Басқарудың ұйымдастыру — әкімшілік әдістері.
Ең негізгі әдіске — әкімшілік әдіс жатады.
Әкімшілік әдістерінің негізі — жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Әрқашанда басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді. Бұл өндіріс органдарының басқару құрамын жасаудан басталады қанша бөлім қажет, олар бір-бірімен қандай қатынастарда болуы керек.
Басқару аппаратында: 1. Линиялық алдынғы саптағы басшыларға:
а)Жалпы басшылық ететін басшылар — директор — ол жоғарғы саптағы басшы.
б)Цех бастығы — орта деңгейдегі басшы.
в)Мастер, бригадир — төменгі деңгейдегі басшылар.
Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері ұжымдарға және солар арқылы өндіріс процестері мен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ықпал еуге үлкен роль атқарады. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері дегеніміз өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады. Бұл ықпал жасау әдістері жұмыстағы айқындық пен ынтымақтастықты, тәртіптілікті, жүйе жұмысының орамдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, жұмыста қажетті реттілікті сақтауға, басшы органдармен адамдардың барлық шешімін іске қосуға, кадрлар мен жұмысты іске асыруға тиіс.
Мекеменің функцияналдық бөлімдері мен бюро басшылары функцияналдық басшылар құрамына жатады. Бұлай бөлінудің себебі, бұйрықтарды тек қана линиялық басшылар бере алады. Қалғандары ауызша немесе жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.
Ұйымдастырушылық ықпалдарына: әр бөлімнің іс-әрекеттері жөніндегі ережелері, әр маманның, қызметкерлердің міндеттерін анықтайтын инструкцияларды істеу жатады. Бұл құжаттар болмаса бөлімдердің іс-әрекеттердің жөні болмай, басқару қиындап кетеді.
Әкімшілік әдісіне күнделікті жұмыстарды ұйымдастырып, басқарып отыру әрекеттері жатады. Бұлар бұйрық, нұсқаулар арқылы іске асырылады. Кадрларды іріктеу, жұмысқа алу, босату, жазалау—бәрі де әкімшілік әдістеріне сай келеді.
Басқарудың ұйымдастыру — әкімшілік әдістері. Тіке директивтік нұсқауда негізделеді. Басқару механизмі бөлігін құрайтын обьетивті негіздегі қолданылған ұйымдастырылған қатынастағы әдістермен шығады.
Ұйымдастыру — әкімшілік қызметінің міндеті бағынушылар қозғалысының үйлесімділігін құрайды. Ешқандай экономикалық әдістер ұйымдастыру — әкімшіліктің ықпалынсыз болмайды. Ол айқындылықты және ұжым жұмысының тәртіпке келуін қамтамасыз етеді. Қолайлықтың үйлесімділігі, экономикалық және ұйымдастыру — әкімшілік әдісінің рационалдық байланысын анықтау маңызды.
Экономикалық әдістерінің әсер ету саласы шығарып тастау, ұйымдастыру әкімшілік басқару әдістерінің есебінен ғана кеңейеді, практикалық жағынан да, ғылыми жағынан да заңды деп есептей алмаймыз, өйткені , әрекет ету механизмі ерекшеленеді. Ұйымдастыру — әкімшілік әдістері негізінен жетекшінің билігіне және оның құқықтарына сүйенеді. Бірақ та әкімшілік әдістерін жетекшінің жігерлі және субъективтік әдістеріне ұқсастырмау қажет, яғни, әкімшеліктелуімен.
Ұйымдастыру — әкімшілік әдістері еңбек тәртібін сақтау құралдарының әкімшілік жүйесі, олардың орындалуын бақылау, ауызша және жазбаша түрде берілетін жылдам нұсқа, бұйрық арқылы басқарылатын объектіге тікелей ықпал жасайды. Олар ұйымдастырудың айқындылығымен еңбек тәрбиесін қамтамасыз етуге белгіленген. Бұл әдістер шаруашылық заңдар және еңбек құқықтық актілерімен реттеледі.
Ұйымдастыру — әкімшілік әдістерінің көрінісінің 3 түрі бар:
— міндетті жазылым ( бұйрық, тыйым және т.б. )
— келісімділік түрі ( кеңес, мәмілелердің рұқсаты )
— кепілдеме, тілек ( кеңес, түсіндіру, ұсыныс және т.б.)
Ұйымдастыру — әкімшілік әдістердің барлық түрі бір жүйеде болады: бұл жоғарғы тұрған басқару мүшелерінің бұйрықтары және тікелей тапсырма, олар заңдар мен қаулылар, өндірістік үрдістерді оптимизациялау мақсатындағы басқарушылардың жарлықтары мен бұйрықтарын сақтауға бағытталған.
Ұйымдастыру — әкімшілік әдістерін басқа әдістерден ерекшелейтін директивтердің анық мекен – жайлығы, бұйрықтар мен нұсқаулардың орындалуының міндеттілігі, бұлардың орныдалмауы орындаушылық дисциплиналардың тікелей бұзышылығы ретінде қаралады және белгілі бір жазалар тағылады. Нақты мазмұн бойынша, ұйымдастыру — әкімшілік әдістер – бұл зорлау әдістері, олар еңбек – адамның ең бірінші өмірлік қажеттілігі болғанға дейін өз күшін сақтайды.
Ұжымдағы қызмет ететін басқару әдістеріне байланысты оларға сәйкес келетін бағындыру жүйесі қалыптасады. Бұндай бағындыру түрі ең ақ жарқын мазмұнда болу керек ұжымда прогреске себеп болу керек, және керек қорлық , қолайсыз жағдайларды, тітіркену, кейде стресс сияқты эмоцияларды туындырмау керек, себебі олар басқаратын және басқарылатын жүйелер арасындағы кез – келген арақатынастарды алшақтатады.
Практикада басқару әкімшілік әсері ереже бойынша 3 түрлі бағындыру түрімен байланысты:
— амалсыз және сырттай көндіру, бұл жағымсыз тәуелділік сезіммен бірге жүреді және бағынушылардың түсінігі бойынша « жоғарыдан» қысым боп табылады.
— пассивті бағындыру, бұған өз бетімен шешім қабылдаудан босатылуға байланысты қанағат тән.
— сезінген ішкі тұрақталған, бұл жетекшіні де, бағынышты да қанағаттандырады.
Ұйымдастыру — әкімшілік басқару тәсілдерін қолдану басқарылатын жүйе дамуны және тіршілігіне жағымды жағдай жасайды, басқару обьетісіне мақсатты әсер етеді. Тікелей әскер етудің мазмұнды ерекшеліктеріне жетекші мен бағыныштының тікелей байланысы жатады. Бірақта тікелей әсер ету ақырында бағыныштылардың пассивтіліктерінің күшеюіне, ал кейде жабық түрде көнбеушілікке әкеледі. Тапсырмалардың қойылуы мен ынталандырушы жағдайлардың тууы арқылы жүзеге асатын әсер етудің әдістері өте нәтижелі.
Басқарудың ұйымдастырушылық әдістері – нақты мақсаттарға қол жеткізудің ұйымдастырушылық жағына ықпал ету жүйесі болып табылады. Бір жұмысты орындау ұйымдастырудың әрқилы жағдайларында, оны ұйымдастырудың әртүрлі типтерінде мүмкін болады:
-қатаң реттемелеумен
-икемділікті бейімделумен
- жалпы міндеттерді дұрыс қоя білумен
-қызметтің ұйғарылатын шегін белгілеп алу және т.б.
Бұл әдіс ұжымға нақты ықпал етіп, жұмыстың тиімді әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және үш топқа бөлінеді: ұйымдастырушылық-тұрақтандырғыш: жекелеген буын ішіндегі белгілі бір міндеттемелерді бекіту арқылы ұйымдастырушылық байланыс орнату.
Басқарушылық: күнделікті қолдану мен жұмыс жағдайын өзгерткенде түзетулер енгізу.
Дисциплинарлық ықпал ету: тәртіпке салу мен жауапкершілік .
Басқару ықпалының сипаты бойынша: қысқа және ұзақ мерзімдегі әсер ету құралдарыменорындалатын іс әрекеттер.
Кейде бұл әдіс әкімшілік деп те аталады. Ұйымдастырушылық-тұрақтандырғыш өзі үшке бөлінеді: реттеу (жалпы ұйымдастырушылық, құрылымдық, қызметтік, функционалды, қызметтік), нормативтер (уақыттық, сандық, шаманың, ӛнімділіктің, салыстырмалы), нұсқау беру (сақтандыру, түсіндіру, таныстыруғ кеңес).