Такырып: Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері
Практикалық сабақ жоспары:.
1. Конституциялық құқық –жетекші құқық саласы ретінде
2. ҚР Конституциясының тісінігі және мәні
3. ҚР Констициясында мемлекет нысанының негізгі белгілерінің бекітілуі.
4. ҚР-ғы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің түсінігі.
5. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің конституциялық құрылысы, оның ерекшеліктері, ұйымдастырылу ерекшеліктері, басқару нысанының белгілері туралы студенттерге түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен арақатынасы 2. ҚР-ғы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі. |
3. ҚР-ғы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
4. Референдумды өткізу тәртібі. Референдум шешімдері
5. ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, оның мемлекеттік билік
6. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен арақатынасы
7. ҚР Парламентінің жоғары билік органдары жүйесіндегі орны мен рөлі.
8. ҚР Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі: құрамы, құрылу тәртібі, оның мүшелерінің өкілеттік мерзімі
9. Сот жүйесінің орны және рөлі
Глоссарий:
Министрлік– тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органы.
Өкілеттілік – лауазымды орнына байланысты және кейбір мәселелерді шешу үшін қажетті субъектіге берілген біртұтас комплексті құқық пен міндеттілік .
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы.
Преамбула – нормативтік актінің кіріспе бөлігі , онда оны қабылдаудың себептерін көрсететін жағдайлар көрсетіледі , сол құжаттың алдындағы мақсаты және міндеті баяндалады .
Референдум-Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмірдің өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешімдердің
Сайлау жүйесі – заңмен белгіленген ережелер, қағидалар және бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.
Сайлау округі – Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау үшін сайлаушылардың мөлшермен бірдей саны ескеріліп құрылған аумақтық бірлік.
Фракция – саяси партияның немесе заңмен белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы.
Қабілеттілік – заңмен белгіленген , өзінің құқығы мен міндетін өз әрекетімен жүзеге асыру.
Құқық жүйесі – құқықтың ішкі құрамы, бірімен-бірі тығыз байланыстағы нормалар, институттар, құқық салалары және оған қосымшалар.
Қоғам –экономикалық және рухани біртұтастықпен , өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипаттайтын ,белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Құзірет- мемлекеттік орган, сондай-ақ , сол бір немесе өзге лауазымды тұлғаға иеленетін және тиісті заңды құжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі.
Құқық бұзушылық- қылмыскерлердің кінәлі , құқыққа қарсы, қоғамға зиянды әрекеті, қоғамның мүддесіне мемлекетке , жеке адамға зиян келтіреді.
Қосымша нормативті акт-заңның негізінде және оны орындау үшін шығарылған нормативті акт.
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы.
Республика Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Шетелдік азамат – Қазақстан азаматы болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігі жөнінде дәлелдемесі бар тұлға.
Кіші топпен жұмыс (работа в малых группах)
1-топ Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша «Адам мен азамат» бөлімі бойынша Қазақстан республикасында азаматтықтың конституциялық негіздерін атаңыз (баптары бойынша).
2-топ Қазақстан республикасының азаматтығына кім ие бола алады?
Мәнжазба тақырыптары:
1. ҚР конституциялық құрылысы түсінігі
2. Мемлекет егеменділігі
3. Мемлекеттік құрылыс нысаны
4. Идеологиялық және саяси плюрализм
5. Конституциялық-құқықтық нормалар.
6. Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі.
7. Конституциялық Кеңестің құзыреті және оларды жүзеге асыру нысаны.
8. ҚР Үкіметінің құзыреті және оның қызметі.
9. ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық функциялары.
10. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылу және қызмет етуінің конституциялық қағидалары.
Блиц – тесттер:
1. ҚР тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды:
A) 1978 ж;
B) 1926 ж;
C) 1937 ж;
D) 1993 ж;
E) 1995 ж.
2. ҚР қазіргі қолданып жүрген Конституциясы қай жылы қабылданды:
A) 1995 ж;
B) 1993 ж;
C) 1998 ж;
D) 1978 ж;
E) 1991 ж.
3. ҚР 1995 ж. Конституциясына қай жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
A) 7. 10. 98 ж;
B) 7. 11. 98 ж;
C) 7. 12. 98 ж;
D) 7. 09. 98 ж;
E) 7. 08. 98 ж.
