Эталондарды сақтау және қолдану тәртібі
Шама бірліктерінің эталондары тек мөлшерін берумен байланысқан (салыстырып тесеру, калибрлеу және салыстыру) жұмыстар үшін қолданылады.
Мемлекеттік эталондарды мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасы талаптарына сәкес және де осы жұмыстарды жүргізудің бекітілген тәртіптеріне сәйкес сақтайды, зерттейді және қолданады.
Мемлекеттік эталонды сақтау және қолдану тәртібін сақтауға мемлекеттік метрологиялық орталықтың басшысы және эталонды ғылым-сақтаушы жауапты болды.
Мемлекеттік эталондарды болған ерекше оқиғалар, мемлекеттік эталондармен жұмыс журналында жазылады.Мұнда оқиғаның себебі, сипаты көрсетілуі керек және мемлекеттік эталондарды ұсталуын қажетті ісшаралар қортындысы алдын ала берілуі керек.
Егер мемлекеттік алғашқы эталонды қолдану мүмкін болмаған жағдайда (жоғалуы, бас тартуы және т.б.), оның міндетін уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша уақытша мемлекеттік екінші эталондарға береді.
Мемлекеттік эталондардың барлық қызмет ету мерзімінде, олардың қайталаған және (немесе) сақтаған бірлігінің мөлшерін өзгеріссіз қалуын қамтамасыз ету және мемлекеттік эталонның дәлдігін жоғарлату мақсатында, зерттеулер жүргізіліп тұрады.
Мемлекеттік эталондар халықаралық салыстыруға түсіп тұрады.
Мемлекеттік эталондарды салыстыру, аттестаттау және зерттеу нәтижелерін сәйкес эталондармен жұмыс журналына және эталонмен бірге сақталатын, эталонның төлқұжатына жазу керек.
Мемлекеттік эталондарды басқа елдердің ұлттық эталондармен салыстырылғандығы туралы куәлігі (сертификаты) мемлекеттік эталонның өзінде сақталу тиіс.
Мемлекеттік эталондарды басқа елдердің ұлттық эталондармен салыстырғанда, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық салыстыру нәтижесін көрсете отырып кулік (сертификат) толтырады.
Метрологиялық қызметтердің эталондары метрологиялық аттестаттауды жүргізгендігі белгіленген қосымша талаптарға сай және салыстырып тексерудің нормативтік құжаттарында және де пайдалану құжаттарында белгіленген тәртіпке және қолданудың дұрыстығын қамтамасыз ететін шарттарда қолданылуы және сақталуы қажет.
Метрологиялық қызметтердің эталондарын жоғарғы дәлдік өлшемдердет жүргізуге, олардың эталон ретінде міндетін атқаруы бұзылмауы көзделген шарттарға пайдалануға жіберіледі. Мөлшерін берумен байланыспаған өлшемі жүргізгенен кейін эталондарды, оларды кезектен тыс салыстырып тексеруден өткізілуі тиіс.
Метрологиялық қызметтердің эталондары пайдалану және сақтау кезінде ҚР СТ 2.4 сәйкес мерзімдік салыстырып тексеру жатады.
Метрологиялық қызметтердің эталондарын қажетболған жағдайда салыстырып тексеру қондырғысының құрамына қосады.Оларды төмендегідей бөлуге болады:
- метрологиялық қызметтердің эталондарының құрамына қосылған, одан, бір немесе бірнеше шама бірлігінің мөлшерін жұмыстық эталондардан жұмыстық өлшеу құралдарына беруге арналған салыстырып тексеру қондырғысы.Мұндай салыстырып тексеру қондырғысына мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасына сәйкес, разрядтар тағайындауға болады;
- басқа шаманың бірлігін сақтайтын, метрологиялық қызметтердің тәуелді эталондарына және жұмыстық өлшеу құралдарына беруге арналған салыстырып тексеру қондырғысы. Мұндай салыстырып тексеру сұлбасына сәйкес, разрядтар тағайындауға болады;
- басқа шаманың бірлігін сақтайтын, метрологиялық қызметтердің тәуеді эталондарына және жұмыстық өлшеу құралдарына фунционалды байланысқан қайталайтын, және мөлшерін беретін, метрологиялық қызметтердің эталондарының көмегімен жанама өлшем әдісімен бір немесе бірнеше шама бірлігінің мөлшерін қайталауға арналған салыстырып тексеру қондырғысы.
Метрологиялық сипаттары нормативтік құжаттарда бекітілген көмекші қондырғысы және эталон кешені ретінде талаптарды сақтайтын болса, салыстырып тексеру қондырғысы метрологиялық аттестаттауға жатады.
Салыстырып тексеру қондырғысына кіретін метрологиялық қызметтердің эталондары метрологиялық аттестаттауы туралы және немесе салыстырып тексеру туралы күші бар сертиикаттары бар болуға тиісті.