Кесте 2. Сақтар (скиф) мен байырғы түрік әріп таңбаларының салыстырмасы.

СӨЖ

Тақырыбы: “ Сақтардың саяси тарихы,мәдениеті.

Үйсіндер,қаңлылар.Ұлы қоныс аудару.Сюнну,Хунну,ғұндар.”

Орындаған: Шигамбекова Н.103 топ ЖМФ

Тексерген:Әбдірахманова К.Ж

Арағанды 2012

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1.Сақтар мәдениеті және саяси тарихы

2.Үйсіндер

3.Қаңлылар

4.Ұлы қоныс аудару.Сюнну,Хунну,ғұндар

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе: Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық одақтардың пайда болуы темір ғасырымен сәйкес келеді. Темір қорыту б.д.д. 8-5 ғасырлардан бастау алады. Адамдар толығымен көшіп-қонуға негізделген мал шаруашылығына көшті. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, әлеуметтік теңсіздік одан әрі дами түсті. Рулар арасында жер үшін жиі-жиі соғыстар мен талас-тартыстар рулық одақтардың (тайпалардың, тайпалық одақтардың қалыптасуын тездетті). Археологтар бүгінде ерте темір дәуіріне жататын құнды олжаларды Шілікті аңғарынан, Жетісуда-Іле өзені бойынан, Орталық Қазақстанда Тасмола т.б. қорғандарынан тапты. Алғашқы Қазақстан териториясында пайда болған рулық тайпалық одақтар (сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар және т.б.).

1. САҚТАР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ.

Сақтар біздің жыл санауымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Сақ әулетінің негізін Алып-Ер Тұнға (Афрасияб) қалаған. Діні-Тәңірінің діні. Жазуы- көне түркі тілі. Сөйлеу тілі- Алтай тіл тобына жататын түркі тілі. Сақтардың мекен жайы- Орта Азия мен Қазақстан және Шығыс Түркістан өңірі. Сақтар тарихи жылнамалар мен көркем әдебиетте «Азиялық скифтер, Құдіретті еркектер, Жүйрік атты турлар, Скиф- сақтар, Савроматтар » деп аталады. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер антикалық авторлардың еңбектері мен парсы-иран жазбаларында кездеседі.
Шығыстанушылардың пікірінше сақтар үшке бөлінген. Олар: теңіздің ар жағынан келген сақтар, хаома сусынын даярлайтын сақтар және шошақ бөрікті сақтар.Теңіздің ар жағынан келген сақтар: Қара теңіздің солтүстігін, Арал маңын және , Сырдариянның төменгі ағысын мекендеген
Шошақ бөрікті сақтар: Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шань мен Жетісуды мекендеген. Хаома сусынын даярлайтын сақтар: Мургаб алқабы мен алтынға бай Алтайды мекендеген. Жазбаша деректер мен археологиялық деректер б.з.б. ҮІІІ – ҮІІ ғғ. Қазақстан және Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен – Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б. ҮІ ғ. ортасында

Сақтардың қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі.

Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайланды

Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы халықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды.

Сайланып қойылған көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа бірлестігің өз ханы бол­ды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан өлсе, оның орнына ұлы, ал кәмелетке толмаған немесе мүлде болмаған жағдайда ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқарды.

Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс атқарған.

Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды.

Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, өзгелердікі – сары және көк.

Мәди — сақ-скифтердің патшасы (б.з.б. 660/59 — 625).

Партатуаның ұлы. Ассирия, грек деректерінде Мадай, Матай, Мадиес деген аттармен де белгілі. Мәди Кіші Азиядағы трерлер мен кемерліктерді жеңген қолбасшы ретінде танылған. Мидия патшалығының әскерін талқандап, онда скифтердің үстемдігін орнатты. Ол Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың қолдауымен бүкіл Таяу Шығысты жаулап алды. Палестина мен Сирияға барар жолда Египет патшасы Псамметих (М.Артамонов бойынша Нехо перғауын) скифтерді мол сыйлықпен қарсы алып, олардың бұдан әрі өтпеуін өтінген. Мәди келісіп, өз әскерін кері қайтарған. Мидия патшасы Фраорттың ұлы Киаксар скифтерді қонаққа шақырып, шарапқа әбден тойғызып, масайған кезде олардың бәрінің басын алған. Сөйтіп, Мидия патшалығында Киаксардың үстемдігі орнады.

