Ерлі зайыптыларға қатысты АХАЖ және Сот құқықтары мен міндеттері.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақмүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары,мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетінжоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген срмалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар ортақ кірістерінің еаебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өз де коммерциялық ұйымдарға салінған капиталды үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлізайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салынғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде ү шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі. Мыналар ерлі- зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік; 2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі; 3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі- зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін. Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптыладың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осымүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу,қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.с.с.) анықталса, ерлі- зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі- зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады. Нарықтық эканомиканың отбасылық құқықтық қатынастарға енгізген жаңалықтарының бірі некелесушілер, отбасын құрушы ерлі-зайыптылар некеге отырумен қатар өзара неке шартын жасасуға құқықтары бар. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады. Неке шарты некеге тұруды мемелекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. Некеге тұрудымемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде және оны нотариат куәландыруға тиіс. Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлықмүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлекетелген меншік режимін белгілеуге құқылы. Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін. Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп – бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы. Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бірмерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесетуындамауына қарай қойылуы мүмкін.