Бұрғылау ерітіндісін тазалау
Тазалау жүйесі циркуляциялық жүйенің құрамына кіреді және ерітіндіден бұрғыланған жынысты алу үшін арналған. Тазалау жүйесі науадан (тазалаудың шынайы әдісі), лақтырымдар (тазалаудың механикалық әдісі), құмдыбөлгіш, илобөлгіш және центрефугалар (тазалаудың гидравликалық әдісі).
Бұрғылау ерітіндісіндегі қатты бөлшектер коллоидты (2 мкм-нен аз), илдар (2-80 мкм) және құмдар (80 мкм-дан көп) деп бөлінеді.
Құм және илобөлгіште гидроциклонды құрылғыларды көрсетеді. Қатты бөлшектердің гидроциклонды бөлудің негізіне ол арқылы сұйықты айдау кезінде аппаратта пайда болатын ортадан тепкіш күштерді пайдалану принципі қойылған.
Бұрғылау шығындарын утилизациялау.
Бұрғылау шығындары (БШ) – бұл бұрғылау ағын сулары (БАС), өңделген бұрғылау ерітінділеті (ӨБЕ) және бұрғылау шламы (БШ).
Өңделген бұрғылау ерітіндісі деп ұңғыманың немесе оның бөлімдерінің құрылыс циклы аяқталғаннан кейін алынған ерітіндіні атаймыз. ӨБЕ балшықты жыныстармен тұрғызылған интервалдардың бұрғылануы кезінде, ерітіндінің бір типінен екінші типке ауыстырылуы кезінд, сонымен қатар апаттар мен шөгінділерді жою кезінде ерітіндінің өңделуінің нәтижесінде қалыптастырылады.
Белгілі бір талаптарға жауап беретін ӨБЕ басқа ұңғыманы бұрғылау үшін қайтадан пайдаланылуы мүмкін.
Бұрғылау қалдықтарын бұрғылау аймағының территориясында екі амдарларда жинайды. Амбарлар полиэтиленді қабықпен жабылады. Шығындардың ауыр фракциясы амбардың түбіне отырады. БАС және ОБЕ қатты фазасының дисперсті құрылымын өзгерту үшін сұйық және қатты фазаларға ары қарай механикалық бөлінумен майда бөлшектердің агрегациясын тудыратын реагенттер пайдаланылады. Осы мақсат үшін реагентті коагуляция әдісі пайдаланылады. Коагулянттар түрінде поливаленттік металдар тұздары пайдаланылады. Алмастыру бірвалетті катиондарды поливаленттілермен ауыстыру өлшемі 5 мкм болатын бөлшектерді санын төмендетеді және 5 мкм-ден үлкен бөлшектер санын өсіреді.
Фоагулянттар ретінде полимерлерді пайдаланады Седипур, Поликем, полиакриламид), олармен өңдеу 3-4 есе 20 мкм-ден өлшемдері үлкен бөлшектер санын өсіреді.
Реагентті коагуляцияны жүргізгеннен кейін және тұндырудан кейін түссіздендірілген бөлік (егер химиялық анализ қауіпсіз лақтыру талаптарына жауап берсе) бұрғылау территориясында лақтырылады, басқа технологиялық мақсатта пайдаланылады және утилизацияланады.
Түссіздендірілген бөлімді айдағаннан кейін тұнба қоюландыру (қашаулармен) және қатайту (цементтік ерітінді) құрамымен өңделеді және отырғызылады. Шламдық амбарларды жою – минералдық қабат пен топырақты залалсыздандырылған қабатпен толу.
Aacute;½ð¹ûëàó òiçáåãií àéíàëäûðó¹à àðíàë¹àí æàáäûºòàð êåøåíií åñåïòåó æ¸íå êîíñòðóêöèÿëàó. Ðîòîð ìåí ½ðøûºòû» êîíñòðóêöèÿëû ñõåìàñûí òàëäàó. Ðîòîð ìåí ½ðøûº ýëåìåíòòåðií æ¾êòåó ðåæiìií åñåïòåó.