Кесте 2. Сақтар (скиф) мен байырғы түрік әріп таңбаларының салыстырмасы.

Кесте 2. Сақтар (скиф) мен байырғы түрік әріп таңбаларының салыстырмасы. - student2.ru

Сақ тайпалары мекендеген аумағы. 1000 ЗБ — 500 ЗБ.

Кесте 2. Сақтар (скиф) мен байырғы түрік әріп таңбаларының салыстырмасы. - student2.ru

Сақтар мен парсылардың соғысы.

Кесте 2. Сақтар (скиф) мен байырғы түрік әріп таңбаларының салыстырмасы. - student2.ru

Алтын адам табылған жер мұражайға айналды
27-Желтоқсан, 2011 | 2,082 рет қаралған.

Шұрайлы да, көрікті Жетісудың көркем де келісті бір бөлігі Есік аумағы. Әдетте, «Есік» дегенде біздің көз алдымызға төбесі көк тіреген таулар, Алатаудың көз моншағындай мөлдіреп жатқан Есік көлі мен Жасылкөл, сұлулығы көз суыратын Түрген шатқалы, жартасты жарып, таудан тулай аққан сарқырамалар келері сөзсіз. Әрине, сонымен қатар Есіктің ғана емес, байтақ Қазақ елінің атын әлемге әйгілеген, Отандық қана емес, әлемдік тарихқа жаңалық әкелген сақ ханзадасы – «Алтын адам» да бастаған туризм саласының болашақ үлкен бір бұтақтарының бірі. Бұл маң тек табиғи туризмді ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени туризмді де дамытуға аса қолайлы аймақ. Көрікті мекенде көненің көзіндей болып бізге жеткен әйгілі сақ қорғандары, тарихын тасқа қашап жазған бабаларымыздың сөзіндей болып аманат қалған тас бетіндегі суреттер, түп-тұқиянымыздың келелі кеңесі мен кемеңгер шешімдері өткен қала-жұрттары мен еңселі ордаларының орындары сынды қадіріне жете білсек қаншама ұрпаққа мақтаныш болар тарихи нысандар да көптеп саналады. ойға оралады. Жалпы, Жетісу өлкесі, соның ішінде Есік аумағы бүгінгі таңда Қазақстанда жаңа қарқын ала бастаған туризм саласының болашақ үлкен бірбұтақтарының бірі

Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі.

