Нормативті құжаттар келесілерді регламенттейді

ҚР МӨЖ обьектілері болып мыналар табылады:

- шамалар бірліктері;

- шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және шамалар бірліктерінің эталондары;

- өлшеу құралдары;

- өлшеу құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;

- өлшемдердің құрамдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойлатын талаптар;

- өлшемдерді орындау әдістемелері;

- мемлекеттік басқарма органдарынң, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің қызметі.

Шамалар бірліктері
Шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және шамалар бірліктерініңэталондары
Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруәдістемелері
ҚР МӨЖ обьектілері
Өлшеу құралдары  
Өлшемдерді орындауәдістемелері
Өлшемдердің құрамдарына, әдістеріне және нәтижелерінеқойлатын талаптар
мемлекеттік басқарма органдарынң, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерініңқызметі

2 сурет. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің обьектілері

ҚР МӨЖ аясында жалпы қасиеттерге, сипаттамаларға және талаптарға ие, қызметтің жеке бағыттары бойынша өлшем бірлігін қаматамасыз ету бойынша қызметтің субьектілерін, нормаларын, құралдарын және түрлерін біріктіретін жүйешелерді құру мүмкіндігі қарастырылады.

ҚР МӨЖ құрылымына мыналар кіреді:

- ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық негізін құрайтын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі;

- ҚР МӨЖ техникалық негізін құрайтын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары, шамалар бірліктерінің эталондары және өлшем бірліктері;

- ҚР МӨЖ нормативтік негізін құрайды, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды және тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар.

ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық негізін құрайтын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі
ҚР МӨЖ техникалық негізін құрайтын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары, шамалар бірліктерінің эталондары жәнеөлшем бірліктері
ҚР МӨЖ нормативтік негізін құрайды, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырудыжәне тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар
ҚР МӨЖ құрылымы

3 сурет. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің құрылымы

Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметіне мыналар кіреді:

- мемлекеттік метрологиялық қызмет;

- өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттікқызметтері;

- мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы аудиторлар;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингті қызмет көрсететін заңды тұлғалар.

Мемлекеттік метрологиялық қызмет
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттікқызметтері
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағысарапшы аудиторлар
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингті қызмет көрсететін заңды тұлғалар
мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері

4 сурет. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің құрылымы

Мемлекеттік метрологиялық қызмет мыналардан тұрады:

- техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай уәкілетті орган) жәнеоның аумақтық бөлімшелері;

- мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (әрі қарай МҒМО).

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтеріне мыналар кіреді:

- уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай УЖМҚ);

заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (әрі қарай СҮМҚ);

- заттар мен материалдардың физикалық константталары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі (әрі қара САДМҚ), сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа да мемлекеттік қызметтері.

ҚР МӨЖ техникалық негізін мыналар құрайды:

- құрылуын және ұстауын мемлекет жүзеге асыратын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарының жиынтығы;

- республика аумағында қолданылатын шамалар бірліктерінің эталондарының, өлшеу құралдарының, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің жиынтығы;

- заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректерінің жиынтығы.

Құрылуын және ұстауын мемлекет жүзеге асыратын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарының жиынтығы
Республмка аумағында қолданылатын шамалар бірліктерінің эталондарының, өлшеу құралдарының, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің жиынтығы
Заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректерінің жиынтығы
ҚР МӨЖ техникалық негізі

5 сурет. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің техникалық негізі

ҚР МӨЖ нормативтік негізі Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарға қойылатын талаптарды және жүргізу тәртібін анықтайтын, бірыңғай ережелер мен нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құжаттардың кешенінен тұрады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарғамыналар жатады:

- халықаралық стандарттар;

- метрология бойынша аймақтық стандарттар, ережелер мен нұсқаулар;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;

- мекемелер стандарттары;

- Қазақстан Республикасының метрология бойынша нұсқаулары;

- басқа елдердің метрология бойынша ержелері, нормалары және нұсқаулары, мекеме стандарттары.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар мыналарды регламенттейді:

- шамалар бірліктері;

- шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары;

- өлшеу құралдарын салыстырып тексерудің және калибрлеудің әдістері мен құралдары;

- өлшеу құралдарына және нормаланатын метрологилық сипаттамаларға қойылатын талаптар;

- өлшемдердің дәлдік нормалары;

- өлшемдер нәтижелерінің және өлшемдердің дәлдігін көрсеткішиердің баяндалу тәсілдері және ұсыну нысандары;

- өлшеу құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері, өлшемдерді орындау әдістемелері;

- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілеріне, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректеріне қойылатын талаптар;

- өлшеу құралдарын сынауды, метрологилық аттестаттауды, салыстырып тексеруді және калибрлеуді және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы терминдер мен анықтамалар.

ҚР МӨЖ нормативтік құжаттары:

- негізгі, жалпы талаптарды, ережелерді, нормаларды белгілейтін және ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелері;

- өнімді, қызмет көрсетулерді, процесстерді бақылау талаптарын және әдістерін белгілейтін болып бөлінеді.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар қолданылады.

