Оқу уақытын бөлу кестесі
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
Гуманитарлық факультет деканы
Х. А. Аубакирова
___________________________
«____»______________ 2016 ж.
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘН
БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» пәні бойынша
Бакалавр бағыты бойынша
Барлық мамандықтар үшін
АСТАНА 2016
Студенттерге арналған Қазақстан тарихы пәні бағдарламасы (силлабус) ҚР БжәнеҒМ № бұйрығымен бекітілген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен жоғары кәсіптік білім берудің жалпыға білім беру бағдарламасының әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің мазмұнына талқылау жасаған жұмыс тобы ӘЗІРЛЕГЕН және ҰСЫНҒАН
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі № және № бұйрықтарымен БЕКІТІЛГЕН және ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі № бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бакалавриат пен магистратура мамандықтарына сәйкес әзірлеген ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА сәйкес құрастырылған.
Бағдарлама Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында қаралды.
«___» _____ 2016 ж. № __ хаттама.
Кафедра меңгерушісі __________________________ т.ғ.к., аға.оқыт. Ө. Ж. Бекмағанбетов
Бағдарлама гуманитарлық факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясы отырысында қаралып, мақұлданды
«___» _____________ 2016 ж. № __ хаттама.
Оқу-әдістемелік комиссияның төрағасы _____________________________ Г. А. Кукенова
1. ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Дәріс оқушылар: кафедра оқытушылары
Кеңес беру күндері: кафедра кестесі бойынша
Жұмыс телефоны: 30-31-93
Жұмыс орны: Қазақстан тарихы кафедрасы, 2715 / 0804 кабинет
ПӘН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР:мОДУЛЬ ТИПІ: жалпы мІндетті модуль
Аталған курс бойынша: дәріс – 15 сағат; семинар - 30 сағат; СОӨЖ – 22,5 сағат; СӨЖ (студенттердің өзіндік жұмысы) – 67,5 сағатқарастырылды.
Оқу уақытын бөлу кестесі
Семестр аптасы | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | Барлық саны | |
Дәріс | Аралық бақылау | ||||||||||||||||
Семинар | |||||||||||||||||
СОӨЖ | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 22,5 | ||
СӨЖ | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 4,5 | 67,5 | |
Барлығы |
3. КУРСТЫҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ: мектеп бағдарламасы бойынша Қазақстан тарихы пәні, жалпы тарих пәні
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: мәдениеттану, философия, саясаттану, әлеуметтану
5. КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ: Жоғары оқу орнындағы «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» - ХХ ғасырдан бастап қазіргі кезге дейінгі Қазақстан террриториясында орын алған тарихи заңдылықтарды анықтайтын тарихи оқиғалар, құбылыстар, үдерістерді тұтас күйінде зерттейтін ғылым. Пәннің жоғары теориялық деңгейде оқытылуы студенттерге ХХ ғасырдың басынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алған жылдарындағы Отан тарихындағы негізгі оқиғаларға қатысты қажетті білім алып, Қазақстандық даму моделінің ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді. Пәнді оқу барысында курстың теориялық ережелеріне, тарихтағы себеп-салдар байланыстарын анықтауға, еліміздің тарихи оқиғаларын дүниежүзілік - тарихи үрдістің құрамында талдауға ерекше көңіл бөлінеді.
Пәнді оқып үйрену барысында студенттер мынадай білімдер мен әдіс-тәсілдерді үйренуі қажет:
Дублин дескрипторлары | Оқыту нәтижесі |
А. Білім және түсінік; | Студенттер ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі күнге дейінгі Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен саяси үдерістерін ғылымилық, тарихилық принципі негізінде қарастырады. |
В. Тәжірибеде білімді және түсінікті пайдалану; | Студенттер тарихи-мәдени дамудың сабақтастығы, қазақ халқы мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы туралы түсінік алады. Сондай-ақ студенттер ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі кезге дейінгі оқиғаларды қарастыруға мүмкіндік беретін Отандық тарихтағы тарихи үдерістердің басты және жалпы бағыттарын зерттейді. |
С. Ойын айтуға, идеяны бағалауға және қорытынды шығаруға қабілеті; | Студенттердің дүниетанымы кеңейіп, адам және дүниежүзілік ғылымның дамуындағы жалпы тарихи заңдылықтар туралы, оқиғалардың өзара сабақтастығы түралы түсінігі қалыптасады. |
D. Қатынас саласындағы икемділігі; | Қызмет ету барысында өз ойын нақты дәлелдермен білдіру және бүгінгі күннің мәселелерін шешуде тарихи заңдылықтары сақтаудың қажеттілігін түсінеді. |
Е. Білім саласындағы икемділігі | Тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы барысындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени білімдермен танысып оны әрі қарай жетілдіруге икемді болады. |
Курс талаптары. Барлық оқу уақыты дәріс, семинар сабақтарына (олардың барысында өздеріңіз оқыған және дайындаған мәліметтер талқыланады), СӨЖ-ге бөлінеді. Әр сабаққа міндетті түрде дайындалу, сонымен қатар берілген материалды оқып игеру, тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Дәріс, семинар және өздік жұмыстарының конспектісін жасау міндетті болып табылады. Мұндай жүйелі дайындық экспресс-сұраулар, тест алу және тағы басқа әдістер арқылы оқытушының ескертуінсіз сіздерді тексеріп отыруын көздейді. Алынған баллдар қорытынды баллдарға қосылады.
КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