Сотүстік Қазақстанның шикізаты

Солтүстік Қазақстан негізінен темір, тас көмір өндіруге, электр қуаты, ферроқорытпа, алюминий өндірісіне, мұнай өңдеуге маманданған. Сонымен бірге мұнда АӨК-ң ауыл шаруашылығы салалары (астық және мал шаруашылығы), тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. Тау-кен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбест, боксит, энергетикалық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Олар өткен ғасырдың 1960 жылы дами бастағанмен, аудан экономикасында қазіргі уақытта маңызды рөл атқарады. Қара металлургия темір көнін өндіру мен оны байытуға негізделген. Ол Соколов-Сарыбай және Лисаков КБК болып табылады (шөгінді қабаттардағы кен орындары). Кендегі темірдің мөлшері орта есеппен алғанда 34,3%, бірақ оны пайлаланудағы бір мөселе оның құрамында фосфор болуы (0,48%). Кәсіпорын кен қорымен 80 жылға қамтамасыз етілген. Ақсу ферроқорытпа зауыты темірдің кремниймен, марганецпен, хроммен қорытпасын өндіруден республикада 1-орын алады. Ол шикізат ретінде Батыс Қазақстанның хромитін және Орталық Қазақстанның марганец кендерін пайдаланады. Түсті металлургия салаларынан боксит өндіру дамыған (Арқалық қаласының маңында). Алюминий шикізаты дүние жүзіндегі ірі зауыттардың бірі саналатын, алюминий тотығын өндіретін республикадағы жалғыз Павлодар алюминий зауытына жіберіледі.

Мұнай өнімдерін еңдеуден шығаратын зауыт Павлодарда жұмыс істейді. Республика бойынша 2-ші орында (жылына 2 млн тоннадан жоғары). Солтүстік Қазақстанның машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары шығаратын өнім-ауыл шаруашылығы машиналары - АӨК-ке қызмет етеді. Астанада орналасқан зауыттар («Астанаауылмаш», «Қазақауылмаш») шөп шабатын, шөп жинайтын машиналар, сұйықтарды айдайтын насостар шығарса, Павлодарда - тракторлар, Макинскіде - олар үшін қосалқы бөлшектер, ал Қалқаманда - бульдозерлер шығарылады. Бұл салалар тасымалданып әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстанда куатты электр стансалар - Екібастұздағы МАЭС-1 (куаты 4 млн кВт/сағ) ЖӨН6 МАЭС-2 (1 млнкВт/сағ). Кісібастұз және Майкүбі алаптарында тек Қазақстанды ғана емес, ЖЭС-терін қамтамасыз ететін қоңыр және тас көмір өндіріледі. Құрылыс өнеркәсібінің кәсіпорындары кірпіш, темір-бетон конструкцияларын шығарады (Астана мен Қостанай). Құрылыста пайдаланылатын тастарды Атбасар мен Шортанды карьерлерінен алады. Бұдан басқа, жергілікті құрылыс материалдарын - тас, саз, пістасты қолданады.

Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) - жаздық бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан (3 млн га-дан астам).

Бұдан басқа, мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмық псіріледі. Экономикалық аудан жалпы астық жинаудан Қазақстанда алдыңғы орын алады (67%), сонымен бірге оның басым белігі үш облыстың - Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді. Техникалық дақылдардың үлесі (күнбағыс, зығыр, қыша т.б) көп емес, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары - республикадағы жалпы өнім жинаудың 11%- ын құрайды.

Қала маңдары мен өзен аңғарларында көкөніс, картоп және бақша дакылдары өсіріледі. Бұл дақылдардың жалпы жиынтық үлесі 15%, бірақ бұл аймақтың бүкіл халқын қамтамасыз етуге жеткілікті. Аймақтың ауыл шаруашылық жерлерінің басым бөлігін (25%- дай) азықтық дақылдар - көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жүгері, азықтық қызылша алып жатыр. Аймақта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатын жайылымдық және шалғындық жерлер де мол. Сонымен қатар қой, жылқы, құс және шошқа шаруашылықтары да дамыған.