ҚР МӨЖ жұмыстарын мемлекеттік басқаруды, Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің қызметін үйлестіруді, мемлекеттік бақарма органдарымен, жергілікті басқару органдарымен, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қоғамдық мекемелермен, басқа жеке жәнезаңды тұлғалармен өзара әрекеттесуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

Уәкілетті орган өз қызметін тікелей немесе оған бағынышты кәсіпорындар мен бөлімшелер арқылы жүзеге асырады.

Уәкілетті органың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

- өлшем бірлігін қаматамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберілген шамаларды анықтау;

- метрология саласында ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету ойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін анықтау;

- өлшеу құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін анықтау, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастыру;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды қайта дайындау және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру;

- өлшембірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

- мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу;

- Қазақстан Республикасын метрология бойынша халықаралық және аймақтық мекемелерде таныстыру.

Өлшем бірлігін қаматамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асырудыұйымдастыру
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің қызметінүйлестіруді жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберілген шамаларды анықтау
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтің түрлері
Өшем бірлігін қамтамасыз ету ойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін анықтау
Метрология саласында ғылыми зерттеулердіжүргізуді ұйымдастыру
Мемлекеттік метрологилық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу
Өлшеу құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін анықтау, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастыру
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды қайта дайындау және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру, - өлшем бірлігінқамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасын метрология бойынша халықаралық және аймақтық мекемелерде таныстыру

6 сурет. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің қызметінің түрлері

МҒМО негізгі қызметтері мынадай:

- өлшем бірліктері эталондарын дайындау, құру, сақтау және метрологиялық аттестаттау;

- шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруды іске асыру;

- метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруды іске асыру;

- шама бірліктерінің жаңа эталондарын, жоғары дәлдіктегі өлшеу құралдарын құру бойынша ғылыми зерттеулерді, оларды дайындау және өндіру бойынша тәжірибелі – конструкторлық жұмыстарды жүргізу;

- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерін дайындау және өндіру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- мемлекетаралықжәне халықаралық деңгейлерде жүргізілетін Қазақстан Республикасы шама бірліктері эталондарының айналмалы салыстыруында қатысу;

- республика төңірегінде шама бірліктері эталондарын айналмалы және радиалды салыстыруды ұйымдастыру және қатысу;

- уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілері, заттар мен материалдардың қасиеті және физикалық константалары туралы стандартты анықтамалы деректер жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз ету;

- метрология саласында заңды, нормативті және құқықты дайындау және іске асыруға қатысу;

- өлшем бірілігін қаматамсыз ету саласында нормативті құжаттарды дайындауды, оларды мемлекетаралық және халықаралық нормалар және ережелермен үйлестіруді іске асырады;

- метрология саласында мемлекеттік стандарттарды, ұсыныстарды және де басқа нормативті құжаттарды, соның ішінде салыстырып тексеру әдістемелерін, өлшемнің әдістемелік орындалуын метрологиялық сараптау жүргізу;

- өлшеу құралдарын сынау, қлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау, өлшемнің әдістемелік орындалуы бойынша жұмыстар жүргізу;

- өлшеу құралдарын өндіру, салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеу кезінде қойылатын квалификациялық талаптарға заңды және жеке тұлғалардың сәйкестігіне тәуелсіз экспертті бағалау және техникалық тексеру жүргізу;

- МҒМО қызметіне тиісті өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтерінің қызметі уәкілетті орган бекітетін Ережелердің негізінде жүзеге асырылады.

УЖМҚ негізгіқызметтері мыналар болып табылады:

- техникалық құралдарды және УЖМҚ жүйелерін дамытуды және үздіксіз қызмет етуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру;

- уақыт пен жиілік бірліктерінің мөлшерлерін, УЖМҚ пайдаланылатын эталондардың негізінде Қазақстан Республикасындағы уақыттың ұлттық шкаласын жаңғырту және сақтау;

- Жердің айналу параметрлерін бақылау пунктерінде алынған ақпарат негізінде бүкіләлемдік уақыт пен Жер полюстерінің координаттарын анықтау және болжау;

- елдің уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарына, сондай-ақ байланыстың келісілген арналары бойынша жердің айналу параметрлері туралы ақпаратқа деген сұраныстарын радио және теледидар арналары, спутниктің навигациялық жүйелері, Инетернет басты желісі бойынша үздіксіз қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының аумағында техникалық құралдар және жүйелер арқылы берілетін уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарын метрологиялық бақылау;

- тұтынушыларды УЖМҚ ақпараттық деректерімен қамтамасыз ету;

- эталондық базаны, жердің айналу параметрлерін анықтаудың техникалық құралдарын және уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарын беру және қабылдау жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстарды жүргізу;

- уақыттың Мемлекеттік қызметінен берілетін уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарының, жердің айналу параметрлерінің сипаттамаларына қойлатын талаптарды және болжау;

- УЖМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтамақтастыққа қатысу;

- уақыттың, жиіліктің және жердің айналу параметрлерінің техникалық құралдарының түрін бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

- Қазақстан Республикасының аумағында уақытты санаудың белгіленген тәртібін сақтауды бақылау.

