Німнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі
Көптеген сөздіктерде баға – бұл тауар өлшемінің ақшалай түріндегі құны деп түсіндіріледі. «Баға – ақша сомасы, осы үшін сатып алушы тауарды сатып алуға, ал өндіруші – сатуға дайын» деген ұғымды да кездестіруге болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында бағаның рөлі кез келген коммерциялық ұйымдар үшін кенет артады. Мұндай жағдай көптеген себептерге себепші болады.
Бағаның деңгейінен тәуелді болатындар:
· коммерциялық ұйымның пайда мөлшері;
· ұйымның бәсекеге жарамдылығы және оның өнімдері;
· кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы.
Баға экономикалық санаты ретінде бірнеше маңызды бернелерді (функцияларды) атқарады:
Бағаның есептік бернесі – небір өнімді өндіру мен сатуға кететін қоғамның қажетті еңбек шығындарын қамтып көрсетеді. Баға еңбек шығындарын қанша, шикізат, материалдар, тауарларды дайындаудағыбұйым жиынтығын анықтайды. Ең ақырында, баға тек өндіріс шығындарының жиынтық мөлшерін және тауар айналымын қамтып қана қоймайды, сонымен қатар пайда мөлшерін де қамтиды.
Бағаның үлестіргіш бернесіне – баға құрылымы арқылы мемлекеттік ұлттық табысты экономика салалары, мемлекеттік және басқа да секторлар, аймақтар, қорлану және тұтыну қорлары, халықтың әлеуметтік топтары арасында үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Сұраныс және ұсыныс бернелерін теңгеру – баға арқылы өндіру және тұтыну, сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты жүзеге асыруды білдіреді. Баға өндіріс арасындағы үйлесімсіздікті және айналысты айқындайды және олардың ұсыныстары жөніндегі нақты шешімдер қабылдауды қажет етеді.
Бағаның өндірісті ұтымды орналастырудағы бернесі – нарықтық экономика жағдайында барынша толық көрінеді. Баға тетігі көмегімен капиталдың экономика секторларына және өндіріске пайданың ең жоғарғы мөлшерінің қайта құрылымы пайда болады.
Бағаның ынталандыру бернесі – кейбір жағдайлырда ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, өнімді шығару және оған деген сұранысты арттыруда ынталандырудың қажет екендігі белгілі. Мұнда техникалық деңгейіне және өнімнің сомасына байланысты баға сараланады. Осы себептерге байланысты бағалар өндірісті ынталандыруға ықпал етпеуі мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында тауар бағалары үнемі ауытқып отырады. Таурлардың нақтылы кезеңдері үшін бағаның өзгеруі бағыты әр түрлі болуы мүмкін.
Сонымен, еліміздің экономикасының жалпы дамуына және шаруашылық жүргізушілердің әрбір субъектілеріне баға ерекше рөл ойнайды. Осыдан барып, баға құрылымы жөніндегі саясаттың мәнділігі туады.
Кәсіпорын шығарған өнімнің бағасы, оны анықтайтын пайдасының маңызды факторығана емес, сонымен қатар тауарларды ойдағыдай өткізудің жағдайына да байланысты болады. Баға бұл жағдайда тактикалық құрал ретінде кәсіпорынға бірқатар артықшылықтар әкеледі:
· біріншіден, сұранысты ынталандырудағы көптеген әдістерден өзгешілігі, бағаны пайдалану қосымша қаражатты қажет етпейді, жарнама шараларын жүргізуде орын алатын, өнімді дараландыру, жылжыту және т.б.;
· екіншіден, тұтынушылар белгіленген бағаны, жарнама негізінде қарағанда оңай, өнімді дараландыру сияқты өздеріне тауарлардың тартымдылығын табады;
· үшіншіден, соңында тіпті, басқа да ынталандыру әдісі, атап айтқанда, дербес сату және жарнаманы ұйымдастыруең бастысы болады, баға оларды қолдауда ең қуатты құралы болып табылады.