Aacute;½ð¹ûëàó ðåæiìiíi» îëàðäû» íåãiçãi ýëåìåíòòåðiíi» áåðiêòiãi ìåí ½çຠ¹½ìûðëû¹ûíû» ¼çàðà áàéëàíûñòûëû¹û. Ðîòîð ìåí ½ðøûº ýëåìåíòòåðií ñòàòèñòèêàëûº áåðiêòiêêå åñåïòåó. Òiðåêòåðäi ½çຠ¹½ìûðëûººà åñåïòåó.
Agrave;òºûëàó¹à ºàðñû æàáäûºòàðäû åñåïòåó æ¸íå ºîëäàíó. Ïðåâåíòîðëàð (øëàøкалы, ¸ìáåáàï, àéíàëìàëû) æ¸íå îëàðäû» ìîíòàæäàó ñõåìàñûíû» êîíñòðóêöèÿëàó ñõåìàñûí òàëäàó. Ïðåâåíòîðëàð á¼ëøåêòåðiíi» æ½ìûñ ðåæiìi æ¸íå íåãiçãi á¼ëøåêòåðäi áåðiêòiêêå åñåïòåó.
20. Ñòàöèîíàðëû ïëàòôîðìàëàð æ¸íå òå»iç ºàëºûìàëû á½ð¹ûëàó ºîíäûð¹ûëàðû òóðàëû æàëïû ì¸ëiìåòòåð, îëàðäû» êëàññèôèêàöèÿñû. Ñòàöèîíàðëû ïëàòôîðìàëàð ìåí òå»iç ºàëºûìàëû á½ð¹ûëàó ºîíäûð¹ûëàðûíû» ýëåìåíòòåðií åñåïòåó
Ұңғыларды бұрғылау мақсаты болып жоғарыда бір немесе бірнеше қабаттарды қосатын каналды жасау болып табылады. Бұл канал кен орнын барлау және меңгеру кезінде кен орындарының қорын бағалау үшін және кен орындарын игеру кезеңінде көмірсутектерді өндіру үшін пайдаланылады. Кен орындарын барлау кезінде қажетті мәліметтерді жинақтаған соң жауып тасталынады. Бағалау ұңғылары ұңғыларды пайдалану кезінде өндіру ұңғысы ретінде кейін қолдану үшін уақытша жабылуы мүмкін. Кеніштерді бұрғылау кезеңінде өндіру, су айдау, газды айдау және барлау ұңғылары, сондай-ақ жоғарғы су горизонттарынан мұнайды өндіру кезінде қосымша су алу үшін қажет айдау ұңғылары бұрғыланады. Бұрғылау ұңғыларының түрлері мен саны кеніштің түрі мен оның құрылысына, қабаттағы көмірсутектердің көлеміне, кеніштердің орналасуына, қоршаған ортаны қорғау мақсатында кен орындарын игеру процесіндегі жағдайларға байланысты таңдалады. Бұрғылаудың негізгі мақсаты өнімді қабатқа дейінгі барлық қабаттардан дұрыс өту болып табылады. Көп жағдайда бұрғылау кезінде жоғарыда жатқан қабаттарды бұрғылау көп қиындықтарға толы болады.
Бұрғылау қондырғылары және олардың түрлері әртүрлі елдердегі теңіздер мен құрлықтағы бұрғылау жағдайларына байланысты жақсарыла түсуде. Қазіргі уақытта келесідей бұрғылау қондырғылары қолданылады:
— Құрлықтағы бұрғылау қондырғылары;
— теңіз платформасындағы бұрғылау қондырғылары;
— бұрғылау баржалары;
— қосымша кемелер;
— жартылай батпалы бұрғылау қондырғылары;
— өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғылары;
— бұрғылау кемелері.