4. Мемлекет егемендігін қалайша түсінеміз:
A) Экономикалық тұрақтылық;
B)Мемлекеттің өзінің ішкі сыртқы саясатын айқындауда еркіндігінің болғанымен, тәуелсіздігінің болмауы;
C) Мемлекеттің өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда өзге мемлекеттен тәуелсіз болуы;
D) Ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруда, бір мемлекеттің екінші мемлекетке түгелдей тәуелді болуы;
E) Мемлекеттің өзінің ішкі сыртқы саясатын айқындап, іске асыруда өзге мемлекеттердің ықпалынан тәуелсіздігі мен еркіндігі.
5. ҚР территориясында қандай тіл мемлекеттік болып табылады және қандай тіл ресми түрде оған теңестірілген:
A) Қазақ және орыс;
B) Қазақ және ағылшын;
C) Орыс және ағылшын;
D) Қазақ және татар;
E) Қазақ және өзбек.
6. Адам мен азаматтың мен бостандығын мазмұнына қарай былайша жүйелеуге болады:
A) Негізгі және қосымша;
B) Жеке және ұжымдық;
C) Жеке бас және азаматтық;
D) Саяси және экономикалық;
E) Әлеуметтік және мәдени.
7. Адамның элеуметтік құқы мен бостандығы не үшін қажет:
A) Адамның рухани және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыру үшін;
B) Материалдық өндіріс пен оны бөлу, өз мүмкіндігін жүзеге асыру үшін;
C) Адамның мәдени құндылығын қанағаттандыру үшін;
D) Адамның моральдық қажетін өтеу үшін;
E) Адамның ішкі сенімін қанағаттандыру үшін.
8. Адамның негізгі табиғи құқығы:
A) Өмір сүру;
B) Жеке басқа қол тигізбеушілік;
C) Қадір – қасиеті;
D) Ар ождан бостандығы;
E) Жеке бостандық.
9. Адамның белгілі бір мемлекет мүшесі болуынан қандай өзара заңды құқықтар мен міндеттер туындайды:
A) Азаматтық;
B) Өкілеттік;
C) Кворум;
D) Апатрид;
E) Стандарт.
10. Ешқандай келеспеушілікке жол бермейтін тең құқықтар мен жауапкершілік қағидалары:
A) Заң мен сот алдында барлығының теңдігі;
B) Іс-әрекетінің еркіндігі;
C) Заңды мінез-құлық;
D) Нормалардың сақталуы;.
E) Прецедент.
Нормативтік-құқытық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы, 21.05.2007 ж.
2. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 25.10.1990.
Әдебиеттер:
1. Сапаргалиев Г. Конституционное право Республики Казахстан: Академический курс. Алматы: Жеті Жарғы, 2005.
2. Амандыкова С.К. Конституционное право Республики Казахстан.Астана.2001.
3. Сагындыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы. Білім. 1999.
4. Баишев Ж. Конституционное право Республики казахстан. Учебно-методическое пособие. Алматы: Жеті Жарғы. 2001.
5. Ащеулов А. Т. Конституционное право Республики Казахстан: учебник. Алматы, КазГЮА, 2001.
6. Баишев Ж.Н. Конституционное право Республики Казахстан: учебник. Алматы: Жеті Жаргы, 2001.
7. Сапаргалиев Г.С.Конституционное право Республики Казахстан: Учебник. Алматы: Жеті Жаргы, 2001.
8. Конституция для всех: Учебное пособие. Алматы, 2002.
9. Ащеулов А. Т. Этапы становления конституционного законодательства и конституционализма // Мир закона. 2000. №8.
4-тақырып. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықтық негіздері
Практикалық сабақ жоспары:
1. Әкімшілік құқықтың түсінігі.
2. Мемлекеттік қызметшілер.
3. Атқарушы билік органдары.
Сабақтың мақсаты: Әкімшілікқұқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықтың пәні болып табылады?
2. Әкімшілік құқықтың жүйесіне түсінік беріңіз.
3. Әкімшілік-құқықтық реттеу әдістерін атаңыз.
4. Мемлекеттік қызмет дегеніміз не?
5. Қоғамдық бірлестіктерге түсінік беріңіз.
Глоссарий:
1. Мемлекеттік басқару.
2. Мемлекеттік лауазым.
3. Әкімшілік айыппұл.
4. Өкім
· Тапсырма -1 Осы әкімшілік әдістердің әрбіреуіне анықтама бере отырып,