Iii диссертация жҰмысыныҢ таҚырыбы

Физика-техникалық факультет

«Мақұлданды» «Бекітілді»
Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі __________________ Бөлегенова С.А. «_____»____________ 2016 ж. Физика-техникалық факультетінің деканы   ___________________ А.Е.Давлетов «_____»____________ 2016 ж.

МАГИСТРАНТТЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

(кәсіби бағыт)

Магистранттың аты-жөні:Ауанов Мәди Бахытжанұлы

Мамандығы   6М071700 – Жылу энергетикасы
Магистратураның білім беру бағдарламасы (ЖББТ) Индустриалды инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы – 2
Кафедрасы Жылу физикасы және техникалық физика
Магистратурада оқу мерзімі 2016-2018 жж.
Ғылыми жетекшісі х. ғ. кандидаты аға оқытушы Жуманова Г.С.  
Эдвайзері Оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары– Шортанбаева Ж.К.
Магистрлік диссертациясының тақырыбы Мұнай өнімінен ластанған топырақты тазартудың оңтайлы әдістерін анықтау  
Магистрлік диссертациясының қорғауға ұсынылатын мерзімі Қаңтар 2018 ж.

2016-2018 жж.

МАГИСТРАНТТЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

I Білім беру бағдарламасының мазмұны:

Теориялық оқыту– 36 кредит

Магистранттың тәжірибелік зерттеу жұмысы– 4 кредит

Өндірістік тәжірибе– 4 кредит

Қорытынды аттестация– 4 кредит

II МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ДИССЕРТАЦИЯНЫ ДАЙЫНДАУ – 7 кредит

Магистрлік диссертацияның тақырыбы:Мұнай өнімінен ластанған топырақты тазартудың оңтайлы әдістерін анықтау

Ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасы:

Жұмыс түрі Орындалу мерзімі Есеп беру түрі
Жұмыстың тақырыбы бойынша материалдың әдеби шолуы және осы саладағы соңғы жетістіктер бойынша қысқаша әдеби шолу негізіндегі мәліметтерді талдау. 01.09.2016 – 30.11.2016 есеп
Топыраққа енгізген көмірсутегі сорушы сорбенттермен сору жылдамдығын есептеп шығару 20.11.2016 – 31.03.2017 Презентация
Диссертация тақырыбы бойынша презентация дайындау 01.04.2017 – 30.04.2017 Презентация
Сорбциядан кейін топырақты құнарландыру әдісін тауып проблемаларын теориялық тұрғыдан кемшілігін анықтау 01.09.2017 – 30.10.2017 Презентация
Алынған нәтижелерді жинақтап, қорытындылау 01.10.2017 - 30.11.2017 ҚазҰУ жаршысының биологиялық сериясы журналына бір ғылыми мақала
Магистрлік диссертацияны қорғауға дайындау 01.11.2017 – 20.12.2017 Магистрлік диссертация

III ДИССЕРТАЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Мұнай өнімінен ластанған топырақты тазартудың оңтайлы әдістерін анықтау

Определение оптимальных методов очистки почв от загрязнений нефтепродуктами

Determination of optimal methods of soil refining from oil products

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Мұнай өндіру және жаңа мұнай-газ кен орындарын ашу еліміздің экономикасын көтеретін факторлардың біріне жатады. Дегенмен, мұнай-газ кешендерінің қарқынды түрде дамуы елімізде экологиялық дағдарысқа қарай бет бұрып барады. Мұнайды өңдеуде, тасымалдауда құбырлардың жалғасқан жерінен мұнай өнімдерінің төгілуі топырақ, атмосфера, судың ластануына әкеліп соғады және биосфераны ластап қана қоймай адам денсаулығына орасан әсерін тигізеді.

Жұмыстың мақсаты: Мұнай өнімдерімен ластанған жерлерді тазалаудың оңтайлы жолын тауып қарастыру

Зерттеу міндеттері:Мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды:

1) Қазақстандағы мұнай өнімдерімен ластанған аймақ топырағының ластану дәрежесін анықтау;

2) Мұнай өнімдерімен ластанған топырақты тазартудың қазіргі заманғы әдістерін қарастыру;

3) Мұнай өнімінен ластанған топырақты тазартудың оңтайлы әдістерін анықтау;

Зерттеу пәні:Төгілген мұнайды өңдеуге және тазартуға арналған әдістер

Зерттеу әдістері:Гравиметриялық әдіс, физика-химиялық әдістер (физикалық адсорбция, пиролиз, экстракция және т.б.).

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жердің топырақ қабатының құнарлығына кері әсерін тигізеді. Құнарлы топырақ мол өнім екені белгілі. Топырақтың антропогендік деградациялануы негізінен мұнай өндіретін, тасымалдайтын және өңдейтін аймақтардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануымен байланысты. Мұнай және мұнай өнімдері биосфераны ластайтын заттар ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Ластанған топырақ жалпы ерекшелігі: топырақ мезо және микрофаунасының түрлік және сандық шектелуі. Сондықтан мұнай өнімінен ластанған топырақты тазартудың оңтайлы әдістерін анықтау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

Диссертацияны орындау жоспары:

Жұмыс түрі Орындау мерзімі
Магистрлік диссертация тақырыбы мен ғылыми жетекшінің тағайындалуы 1.09.2016 – 17.10.2016
Әдеби шолу 15.10.2016 – 20.11.2016  
Диссертациялық зерттеудің өзектілігін негіздемелеп, мақсат пен тапсырмаларды қою 17.10.2016 – 31.10.2016  
Топырақтың жоғарғы құнарлығын қамтамасыз ететiн негiзгi фактор – сорбенттер болып табылады. Сондықтан топыраққа енгізген көмірсутегі сорушы сорбенттер жиынтығының мұнаймен ластануының әсерiн зерттеу. 20.11.2016 – 31.12.2016  
Әртүрлi уақыттағы сорбенттердің сору қасиеттілігін бақылап проблемаларын тексеріп, қорытындылау. 17.01.2017 – 17.05.2017  
Зерттеу жұмыстарын қорытындылап, қорытынды бөлімді жазу. Жетекшімен ескертілген қателіктерді түзету. Диссертацияны қорғауға дайындау. 01.09.2017 –30.10.2017  
Магистрлік диссертацияны қорғауға баяндама және презентация дайындау.Басқа авторлардың деректерімен салыстыру. 01.12.2017 - 30.12.2017
Магистрлік диссертацияны қорғау Қаңтар 2018 ж.

Диссертацияның құрылымы:

1. Мазмұны

2. Кіріспе

3. Әдеби шолу

4. 1 тарау

5. 2 тарау

6. 3 тарау

7. Қорытынды

8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

9. Қосымша

Наши рекомендации