың) теңге.

Жеткізу мерзімі: сатып алушы жабдық үшін жеткізушінің есептік шотына жартылай төлем жөнелткен күннен бастап 7 күн.

Кепілдік мерзім: 1 жыл.

5.1. Кинопроекциялық жабдық

Проекциялық жабдыққа қатысты жағдайлар экранның сипаты мен линзаларының фокустық қашықтықтарына байланысты анықталады. Ауыспалы фокустық қашықтық кинопроекциялық линзаларда айтарлықтай кең, ол проекциялық аппаратты автокинотеатрдың кез-келген рампасында орналастыруға мүмкіндк береді және кескінді түгел экранға проекциялай алады. Бұл экранның ені 30метр болғанда проекциялық аппаратты проекция көлбеуі бойымен экранға дейін 50 – 60 және 100 – 120 м қашықтықта орналастыруға болатындығын білдіреді. Кинопроектордың экраннан алшақтауын шектейтін жалғыз нәрсе – проекциялық шамның қуаттылығы, ол қажетті жарық ағымын қамтамасыз етеді (шамамен 400 лм - 1 м2 экран бетіне), ауадағы шаң және/немесе тұман (проекциялық аралық неғұрлым артық болса, аталған фактордың әсері соғұрлым көрнекті).

Жобаның бастамашысы кинотеатрларға арналған кәсіби проекторды - EIP-SXG20 Астанақаласында, жеткізушінің «MediTec-NS» компаниясынан 100% бағасын бірден төлеу барысында алмақшы. Бұл жабдықтардың құны 3 868 571 тңг/данасына (үш миллион сегіз жүз алпыс сегіз мың бес жүз жетпіс бір) теңге – жеткізу бағасымен.

5.2. Жасанды ландшафт қалыптастыру және қоршау

Жасанды ландшафт және автокинотеатр қоршауы бірнеше мақсатқа қызмет етеді: автокинотеатрды магистральдан оқшаулауға – магистраль бойынша қозғалатын жүргізушілердің экрандағы кескінді көрмеуі үшін; бөтен автокөліктердің кіруінің/шығуының бөгеттелуіне ықпал етеді және сеанстағы көрермендерді көлік шамының жарығымен алаңдатпайды; дәмханадан қоршалады; автокинотеатрға ерекше көркем келбет беріп тұрады.

Автокинотеатды магистральға экраны қатар болатындай етіп орналастырған неғұрлым қолайлы, бірақ беті оған қаратылмауы керек. Қоршау мен жасанды ландшафтты осы жоба бойынша жасауға шамамен 800 000 (сегіз жүз мың) теңге жұмсалмақ.

Қоршау әдетте автокинотеатрды жолдан ажыратып, кіру мен шығуды шектеу үшін жасалады. Әсіресе кинопроекция маңындағы аумақ қоршалады және проекциялық сәуле жақтағы орын қоршалады. Металл қоршаудан тұратын үйлесім ұнамды, сәнді және қолайлы.

5.3 Жарнамалық қалқан

Дұрыс конструкция және жарнаманы ұйымдастыру – аса маңызды маркетингтік фактор.

Егер экранның сыртқы жағы автомагистральдан көрінетін болса ол автокинотеатрдың өзінің жарнамалық қалқаны бола алады, онда фильм анонстары көрсетіледі немесе коммерциялық жарнамаға қолданылады. Жарнамалық қалқанды автокөлікшілер алыстан да көруі керек. Автокинотеатрдың неонмен жиектелген қалқаны және фильмдер анонсы жүріп жатқан төңіреек атмосфералық әсерлерден қорғалған нұсқада орындалуы керек.

Егер экранның сырт жағы жарнама үшін қолданылмайтын болса жарнамалық қалқандар автомагистраль бойына орналастырылады, бірақ олардың жарықтары сеанс барысында көрермендерге кедергі болмауы керек.

5.4 Касса

Кәдімгі театрда көрермен кассаған кірген бетте, кинотеатр кіреберісінде жолығады. Кассалар және автокинотеатрға кіреберістер негізгі магистральдан алшақтау болуы керек. Автокинотеатрда кассалар автокөліктер автомагистральдан түсіп келетін кезде кедерегі жасамайтындай орналастырылуы керек, ал кассаға екі жағынан екі автокөлік келе алатындай қарастырылуы керек. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: бір реттік қолданыс билеттерін

Сатудан бастап магниттік карталарды электрондық түрде оқи алатын автоматты шлагбаум орнату және рампадағы орын көрсетілген билет беруге дейін. Автокинотеатрдың кассалық модульін жобалау барысында әуежайлардағы көліктің келу-кетуін ұйымдастыру, тұрақ жасау немесе жеке көлік жолдарын ұйымдастыру тәжірибелерін пайдалануға болады.

Негізгі мақсаты – автокөліктердің кедергісіз енуін қамтамасыз ету және сеанс арасында қозғалуын қамтамасыз ету (3-сур.).

5.5 Қосымша сервис

Статистика қосымша ақылы қызметтердің валдық табысының автокинотеатрда кіріс билеттері құнының 60 бастап 300% дейінгі бағасын құрайтындығын көрсетіп отыр.

Көрермендер (олардың бір көлік ішінде төрт адамға дейін болуы мүмкін) өз ақшаларын көпіршік жүгеріге, мұз кәмпиттерге, салқындатылған сусындарға, кофеге, ыстық бутербродтарға, темекіге және т.б. аямай жұмсайды. Сервисті жоспарлауға мұқият көзқарас керек. Өнімдер мен сусындар сататын дүңгіршектерді автокинотеатрға енетін жерде орналастыруға болмайды, бұл кедергілер тудырады да, билеттің сатылу бойынша айналымының төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар кезекте тұру естерінде қалған көрермендерді келесі жолдары автокинотеатрға өздерінің өнімдері мен сусындарын алып келуге мәжбүрлейді, салдарынан табыстың белгілі бөлігі жоғалады.

