Хх ғасырдағы франциядағы мұрағат ісі
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Франциядағы мұрағат саласында көптеген мәселелер пайда болды. Соғыс уақытында Франция майдан алаңына айналғандықтан көптеген қалалар, соның ішінде мұрағаттар зардап шекті. Соғыс кезінде мұрағаттардың дағдарыс жағдайына келуіне бірнеше факторлар әсер етті:
1) Әскери қимылдар кезінде зардап шегуі,
2) Әуе арқылы бомбалау кезінде зардап шегуі,
3) Фашистер жаулап алған жерлерінің мұрағаттарын жоюы кезінде зардап шегуі,
4) Фашисттердің саяси және маңызды құжаттарды өз елдеріне тасып алып кетуі кезіндегі зардап шегуі, т.б.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Францияның мұрағат мекемелері айтарлықтай зардап шеккен қалалары:
1) Орлеан
2) Мезьере
3) Сен-Ло
4) Леон
Соғыс жағдайына қарамастан француз мұрағатшылары маңызды құжаттарды сақтап қалуға әрекет жасап, кейбір құжаттарды басқа қалаларға тасу арқылы сақтап қалды.
Соғыс аяқталып, Францияның жері азат етілген кезде мемлекеттік басқаруға, соның ішінде мұрағат саласына өзгертулер енгізуге мүмкіндік туды. 1945 жылы мұрағаттарды басқару туралы жаңа заң қабылданды. Осы заң мұрағаттардың алдында тұрған барлық мақсаттарды айқындап берді. Францияның Мұрағат басқармасы көпшілік және жеке мұрағаттарға қатысты барлық сұраныстармен айналысатынын жариялап, өзінің негізгі міндеттерін белгіледі:
1) Құжаттардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету
2) Құжаттардың классификациясын, яғни реттілігін қамтамачыз ету
3) Құжаттарға қолжетімділік мәселесін шешу
4) Құжаттарды инвентаризациялау
5) Құжаттардың ақпараттық жағын ретке келтіру
6) Құжаттық материалдарды әкімшілік және тарихи мақсаттарда қолдану
Осы жасалған заңның жалғыз кемшілігі мемлекет тарапынан белгілі бір құқықтармен қамтамасыз етілмеуі болды, яғни Мұрағат басқармасы мұрағат мекемелерін ресми түрде басқара алмады, құжаттық материалдарға экпертиза жасаудың негізгі ережелері бекітілмеді, т.б.
Жасалған заңдағы көптеген кемшіліктерге қарамастан Франциядағы мұрағат ісі Ш.Брэбанның басшылығымен дами түсті. Мұрағат ісінде соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда бірнеше өзгешеліктер пайда болды:
1) Соғысқа дейін Ұлттық мұрағат пен мұрағат инспекторлары бірігіп жұмыс жасасаса, ендігіден бастап олар жеке мекемелерге айналды.
2) Мұрағаттардың штаты көбейді
3) Мұрағаттардың бюджеті көбейді
1959 жылы Франциядағы мұрағаттар Мәдениет министрлігінің құрамына кірді.
Ұлттық мұрағат. Францияның ең танымал мұрағаты болып Париж қаласындағы Ұлттық мұрағат саналды. Ол өзінің құжаттар қорының мол болуымен, жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Ұлттық мұрағаттың құжаттық қоры соғыстан кейін айтарлықтай көбейе түсті. XIX-XX ғасырлардағы орталық мекемелердегі ауқымды құжаттар қорымен толықтырылды. Ұлттық мұрағатқа Сыртқы Істер Министрлігінің, Теңіз Министрлігінің және таратылған Колония Министрлігінің құжаттық материалдары сақтауға берілді. Соғыстан кейін бірнеше жаңа қорлар ашылып, құжаттық материалдар жинала бастады. Оларды ішінде наториалдық қорлар ерекше орын алады, олар құқықтық актілерді қамтып, экономика тарихынан көп мағлұмат береді.
Осы күндері Ұлттық мұрағат Францияның бүкіл тарихын бейнелейді, сондай-ақ құнды құжат қорларын сақтайды. Ұлттық мұрағат құжаттары бірнеше ғасырлық кезеңдерді қамтиды, ең көне құжаттары өз бастауларын VII ғасырдан алады.
Францияның мұрағат қызметкерлері жаңа заман тарихына қатысты құжаттарды жинақтау мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен тікелей байланыс орнатқан. Бұл байланыс бірінші кезекте министрліктермен орнатылып, Ұлттық архив миссиясы деген атау алған болатын. Ұлттық архив миссиясының негізгі міндеттері бекітіліп, миссияны4 жұмысы көбейе түсті.
