Мемлекет және құқық теориясының басқа ғылымдармен байланысы
Мемлекет пен құқық теориясы пәні, әдісі және заң ғылымы
Әр ғылым саласының оқытатын пәні, әдісі болатын сияқты «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінің де өз оқытатын пәні бар.
Мемлекет және құқық теориясы пән і– мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қалыптасуының жалпы заңдылығын және заң тану (юриспруденция) түсінігінің негізгі жүйесін зерттейді.
- қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы және қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, обьективтік заңдылықтарын анықтайтын ғылым саласы. Ол мемлекет пен құқық мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланыста. Мемлекет →құқықтық нормаларды қабылдайды, ал құқық → мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастыру ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады.
Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі (методологиясы)– философияның обьективтік заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдіс-тәсілдер арқылы мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму заңдылықтарын зерттейді.
Мемлекет және құқық теориясының әдісі – пәннің мазмұнын ашатын, заң ғылымдарының зерттеу тәжірибесінен қалыптасқан әдістер мен тәсілдердің жиынтықтары. Осы пәнді түсіндіруде мынадай әдістер мен тәсілдерді пайдаланады:
1) жалпыға бірдей әдістер – ойлаудың ерекше қағидаларын білдіретін философиялық, дүниетанымдық тәсілдері. Оларға:
а) метафизика (мемлекет пен құқықты мәңгі, өзгермейтін институттар деп қарастырады),
б) диалектика – материалистік және идеалистік (материалистік диалектика- осы құбылыстарды қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, соның ішінде меншіктің пайда болуы мен таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни мемлекет пен құқық үнемі дамуда, өзара тығыз байланыста дейді. Идеалистік диалектика – 2 бөлінеді: обьективтік және субьективтік. Обьективтік – мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдаймен байланыстырады, субьективтік – адамның санасымен байланыстырады.
2) Жалпы ғылыми әдістер. Оған:
а) анализ-талдау – күрделі мемлекттік-құқықтық құбылысты жеке бөліктерге шартты түрде бөлу;
б) синтез - құбылыстардың құрамдас бөліктерін шартты түрде қосу арқылы зерттеу;
в) жүйелі тәсіл – обьектінің тұтастығын көрсету, ондағы сан алуан байланыстардың түрін айқындауға бағытталған;
г) функционалды тәсіл – бірегей әлеуметтік құбылыстардың қызметін анықтауға бағытталған.
3) Жеке ғылыми әдістер – мемлекет және құқық теориясының техникалық, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін игерген тәсілдері. Оған:
а) нақты-әлеуметтік ғылыми әдіс – субьектінің мемлекеттік-құқық саласындағы жүріс-тұрысы туралы сауалнама, сұхбаттасу, бақылау және басқа да тәсілдер арқылы мәліметтерді алуға көмектеседі;
б) статистикалық – қандай бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың сандық көрсеткіштерін алуға көмектеседі;
в) кибернетикалық - мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды кибернетика заңдары мен техникалық құралдары арқылы түсінуге көмектеседі.
4) Жеке құқықтық әдісіне– тек заңи әдістер жатады:
а) формалды заң әдісі – заңи түсініктерді анықтауға, олардың белгілерін айқындауға, жіктеуге, құқықтық ұйғарымдарды түсіндіруге көмектеседі;
б) салыстырмалы-құқықтық - әртүрлі құқықтық жүйелерді немесе олардың жеке элементтерін салыстыруға көмектеседі.
жалпыға бірдей әдістер | метафизика | ||
диалектика | материалистік диалектика | ||
идеалистікдиалектика | |||
Жалпы ғылыми әдістер | талдау | ||
синтез | |||
жүйелі тәсіл | |||
функционалды тәсіл | |||
Жеке ғылыми әдістер | нақты-әлеуметтік ғылыми әдіс | ||
статистикалық | |||
кибернетикалық | |||
Жеке құқықтық әдістер | формалды заң әдісі | ||
салыстырмалы-құқықтық |
Мемлекет және құқық теориясының басқа ғылымдармен байланысы
Барлық ғылым жүйесінің жиынтығын құрайтын ғылым пәндерін 3 бөлеміз:
- техникалық ғылым саласы
- жаратылыстану ғылым саласы
- гуманитарлық ғылым саласы
Гуманитарлық ғылым қоғамды, адамзатты, әлеуметтік қатынастар мен институттарды зерттейді.
Заң ғылымы → гуманитарлық ғылым саласының бір бөлігі.
Заң ғылымы → мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, оның мазмұнын атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т.б. мәселелерді зерттейді.
Заң ғылымдары 3 топқа бөлінеді:
1) мемлекет және құқық теориясы, тарихи - құқықтық ғылымдар (мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың даму тарихы);
2) салалық заң ғылымдары (конституциялық құқық, азаматтық, қылмыстық, еңбек, отбасы т.б.);
3) арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, криминология, сот медицинасы, халықаралық құқық).
Мемлекет және құқық теориясы пәні тарихи- құқықтық ғылымдармен ұқсастығы – олар мемлекет пен құқықты жалпылай қарайды. Өзгешелігі: тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық нысандарының хронологиялық тәртіппен даму процесін зерттейді. Ал, МжҚтеориясы – осы процестерді жинақтайды, мемлекет пен құқықтың мәнін, олардың қалыптасу заңдылығын зерттейді.
МжҚтеориясының салалықзаң ғылымдарынан өзгешелігі: МжҚтеориясы – жалпылама ғылым ретінде мемлекет пен құқықтың тууы, дамуы және қалыптасуының ортақ заңдылығын зерттейді. Ал, салалық заң ғылымдарының пәні белгілі бір қоғамдық қатынастар саласын ғана зерттейді. Ұқсастығы: МжҚтеориясы – барлық салалық заң ғылымдарына ортақ проблемаларды зерттейді. Сондықтан мемлекет пен құқықтың жалпы теориялық ұғымы мен институттары негізінде салалық заң ғылымдарының түсінігі мен институттары құрылады.