Бір-екі алаңды (шыға берісте) автокөлікшілер үшін "Мак’Авто" үлгісінде ұйымдастыруға болады, бірақ бұл үшін орын негізгі кірістен алшақ, автокинотеатр алдында беріледі. Тағы бір нұсқа ретінде – фаст-фуд (fast-food) желілерінің бірінен франчайзинг қйымдастыру:

Бургер Кинг, Big Mama және т.б.

Бұл бизнес –жобада соңғы рампадан кейін шағын дәмхана немесе мейрамхана орналастыру жоспарланған. Ол тегіс беттен 4-5 м биіктікте орналасады, шыны террасаларынан автокинотеатрдың алып экранына көрініс ашылады, ал дауыс шағын дәмхана ішінде орналасқан үдеткіш арқылы берілетін болады. Сонымен қатар өзінше ерекше болып табылатыр, 300 – 500 адамға арналған кинодәмхана ұйымдастыруға болады, онда билеттер мен клубтық карталар сатуға болады, ішін автокөлік тақырыбы бойынша әрлеп, сол арқылы автокиносүйгіштердің клубын ұйымдастыруға болады.

Автокинотеатр территориясында көрермендер өздерінің көліктерінде отырып даяшыларды шақыруға болады (әдетте бұл көлікте отырғандардың «апаттық тоқтау» шамдарын жағулары арқылы жасалады), тағам мен сусынға тапсырыс жасай алады.

Даяшылар территорияда шайтанарбамен жүре алады, оның алдына өнімдердің ең өтімді түрлері, темекі мен сусын салынған жинағы салынған себет орналастырылады, болмаса қолына табақ немесе қорап ұстап сырғытпалы конькимен жүреді. Тапсырыс берілген ыстық шұжықтар, хот-догтар немесе картофель үшін даяшылар автокөліктердің есіктеріне пластик табақтар орнатып қяды, кейін жинап алады.

Қосымша сервисті жоспарлау барысында мыналар ескерілді:

Тәжірибе қосымша сервиске арналған бір автокөліктік ауданның 2 – 2,5 м2 болуы керектігін көрсетіп отыр. Бұл бизнес-жобада 150 көлік сыйатын автокинотеатр ашу жоспарланып отыр, демек осы есеп бойынша қосымша қызмет пен сауда алатын аудан 300 м2 кем болмауы керек.

• Өнімдер мен сусындар сақтауға арналған қойма ауданы бір көлік үшін 0,1 м2 кем болмауы тиіс. Есептеулер негізіне 150 көліктік автокинотеатрды ала отырып санасақ қойма ауданы 15 м2 болады.

• барлық белгілеу жолақтары автокинотеатр территориясында тк болады. Егер бұрылу керек болса, онда оның радиусыавтокөліктердің ең үлкен түрының бұрылыс ауқымынан кем болмайды.

• Территорияда автокөліктердің бірнеше қатарда қозғалысы қамтамасыз етілетін болады. Тәжірибеде негізі автокинотеатрлар 150 және одан да артық көліктерге болса кемінде екі жолақты болады, 500 бастап 750 дейін болса – кемінде төртеу, 750 бастап 1000 дейін болса – кемінде алтау, 1000 артық болса – сегіз.

• Мүмкіндік бойынша автокинотеатрға ену бір кассашының екі жолақтағы көліктергебірдей қызмет ете алуын қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылады, егер көліктер өте көп болмаса, егер көлік бірінен соң бірі, көп келсе – бір жолаққа бір кассашы.

• Тәртіпті бақылау пунктіавтокинотеатрдың орталық (көлбеулік) сызығында, кіретін маңайға жақын орналастырылатын болады. Сонымен қатар территорияға өрт сөндіру машиналары мен милиция машиналары келу үшін қосалқы бір-екі кіреберіс қарастырылады.

• соған қоса инфрақұрылымның одан әрі дамуы қарастырылады, сонң ішінде қызметтер желісі мен қосалқы жайлар да бар.

• Жоба бойынша дәретханаға кіреберістер көрермендер жаққа қаратылмаған. Кабина топтамалары көрермендерден жасырын болады және автокөліктердің соңғы қатарынан кейін орналастырылады.

• Медициналық пункт, сауда жайлары, дәмхана және өрт қауіпсіздігі пункттері автокөліктер неғұрлым жиі орналасқан жерге жақын болады. Бұл автокинотеатрдың көрермендер аумағының ортасы болуы мүмкін.

• Автокинотеатрдың орталық (көлбеулік) сызығы бойынша тамақтану орындары мен дәмханаға еркін өту қамтамасыз етілетін болады. Мүмкіндікке қарай "V" әріпі тәрізді екі жол қарастырылады, олар саудалық қызмет көрсету алаңы артында түйіседі және соңғы рампаларға қарай ажырайды. Негізінен осылайша кинотеатрдың автокөліктік аумақтары қозғалыстың қолайлы болуы үшін бес-алты аумаққа бөлінеді.

• Жобаның ұйымдастырушылары сауда алаңы мен дәмханада қызмет көрсету деңгейінің сапасының аса жоғары болуына және қызмет көрсету жылдамдығының жоғары болуына бағытталған жұмыстар атқаратын болады.

Наши рекомендации