Аймақтағы тасымалданатын жүктің 20%-дан астамы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Осылардың нәтижесінде Солтүстік Қазақстанда төмендегідей аумақтық өндірістік кешендер мен өндіріс тораптары қалыптасқан. Павлодар-Екібастұз АӨК (Павлодар, Ақсу, Екібастұз) экономикалық аудан шаруашылығының негізі. Көмір, электр қуатын, ферроқорытпа және алюминий тотығын өндіретін ірі көсіпорындардан кұралған. Трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жа- сау, химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптері де дамыған. Ақсу фер- рокорытпа зауытының өнімі өлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.

Ақмола өнеркәсіптік торабы. Құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылық, машиналарын жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларынан тұрады.

Еліміздегі және көршілес Ресей аймақтарындағы металлургиялық кәсіпорындардың шикізат базасы Қостанай өндіріс торабы болып табылады. Оның құрамына темір кендерін өндіру мен байыту кәсіпорындары жұмыс істейтін Қостанай мен Рудный кіреді. Сонымен қатар онда жеңіл және тамақ өнеркәсіптері де дамыған.

Көкшетау өнеркәсіп торабында оттегімен дем алдыратын аппаратуралар, әр түрлі салмақ өлшейтін құралдар шығарылса, ал Арқалықта - боксит өндіріледі.

Петропавл өнеркәсіп торабы көлік қозғағыштары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға маманданған.

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданындағы негізгі атмосфераны ластаушы көздерге - табиғи қазба байлықтарды өндірумен шұғылданатын кәсіпорындар мен қаладағы жылу қуатымен қамтамасыз ететін орталықтар және автокөлік жатады. Қоршаған ортаға үлкен залал келтіретіндер өндірістік және тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстары. Үлкен көлемде жиналып қалған қалдықтар қоршаған ортаға зиянын тигізіп кана коймай, адамдардың өмір сүруіне үлкен қауіп тудырады. Соңғы жылдары бұл кәсіпорындарда экологиялық нормаларды сақтау үшін коршаған ортаны корғауға арналған іс-шаралар жүргізілуде. Көптеген кәсіпорындар қоршаған ортаға зиянды заттарды шығармайтын жаңа технологияларды қолданып өндіріс күшін арттыруда. Өндірістік қалдықтарды қайтадан қолдану экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді. Мысалы, Қостанай облысындағы тау-кен өндірісі салаларымен жылу қуаты кешендерінде өндірістік экологиялық бақылау жұмыс істейді. Осының нәтижесінде Қызыл Октябрь кенішіндегі қалдықтарды жою туралы іс-шара өткізіліп, қалдықтың мөлшері біршама азайтылды.

Көкшетау

Ақмола облысының солтүстігінде облыс орталығы - Көкшетау қаласы орналасқан (142 мың адам). Қаланың халқы біртіндеп көбейіп, жұмысшылар саны өсті. 1941 жылы Көкшетауға эвакуациямен Подольск іс машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен құрал-жабдықтары тиелген эшелон келді. Ол қалада жұмыс істеп тұрған механика зауытына келіп орналасты да, бірден әскери-корғаныс өнімдерін шығаруға кірісті.

1960-1970 жылдары ескі, қайта жабдықталған және жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды. Радиозауыт, Васильков кен-байыту комбинаты және т.б. жұмыс істей бастады. Қалада орыс драма театры, әдебиет және өнер мұражайы жұмыс істейді.

Павлодар

Экономикалық ауданның шығысында Павлодар облысы орналасқан, онда Қазақстанның әсем қалаларының бірі - Павлодар орын тепкен (300 мың адам). Біздің ата-бабаларымыз қала үшін ең колайлы жерді - Ертіс өзенінің жағалауын таңдап ала білген. Павлодардың қолайлы географиялық жағдайы, тас көмір, мыс, алтын, күміс және басқа да сирек кездесетін металдардың мол қоры өткен ғасырдың өзінде шет елдік іскер топтардың назарын аударған болатын. Ал 1950 жылдардың ортасынан бастап қалада өнеркәсіп дами бастады.