Құрлықтағы бұрғылау қондырғылары дүниежүзінің әртүрлі аудандарында бұрғылауға қолданылады. Бұрғылау үрдісі келесі шаралардан тұрады: көтеріп-түсіру жұмыстары және ұңғыма түбіндегі қашау жұмысы. Ұңғыма қабырғасы опырылмау және мұнайлы, газды, сулы қабаттарды біріктіру үшін ұңғымаға шегендеу тізбегін түсірген кезде бұрғылау жұмыстары тоқтатылады. Ұңғыма бұрғылау үрдісімен қатар қосымша бірнеше жұмыстар атқарылады: керн алу, жуу сұйықтығын дайындау, каротаж, оқпанның қисаюын өлшеу, мұнай, газ ағынын шақыру үшін ұңғыманы игеру және т.б. қиыншылық немесе апаттық жағдайлар туындағанда қосымша жұмыстарды (апаттық) атқару қажеттілігі туындайды. Ұңғыма бұрғылау үрдісінде аталған шараларды жүзеге асыру үшін бұрғылау мұнарасы қолданылады.
Бұрғылау құбырлары тізбегінің ең жоғарғысы дөңгелек емес, квадрат (алты қырлы болуы да мүмкін). Ол жетекші бұрғылау құбыры деп аталады. Жетекші құбыр ротор арқылы өтіп, ұңғыма тереңдеген сайын төмен қарай түседі.
Ротор бұрғы мұнарасының ортасына орналасады. Бұрғылау құбырлары мен жетекші құбыр іші қуыс болып келеді. Жетекші құбырдың жоғарғы шеті вертлюгпен байланыстырылады. Вертлюг бұрғылау тізбегімен бірге айналады, ал жоғарғы бөлігі әрдайым қозғалыссыз болады.
Қозғалмайтын бөлігіндегі саңылауға майысқыш шланга жалғанады, ол арқылы ұңғыма бұрғылау үрдісінде бұрғылау сораптары көмегімен жуу сұйықтығы айдалады. Жуу сұйықтығы бұрғылау тізбегінен өтіп және қашау саңылаулары арқылы шығып, ұңғыма түбіне беріледі. Қашаудан шыққан сұйықтық ұңғыма түбін жуып, талқандалған тау жынысы бөлшектерін ұңғыма қабырғасы мен бұрғылау тізбегі арасындағы сақиналы кеңістік арқылы жоғарыға алып шығарады да жыныс бөлшектерінен тазаланып, қайтадан сораптар арқылы ұңғымаға беріледі.
Жоғарғы қозғалмайтын бөлігіне бекітілген штроп арқылы вертлюг тәл блогымен жалғанған көтергіш ілмекке ілінеді. Бұрғы мұнарасының ең шыңында бірнеше роликтен тұратын кронблок орналасқан.
Бұрғылау барысында құбырлар тізбегі ілмекке ілініп тұрады және тереңдеген сайын төмендейді. Қашау тозғаннан кейін бұрғылау құбырлары тізбегі жоғары көтеріліп, қашау алмастырылады.
Ұңғыма жер бетінен 30...600м тереңдікке бұрғыланған соң, борпылдақ жыныстарды және қабат суларын бекіту үшін ұңғымаға кондуктор түсіріледі. Кондуктор түсірілгеннен кейін шегендеу тізбегі мен ұңғыма қабырғасы арасындағы кеңістікті цементтеу жүргізіледі. Цемент ерітіндісі қатқаннан кейін бұрғылау жұмыстары қалпына келтіріледі
Ұңғымаға диаметрі алдыңғы шегендеу тізбегінің диаметрінен кіші қашау түсіріледі. Жобалық тереңдікке дейін бұрғыланған ұңғымаға шегендеу тізбегі (пайдалану тізбегі) түсіріліп, цементтеледі. Цементтеу сулы және мұнайлы қабаттарды бір-бірінен оқшаулау үшін жүргізіледі. Егер пайдалану тізбегін бұрғылау барысында айтарлықтай қиындықтар туындаса, онда кондуктордан кейін бір немесе екі аралық (техникалық) тізбек түсіріледі.
Бұрғылау баржаларына бұрғылау мұнарасының негізі ретінде түбі пайдаланылатын кемелер жатады. Бұрғылау баржалары әдетте жұмыс нүктесіне әдетте жеткізіліп, бұрғылау жұмыстарын жүргізгенге дейін балластардың көмегімен суға батырылады. Мұндай бұрғылау қондырғылары батпақты аудандар мен тайыз суларда қолданылады.