Ұлттық мұрағат қызметінің негізгі бағытының бірі Франция тарихына қатысты құнды жеке мұрағат материалдарын жинастыру болып табылады. Осы мақсатта 1949 жылы Ұлттық мұрағатта құжаттардың жеке және экономикалық қоры құрылды. Ұлттық мұрағат жеке тұлғалардың құжаттық материалдарын негізгі 3 тәсіл арқылы ала алды:
1) Сыйға беру
2) Сатып алу
3) Депозит арқылы
Жеке текті мұрағат құжаттарын насихаттау мақсатында Ұлттық мұрағат 2 комитет құрған болатын:
1) Жеке мұрағаттарды қорғау комитеті
2) Мекемелер мұрағатын қоғау комитеті
1945 жылдан бастап Ұлттық мұрағатқа жеке иелері тарапынан құжаттар тапсырылып, 1955 жылдан бастап мемлекеттік жеке иелер материалдарын қабылдау үшін арнайы кредиттер бөлінді. XX ғасырдың ортасынан бастап ірі француз аристократтарының отбасылық қорлары, мемлекеттік әскери, ғылыми қызметкерлерінің жеке қорлары, банк және теміржол компанияларының қорлары қалыптасты.
Жеке текті қор құжаттарын насихаттау мақсатында 1957 жылы Ұлттық мұрағат көрме ұйымдастырды, көрмеге жеке қорға жататын, XII ғасырдан бастау алатын маңызды құжаттар қойылды. Осындай іс шаралардың нәтижесінде мұрағатқа келіп түсетін құжаттар саны көбейді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлттық мұрағат техникалық жағынан жақсара түсті:
1) Ұлттық мұрағатты жөндеу жұмыстары жүргізілді
2) Жаңа мұрағат ғимараттары салынды
3) Мұрағаттың құрылғылары жаңартылды
4) Темірден жасалған стеллаждар орнатылды
5) Құжатты қалпына келтіру бөлімі жаңа құрылғылармен қамтамасыз етілді
1949 жылы Ұлттық мұрағатта микрофильмдер қызметі ұйымдастырылды. Ал 1951 жылы халыққа қолжетімді микрофильмдер тізбесі жасалды.
Соғыстан кейін Францияның департаменттік мұрағаттарында көптеген өзгерістер орын алды. Департаменттік мұрағаттар қалпына келтірілді, олардың саны 46 жетті. Мұрағаттың жаңа ғимараттары бой көтереген қалалар:
1) Тулуза
2) Орлеан
3) Леон
4) Шомоне
5) Альби
6) Сен-Ло
7) Малане
Департаменттік мұрағаттардың жұмыс істеу құрылымы өзгерді, бұрынғы кезеңде басты назар ескі құжаттарға аударылса, соғыстан кейін басты назарға даңа құжаттар ілінді. Департаменттік мұрағаттар жанынан құжаттама орталықтары құрылды, оларда жұмыс жасап тұрған мекемелердің құжаттары, соның ішінде заңдық, статистикалық, анықтамалық құжаттар сақталды.
Мұрағат ісіндегі жаңа құбылыстар:
1) Жаңа құжаттардың маңызының артуы
2) Жұмыс жасап тұрған мекемелермен байланысудың маңыздылығы
3) Жаңа техникалардың қолданылуы
Францияда мұрағатшыларды дайындаудың басты орны болып Хартия мектебі қала берді. Сондықтанда Мұрағат басқармасы Ұлттық мұрағат жанынан Хартия мектебін бітіргендер мен Мемлекеттік мұрағатқа жұмысқа тұрғысы келетіндерге арнап қосымша курстар ашқан болатын. Курста оқытылатын сабақтар тізімі:
1) Мұрағат ісінің теориясы мен техникасы
2) Француз және шетел мұрағаттарының тарихы
3) Тарих
4) Экономиканы ұйымдастыру
5) Мемлекеттік мекемелердің заманауи ұйымдастырылуы
Мемлекеттік және ведомствалық мұрағаттардан басқа Франция тарихына қатысты құнды құжаттарды кітапханалардан табуға болады. Олардың арасындағы ең танымалы Париж қаласында орналасқан Ұлттық кітапхана. Ұлттық кітапхананың қамтитын құжаттық қоры:
1) Франция тарихы
2) Франция мәдениеті
3) Ортағасырлық қолжазбалар
4) Жазушылардың жеке қорлары
5) Суретшілердің жеке қорлары
6) Музыка майталмандарының жеке қорлары
7) Шетел тарихына қатысты материалдар
Қазіргі кездегі Францияның мұрағат қызыметінің құрамы:
1) Ұлттық мұрағат
2) Аймақтық мұрағат
3) Мемлекеттік мекемелермұрағаты
Мұрағаттарға басшылықты Мұрағат Бас Дирекциясы жасайды, өз кезегінде Мұрағат Бас Дирекциясы Мәдениет министрлігіне бағынады. Жоғарғы мұрағат кеңесі консультативтік орган болып табылады, және олар жылына бір отырыс жасайды. Отырыс үзілістері кезінде оның міндеттерін комиссия атқарады.