Қостанай

Солтүстік Қазақстанның батысында Қостанай облысы орналасқан, облыс орталығы - Қостанай қаласы (208 мың адам). Бұл Солтүстік Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталығы. Қаланың 1897 жылы іргесі қаланды. Ол кезде мұнда жыл сайын жәрмеңке өткізілетін. Жергілікті ауыл шаруашылық шикізатының негізінде ұсақ кәсіпорындар - тері илейтін зауыт, бу диірмендері жұмыс істеді. Өткен ғасырдын, ортасынан бастап, темір (Соколов-Сарыбай) және асбест (Жітіқара) кен орындарын игерудің нәтижесінде темір жолдар салынып қала жылдам дами бастайды. Соңғы жылдары тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыды, ет- консерві комбинаты, кондитер фабрикасы, мәуіті-шұға кәсіпорны, аяқ киім және тігін фабрикалары жұмыс істейді.

Петропавл

Петропавлды (193 мың адам) «Республиканың солтүстік қақпасы» деп орынды атайды. Ол 1752 жылы салынған, Петропавл атауын 1807 жылы алған. Қаланың транзиттік экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы. Оның Транссібір және Трансқазақ-Отан темір жолдарының қиылысында орналасуы қаланың сауда орталығы ретінде жылдам өсуіне әсерін тигізді.

Петропавл қазіргі кезде маңызды өндірістік мәдени орталық әрі ірі көлік торабы. Қалада мұнай-газ өнеркәсібі, отын-энергетика, көлік және сонымен қатар агроөнеркәсіп кешендері үшін (трактор тіркемелері, ауыл шаруашылық кұралдарына қосалқы бөлшек) кұрал-жабдық шығаруға маманданған машина жасау кәсіпорындары мен ет комбинаты бар

сотүстік Қазақстанның шикізаты - student2.ru

Облыстың әкімшілік орталығы - Петропавл қаласы , ол ( Ертіс өзенінің сол саласы ) Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан . Қала халқының саны 200 мыңнан асады. Облыстың әкімшілік – аймақтық құрамына 5 қала кіреді: олардың 1-облыстық маңызы, 4-аудандық маңызы бар қалалар және 13-селолық аудандар. Халықтың саны - 653,9 мың адам. Облыс аумағында көптеген көркем жерлер: тау жоталары, сыңсыған ормандар, өсімдік қорықтары, маңызды қарағай тоғайлары, Шалқар көлі және Имантау табиғи аймағы бар. Жүздеген археологиялық тарихи және сәулет ескерткіштері мемлекет қорғауында. Ең ғажайып археологиялық жерлер: Иман-Борлық, Шағала және Есіл өзендерінің аңғарында орналасқан, мысалы энеолит эрасының кездеспейтін тарихи ескерткіші – «Ботай қонысы», ал темір ғасырының археологиялық ескерткіші - «Ақ Ирий» қалашығы болып табылады.

Облыстың солтүстік - шығыс жағында – Селетітеңіз , Теке , Үлкенқарой , Қалыбек деген үлкен тұзды көл - шұңқырлар жиынтығы байқалады . Аймақта минералды тұз бен шипалы су, саздары бар көлдер көп кездеседі. Осындай тамаша су қоймаларының біріне Майбалық көлі жатады.

Солтүстік Қазақстанның ең үлкен құрлық тереңінде орналасуы оның табиғатының күрт өзгермелі болуына әсер етіп , ал жазының қысқа да ыстық болуына әкеліп соғады .

Облыс ауылшаруашылығының жалпы өнім көлеміне қосатын үлесі 14% жоғары . Экономикалық құрамының аграрлық бөлігіне жалпы облыстық ішкі өнімінің 31% келеді.

Соңғы жылдағы бидай өсіретін егістік көлемі 3,7 млн . га . тұрақталды . Жалпы бидай өндірудің алғашқы салмағында 2004ж. ауа райы қиын жағдайда - 3124 мың тонна, 2005ж. – 3970 мың тонна, 2006ж. - 5197 мың тонна, 2007ж. - 5678 мың тонна, 2008ж. - 5018 мың тонна алынды.

Облыс экономикасының өнеркәсіп саласы кадрлік және өндірістік жоғары көрсеткіштікке ие болса да , жұмыстардың алуан түрімен көрінеді . Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін салада 900 өндіріс орындары бар. Өнеркәсіпте 15-ірі, 49-орта өндіріс орындары бар, бұлар қаржысыз бөлімінің 68% өнеркәсіп өнімдерін өндірген. Облыстық жалпы өнімдегі өнеркәсіп үлесі 9-10% - құрайды. Жалпы республикалық өнімдегі өнеркәсіп үлесі 0,8%.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бүкіл автокөлік жолдарының ұзындығы 9002,9 км , республикалық маңыздағысы – 1468 км , облыстық маңыздағысы – 2432 км , аудандық маңыздағысы - 5102,9 км .

Солтүстік Қазақстан Облысының минералды – шикізат базасы . Пайдалы қазбалардың облыстағы барлық түрлері анықталып зерттеленген. 286 пайдалы қазба орыны барланған. Соның ішінде 34- металдық, 2- металдық емес, 217- құрылыстық және технологиялық шикізат, және 33- жерасты сулары, оның 6-ы минералды. Облыстың аумағы уран рудасының, алмаздың және қалайы, сирек кездесетін металдар бөлігінің Солтүстік Қазақстандық провинциясы болып табылады. Мұнда минералды-шикізаттардың әжептәуір орындары анықталды, және де олар Қазақстан Республикасының қорының: қалайыдан – 65%, циркониден - 36,6%, ураннан – 19 %, титаннан - 5%, вольфрамнан - 1,1% құрайды. Әсіресе облысымыздың оңтүстік-батысының минералды-шикізат базасын кеңейтудегі болашағы зор. Мунда: алмаздың, қалайының, титанның, түрлі-түсті және сирек кездесетін металдың, қоңыр көмірдің, алтынның кен орындары бар.

сотүстік Қазақстанның шикізаты - student2.ru

1921 жылы Петропавл-Көкшетау темір жолы салынды, 1927 жылы Бурабай демалыс орынына дейін ұзартылды. 1935 жылы Приишимде «АП» түріндегі жеңіл ұшақтардың жүйелі жолаушылар поштасы ашылды.

1929 ж. 10.10 бастап Петропавл радиожелісінің жүйелі жергілікті хабарлары берілді. 1937 жылы Петропавл мұғалімдер институты ашылды. Облыста 30-жылдары етөнеркәсібі, теміржол, жерге орналастыру, экономикалық-жоспарлы, ветеринарлық, құрылыс, ауылшаруашылық, орман , мұғалімдік техникумдер қызмет етті.

20-30 жылдары облысымызда танымал жазушылар , ғалымдар М. Жұмабаев, И.П. Шухов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, С. Марков, В. Иванов, Г. Тверитин, М. Дәулетбаев, С. Шаймерденов, Е. Букетов, Г. Бельгер,

Ж. Сыздыков және тағы басқалары жұмыс істеді.

1990 жылы облыста нарықтық қатынаста көп деңгейлі экономикасының дамуы басталды. Машиноқұрылыс кешенінің негізі «МЛД заводы» АҚ, «ЗИКСТО», «Киров атындағы завод», «Мұнаймаш», «ППЭИМ» қорғаныс кешенінің кәсіпорындары болды. Істеп шығаратын өнеркәсіп 2 еткомбинаты және 34 кіші ет өңдейтін цехтар болып табылды. 16 май заводтары және 23 сүт цехы жұмыс істеді. 165 мельница кешендері және кіші кешендер , 300 наубайхана бар, Тайыншы қ-да биоэтанол өндіру бойынша биохимиялық комбинаттың құрылыс- жобасы жүзеге асырылуда.

сотүстік Қазақстанның шикізаты - student2.ru

Агроөнеркәсіптік кешенінің өзгеру барысында 5935 крестьян шаруашылығы құрылды және жұмыс істейді, 321 шаруашылық серіктестігі, 11 акционерлік қоғам, 4 өндірістік коператив. Ауылшаруашылық қанағаттандыру алаңы 8,4 млн гектарды құрады.

Мемлекеттік мәдени-ағартушылық мекеме сәтіне 355 мәдениет объектілері, Погодин атындағы облыстық драм театр, С. Мұқанов атындағы музыкалық-драм театр, олыстық филармония, қуыршақ театры, 270 кітапхана және 70 клубтар мен мәдениет үйлері кіреді. Телевидение 4 жергілікті каналдардан хабарлар жүргізеді.

Наши рекомендации