Қосымша кемелер шельф аймағында көбіне қолданылады, мысалы, Алыс Батыста немесе Венесуэлада қолданылады. Өйткені онда судың тереңдігі төмен, сондықтан да бағасы арзан кішкентай платформаларды тиімді пайдалануға болады. Платформадан бұрғылауға арналған қажетті жабдықтармен жабдықталған қосымша кемелерді платформалардың қасына якорьмен тұрғызады. Қосымша кеме ретінде баржа немесе жартылай батпалы қондырғылар қызмет ете алады. Бұрғылау біткен соң кеме келесі платформаларға қарай бағытталады.
Жартылай бұрғылау қондырғалары 60-тан 6000 м тереңдікке дейін бұрғылау жұмыстарын жүргізе алатын қалқымалы конструкциядан тұрады. Олар бір жерден екінші бұрғылау нүктесіне өздігінен винттердің көмегімен жетеді. ЖЖБҚ – ның ерекшелігі – орын ауыстыру барысында, бұрғылау нүктесіне орнату және демонтаж кезіндегі салыстырмалы жеңілдігі. Желдің, толқынның және ағыстың әсеріне қарсы тұрақты.
Қазіргі таңда буксирленетін және өздігінен жүзетін ЖЖБҚ құрастырылған. Бұрғылау барысында ұңғы үстінде бекітілу әдісі бойынша:
- якорлік;
- динамикалық позициялау;
- кермелі тіректер арқылы болып 3-ке бөлінеді.
Якорлік жүйе арқылы бекітілетін ЖЖБҚ негізден және онда орнатылған бұрғылау қондырғысынан тұрады. Платформа мен понтондарды біріктіріп тұратын тіректік бағаналар болады. Өз кезегінде олар ауыз суға, бұрғылау ерітінділерін, игерілген мұнайды және т.б. қажетті сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлардың қызметін атқарады (8.1-сурет). Бұрғылау нүктесінде понтондар арнайы клапандардың көмегімен суға толтырылып, теңізге 18 -30 м тереңдікке батырлады және якорлік жүйе арқылы теңіз түбіне бекітіледі. ЖЖБҚ орнатылатын теңіз тереңдігі 300 м аспайды. Себебі теңіз тереңдігі тереңдеген сайын якорлік тростардың ұзындығы, якорлік лебедкалардың габариті және массасы жоғарылайды.
Теңіз түбіне динамикалық позициялау жүйесі арқылы бекітілетін ЖЖБҚ жоғарыда айтылған ЖЖБҚ- дан айырмашылығы ұңғыны бұрғылау процесі кезінде қондырғыны ұңғы үстінде ұстап тұру жүйесінде. Қарастырылатын ЖЖБҚ – да якорлік жүйе бекітілудің динамикалық жүйесімен ауыстрылған. Динамикалық позициялау жүйесі 8 винттен, акустикалық аппараттан және есептеуіш машинадан тұрады. Теңіз түбінен берілген белгі гидрофонға келіп түседі және есептеуіш машина ЖЖБҚ – ның ұңғы сағасына қатысты орналасуын анықтайды. Егер ЖЖБҚ – ның ұңғы сағасына байланысты ығысуы байқалса, автоматты түрде сәйкесінше қозғалтқыштарға белгі беріледі және қондырғы берілген координаттар бойынша бастапқы нүктеге орнатылады (8.2,б-сурет). Якорлік жүйемен салыстырғанда мұндай жүйенің тиімділігі теңіз тереңдігінің жоғарылауымен ерекшеленеді. Сондықтан да динамикалық позициялану жүйесімен орнатылатын ЖЖБҚ 6000 м-ге дейін жететін теңіз тереңдігінде жұмыстар жүргізу үшін қолданылады.
Якорлік және динамикалық жүйе арқылы тұрақтандырылатын ЖЖБҚ тіректердің жүзбелілігінің арқасында жартылай батпалы күйде тұрады.