Бағаның тұтынушыға ықпалы қандай болмақ? Ол деңгейге сай өзінің белгілерін табады. Сөз болып отырған мәселе белгіленетін бағаның деңгейі сатып алушының артықшылығын, олардың оларды сол немесе басқа да өнімді сатуда алатын болжалды пайданы көрсетеді.
Шынында, егер тауарға тым жоғары белгіленсе, онда мұндай тауарлар сатып алынбайды, ал сатып алынған күнде ол аз мөлшерде өтеді. Практикада баға стратегиясының тұтас сериясы болады:
· Жоғары баға стратегиясы әуелі өндіріс шығындарынан әлдеқайда жоғары сатады, ал содан соң бағаны төмендетеді.
· Төменгі баға стратегиясы - бұл сұраныс ынталандыру мақсатында жасалады, не өткізудің көп мөлшерінің рыноктағы тиімділігі және сұраныстың жоғары икемділігі, сатып алушылар бағаның төмендеуін қашан шұғыл сезінеді және сұраныс та сол уақытта көбейеді. Кәсіпорын жаппай өндірудің есебінен бағаның төмен деңгейін ұстап тұрады.
· Сараланған баға стратегиясы бағаны белгілеуде түрлі рыноктар, олардың саралымдары және сатып алушыларүшін түрлі-түрлі шегерім және үстемелерді бағаның орташа деңгейіне ұштастыруды көрсетеді;
· Жеңілдікті баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Мұнда оларға тауарларды жеңілдетілген баға ретінде ұсынуға құштар;
· Икемді, икемділік баға стратегиясы. Баға сатып алушылардың мүмкіншілігіне, олардың сатып алу күштеріне байланысты белгіленеді;
· Тұрақты, стандартты, өзгермес баға стратегиясы;
· Жинақталмаған баға стратегиясы;
· Жаппай сатып алу баға стратегиясы;
· Баға деңгейінің тауар сапасына тығыз үйлестіру баға стратегиясы;
Баға саясатын дұрыс таңдау өзінше қарапайым жұмыс емес. Ең алдымен оны және басқа да баға саясатын өндіріске енгізу үшін бағаның қазіргі жағдайдағы деңгейін күнделікті қадағалау қажет.
Кәсіпорынның баға саясаты нарықтық бағаның бет алысы көптеген жағдайда нарық құрылымының бәсекеге жарамдылығына байланысты. Әдетте, нарық төрт тұрпатқа бөлінеді (еркін бәсеке, монополисттік бәсеке, олигополисттік бәсеке және таза бәсеке), олардың әрқайсысы салалық және кәсіпорындар шығарған өнімдердің бағаларын қалыптастырудың ерекше жағдайларын сипаттайды.
Еркін бәсекедегі нарық бағалары келесідей сипатталады:
· фирмалардың көптеп болуы, әрі әрдір фирманың өнімге нарықтық ұсыныс көлеміндегі деңгейі соншалықты аз, не бағаның артуы немесе кемуі оның кез келген қимылы бағаның нарықтық тепе-теңдігін қамтып көрсете алмайды;
· өндірілген бәсекелі тауарлардың бір тектілігі және өзара алмасушылығы;
· бағаның шектілігінің болмауы.
Еркін бәсеке болған жағдайында бірден бір кәсіпорын баға құрылымына ықпал ете алмайды, тауарлардың бағасы тек қана сұраныс пен ұсыныс жиынтығының ықпал жасауынан қалыптасады. Жеке кәсіпорындарда баға саясаты, яғни бағаны реттеу қабілеттілігі болмайды. Ол тек қана нарықтық бағаға бейімделеді.
Монополисттік бәсеке жағдайындағы баға құрылымы.Монополисттік бәсеке нарығы нарықтық бағаға біріңғай емес мәмілеме, сонымен қатар кең түрдегі ауқымды баға жасайтын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады. Баға мәмілемесінің бар болуы сатушылардың сатып алушыларға тауарлардың түрлі нұсқаларын ұсынуы қабілетінің болуын түсіндіреді.
Нақты бұйымдар бір-бірінен сапасы, ерекелігі және сыртқы рәсімдеуімен көзге көрінеді.