Мас­са­гет тай­па­лары­ның хан­шайымы (б. з. б. 531–528) То­мирис ержүрек, ба­тыр бо­лып тәрби­еле­неді. Ге­родот­тың ес­телігінше Пар­сы пат­ша­сы Кир То­мирис­пен соғыс­та қаза болған. Кир пат­ша То­мирис пат­шайым­ды өзіне әйел етіп ал­мақшы өрініп, елшілер жіберді. То­мирис Кирдің өзіне емес елі мен жеріне құда түскелі отырғаның түсініп, оның ұсы­нысын қабыл­да­май­ды. Қулығы іске ас­паған Кир 530 ж. Мас­са­гет­терге ашық соғыс жа­ри­ялай­ды. Кир мас­са­гет­тер жеріне жа­рам­сыз әскерін уланған тағам­дармен қал­ды­рып ке­теді. Мас­са­гет­тер Кир тас­тап кет­кен әскер­ге ша­бу­ыл жа­сап, олар­дан қалған тағам­да­рынан ула­нады. Соғыс­та То­миристің ба­ласы Спар­га­пес тұтқынға түседі. То­мирис ба­ласын бо­сату­ын сұрай­ды. Бірақ, Спар­га­писес ұят­тан өзін-өзі өлтіреді. То­мирис айтқанын тыңда­маған Кир­ге қар­сы ша­бу­ылға шығады. Шайқас­та мас­са­гет­тер жеңіп Кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің көпшілігі қаза та­бады. То­мирис тор­сықты қанға тол­ты­рып, оған Кирдің ба­сын са­луға бұй­рық бе­реді: «Сен қанға құмар­тып едің, енді шөлің қан­сың!» дейді. То­мирис пат­ша өз елінде бұдан кейін де та­лай жыл­дар билік етіп, қара қыл­ды ққақ жарған әділдігімен, да­ныш­пандығымен, көре­гендігімен халқын та­лай таң қал­дырды. Олар өз бас­шы­сы ту­ралы жыр толғап, оның атын жырға ай­нал­дырған. Бұл аңыз жыр­лар То­мирис пат­ша­ның есімі ізін басқан жа­уын­гер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы да­ла ас­па­ны ас­тында ғасыр­лар бойы мәңгі жа­сады.Ама­зон­ка қыз бо­лып та­рих­та есімі қал­ды. («ама­зон­ка» — салт етқа мініп, қару-жа­рақ асы­нып жүретін әйел­дер.

Кесте 2. Сақтар (скиф) мен байырғы түрік әріп таңбаларының салыстырмасы. - student2.ru

Зарина – сақ патшайымы.

Зарина (б.з.б. 4 ғасырдың аяғы – 5 ғасырдың басы) – ежелгі сақ тайпасын билеген патшайым. [1]Ол туралы тарихи деректер ежелгі дүние тарихшылары Диодор (б.Заринаб. 90 – 21), Ктесий жазбаларында кездеседі. Зарина есімі ежелгі Ассирия, Мидия елдерінің Азиямен байланысы тұсында айтылады. [2]Мидия өзін бағындырғысы келген Парфия мемлекеті үшін сақ тайпаларымен соғысады да, Мидия ханзадасы Стриангия Заринаны жаралайды. Екі жақ та үлкен зардап шегеді. Ақыры олар келісімге келіп, дос әрі одақтас болуға уағдаласады. Осы оқиғалар тұсында сақ тайпасын басқарған патша Зарина болатын. Ол өзінің батылдығы, сұлулығы және ақылдылығымен дараланған. [3]Сақ жеріне көз тіккен көрші патшалардың талайын жеңіп, ел тұрмысын жақсартқан, көптеген қалалар салдырған. Зарина тағдырына байланысты туған “Зарина және Стриангия” атты жыр да бар. Оның мазмұны бізге толық күйінде жетпесе де, қаҺармандық эпос рухындағы туынды екені анық. Зарина өлгенде ел-жұрты оның басына үшбұрышты пирамида орнатып қастерлеген. Орыс тарихшысы В.Н. Татищев (1686 – 1750) құрастырған сөздікте Заринаның сом алтыннан жасалған ескерткіші жәйлі дерек бар. Заринаның ерлік істері көне түркі тарихы мен әдебиетіндегі “Қырық қыз”, “Баршын қыз” секілді жыр-дастандар мазмұнына келіп ұласады.

Шырақ батыр.