Кермелі тірек арқылы тұрақтандырылатын ЖЖБҚ бойынан жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің бірде – бірін таба алмайсыз, сонымен қатар ЖЖБҚ- дың бұл түрі бізге таныс ЖЖБҚ – дың ішінде алдынғы қатардан орын алады. Мұндай ЖЖБҚ негізінің басты элементтері: понтондар, платформаның астында орнатылатын тіректер, бұрғылау нүктесінде теңіз түбінде орнатылатын фундамент және понтондарды фундаментпен байланыстыратын кермелер. Негізінен фундамент түптік якордің қызметін атқарады, әрі понтондарды суасты жағдайында ұстап тұрады. Әдетте кермелер ретінде екі ұшы саңылаусыз түрде жабылған құбырларды қолданады. Түптік якордің қызметін атқаратын фундаменттің конструкциясы әртүрлі болуы мүмкін: топыраққа енгізілген үлкен диаметрлі свайлар, плиталар немесе қуыс кеуделі сыйымдылықтар.
Теңіз түбіне бекітілетін жылжымалы бұрғылау қондырғыларына су түбіне тіректік понтондар немесе өздігінен жүзбейтін кемелер арқылы батырылатын негіздер жатады. Сонымен қатар жылжымалы тіректі және гравитациялық түрлері де болады.
Теңіз түбіне тіректік понтондар арқылы батырылатын негіздер – бұл бұрғылау қондырғылары орналасқан су үсті платформасынан, понтонды тіректерден және понтондар мен платформаны домкраттардың көмегімен бағандар бойымен су бетіне көтереді. Платформалардың деңгейі теңіз толқындары жетпейтіндей биіктікте орнатылады.
Батырмалы негіздердің бағандары понтондарға, сәйкесінше теңіз түбінің рельефіне перпендикуляр. Сондықтан мұндай негіздер үшін тастақты және жоғағы еңісті теңіз түптері қолайсыз болып келеді. Мұндай жағдай су тереңдігі 10 м болатын теңіздің жағалауға жақын аймақтарына тәуелді. Әдетте бұл негіздер акваториялардың 5 – 30 м, кейде 40 м тереңдігінде қолданылады.
Су түбіне өздігінен жүзбейтін кемелер арқылы батырылатын негіздер. Мұндай негіздер суы тайыз аудандарда жұмыс жүргізу үшін қолданылады. Бұл үшін қайта жабдықталған десанттық баржалар қолайлы, себебі олардың табандары тегіс, жағалауға жақын келе алады, әрі судың жағалумен беттесу аймағында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұрғылау нүктесіне жеткен кезде борттардағы және баржалар түбіндегі клапандар ашылып, су балластық сыйымдылықтарды толтырады, осының нәтижесінде баржалар теңіз түбіне батырылады. Бұрғылау жұмыстары аяқталысымен сыйымдылықтағы суды қайта ағызады да, баржа су бетіне қалқып шығады. Содан соң бұрғылаудың келесі нүктесіне ауыстырылуы мүмкін.
Бұндай қондырғылармен барланатын акваториялардың максималды тереңдігі баржалардың биіктігімен шектеледі. Баржа теңіз түбіне орнатылған сәтте, бұрғылау қондырғылары орнатылған платформа су деңгейінен жоғарырақ орналасуы қажет. Американдық “Лютеция” батырмалы бұрғылау қондырғысы тегіс табанды баржаға орнатылған. Бұл қондырғы су тереңдігі 6 – 7 м болатын теңіз суларында мұнайгаз барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған.
Жылжымалы тіректі бұрғылау негіздері.
Бұл негіздер бұрғылау қондырғылары орналасқан платформалардан және саны 10 немесе одан да көп болуы мүмкін жылжымалы тіректерден тұрады. Қазіргі таңда платформалар көбінесе 3 – 4 тіректерге ие. Негіз тасымалданған жағдайда негіздер әдетте жоғарыға көтерілген жағдайда болады, яғни теңіз түбімен жанаспайды.