Ұлттық мұрағат Батыс Еуропадағы құжат қоры жағынан ең бай мұрағаттардың бірі болып саналады. Оның құжаттарының хронологиялық шеңбері бірнеше ғасырларды қамтиды.
Аймақтық мұраттардың құрылуы 1983 жылдың 22 шілдеде қабылданған заңмен сәйкес келеді. Олар аймақтық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің құжаттарын сақтайды. Уақытша сақтаушы болып саналады және аймақтық мұрағат қызметінің директорларына бағынады.
Департаменттік мұрағаттар 1790 жылы таратылған мекемелердің құжаттарын және департаменттік администрация қорларын сақтайды. Департаменттік мұрағаттардың негізгі міндеттері:
1) Құжаттарды сақтау
2) Құжаттарды дайындау
3) Құжаттарды реттеу
4) Ғылыми-анықтамалық аппарат жасау
Коммуналдық мұрағаттар. Алғашқы коммуналдық мұрағаттардың пайда болуы XVII ғасырға жатқызылады. Бұл мұрағаттар ортағасырлық құжаттар қорына бай болып келеді. Қазіргі уақытта әрбір коммунада мұрағат қоймасы бар. Коммуналдық мұрағаттардың ұйымдастырылуына қала мэрі жауапты болып келеді. Коммуналдық мұрағаттарға Мұрағат департаментінің директоры бақылау жүргізіп отырады. Коммуналдық мұрағаттарда сақталатын құжаттардың категориялары келесідей:
1) Азаматтық тіркеу құжаттары
2) Кадастр ( жерге иелік құжаттары)
3) Муниципалдық кеңестің шешімдері
4) Сайлау материалдары, т.б.
Коммуналдық мұрағаттардың жұмысын жақсарту мақсатында XX ғасырдың 70 жылдарынан бастап арнайы мұрағат қызметі құрылытын болды. Сена қаласының ескі департаментінің коллекциялары өрт кезінде жоғалған болатын, сондықтан да бұл мұрағат өзінің жаңа қорларымен танымал, қорлар Париж қаласының XIX-XX ғасырлардағы тарихы туралы толыққанды баяндайды.
Госпитальдық мұрағаттар Францияда Ұлттық мұрағатқа қарамастан департаменттік және коммуналдық мұрағат категорияларын құрайды. Госпитальдық мұрағаттарды Департаменттік мұрағаттың инспекциясы қадағалайды. Олар өзінің заңдық жағдайына байланысты коммуналдық мұрағаттарға ұқсас болып келеді. Хронологиясы жүз жылдан асқан құжаттар Департаменттік мұрағаттарға тапсырылады.
Ведомствалық тарихи мұрағаттар. Бұл мұрағаттың құжаттары Сыртқы Істер Министрлігінде сақталады, және қолжетімсіз, яғни тыйым салынған. Соңғы қоймасы кітапханалар мен географиялық сексиямен байланысты.
Жаяу әскерлердің мұрағаты. Бұл мұрағат өзінің бастауын XVII ғасырдан алады. Қорғаныс министрлігінің тарихи қызметінің қол астына бағындырылған.
Теңіз флоты министрлігінің мұрағаты. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Теңіз флоты министрлігінің тарихи қызметі ұйымдастырылды. Ол екі секциядан құралады:
1) Тарихи секция
2) Мұрағаттар мен кітапханалар секциясы
Әскери әуе күштері министрлігінің мұрағаты 1934 жылы құрылып, Францияның әскери әуе күштеріне қатысты құжаттарды жинау мен сақтау міндеті тапсырылған. Мұрағатты генерал басқарады. Ең көне құжаттары өз бастауын 1909-1910 жылдардан алады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде айтарлықтай зардап шеккен.
Мемлекеттік кеңестің мұрағаты бас секретариатқа бағынады, негізінен административтік және заңнамалық құжаттар қорын сақтайды. Мұрағат құжаттарын қолдану тек кеңес мүшелеріне рұқсат.
Пайдаланылған әдебиеттер: