Тақырып 11. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың ұғымы. Сыбайлас қатысудағы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жоғарғы қоғамдық қауіптілігі. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың объективтік және субъективтік белгілері.
Сыбайлас қатысудың нысандары, олардың топтастырылуының өлшемдері. Сыбайлас қатысудың нысандарының заңдылық мінездемесі. Қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобымен, алдын ала сөз байланысқан адамдар тобымен, қылмыстық топпен жасалуы.
Сыбайлас қатысу нысандарының қылмыстық-құқықтық мәні.
Қылмыстық заң бойынша сыбайлас қатысушылардың түрлері, олардың заңдылық мінездемесі. Орындаушының, ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушінің ұғымы. Нақты орындаушының ұғымы.
Сыбайлас қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негізі және шегі. Қылмысқа қатысушылықтың акцессорлығы. Сыбайлас қатысушылардың әрекеттерінің саралануы, олардың жауаптылықтары мен жазаларының жекешелендірілуі.
Орындаушының шектен шығушылығы. Арнайы субъектімен жасалған қылмыстарға қатысу. Болмай қалған қатысушылық үшін жауаптылық. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың өз еркімен бас тартушылықтың ерекшеліктері.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа жанасушылықтың ұғымы, оның нысандары және қылмысқа қатысудан айырмашылығы. Қылмыс туралы хабарламау және қылмысты жасыру үшін қылмыстық жауаптылықтың шарттары мен шегі.
Тақырып 12. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптілігі.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптілігінің ұғымы және белгілері. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптілігінің нысандары.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалуының ұғымы және белгілері. Қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалуының созылмалы қылмыстық құқық бұзушылықтардан айырмашылығы. Қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалды деп танылмайтындығының шарттары.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығының ұғымы мен белгілері. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығының түрлері. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығының біркелкі күрделі қылмыстық құқық бұзушылықтардан айырмашылығы.
Қылмыстың қайталануының ұғымы мен белгілері. Қылмыстың қайталануының түрлері, олардың құқықтық мінездемесі. Қайталану қауіпті болып есептелуінің шарттары.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптілігінің қылмыстық-құқықтық салдары. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуының, жиынтығының және қайталануының жалпы және арнайы қылмыстық-құқықтық салдары.
Тақырып 13. Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар.
Қылмыстық құқық бойынша іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың ұғымы. Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың заңды табиғаты және түрлері.
Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың зандылық шарттары. Жеке тұлғаны және құқықтық тәртіпті қорғау үшін қажетті қорғанудың маңызы. Қажетті қорғанудағы шектен шығушылық. Жалған қорғану және оның құқықтық зардабы. Қорғанысты арандату.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезінде зиян келтіру. Қол сұғушылық жасаған адамға зиян келтірудің заңдылық шарттары. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезінде шектен шығушылық үшін жауаптылық.
Аса қажеттілік. Аса қажеттілік кезінде зиян келтірудің заңдылық шарттары. Аса қажеттіліктің қажетті қорғанудан айырмашылығы.
Орынды тәуекел ету. Орынды тәуекел етудің зандылық шарттары. Орынды тәуекел ету туралы заңның нормаларының әлеуметтік мәні. Тәуекел етуді орынды деп танымау.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. Бұйрықты немесе өкімді орындау. Жедел-іздестіру іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру.
Тақырып 14. Жазаның ұғымы және мақсаттары.
Қылмыстық жазаның ұғымы және мәні. Қылмыстық құқық ғылымындағы жазалау теориясы. Жазаның тарихи өзгермелі сипаттамасы. Жазаның әкімшілік және тәртіптік сөгістерден, басқа да мемлекеттік мәжбүр ету және қоғамдық әсер ету шараларынан айырмашылығы.
Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік шаралар жүйесіндегі жазаның орны.
Жазаның мақсаты. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Сотталған адамды түзеу. Жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудан сақтандыру. Жалпы және арнайы сақтандыру.
Жазаның тиімділігінің ұғымы. Жазаның тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік және әлеуметтік шаралар. Жазаның тиімділігін арттыру және мақсатқа жету жөніндегі сот және құқыққорғау органдарының рөлі.