Ұңғыманың бұрғылану нүктесінде тіректер қосымша секциялар арқылы өсіріледі, су түбіне түсіріліп, теңіз түбіне бекітіледі және бұрғылау қондырғысы орнатылған платформаны теңіз толқындары кедергі етпейтін биіктікке көтереді. Бұрғылау жұмыстары аяқталған соң платформаны су бетіне түсіріп, тіректерді судан шығарады да, олардың жоғарғы секциялары демонтаждалып, платформаға орнатылады. Мұндай конструкциялар теңіз тереңдігі 90 м,кейде 120 м болатын аймақтарда ұңғымаларды бұрғылауға арналған. Оларды теңіздің терең аймақтарында тиімді пайдалануға кедергі болатын негігі жағдайлар мыналар:
- Негіздерді теңіз бетімен тасымалдау үшін жүргізілетін монтаждау және демонтаждау жұмыстарының қымбаттылығы, әрі қиындылығында:
- Тіректердің ұзару нәтижесінде тұрақтылығы мен жұмыс сенімділігінің төмендеуі:
- Тіректер ұзындығының өсуі салдарынан негіз салмағының ауырлауы және теңіз түбіндегі топырақтан суыру жұмыстарының қиындығы.
Біртіректі негіздер деп, бір бағанадан тұрғызылған негіздерді айтамыз. Теңіз бұрғылау біртірегінің төменгі бөлігі нық орнығу үшін, теңіз түбінің тау жыныстарына 3-8 м тереңдікте енеді (свайлы түрі) немесе теңіз түбінде арнайы массивті фундамент (гравитациялық түрі) түрінде орналасады.
Фундамент қызметін қуыс кеуделі металл немесе темірбетонды плиталар атқарады. Сонымен қатар бұл фундаменттер жүзіп шығу барысында, әрі тасымалдау кезінде понтонның қызметін атқарады.
Біртіректі негіздегі бұрғылау қондырғысын жасау ХХ ғ. 70 жылдарының орта шенінде басталды. Бұл сұлба бойынша теңізде бұрғылау жұмыстарын Ұлыбритания, Норвегия, Нидерланда; АҚШ, Жапония елдері жүргізді.
Бұрынғы Кеңес Одағында мұндай конструкцияны Серго Орджникидзе атын. Мәскеудің геологиялық институтының мамандары жүзеге асырды. Бұл үшін 1977 – 1979 жылдар аралығында біртіркеті құбырлы негіздегі бұрғылау қондырғысының макеті жасалып, бұл макет Балтика теңізіндегі акваторияларда ұңғыларды бұрғылау кезінде табысты қолданылды.
Біртіректі негіздерден бұрғылауға арналған белгілі техникалық кешендер ішінен, оларды дайындаудың 2 негізгі конструктивті – технологиялық бағытын айтуға болады:
1.Бұрғылау процесін дистанционды басқару. Бұл кезде біртіректі негізге текатқарушы механизмдер (айналма, беру механизмі, құбырұстағыш және т.б.) орнатылады. Бұрғылау мұнарасы, лебедка, бұрғылау сорабы, шегендеуші және бұрғылау құбырлары біртіректі негіздің жанына орналасқан Жүзбелі негізге орнатылады. Бұрғылау жұмыстарын жүргізуші жұмысшылар да жүзбелі негізде орналасады, ал платформаға тек шұғыл жағдайда көтеріліп, механизмдердің жұмысын тексереді.
2. Ұңғыманы бұрғылауға қажетті барлық операцияларды толықтай дербес (автаномды) орындау. Бұл жағдайда бұрғылауға қажетті барлық қондырғылар біртіректі негіздегі платформада орнатылады. Ал ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын жұмысшылардың өздері басқарады.
Бұрғылау кемелері жүктілігі жоғары өздігінен қозғалатын қондырғылардан тұрады. Кеменің габаритінің үлкен болуына байланысты пайдаланылатын жабдықтардың көптеген түрлерін және мөлшерін сиғызуға болады. Оларды кейіннен алыстағы аудандарға жеткізу үшін де қолдануға болады. Барлау ұңғыларын теңізде бұрғылау тәжірибесінде өздігінен жүзетін және жүзбейтін бір корпусты және көп корпусты кемелер кеңінен қолданылады. 50 жылдардың ортасынан бастап, 70 жылдардың соңына дейін бұрғылауға тұрақтандыру жүйесі якорьлі кемелер ғана қолданылады. Олардың жүзбелі бұрғылау паркіндегі үлесі 20 -24 % құрайды. Якорьлік тұрақтандыру жүйелі кемелерді бұрғылауға қолдану аймағы теңіздің 300 м-ге дейінгі тереңдігімен шектеледі. Теңіз кен орындарын игерудегі жаңа тиімділіктер 1970 жылы динамикалық позициялау жүйесінің әсерінен ашылады. Динамикалық позициялау жүйесінің қолданысы барланатын акваториялардың тереңдігі бойынша рекордтар қатарын орнатуға мүмкіндік береді. Сол уақыттан бастап, теңіздердің үлкен тереңдіктерде бұрғылауға арналған кемелердің әлемдік паркінің өсуіне жол ашылды. Шетелдік динамикалық тұрақтандыру жүйелі кемелер, мыс ретінде «Пеликан» 1350 м теңіз тереңдігіне дейін, «Седко-445» 1070 м дейін, «Дискаверир Севен Сиз» 2400 м дейін, «Пелерин -1» 1000 м дейін, ал «Пелерин - 2» 3000 м тереңдікке дейін, «гломар Челенджер» 6000 м дейін (негізінен бұл кеме 7044 м ұңғыны бұрғылап шыққан), «Седко 471» 8235 м дейін.
Өздігінен жүзетін бұрғылау кемелері.
Өздігінен жүзетін бұрғылау кемелері бір корпусты және көп корпусты (катамарандар) болып бөлінеді. Еліміздің өндірістік ұйымдарында көбінесе бір корпусты кемелер қолданылады. Оның себебі, оларды дайындау үшін аз шығындар кетеді. Әдетте мұндай кемелер балықшылар кемесінің дайын корпустарынан құрастырылады. "Союзморинжгеология" мекемесінің өндірістік экспедицияларында пайдаланылатын «Диорит», «Диабас», «Чароид», «Кимберлит» бір корпусты бұрғылау кемелері тұрақтандырудың якорлі жүйесімен, 15 – 100 м су тереңдігінде инженерлік – геологиялық ізденістерді жүргізуге арналған технологиялық құралдармен жабдықталған. Бұл кемелердің бұрғылау тәжірибесі олардың құрылысындағы кемшіліктерді шығарды. Олардың негізгілері:
- ұңғыларда тұрақтандыру жүйесінің сенімсіздігі;
- бұрғылау алаңдарының көлемінің шағындығы;
- балық аулайтын кемелердің сериялық корпустарын қолдану әсерінен кемені орнықтыруға болатын жерлердің санының шектеулілігі.
Барлау ұңғыларын бұрғылауға ыңғайлы кемелердің түрі катамарандар болып табылады. Су ығыстыруы осындай бір корпусты кемелермен салыстырғанда олардың бірқатар артықшылығы бар:
- жоғары беріктігі (катамарандардың борттық шайқалу амплитудасы бір корпусты кемелерге қарағанда 2 – 3 есе төмен), ол теңіздің үлкен толқындарында жақсы жұмыс жасауына мүмкіндік береді;
- формасы және палубаның пайдалы ауданының үлкендігі (себебеі корпус аралық кеңістікте қолданылады);
- жұмыс жасауға ыңғайлылығы;
- палубада ауыр бұрғылау қондырғыларының қажетті мөлшерін орналастыру қарастырылған;
- маневр жасауға қабілеті жоғары.
Теңіздегі бұрғылау қондырғылары өздігінен элект энергиясымен қамтамыз етіледі. Әдетте генераторлар дизелді жанар-жағар майда жұмыс істейді.