Бәсекелердің көп болуы олардың әрқайсысы бағаны бақылауға шек қояды.Өндірілген тауарларды елеулісаралау кәсіпорынның баға саясаты арасындағы өзара тығыз тәуелділігінің жоқтығын түсіндіреді және бағаның жеке деңгейі жөніндегі келісімге шек қойылады.
Олигополия жағдайындағы баға құрылымы. Олигополия түрлі нарықтық жағдайларды қосады, аз санды сатушылар, жалпыға бірдей өндірушілердің өзара тәуелділігі сол сияқты кейбір кәсіпорындардың бағаларының өзгеруіне немесе өндіріс көлеміне бәсекелестердің жауапты әрекет жасауларын алдын ала болжау болып табылады.
Әдетінше, олигополиялық баға құрылымының бірнеше жалпы шегі бөлінеді:
· олигополиялық бағалар толымды бәсеке жағдайындағы бағаларға монополиялық бәсеке немесе тіпті кейбір жағдайда таза монополияға қарағанда аз өзгереді:
· олигополиялық жағдайда баға «қатал» немесе икемділік тенденциясында болады;
· егер де баға бір өндірушіде өзгеруі ықтимал болған жағдайда, сонымен қатар одан басқа өндірушілер де бағаларн өзгертеді;
· Олигополия бағаларды ынталандырудағы және бағаны бекіту немесе өзгерту кезіндегі әрекетін құптайды.
Таза монополия жағдайындағы бағалар. Нарықтағы таза монополия кезінде бір-ақ сатушы болады. Монополист болып мемлекеттік мекемелер, меншіктің реттелмейтін монополиясы. Келтірілген жағдайлардың әрқайсысында баға құрылымы түрліше құрылады.
Егер де тауар сатып алушылар үшін маңызды болып, оны толық құнына сатып алуға мүмкіншілігі болмаған жағдайда, мемлекеттік монополиядағы баға өзіндік құнға қарағанда төмен белгіленуі мүмкін. Баға шығынды өтеуге немесе орта табыс алу есебінен бекітілуі мүмкін.
Реттелген монполия жағдайында мемлекет кәсіпорынға бағалау және тарифтерді белгілеуге рұқсат етеді. «Пайданың әділ нормасын» алуды қамтамасыз етеді. Бұл өндірісті қолдауға, ал қажет болған жағдайда оны кеңейтугемүмкіндік жасайды.
Реттелмеген монополия бағаға елеулі бақылауды жүзеге асырады және нарықтық бағаны ұсынуы мүмкін. Алайда кәскәсіпорын-монополист еш уақытта ең жоғары баға белгілей алмайды.
Сонымен, қорыта айтқанда, нақты экономикалық жағдайда көрсетілген баға үлгілерінің қайсысы таза түрінде анықтау едәуір қиын. Кәсіпорынның өзінің бір тауарымен нарыққа таза монополиямен шығуы мүмкін, ал басқасымен – бәсекелестік нарықта. Қиындау болатын жай – ол олигополиямен, өйткені, жер қойнауында қалай монополия, солай еркін бәсекенің шығуы мүмкін.Бағаның бәсекелестік құрылымын талдау өзінен-өзі бағаны белгілеуде дайын рецептер бере алмайды; ол ең алдымен сұраныс пен ұсыныстың арақатынастарына байланыстылығы баға құрылымының заңдылықтарын анықтауда қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық санат ретіндегі өнімнің сапасының мәні
2. Макро жэне микро деңгейінде өнім сапасының артуынын экономикалық және әлеуметтік маңызы.
3. Шығарылатын еөнімнің сапа көрсеткішнің сипаттамасы.
4. Өнімнің бәсекеге жарамдылығын анықтау әдістері және мәні.
5. Өнімнің сапалылығына әсер ететін факторлар.
6. Кәсіпорында өнімнің сапасын арттыру жолдарының мүмкіншілігі.
7. Өнім сапасы мен стандарттау арасындагғы қарым-қатынас.
8.Өнімді стандарттаудың міндеті мен мақсаты.
9. Өнімнің сапасын басқарудың ерекшеліктері.
10. Кәсіпорындарда өнімнің сапасын жақсартудағы қажетті жағдайлар мен алғы шарттар.