СҮМҚ негізі қызметтері мыналар болып табылады:

- стандартты үлгілерді жасау және қолдану негізінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету;

- СҮМҚ қызмет етуін және дамытуын қамтамасыз ету бойынша ғылыми-техникалық және практикалық қызметті жүзеге асыру;

- стандартты үлгілерді жасау және қолдану бойынша аймақ аралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

- экономиканың стандартты үлгілерге деген сұранысын анықтау және болжау;

- тұтынушылар заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерін анықтау дәлдігіне қоятын талаптарын талдау және болжау жүргізу;

- стандартты үлгілерді жасауды, өндіруді, жүзеге асыруды және қолдануды регламенттейтін нормаларды және техникалық талаптарды белгілеу;

- стандарты үлгілердің түрлерін бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

- «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарты үлгілернің бекітілген түрлері» бөлімі бойынша өлшем бірлігін қаматамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу (әрі қарай – түрі бекітілген стандартты үлгілердің Мемлекеттік тізілімі);

- тұтынушыларды СҮМҚ анықтама ақпаратымен қамтамасыз ету,

- стандартты үлгілерді жасау, стандартты үлгілерді аттестаттау құралдарын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;

- СҮМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.

САДМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:

- стандартты анықтамалы деректерді ғылымда, өндірісте және білім беруде олардың негізінде өлшем бірлігін қаматамасыз етумақсатында әзірлеу және қолдану бойынша аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

- анық стандартты анықтамалы деректерді өнеркәсіптік өндірісте, ғылыми-техникалық қызметте, метрологияда, стандарттауда, өнімнің сәйкестігін бағалауда, коммерциялық қызметте, басқармада, адамдардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметте қолдануды қамтамасыз ететін нормаларды, ережелерді және талаптарды әзірлеу;

- стандартты анықтамалы деректерге деген сұраныстарды анықтау және болжау;

- стандарты анықтамалы деректерді жасаудың бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

- стандартты анықтамалы деректер мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;

- стандарты анықтамалы деректермен өнеркәсіптік, ғылыми мекемелерді және де басқа ұраныстарды қамтамасыз ету.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойыншажұмыстарды орындау және метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқарма органдары, жеке және заңды тұлғалар метрологиялық қызметтер құрады.

Мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың басшылары бекітетін Ережелердің негізінде жасалады.

Мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі қызметтері болып мыналар табылады:

- қызметті тексерілетін аясында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдікті қаматамасыз ету ету;

- процесстер мен қызмет көрсетулерді зерттеу, әзірлеу, өндіру, сынау, пайдалануды метрологиялық қаматамсыз ету бойынша қызметтік негізгібағыттарын анықтау және жұмыстарды орындау;

- заңнамалықпен белгіленген метрологиялық нормалар мен ережелерді өз уақытында енгізу және сақтау;

- қолданылатын өлшеу құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеудіұйымдастыру және жүргізу;

- өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу;

- нормативтік және техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау;

- метрологиялық бақылауды жүзеге асыру.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етусаласындағы сарапшы-аудиторлар қызметтің мынабағыттары бойынша жұмыстарды жүзеге асырады:

- лицензилау кезінде біліктілік талаптарына сәйкестікке жеке және заңды тұлғаларға тәуелсіз сараптама бағалау жүргізу;

- заңды тұлғалардың метрологилық қызметтерін өлшеу құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) құқығына аккредиттеу кезінде техникалық зерттеу жүргізу;

- заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау құқығына аккредиттеу кезінде техникалық зерттеу жүргізу;

- өлшеу, аналитикалық зертханаларды аккредиттеу кезінде техникалық зерттеу жүргізу;

- өлшеу құралдарына сынақтар жүргізу;

- сынау жабдығына аттестаттау жүргізу;

- өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау;

- техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау жүргізу;

- аналитикалық, сынау, өлшеу зертханаларында жағдайын бақылауды жүргізу.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында сарапшы-аудитор ҚР СТ 2.45 сәйке біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызмет, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

ҚР МӨЖ өзара әрекетте болады:

- техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесімен;

- нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесімен;

- сертификатталатын өнімдердің, процесстердің және қызмет көрсетулердің сапасын және қауіпсіздігін бағалау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесімен;

- заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің метрологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына аккредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аккредиттеу жүйесімен;

- нормативтік құжаттарды үйлестіру және шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарын салыстыру кезінде басқа елдердің ұлттық жүйелерімен өзара әрекетте болады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында обьектілерді, жұмысқа қатысушыларды және құжаттарды есепке алу ҚР СТ 2.7 сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінің, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттардың талаптарын орындауын тексеру мақсатында жүзеге асырады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық ынтамақтастық басқа елдердің тиісті мекемелерімен екі жақты немесе көп жақты негізде, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның шешімдерінің негінде Қазақстан Республикасының метрология бойынша халықаралық және аймақтық мекемелердің қызметіне қатысуынан туатын ынтымақтастық туралы келісімдерді (келісім шарттарды, хаттамаларды) жасау жолымен жүзеге асырылады.

Метрология бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәкес белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Наши рекомендации