Пер­сия жерінде тақ үшін күрес бас­та­лады. Кир өлер ал­дында түс көреді, түсінде елді жа­улап ала­тын Да­рийға жо­лығаты­ны аян бо­лады. Ахе­мен әулетін жеңіп, Да­рий Кирдің ор­нын ба­сады. Жан-жағын жай­пап, бүкіл жерді қуырып, кет­кен жері қуана­тын қал­ге ке­леді.Да­рий­дың бар­лық жо­рықта­рының ішінде Кир пат­ша­ның ба­сын кесіп, пар­сы­лар­дың бірі қал­май қаза та­буы. Пер­си­яның сүйегіне ба­сылған таңба, бетіне түскен шіркеу бо­латын. «Жеңілмейтін әскер, әлем әміршісі, мәңгілік пат­ша­лық» де­ген лақап та­раған пар­сы пат­ша­лығы әлем­ге әйгілі бо­латын.Да­рий Кирдің қызы Атоссқа үй­лен­ген еді. Қыз болғаны­мен жа­ны жа­уын­гер әкесіне тартқан бо­латын. Сон­дықтан Атосс әкесінің кегін алу үшін Пар­сы пат­шайымын соғысқа ат­та­ну­ына жол сілтейді. Өзің әлі жас­сың, саған атақ та, даңқ та, ұлы жо­рықтар да ке­рек деп на­мысын қай­рап соғысқа ат­танды­рады. Да­рий скиф­терге жо­рыққа ата­нуды ой­лай­ды.Та­рих­шы­лар­дың нақты де­рек­терінде Да­рий біздің д. д.522 жы­лы 10 жел­тоқсан күні қызыл қанға ба­тырып, ша­мамен 55 000 адам­ды құрбан­дыққа шалған. Осы соғыс­та мар­ги­ан­дық сақтарға ұлы сақ ор­да­сының жа­сақта­ры да қосы­лып, айқасқа қатысқан. Алай­да жеңіліс тапқан. Әскердің қата­ры кеміп отырған. Сақтар әскер қата­рын ба­тыс­тағы жо­рықтар­мен то­лықты­рып отырған. Да­рий «өлмейтін он мың» деп атаған.Да­рий сақ еліне жо­рық жа­сауға жос­пар құра­ды. Кирдің бітірмей кет­кен көпір-өткелді қай­та­дан жа­сап, Сыр­да­ри­яның төменгі ағысы­на қарай ба­рып, сақтар­дың ұланғайыр да­ласы­на ал­тын көпір са­лу, әскердің қысы­лып-қым­ты­рыл­май өтуіне жол ашу, азық-түлікпен ке­ме арқылы және құрлық арқылы да қам­та­масыз ету. Ол Кирдің қателігін қай­та­лама­уды ескрді.518–517-жыл­да­ры ұлы сақ ор­да­сына ат­та­нады. Да­рийдің 300 мыңға жуық нмне­се 700 мың қолы бол­ды де­ген де­рек бар. Да­рий сақтар­дың ба­сын қос­пай бұтар­лап талқан­да­уды ұйғар­ды. Сақтар Омар (Омаргх), Та­мыр (Та­мир), Са­кес­фар үшеуі өза­ра кеңес құра­ды. Да­рий­ге қар­сы шығу жос­па­рын жа­сай­ды.Бірақ сақ жеріне төтесінен ша­бу­ыл жа­саған Да­рий әскері Скунһа пат­ша­ны қолға түсіріп, оның әскерінің киімін киіп, ке­лесі сақ жа­уын­герлерінің қан­нен қаперсіз отырған үстінен түсіп, бүкіл сақ жа­уын­герлерін қырып са­лады. Осын­дай екі жа­сақтың ой­ран болғанын сақ пат­ша­лары Та­мыр мен Омар және Са­кес­фар үшеуі өза­ра ақыл­да­сады. Осы жер­де Шы­рақ ба­тыр өзінің ба­сын бәйгіге тігеді. Ол өси­ет қал­ды­рады «Ер­кек тоқты құрбан­дық, мен ба­сым­ды қылыш­тың жүзіне төсеймін. Бір өтінішім, ар­ты­ма қалған ба­лала­рым­ды аман-есен сақтап, ас­ты­на мал са­лып бе­ресің, үрім- бұтағым кемістік көрмесін пат­ша ағзам­дар. Пар­сы­лар­ды ел ізіне түсірмей, сілікпесін шығарып еліне қай­та­рам» дейді.Шы­рақ өмір бойы мал соңын­да жүргендіктен да­ланың ой шұңқырын жақсы білетін. Пат­ша­лар ба­лаңның па­рызын ор­нындай­мыз деп уәде беріп жолға са­лады.Олар үшін ең бас­ты нәрсе-ұзат­пай өкше­леп ке­ле жатқан Да­рий әскерін елін қан қақсат­пай алып шығу бо­латын.«Мені осы ара­да тәнімді қылыш­пен тілгілеңде де, жолға тас­тап кетіңдер» деп ақыл беріп, сақ жа­уын­герлерінің жа­сыры­лу­ына жол бе­реді. Сөйтіп Да­рий әскері қан­сы­рап жатқан Шы­рақ пар­сы­лар­дың ал­ды­на өзі шығады. Міне мені қалай қылыш­та­ды мен қай­тсем­де кегімді ала­мын деп жар са­лады.. «Өлме­ген­ге өлі ба­лық кез­де­седі» де­ген­дей. Жа­расы жа­зылған соң Да­рий әскеріне жол көрсе­теді. Олар­дың алған бағытын өзгер­теді. «Құдықтарға у са­лынған, шөптер ді өртеп кет­кен, ол жақта ауыз су жоқ, мен төтесінен бас­тап апа­рамын» деп сендіреді. Қазақтың ми­дай шөл да­ласы­на бас­тап ба­рады. Шы­рақ күн жүреді, түн жүреді, ұзақ жүреді. Да­ланың шеті көрінбейді, жүре-жүре сіле­лері қатып, шығысы, ба­тысы- төрт құбы­ласы түгел жеті күндік жол бо­латын бет­пақ да­лаға алып ке­леді. Пар­сы­лар аш­тан бұра­лып, жол-жол­да қала­ды. Да­рий­дың тағаты та­усы­лып, сенімді қол­ба­сы Ра­нас­бат қылы­шын қына­бынан су­ырып алып, Шы­раққа тұра ұмты­лады. Шы­рақ тәкап­парлықпен Ра­нас­батқа қар­сы қарап: «Жеңіске жетті де­ген осы! Ата жұртым­ды жа­улап ал­мақ бо­лып Да­рий I-пат­ша бас­таған қанқұй­лы жа­уды жалғыз өзім шөлге қамап, ды­мын құртып тұрмын. Төрт жақта­рың бет­пақ да­ла, бас­та­рың ауған жаққа жүре беріңдер. Бірақ ай­тпа­ды де­ме жеті күнге дейін шөл да­ладан көз аш­пай­сыңдар. Аш­тық пен шөл аза­бын көресіңдер. Ал мен­де ешбір ар­ман жоқ. Қаным кіндігім кесілген туған жер­де төгіледі, де­нем осын­да көміледі»-де­ген екен.Ашуға бу­лыққан Ра­нас­бат қылы­шын жарқ еткізіп, қыл­ша мой­нын Шы­рақтың құмға ұшы­рып түсіреді.Қай жақтан келіп, қай жаққа ба­рарын білмей дағдарған қалың әскер шөл мен аш­тыққа ұры­нып, шетінен өле бас­тай­ды. Қан­ша­масы ша­лажан­сар көмусіз қала­ды.Да­рий әскері көк тәңіріне сыйынып, ауыз су сұрай­ды. Сөйтіп жаңбыр жа­уып, әскер жа­уын­герлері тор­сықта­рына су тол­ты­рып аман қала­ды. Да­рий­дың тәңірге сыйынған­да айтқаны енді сақ еліне аяғым­ды ат­тап бас­пай­мын деп, жа­яула­тып еліне ора­лады.Шы­рақ-ерлік пен елдіктің шы­рағы бо­лады. Өзі үшін өлімнің, елі үшін өмірдің жо­лын жүрді.

Үйсіндердің саяси құрылымы.

Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген.

Наши рекомендации